Студопедия — Раушангүлділер тұқымдасы- розоцветные- Rosaceae
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Раушангүлділер тұқымдасы- розоцветные- Rosaceae






Доланадан жасалған дәрілер орталық нерв жүйесін тыныштандырады, жүрек бұлшық еттеріне күш береді, жүрек пен мидағы қан айналымын жақсартады. Медицинада долананы гипертония мен гипертиреоз ауруларын емдеу үшін және жүрек соғуының ырғағы бұзылғанда, жүректің тұсы ауырғанда, ұйқы қашқанда қолданады.

Жүрек-қан тамырларына әсер ететін өсімдік текті дәрілік заттарға қан айналымын қалыпқа келтіретін заттарды жатқызады. Оларды жүрек қызметы бұзылғанда және қан тамырларының тонусында паталогиялық өзгерістер болғанда қолданады.

Клиникада қолдануына қарай қан айналымын қалыпқа келтіретін өсімдік текті препараттарды келесі топтарға жатқызуға болады:

- жүрек қызметі бұзылғанда қолданылатын дәрілер:

а) жүрек жетіспеушілігінде;

ә) жүрек жиырылуының ырғағы бұзылуында;

б) коронар қан тамырларының жетіспеушілігінде.

- артериялық қан қысымы өзгеруімен жүретін паталогиялық жағдайларда қолданылатын дәрілер:

а) гипертониялық аурулар;

ә) гипотониялық жағдай.

Жүрек гликозидтері –әртүрлі миокард дистрофиясына байланысты жүрек жетіспеушілігін емдеу үшін қолданылатын кардиотониялық әсері бар өсімдік текті заттар.

Жүрек немесе кардиотониялық стероидты гликозидтер 12 тұқымдас, 45 ботаникалық туыс өсімдіктердің құрамында табылған.

Медициналық тәжірибеде келесі жүрек гликозидтерінен алынған препараттарды кеңінен қолданады:

Күлгін оймақгүл- «Дигитоксин»,

Түкті оймақгүл - «Дигоксин»,

Комбе строфанты – «Строфантин К»,

Мамыр меруертгүлі – «Конваллятолксин»,

Көктемгі жанаргүл – «Адонизид».

Жүрек гликозидтері агликон деп аталатын молекуланың негізгі бөлігі қанттармен арқылы байланысқан табиғи гликозидтерге жатады. Жүрек гликозидтерінің агликондары стероидты қосылыстарға жататын пергидроциклопентафенантрен туындысы.

 

Молекуланың көмірсу бөлігі агликонның гидроксилді тобымен байланысқан 1 ден 5-ке дейін моносахаридтар кіруі мүмкін болатын тізбектен тұрады. Кәдімгі моносахаридтерден (глюкоза, галактоза, рамноза, ксилоза және т.б.) басқа жүрек гликозидтерінің молекуласында дезоксисахарлар (дигитоксоза, цимарозажәне т.б.) кездеседі.

Жүрек гликозидтерінің кардиотониялық эффекті негізінен агликондарға байланысты, бірақ көбіне қанттар, олардың саны, көмірсу бөлігінің құрылысы да жүрек гликозидтерінің әсерінің ұзақтығын, жылдамдығын, фармакологиялық қасиетін, олардың ағзада жинақталуға бейімділігін анықтайды.

Кардиотониялық заттардың белсенділігі және олардың улылығы жүрек гликозидтерінің құрамына байланысты. Дәрілік өсімдік шикізатындағы және препараттарындағы жүрек гликозидтерінің мөлшерін биологиялық стандарттау әдісімен (белсенділікті бағалауды жануарларда жүргізеді) анықтайды. Зерттеу әдісі «әсер бірлікпен» өлшенетін белгілі белсенділігі бар стандартты препаратты зерттелетін үлгімен салыстыруға неізделеді. Биологиялық стандарттау әдісі жүрек гликозидтерінің жануарларда систолада жүрек тоқтатуын туғызуына негізделген. Олардың белсенділігін бақада (бақалық әсер бірлігі - БӘБ), мысықта (мысықтық әсер бірлігі-МӘБ), және басқа жануарларда анықтайды. 1 БӘБ – салмағы, жынысы, жасы бойынша стандартты бақаларда систолиялық жүрек тоқтауын туғызатын жүрек гликозидтерінің ең аз мөлшері.

Жүрек гликозидтерінің басты қасиеті жүрекке таңдап әсер етуі. Олар жүректің үнемді және тиімді қызметін қамтамасыз ете отырып, миокардтың жұмыс істеу қабілетін арттырады. Жүрек гликозидтері систоланы күшейтеді (оң инотропты әсер). Систолалық жиырылу тез және қуаттырақ бола түседі.

Жүрек гликозидтерінің әсерінен жүрек ырғағының жиілеу фонында жүрек жұмысы күшейеді (теріс хронотропты әсер) және диастола ұзарады. Осының барлығы жүрек жұмысының тәртібін тиімді етеді.

Жүрек гликозидтерінің әсерінен бүйрек жұмысы қалыпқа келеді, диурез күшейеді.

Жүрек гликозидтері ббелсенділігі бойынша едеуір ерекшеленеді, мұнымен олардың емдік қасиеті дазаға, дәріні енгізу жолына, химиялық құрылысына, байланысты және бірнеше көрсеткіштермен сипатталады:

Жүрек гликозидтерін сіңуіне байланысты ағзаға әртүрлі жолмен енгізеді:

а) энтералды – оймақгүл («Дигитоксин», «Дигоксин») және жанаргүл препараттары;

б) көктамырға – строфант («Строфантин К») және меруертгүл («Коргликон») препараттары;.

Жүрек гликозидтерінің көбіне кумуляцияға бейімділігі айқын оймақгүл препараттарын қолданғанда дозасын жоғартлатқанда токсикалық эффекті көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдайда әртүрлі аритмиялар туады. Оймақгүл препараттарымен уланғандағы ең көп өлім себебі - жүрек қарыншасының жыпылықтауы. Жүрек гликозидтерінің дозасы жоғарлауының белгілері – шаршағыштық, бұлшық ет әлсіздігі, диспепсиялық жағдайлар (жүрек айну, диарея, зәрдің көп бөлінуі, құсу), психикалық өзгерістер (қозу, галлюцинация), бас ауруы, тері бөртуі.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы:35 мин

1 тапсырма.

1-ші есеп. Сабақ нысандары - шикізаттарға кестеде ақпарат көрсетіңдер

Дәрілік өсімдік шикізаты Өндірілетін өсімдік, тұқымдасы Ареалы, тіршілік мекені (мәдени өсімдіктер үшін - өндірілу аймағы Дайындау мерзімі
       
             

2-ші есеп. Сабақ нысандары - өсімдіктерден дайындалатын барлық шикізаттарға кестеде ақпарат беріңдер

Дәрілік өсімдік шикізаты Химиялық құрамы Әсері. Қолданылуы Жағымсыз әсерлері, сақталуы
       

3-есеп. Төмендегі кестеге тақырып бойынша шикізаттың барлық түріне мәліметтер толтырыңыз:

Тұрғындарға рецептсіз дәрі босататын,үй жағдайында тұнба мен қайнатпа дайындайтын дәріхана Препараттар өндіретін фармацевтикалық өнеркәсіп
ДӨШ Әсері ДӨШ Препараттың аты дәрілік формасы Әсері
         

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 5 мин

Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары кезінде айрықша қолданылатын дәрілік өсімдіктер мен дәрілік шикізаттар. Антигипертенхзиялық әсері басым дәрілік өсімдік шикізаттары.

13. Сабақты қорытындылау. 3 мин

Алған білімдерін қорытындылау, бағалау.

14. Үйге тапсырма беру. 2 мин

 

Н 249-260 б.

Қ 286- 320 б

16-шы сабақ;

1. Сабақтың тақырыбы: Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары кезінде айрықша қолданылатын дәрілік өсімдіктер мен дәрілік шикізаттар. Антигипертензиялық әсері басым дәрілік өсімдік шикізаттары

2. Сағат саны: 90 мин

3. Сабақ түрі: тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: с туденттердің жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары кезінде айрықша қолданылатын дәрілік өсімдіктер мен дәрілік шикізаттар туралы білімін қалыптастыру.
  • тәрбиелік: өз мамандығына, ісіне жауапкершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
  • дамыту: пәнаралық байланысты дамыту, өз бетінше жұмыс істеуге, ой-пікірін ашық айтуға дағдыландыру.

5. Оқыту әдісі:Гербариймен жұмыс, тест бақылау,

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар:ноутбук, проектор

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:шикізаттар, кестелер, препараттар,

б) оқыту орны: 510 А бөлме.

7.Әдебиеттер:







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 2342. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

ЛЕКАРСТВЕННЫЕ ФОРМЫ ДЛЯ ИНЪЕКЦИЙ К лекарственным формам для инъекций относятся водные, спиртовые и масляные растворы, суспензии, эмульсии, ново­галеновые препараты, жидкие органопрепараты и жидкие экс­тракты, а также порошки и таблетки для имплантации...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия