Студопедия — Нұржекеев Бексұлтан
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Нұржекеев Бексұлтан






(1941 жылы туған)

 

Бексұлтан Нұржекеев 1941 жылы 22-ақпанда бұрынғы Талдықорған облысының Октябрь ауданында туған. Ол 1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіргеннен кейін еңбек жолын мұғалімдіктен бастайды.

Кейінгі жылдары «Жалын», «Жұлдыз», «Парасат» журналдарында бөлім меңгерушілігінен бастап, бас редакторға дейін көтеріліп, «Жалын» баспасының директоры қызметтерін атқарды. Осындай еңбектері үшін «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен (1970), «Құрмет» орденімен (2000) марапатталды.

Ол 1972 жылы шыққан тұңғыш «Күй толғақ» атты повесть және әңгімелер жинағынан бері қазақ әдебиетін «Күтумен кешкен ғұмыр», «Кінәлі махаббат», «Өзендер өрнектеген өлке», «Ерлі-зайыптылар», «Жау жағадан алғанда», «Әйел жолы – жіңішке» атты үлкенді-кішілі прозалық шығармаларымен байытты.

«Күй толғаққа» енген әңгімелері негізінен ауыл жастарының өміріне арналып, олардың азаматтық есеюі мен үлкен сүйіспеншілігіне арналған. Кейіпкерлердің жан толғанысы мен мақсат-мүдделері оқушысын өршіл рухқа баулиды. Осындағы «Кінәлі махаббат» повесі мен «Күй толғақ», «Сағынғаным-ай», «Жастық – жыл құсым емес», «Балалықтан бір адым», «Бауырлар», «Қиын сұрақ», «Жолтөбелес», «Не үшін?», «Күләштің соңғы көктемі» атты әңгімелеріне арқау болған оқиғалар шынайылығымен, шымырлығымен баулиды. Жазушы қазақ әйелдерінің басынан өткен шытырман оқиғаларды олардың өздеріне айтқыза отырып, өрбітуге шебер. «Кінәлі махаббат» повесі негізгі кейіпкер Зереннің аузымен бірінші жақтан баяндалады. «Әңгімемді әйел болған күнімнен бастайын» дейтін Зерен мен оның замандасы Жаңыл екеуінің басынан өткерген оқиғалары «махаббаттың» не екендігін аша түскен. Әсіресе, әйел баласының құрсақ көтермеуінің ол үшін қандай қасірет екендігі мен қырқыншы жылғы жесір қалған келіншектердің басынан өткерген тауқыметті тағдырларын жазушы негізгі кейіпкерлердің өз аузымен баяндатуда жетістікке жеткен. Үш баланы үш адамнан тапқан Зеренді оқушы кінәламайды, керісінше, әке-шеше мен ата-енесінің қас-қабағына қараған жанның тағдырының ауыр болғандығына күйзеледі. Жазушы авторлық ұстанымды «Бейкүнә періште сендерде не жазық бар?» деп Әтиім ақсақалдың аузына сала білген. Кейіпкердің жан дүниесіне үңіле білген автор қырқыншы жылдардағы өмір шындығының жанды картинасын жасаған.

«Кінәлі махаббат», «Арыз», «Жайлаудағы жиырма күн» атты повестері мен «Күтумен кешкен ғұмыр», «Бір өкініш, бір үміт», «Ерлі-зайыптылар» атты романдарында туған жерге деген сүйіспеншілік, адамдар арасындағы қарым-қатынас сынды мәселелер қамтылған. «Күтумен кешкен ғұмыр» атты романда жазушы бірнеше мәселені қатар көтере білген. Оның біріншісі – өнерге, екіншісі – туған жерге, үшіншісі – сүйген жарға деген махаббат. Негізгі тақырыптың бірі – өнер болса, қандай алапаттың да, қандай қара күш иесінің де жөнсіз жаласы өнердің үнін өшіре алмайтындығын жазушы жеткізе суреттеді. Қолдан жасалған қиянаттың бәрі уақытша екендігін, халықтың, көптің жүрек түпкірінен орын алған өнердің өміршеңдігін, мәңгілігін араға отыз тоғыз жыл салып, елге қайта оралған «Баркөрнеу» әні растай түсті. Романдағы негізгі желілердің бірі – туған жерге деген махаббат болса, сол бір ештеңеге бергісіз үлкен сезімнің аяқ асты болып, «Алтын бесік дейтін туған жер олар үшін тозақ отындай болып кетуі» – сол тұстағы заман қасіреті. Баркөрнеуін Албанға айырбастамаған Әтіке сол жерден бір күннің ішінде-ақ қашқын болып шыға келді.

Романдағы оқиғалардың негізгі арқауы – махаббат. Жазушы махаббат атты тылсым күштің қуанышы мен қасіретін, қайғысы мен бақытын өмірден алынған шынайы кейіпкерлердің қарапайым өмірі арқылы көрсете білді. Бір қарағанда, Қайныкеш қарапайым ғана қазақ қыздарының бірі. Бірақ, оның бойындағы шынайы сезім күйлері – екінің біріне бұйырмайтын асыл қасиет.

Бұған дейін қазақ прозасындағы махаббат тақырыбын «Күтумен кешкен ғұмыр», «Кінәлі махаббат», т.б. повесть, романдармен байытқан Бексұлтан Нұржекеев ерлі-зайыптылар арасындағы тылсым сырды «Ерлі-зайыптылар», «Бір өкініш, бір үміт» атты романдарына арқау етті. Жазушы 1986 жылы шыққан «Беу, қыз дәурен» атты шығармасын Ілескүл, Мұқан, Зеріптердің сырларымен, өзінің ойымен толықтырып, 1989 жылы «Ерлі-зайыптылар» атты толық романын көпшілік оқырманға ұсынды. Романның құрылымы өзгеше. Сырт қарағанда бір-біріне ұқсамайтын негізгі бес бөлім жинала келіп, тұтас бір ойға қызмет етеді. Романның тағы бір ерекшелігі – автордың оқырманға өзі туралы мағлұмат беріп отыруы, монологтың шығармамен астаса өріліп жатуы.

Бұл романдардың бүгінгі қоғамдағы жас отау құрып жатқан жастардың болашақ өміріне қажетті ақыл-кеңес беретіні оның тәрбиелік-танымдық қызметтерінен көрінеді. Автор романды бес тарауға бөлген. Бірінші тарау негізгі оқиғаның прологы (кіріспесі) іспеттес қызмет атқарса, одан кейінгі үш тарау негізгі бөлімнің, соңғы бесінші тарау қорытындының қызметін атқарады. «Беу, қыз дәурен» атты бірінші тарауда бұла өскен Гүлбаршынның қыз дәурені кеңінен сөз болып, қыз балалардың сол бір сәттеріндегі көңіл күйлеріне автор тереңірек үңілу арқылы олардың ешкім біле бермейтін құпияларын аша түскен.

Өмірдің өзі тек бақыттан тұрмайтынын жазушы әдемі жеткізе білген. Қуаныш болмаса, қайғының не екенін, бақыт болмаса, бақытсыздықтың не екенін қайдан білер едік. Ерлі-зайыптылар арасындағы сырды аша түсудің жаңа әдісін ойлап тапқан жазушы әйел бойындағы физиологиялық, биологиялық ерекшеліктерді терең білмегендіктен, әйел сырын оның өзіне айтқызуы ұтымды шыққан. «Беу, қыз дәурен» атты бірінші тараудан кейін автор өзі туралы біраз мағлұмат береді де, алдағы оқиға өз аузынан айтылады. Ол Қызылорда қаласына барып Мұқа мен Ілескүлдің үйінде қонақ болып, қыздары Зеріптің сұрауымен және бір күн олардың үйінде болады да, Алматыға олжалы қайтады. Романның негізгі оқиғасын сол жазба күнделіктер құрайды. «Ілескүлдің сыры» атты тарау негізінен Ілескүлдің өмір тәжірибесінен жинақтаған сырынан тұрады.

«Мұқаның сыры» деген тарауда да нақты оқиғаларды баяндау барысында өмір жайлы тұжырымдарға, ақыл-кеңестерге орын беріліп отырады. «Зеріптің сыры» да – өмірде кездесетін жайттардан алынған шынайы сыр. Ол да өзіне ең жақын достарының өмірін қоса сөз еткенді жөн санапты. Зеріптің сыры – әке-шешесінікіне қарағанда тіпті ауыр. Ойнақтап жүріп, от басатын, балғын балалықпен жамандық ойламай жүріп, басына өмірлік қасірет тауып алатын жастардың сырын Зеріп өз басынан өткен оқиға негізінде жазған.

Ерлі-зайыптылардың өмірінен алынған шынайы оқиғалар желісі махаббаттың біз ойлағандай сәтті бола бермейтіндігін көрсетті. Махаббатын сақтау үшін әркімнің де өмір бойы күресуі керек екендігі туралы жазушы оқырманға ой сала білді. «Ерлі-зайыптылар» – жекелеген кейіпкерлердің жан-дүниесіне терең үңілуде психологизмді шебер игерген туынды. Бұл – философиялық, психологиялық, әлеуметтік мәселелерді бір жерге тоғыстыра отырып жасалған жиынтық форма. Жазушы әйел адамдардың бойындағы ешкім біле бермейтін жасырын құпияларын күнделік жазбалары негізінде оқушы қауымға ұсынған. Ондағы мақсат – өмірдің бәрі сәттіліктен тұрмайтынын жас буынға түсіндіру, керегін алып, өмір жолдарына азық ету. Жазушы алдына қойған мақсатына жеткен.

«Бір өкініш, бір үміт» атты романға «өткенді өкінішпен, алдағыны үмітпен қарсы алатын» адамдардың өмірлеріне үлкен сабақ болған үлкен өкініштерінің артынан да үміт отының жылт етуі арқылы өмірмен күресуі сөз болған. Көрген-білгенін сол қалпында қағазға түсіруді көздеген автор өмір шындығын бар болмысымен оқырманның алдына табиғи қалпында жайып салады. Романның негізгі жетістігі де оның өмірден алынған шынайылығында. Көркемдік-эстетикалық жетістігі – психологиялық, әлеуметтік, философиялық мәселелердің жинақтала келіп, бір ойға қызмет етуі. Романдағы лиризм жекелеген кейіпкерлер мен жазушының ойы арқылы байқалып отырады. Әйелдер, соның ішінде қазақ әйелдерінің бейнесін сомдауда, олардың жан-дүниесіне үңілуде шеберлігімен танылған жазушы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ ауылдарындағы өмір шындығын шынайы бейнелей отырып, талай сырдың астарына үңіле білген. Үш күйеуден үш бала тапқан Жәмихан екі қызымен және күйеуге шыққан Сәлима, соғыстағы жары мен бауырына септігін тигізбек болып ат үстінде жүріп өмірін өткізген, табиғат ананың әйел баласына еншілеген сыйын қабылдаудан бас тартып, жарының төсегін былғауға арланған, оның түтінін түтемін деп жүріп өмір бойы бала сүю бақытынан құр қалып, өмірі өксікпен өткен Кәмеш – сол тұстағы әйел аналардың типтік образдары.

Жазушының 1998 жылы шыққан «Әйел жолы – жіңішке» атты жинағына енген шағын шығармалары түгел дерлік Тургеневтің «әйелдің іші – қалың орман, қыздікі одан арман» деген сөзінің астарын ашуға қызмет етеді. Ол бұл шығармаларында әйел құпиясын ашу үшін, олардың жүрек түкпіріне бойлап, сырына үңіле білді. Қазақ жазушылары бара бермейтін интимдік – ішкіл (ашыналық) жағдайларға нәзік сезімталдықпен үңілу, жазушы қаламына тән дара сипат. Ол әйел мен еркек арасындағы үлкен сезім мен бір сәттік өткінші құмарлықтың, адал махаббат пен жымысқы сезімнің арасындағы жер мен көктей айырмашылыққа терең үңіліп, суреткерлік шеберлікпен жеткізді. Адам бойындағы бір сәтте келіп-кететін құмарлықтың үлкен өкінішке соқтыруын, үлкен сезімді аялай білмесе, өмір бойы қасірет болуын да автор өмір шындығы, табиғат заңдылығы ретінде нанымды суреттеді. – Бексұлтан Нұржекеев қазақ әдебиетінде әйел-ана, әйел, махаббат мәселелерін биік дәрежеге көтеріп, әйел өмірін жеткізе суреттеген жазушы ретінде дараланбақ. Оның негізгі жетістігі – қырсығы қырық есекке жүк болатын, қырық шырақты әйел баласының табиғат ана жаратқан табиғи жаратылысына үңіле отырып, олардың жан дүниесіндегі әр алуан сезім күйлерін нақты оқиғамен ұштастыра, нанымдылықпен суреттеуінде. Барша әйел баласының бақытты болуын мақсат еткен жазушы шағын әңгімелері, повестері мен романдарында қыз құпиясына үңіле отырып, олардың әйел бақытына жетуіне жол көрсетіп, кеңес берді. Б.Нұржекеев екі адам арасындағы махаббатты үлкен әлеуметтік мәселе ретінде көтеріп, адам бойындағы сан-алуан сезім күйлеріне үңілуде психологизмді шебер игерді. Осылайша, кейіпкерлер бойындағы сыршыл сезім кең құлашты романдарға да арқау болды.

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 4507. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия