Студопедия — ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ТҮСІНДІРМЕ ХАТ






 

Жоғары оқу орнындағы оқыту аймағы білім беру жүйесіндегі мамандарды кәсіби даярлау барысында ерекше жауапты орынды алады. Білім беру мазмұны - экономикалық және әлеуметтік дамудың маңызды факторы ретінде тұлғаның өз бетінше дамуына жағдай туғызуға бағытталуы қажет. Сонымен, білім беру жүйесінің барлық сатылары мен кезеңдеріндегі мақсаты - түлғаның жан - жақты дамуына жағдай жасау.

Білім беру бағдарлары халықаралық деңгейінде қабылданған білім алушының интеллектуалдылық функциялары мен қабілетінің дамуы мен сұраныстарын қамтамасыз етеді.

Дүние жүзіндегі білім беру шеңберіне кіру бағытында қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында оқытудың жаңа жүйесін калыптасуда, әсіресе педагогикалык психология теориясы мен практикасында маңызды өзгерістер болып жатыр. Адамның танымдық іс - әрекетінің инновациялык тәсілдерін белсенді меңгеруді бағдарлауы, оның жетекші білім берудің негізіндегі оқытуды жаңартуда іске асады. Сондықтан, казіргі психологияда окыту процесінің тиімділігі көтеруге, білім беру жүйесіндегі ғылыми негізделген және практикалық инновацияның іске асыруға үлкен мүмкіндіктері бар.

«Психология» курсы барлық мамандыктарда оқитын магистрантарға және олардың психология аумағындағы оқыту мен тәрбиелеудегі рефлексиялық дамуына, психологиялық қорларды кәсіби іс - әрекетінің тиімділігін көтеру мақсатында колдануға епті және терең меңгеру үшін арналған. Сол себепті, мамандардың психологиялық - педагогикалың дамуын жете білу үшін, жоғары білім беру жүйесінде қоғамның жаңа бағдарларын өрбіту бұл курстың өзектілігін анықтайды.

«Психология» курсының мақсаты магистранттарға жоғарғы мектеп психологиясын оқытудың негіздері мен педагогикалық іс - әрекет аумағындағы психологиялық білімді колдану жоспарында олардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейту.

 

Пәнді оқыту міндеттері:

• жоғары мектепте білім беру процесінің психологиялық - педагогикалық мәнін ашу;

• «Психология» курсы арқылы магистранттарға жалпы, әлеуметтік, жас ерекшелік және педагогикалық психология негіздерін, теориялық концепциялары және эмпирикалық зерттеулері туралы толык мағлұмат беру;

• қазіргі уақыттағы жоғары мектеп дамуы тенденцияларын қарастыру;

• магистранттардың психологиялық - педагогикалық ойларын дамытуға мүмкіндік беру:

а) әрбір жеке адам ойларының теренділігі мен қабылдауы қайталанбайтындығын, оның психикалық тұрпатына байланысты.

б) адамға деген қатынасты жоғары қүндылык ретінде дамьпу. Бұл студенттердің басқа мақсаттарға жету үшін пайдалануынан сақтайды.

в) адам психикасының белсенді шығармашылық сипаттағы туралы ойларын қалыптастыру. Бүл психикаға тура араласуға оны өзгертуге болмаитындығый мойытадауға көмектеседі. Дағды, іскерлік, білім, тқлға қырлары, қызығулары мен кұндылықгардың барлығы іс - әрекетте калыптасады және өзгереді.

г) адам психикасының жаңа білім алудың қайнар көзі оның басқа адамдармен қарым - қатынасы негізгі қозғаушы күші деп түсіну керек.

«Психология» курсын оқыту нәтижесінде магистранттың мынандай негізгі біліктілікті (білім, іскерлік, дағды) меңгерулері қажет.

Білуге тиіс:

• педагогикалық іс - әрекеттің әлеуметтік - психологиялық табиғаты туралы;

• танымдық іс - әрекетке кіретін психикалық қасиеттер мен процестер туралы;

• психологиялық - педагогикалык әсер ету спецификасы мен мазмүны туралы;

• студент тұлғасына әсер ету объектілерінің индивидуалды ерекшеліктері туралы.

Іскерлік:

• жоғары оқу орны оқыту процесінде қазіргі оқыту әдістері мен құрал - жабдықтарын тиімді қолдана алу;

• сабақты өткізуге және оған дайындалуға қажетті психологиялық - әдістемелік қорларды пайдалана алу (лекция, семинарлар, МОӨЖ және емтихан);

• студент тұлғасы және студенттік топтарға зерттеу жүргізудің психодиагностикалық әдістерін қолдана алу.

Практикалық дағдыларды иелену:

• кәсіби іс - әрекет аймағындағы коммуникация орнату әртүрлі аспектілер бойынша оқыту процесін басқару;

• кәсіби рефлексия процесі және іс - әрекет нәтижелері;

• психологиялық әсер ете алудың негізгі тәсілдерін меңгеру;

• тиімді кәсіби қарым - қатынас.

«Психология» курсының мәні тұлғаның кәсіби - бағдарланған шығармашылық әлеуетінің өсуімен және қалыптасуымен анықталады.

Магистратура түлектері келесі кәсіби іс - әрекет түрлерін атқара алады: оқу - тәрбиелік, ғылыми - зерттеу, диагностикалық, түзету және мәдени - ағартушылық.

«Психология» курсы магистранттардың философия, әлеуметтік психология, педагогикалык психология және т.б. пәндер бойынша алған білімдеріне реттейді.

«Психология» курсы «Жалпы психология», «Жоғарғы мектеп педагогикасы» және басқада психологиялық пәндермен өзара байланысты.

 







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 666. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия