Студопедия — Опиоидты рецепторлардың (табиғи анальгетиктер) толық агонисттері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Опиоидты рецепторлардың (табиғи анальгетиктер) толық агонисттері






Морфин (Morphinum), долтард, морфилонг. Морфин – опиоидты наркотикалық анальгетиктер топтарының өкіліне жатады. ОЖН-де ауыру импульстарының берілуін тежейді, ауыруды эмоциялық бағалауды төмендетеді, дәріге психикалық және физикалық тәуелділіктің қалыптасуына ықпал ететін эйфория туғызады. Ауыру орталықтарының қозуын төмендету арқылы күшті ауыруды басатын әсерімен ерекшелінеді, ол сонымен жарақаттар кезінде шоктарға қарсы әсер көрсетеді. Морфин шартты рефлекстерге тежегіш әсер етеді, ОЖЖ-нің жиынтық қабілетін төмендетеді, наркотикалық, ұйықтататын және жергілікті жансыздандырушы дәрілердің әсерін күшейтеді.

Морфиннің әсеріне тән сипаттар – тыныс алу орталығын тежейді. Морфин айқын эйфория туғызады және оны қайта қолданғанда тез кеселді құмарлықтың (морфинизм) дамуына әкеледі.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Морфинді жарақаттану және қатты ауыру сезімімен жүретін әртүрлі аурулар (қатерлі ісіктер, миокардтың инфаркты ж.т.б.) кезінде ауыруды басатын дәрі ретінде қолданады, операцияға дайындау және операциядан кейінгі кездерде, кейде қатты жөтел және жедел жүрек жетіспеушілігі салдарынан болатын демікпе кездеріндегі ұйқының болмауында. Бір реттік мөлшері 10-20 мг (қалыпты түр үшін) және 100 мг (ұзартылған түр үшін), жоғары тәуліктік мөлшер (сәйкес) – 50 және 200 мг, балаларға 0,2-0,8 мг/кг.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, тыныс алу орталығының мен ОЖЖ тежелуі (сонымен қатар алкогольды немесе наркотикалық улану тұсында), салды ішек өтпеуі, жүдеулік, этиологиясы белгісіз іштің қатты ауыруы, ауыр бауыр жеткіліксіздігі, бас ішілік гипертензия, қояншық статусы, жедел алкогольды улану, брон тарылуына бейімділік.

Жанама әсерлері. Лоқсу мен құсу, брадикардия, тыныс алу орталығының тежелуі, бас ішілік қысымның жоғарылауы, холестаз, зәрдің ұсталуы, психикалық және физикалық тәуелділік.

Шығарылу түрі. 1% - 1 мл ампуладағы және шприц-тюбиктегі егуге арналған ерітінді N. 5, 1; 1,5; 3 және 4% инфузияға арналған ерітінді; 10 мг таблеткалар; 10, 30, 60 және 100 мг капсула (М – эслон – морфиннің әсері ұзартылған дәрілік түрі, ішке қолдануға арналған капсулада шығарылады).

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Morphini hydrochloridi 1%-1 ml

D.t.d. N. 6 in amp.

S. 1 мл-ден тері астына.

#

 

Морфилонг – бұлшықетке егуге арналған морфиннің әсері ұзартылған дәрілік түрі; М-эслон – ішке қабылдауға арналған морфиннің әсері ұзартылған капсуладағы дәрілік түр, МСТ континус.

Морфилонг (Morphilongum) - бұлшықетке егуге арналған морфиннің әсері ұзартылған дәрілік түрі.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Айқын ауыру синдромы – оташалаудан кейінгі жағдайларда, қатерлі ісік ауруларымен ауыратын науқсатарды және т.б. Бұлшықетке тәулігіне 0,1 мл/кг 1 рет қолданады.

Шығарылу түрі. Ерітінді (0,5% морфин ерітіндісі 30% поливинилпирролидон ерітіндісінде) 2 мл N.5 ампулада бұлшық етке қолдануға арналған.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Morphilongi 2 мл

D.t.d. N 5 in amp.

S. Тәулігіне 2 мл бұлшық етке 1 рет.

#

Омнопон(Omnoponum),пантопон. Омнопон біріктірілген препарат (Кодеин+Морфин+Наркотин+Папаверин+Тебаин ), наркотикалық анальгетик. Айқын анальгетикалық және спазмолитикалық әсерлері бар. Сананы бұзбай және басқа да сезімталдылықты өзгертпей, барлық ауыру сезімдерін тежейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Әртүрлі этиологиялы ауыру сезімдер (жарақатты, қатерлі ісіктерде, жүректің ишемиялық ауруларында және т.б.), ішек, өт ұстамасы, бүйрек ұстамасы. Ішке 0,01-0,02 г, балаларға тері астына (2 жастан асқан балаларға) жасына байланысты 0,001-0,0075 г-нан. Ересектер үшін ең үлкен мөлшер (ішке және тері астына) – 0,03 г; тәуліктік -0,1г.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдылық, тыныс жеткіліксіздігі, қарт адамдарға, кахексия, бас қаңқасының жарақаты, геморрагиялық инсульт, жедел ішкі мүшелердің аурулары кезінде диагноз қойғанға дейін, жүктілік. Жалпы азу; ұзақ уақыт қолданған кезде наркомания дамуы мүмкін.

Жанама әсерлері. Лоқсу, құсу, іш қату, тыныс алу орталығының тежелуі, зәр шығуының қиындауы, аллергиялық реакциялар. Жанама әсерлерін азайту үшін бұл препаратты холинолитикалық заттармен қосып тағайындау қажет (атропин және т.б.).

Шығарылу түрі. 1 және 2% 1 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді.

Кодеин (Codeinum) орталыққа әсер ететін жөтелге қарсы дәрі; фенантрен қатарындағы алкалоид. Опиатты рецепторлардың агонисті, жөтел орталығының қозуын төмендетеді. Орталық жөтелге қарсы ықпалы жөтел орталығын басуымен байланысты. Анальгетикалық белсенділігі антиноцицептивті жүйені белсендірумен және ауыруды қабылдауды эмоциялық өзгертуге әкелетін, ОЖЖ әртүрлі бөліміндері мен шеткі тіндердегі опиатты рецепторларды қоздыруымен байланысты. Жөтел рефлексін тежеуі 4-6 сағатқа созылады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Құрғақ жөтел (бронхопневмония, бронхит, өкпе эмфиземасы); әлсіз және орташа қарқынды ауыру сезімі кезінде (наркотикалық емес анальгетиктермен қосып береді – бас ауыруы, невралгия); іштің өтуі. Ересектерге ауыру синдромы кезінде ішке - 15-60 мг-нан 3-6 сағат сайын, іштің өтуі кезінде - 30 мг-нан тәулігіне 4 рет, жөтел кезінде – тәулігіне 10-20 мг-нан 4 рет. Ересектерге арналған жоғары тәуліктік мөлшері - 120 мг. Балаларға ауыру синдромы кезінде – 0,5 мг/кг (15 мг/кв.м) тәулігіне 4-6 рет; іш өткенде – тәулігіне 0,5 мг/кг 4 рет; жөтел кезінде балаларға 2 жасқа дейін қолдануға болмайды.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдылық, токсикалық диспепсия, бронх демікпесінің ұстамсы, аритмииялар, тырысулар, дәріге тәуелділік, маскүнемдік, бас-сүйекішілік гипертензия, бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі, аталық безінің гиперплазиясы, ауыр ауыру сезімді аурулар, әлсіз аурулар, жүктілік, лактация кезеңі, қарт адамдар, балалық шақ.

Жанама әсерлері. Тыныстың тежелуі, артериялық гипотензия, брадикардия, аритмия, ішек және қуық атониясы, аллергиялық реакциялар, дәріге тәуелділік.

Шығарылу түрі. 0,1% ішке қолдануға арналған шырын және тамшы.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sirupi Codeinі 0,1% - 100 ml

D.S. 1 шай қасықтан бір рет қолдану үшін.

#

Коделак (Codelacum) қоспасы (кодеин + термопсис шөбінің ұнтағы және мия тамыры + натрий гидрокарбонаты) жөтелге қарсы және қақырық түсіретін әсерлері бар.

Шығарылу түрі. Таблеткалар N.10

Рецепт үлгісі. Rp.: Tab. «Codelacum» N.10

D.S. Тәулігіне 1 таблеткадан 2 – 3 рет.

#

Коделак фито (Codilacum phyto) қоспасы (кодеин + мия тамырының сығындысы, термопсис және жебір шөбі сығындысы) жөтелге қарсы және қақырық түсіретін әсері бар.

Шығарылу түрі. Коделак сауыттағы фито шырыны 50, 100 және 125 мл.







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 1287. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

ЛЕКАРСТВЕННЫЕ ФОРМЫ ДЛЯ ИНЪЕКЦИЙ К лекарственным формам для инъекций относятся водные, спиртовые и масляные растворы, суспензии, эмульсии, ново­галеновые препараты, жидкие органопрепараты и жидкие экс­тракты, а также порошки и таблетки для имплантации...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия