Студопедия — Дүкенбай Досжан
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дүкенбай Досжан






(1942 жылы туған)

Қазақтың көрнекті прозашысы. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының (1996) лауреаты, Түркістан қаласының және бірнеше ауданның Құрметті азаматы, «Құрмет» (2001), «Парасат» (2008) ордендерінің иегері. 1987 жылы «Құмда қалған кемелер» кітабы үшін жазушыға Қазақстан Жазушыларының М.Әуезов атындағы Ұлттық сыйлығы берілді. Қызылордадағы Қорқыт Ата Мемлекеттік университетінің және Семейдегі М.Әуезов атындағы Мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры. 2006 жылы қарашада М.А.Шолохов медалімен марапатталды.

Дүкенбай Досжан 1942 жылы 9-қыркүйекте Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, «Бірлік» кеңшарына қарасты Құланшы деген жерде дүниеге келген. 1949 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының Ынтымақ ауылында бастауыш мектепке барады. Орта мектепті тамамдағаннан соң, 1959-1964 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне түсіп, оны үздік бітіреді.

1963-1966 жылдары Алматы облысы «Жетісу» газетінің әдеби қызметкері, 1966-1975 жылдары Алматыдағы мемлекеттік көркем әдебиет «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор қызметтерін атқарды. 1976-1984 жылдары Қазақстан Республикасы Баспа комитетінде аға редактор, сосын бөлім меңгерушісі, 1984-1991 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағында әдеби кеңесші болып жұмыс істеген. Одан кейінгі қызметтері – 1992-1994 жылдары «Жалын» журналында проза бөлімінің редакторы, 1994-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Авторлық және аралас құқықтар жөніндегі агенттіктің бөлім бастығы, 1996-2002 жылдары ҚР Ұлттық банк мұражайының директоры. 2002 жылдың қазан айынан ҚР Президенттік Мәдениет орталығы шығаратын «Мәдени мұра–Культурное наследие» журналының бас редакторы.

1996 жылы «Құм кітабы» үшін оған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. 2000 жылы Жаңақорған ауданының «Ғасыр адамы» құрметті атағын алды.

Алғашқы әңгімелері 15 жасында жарық көрген қаламгердің бұл күнде кітаптары әлемнің 20 тіліне (ағылшын, орыс, жапон, қытай, швед, чех, мадияр, монғол, украин, пұштүн, т.б.) аударылып, жалпы көлемі 3,7 миллион таралыммен басылып шыққан. Қазақстан Республикасы Кітап палатасының Қазақстандағы ең көп оқылатын жазушы куәлігін алған. Оның қаламынан 11 роман, 22 хикаят, 100-дің үстінде әңгіме туды.

Жазушы шығармаларын тақырыптық-мазмұндық тұрғыдан үш топқа бөлуге болады. Біріншісі, қазақ тарихының әр кезеңдегі белестері жайлы әңгімелейтін тарихи тақырып. Бұларға көне дәуірдің қойнауынан сыр шертетін «Отырар», «Фараби» повестері мен «Жібек жолы» романы жатады. Екіншілері де – тақырып жағынан осы айтылғандарға жақын болып келетін қазақ сөз өнерінің тарихындағы белгілі тұлғалар ғұмырын көркем тілмен сөйлеткен ғұмырбаяндық шығармалары. Бұл топқа «Мұхтар жолы» (1988), «Абайдың рухы» (1994), «Алыптың азабы» (1997) атты романдары енеді. Бұған жазушының кейінгі жылдары жазған «Мұхтар жолы», «Абақты», «Таразы», «Абай айнасы», «Алыптың азабы», «Ақ орда» тәрізді ғұмырбаяндық романдары, роман-эсселері жатады. Үшінші топтағылар – жазушы өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі уақыт тынысын бейнелейтін заманауи тақырыпқа жазған көркем туындылары. Бұлардың қатарында «Жусан мен гүлдер», «Зауал», «Табалдырығыңа табын», «Кісі ақысы», «Дария», «Жолбарыстың сүрлеуі», «Құм кітабы», «Ине ұшындағы өмір», «Келіншектаудағы тас түйелер», «Келіншек асу» және т.б. әңгіме, повесть, романдары жатады.

Аталған көркем туындыларының қай-қайсысында да Д.Досжан өзінің көтерген әлеуметтік-қоғамдық немесе тарихи мәселелерді жеріне жеткізіп айтуды ниет етеді. Ол көркем туындыға қойылатын басты талаптардың ішінен кейіпкер бейнесін сомдауға, мінез-құлқын ашуға, оқиғаның даму барысы арқылы көркемдік-идеялық түйін жасап отыруға және ең бастысы қазақтың көркем әдеби тілін айшықты түрде пайдалана білу жағына көбірек көңіл бөледі. Есесіне оқиғаны қызықты етіп құруға, кейіпкерлер арасындағы жекелеген тартыстарды мейлінше шиеленістіруге құштар емес. Сондықтан да бұл қаламгердің шығармалары оқу оқырманға белгілі бір дайындықты қажет етіп қалатын тұстары бар.

Кеңес дәуіріндегі уақыт шындығын бейнелейтін «Дария», «Зауал», «Табалдырығыңа табын» романдары өз кезіндегі әлеуметтік мәселелерді ең алдымен кейіпкерлер тағдырлары арқылы көтеруімен және өзінің діттеген көркемдік мақсаттарын сәтті жүзеге асыра алуымен назар аудартады.

«Мұхтар жолы» өмірбаяндық романының бас кейіпкері – қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов. Автор кейіпкер тағдырының ең бір шешуші сәттерін философиялық тұрғыдан талдап, жазушының жаңа бір қырын ашып көрсетеді. «Алаң», «Абақты романдарында адамның жан дүниесі шектеулі жағдайда заң алдында жауап беретін орындармен байланыста қарастырылып, сол бір ер басына күн туған қиын сәттерден философиялық түйін жасап алуға бейім. Бұларды адам баласының саясатқа араласуы және оның тағдырға әсер ететін қиын салдары әр қырынан суреттелген.

«Таразы» романының тақырыбы кең. Негізінен экологиялық мәселелерді қамтыған бұл қомақты туындыда адамгершілік экологиясы да қос қамтылған. Қызылорда даласының құбылмалы өмірі, Арал тағдыры, рухани азғындық мәселелері бұл шығармада әлеуметтік талдау деңгейінде қарастырылған. Мұндағы «таразы» сөзінің астарлы, символдық ұғым екендігі байқалады.

«Абай айнасы» роман-толғауы ұлы ақынның рухани әлемін аша отырып, оқырман алдына көптеген қызықты пайымдауларды көлденең тартады. Бұл шығармадағы он бес тарауды он бес эссе деуге болады.

«Құм кітабының» кейіпкері Әбдіғани Бәженов есімді аудармашы Сервантестың атақты шығармасы «Дон Кихотты» аударамын деп жүріп, өзінің де сондай кепке ұшырағанын байқамай қалуы, «Абориген» әңгімесіндегі Әбіл шопанның басынан кешкендері сияқты қызықты ситуациялардың оқырман қабылдауына тосын әсер етуі анық. Сондай ізденістер арқылы жазушы өзінің көркемдік ұстанымдарын айқындап отырады.

Д.Досжанның “Жібек жолы” романы мен “Отырар” повесінде атақты Жібек жолының бойында өркениет ұрығын еккен қазақ қалаларының өмір кешкен кезең кезеңі жайлы сыр шертеді. Оларда сол замандағы адамдардың тірлігіне үңілуге ұмтылушылық айқын. Жазушы өзінің бұл мақсатын Отырар қаласының тіршілігін суреттеу арқылы, оның монғол шақыншылығына қарсы тұруын суреттеумен жүзеге асыруды жөн санаған. Тақырыпты игеру барысында автордың көп ізденіп, көптеген материалдар жинағаны көрініп тұр. “Жібек жолы” романындағы бас кейіпкерлері Иланшы Қадыр хан, Қоңырат руынан шыққан Ошақбай батыр, Кайрауық күйші, Тараздық Қыпшақбай батыр, Ғаббас көреген, Бауыршық сұлтан, Баршын қыз тәрізді кейіпкерлердің бейнелері тартымды бедерленген.

Бұларда сыртқы пішін немесе мінез-құлық даралығы ғана емес, сол замандағы қазақ даласындағы қалалық өмірге тән сословиелік ерекшеліктердің қандай болғандығы да шаң беріп қалады. Романның бас кейіпкері Отырар билеушісі Қадырхан, оқымысты кісілер Ғаббас, Исмайыл есімдері тарихи деректерден кездессе, қалғандары ойдан шығарылған кейіпкерлер деуге болады.

Бас қаһарман Иланшы Қадыр хан – ел басқара білетін әкім ғана емес, халқының, ел-жұртының қамын жеген ортағасырлық қайраткер, туған жердің әрбір төбесі үшін күресе білетін патриот. Қиын-қыстау шақтарда ол сол өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі нақты жағдайды безбенге салып, сараптаумен шектеліп қалмай, ұрпақ болашағының қамын жеп, күңіренеді. Қадырханнның осы бағытта өрбитін ойларының оқырманға жеткізілу сипаты көркем де әрі әсерлі.

Шапқыншылар Отырарды алты ай бойы қоршауға алған кезде қала билеушісі қолындағы азғана әскерімен ақырына дейін шайқасады. Тіпті жау әбден қырып бара жатқан соң, ең соңында жиырма жауынгерімен Көксарайдың ішіне кіріп алып, тағы да табан тірей соғысады. Сөйтіп өз ажалын нағыз батырларға тән ірі мінезбен, өжеттікпен қарсы алады. Бір сөзбен айтқанда, Қадырхан бейнесі арқылы жазушы сол замандардағы мінсіз басшының бейнесін жасаған.

«Жібек жолы» романы – тарихи-көркем, пәлсапалық шығарма. Орыс, украин, неміс, мадияр, монғол, ағылшын, пұштын тілдеріне аударылып, жеке кітап болып шықты. Кітап желісі бойынша режиссер Ардақ Әмірқұлов «Отырардың күйреуі» атты екі бөлімді көркем фильм түсірді. Дүкенбай Досжан сот құжаттары желісімен «Абақты» (1992) дерекнама кітабын және 1986 жылғы желтоқсан қырғынының ізімен «Алаң» (1993) романын жазды.

Жазушының «Дария» романы – еңбекті дәріптеу бағытында жазылған шығарма. Осынау қасиетті тақырыпты жазушы Батыр деген дихан бейнесі арқылы ашуды мұрат тұтады. Отыздан асқанша үйленуге мұршасы келмей, бар зейіні жер күтуге ауған осынау диханның фанатизмі, әсіре тақуалығы қызықты бейнеленеді. Роман Кеңестік заманда кең етек алған атаққұмарлық, қоғамға қиянат жасау, ұятсыздық, даңққұмарлық кеселдерін айыптайды. Мәселен, сырты жылтыр, іші сылдыр Беласар деген кейіпкер типтік бейнеге көтерілген.

«Дария» романында қала мен ауыл проблемалары мен қатар табиғат ананы қорғау, жастар тәрбиесі, адамгершілік мәселелері көтерілген. Ұнамды замандас қаһарманы ауданның бірінші басшысы Ғайнекеңнің бейнесі арқылы көрінеді. Мысалы, Ғайнекең ел аралап жүріп «Бірлік» совхозына соғады. Совхоз жұмысшылары әдейі біреу желкелеп, еріксіз жұмыс істетіп жүргендей көңілсіз, ықлас-ынтасыз. Біріншісі хатшыны ойландыратын да – осы жағдай. Бұған назаланған ол совхоздың сыңаржақ директоры Нағанаймен таласқа түседі. Дегенімен роман кейіпкерлері өмірдің кертартпа құбылыстарымен үстірт күресетіндей әсер қалдыратын тұстары да бар.

Дүкенбай Досжан дүниені суретпен, ешкімге ұқсамайтын бояу-белгімен көреді, тірі сөзбен сурет салады. Магиялық реализм тәсіліне жиі жүгінеді, ой ағынымен жазады, кейіпкердің жан әлемін сөйлетуге машық. Жазушының ұлы тұлғалар өміріне арналған шығармалары да прозамыздағы ғұмырбаяндық романдар қатарын толықтыра түсті. Атап айтқанда, «Мұхтар жолы», «Алыптың адамы», «Абақты» Мұхтар Әуезов өмірінің қилы кезеңдері жайлы сыр шертсе, «Ақ Орданың» бас кейіпкері ретінде Елбасы алынған. Тәуелсіздігіміздің тарихын көркем кестелеген. Бұл туындыны («Елорда» баспасы, 2005 жыл) оқырмандар жылы қабылдады. «Астананың бас архитекторы» деген деректі хикаяты «Роман-газета» (2007 жыл) басылымында жарық көріп, оқырман жүрегіне жол тартты.

Қаламгер 1974 жылы «Зауал» (Трудный шаг) кітабы үшін «Молодая гвардия» баспасының «Қазіргі заманғы жақсы роман» сыйлығын иеленді. 1988 жылы Украинаның «Дінепро» баспасының «Жібек жолы» романы үшін «Тарихи тақырыптағы жақсы кітап» сыйлығын алды. Суреткердің есімі АҚШ «Әдебиет және өнер адамдары» энциклопедиясының 2-томына, «Ұлттық энциклопедияның» 3-томына, «Абай энциклопедиясына» енген.

1990 жылы Д.Досжанның екі томдық таңдамалы шығармалары ақиық ақын Олжас Сүлейменовтың алғыс сөзімен, мемлекеттік тапсырыспен «Жазушы» баспасынан жарық көрді. 2002 жылы «Білім» баспасы облыстық кітапханалардың сұранысы бойынша – меценаттар көмегімен – жазушының 13 томдық таңдамалы шығармаларын басып шығарды.

АҚШ-тың Гувер кітапханасы мен Ясная Полянадағы Толстой мұрағатшыларымен хат жазысып тұрады. Бай мұрағат иесі.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 2824. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

СИНТАКСИЧЕСКАЯ РАБОТА В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ В языке различаются уровни — уровень слова (лексический), уровень словосочетания и предложения (синтаксический) и уровень Словосочетание в этом смысле может рассматриваться как переходное звено от лексического уровня к синтаксическому...

Плейотропное действие генов. Примеры. Плейотропное действие генов - это зависимость нескольких признаков от одного гена, то есть множественное действие одного гена...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия