Студопедия — Вегетативті тамырлық дистония
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Вегетативті тамырлық дистония






Клин: жалпы әлсіздік, шаршағыштық, физикалық және психикалық жүдеу, жүрек аймағында ауырсыну, жүрек соғысы, ауа жетіспеушілік сезімі, дем алуына қанағаттанбаушылық, тұрақсыз нәжіспен көрінеді.Тексергенде терең рефлекстердің жоғарылауы, АҚ ассиметриясы, тахикардия,пульс лабильділігі, тершеңдіктің жоғарылауы, дермографизм айқын өзгерістері, саусақ пен қабақтың треморы. Эмоциональды бұзылыстар үрей, қорқыныш(паника)- ұйқы бұзылысы.

Нейроэндокринді алмасу бұзылысы май,көмірсу, ақуыз, су-тұз алмасуы бұзылады, шөлдеу, тәбет булемия немесе анорексия түрінде және сексуальді бұзылыстар, Иценко-Кушинг, Фрелих- Бабинскийдің адипозогенитальді дистрофиясы, Симмондс, қантсыз диабет (полиурия, полидипсия,зәр салыстырмалы тығыздығы төмендеуі) дамуы мүмкін. Жас әйелдерде климакс ерте байқалуы мүмкін.

Терморегуляциялық форма бұзылысында температураның таңертең көтеріліп, кешке түсумен көрінеді. Гипертермиялық кризде 38-39 градусқа дейін көтеріледі.

Нейродистрофиялық форма терінің трофикалық бұзылыстары (қышу,құрғау, нейродермит, жаралар) бұлшық ет, сүйек бұзылысы, асқазанның кілегейлі қабықшасы, өңеш, асқазан, он екі елі ішек перфорациясы.

Ұйқысының бұзылысы қиындықпен ұйықтау, түнгі уақытта үрейлі беткей ұйқы, күндіз ұйқышылдық, кейде гиперсомния симптомокомплекстермен көрінеді:нарколепсия, клейн-левин синдромы,пиквик синдромы.

Емі:1. симпатикалық немесе парасимпатикалық тонусқа әсер ететін препараттар –пироксан, грандаксин, эглонил, беллотаминал; 2.дегидротационды препараттар;

3.қабынуға қарсы препараттар

4.негізгі ауруды емдеу, егер гипоталамикалық синдром екіншілік болып табылса, мұндай жағдайда дезинтоксикационды терапия, витамин В,С,Са препараттары, аминоқышқылдар,антидепрессанттар,симпатикалық тонусты төмендету үшін белок пен май, жылы ванна,теңіз климатын шектеу.

Рейно ауруы.Этиологиясы- инфекция, эндокринді бұзылыстар, жұлынның бүйір мүйізінің тума жеткіліксіздігі.Клиникалық көрінісі 3 стадиядан тұрады.

1-стадия бұл белгілі бір аймақтағы капилляр және артериялардың кенеттен спазмының болуымен сипатталады,осы аймақтар бозғылт, сипағанда суық, кейін сезімталдық төмендейді. Ұстама ұзақтығы бірнеше мин- 1сағ және жоғары, осы ұстама біткесін, спазм қалпына келеді, ұстамалар әр түрлі уақытта қайталануы мүмкін.

2-стадия бұл асфиксия көріністерімен қосарланған, мұнда спазм көк-күлгін түсте көрінеді, қатты ауырсыну пайда болады, асфиксияның орнында сезімталдық жоғалады.Осы стадияның басты механизмі вена парезі. Бірнеші уақыттан кейін бұл көріністер жоғалады.

3-стадия ұзақ асфиксияның әсерінен дамиды. Бұл кезде аяқтарында ісіну, көк-күлгін түсті,қанды құрамды көпіршіктер пайда болады. Осы көпіршікті жарған кезде тіннің некрозы пайда болады, ауыр жағдайларда сүйекке дейінгі барлық тіннің некрозы пайда болады.Бұл процесс тыртық қалыптасумен аяқталады.Клиникалық көріністері жиі саусақтарда,сирек аяқта,құлақта, мұрын ұшында пайда болады. Осы ауру ерекшелігі - клиник көріністердің симметриялы болуы,бұл ауру созылмалы, 10-жылға дейін созылуы мүмкін, гангрена сирек болады. Бұл кезде саусақ немесе оның бөліктерінің жансыздануы мүмкін.

Диагностикасы. Бозару ұстамасы немесе саусақтардың ұстамасы, әсіресе 2-ші, 3-ші, зақымдалудың симметриялылығы, гангренаның болмауы, ауру ұзақтығы кем дегенде екі жыл. Емі. Адреноблокатор, ганглиоблокатор, транквилизатор, спазмалитикалық тамыр кеңейтуші препараттар, жылы ванна.Десимпатизация немесе преганглионарлы симпотэктомия.

Эритромелалгия. Бұл тамырлардың патологиялық кеңеюі әсерінен шектелген және ауырсынулық ісінумен сипатталады. Этиологиясы капилляр, артериолла, вена иннервациясының жедел тамырлық бұзылыстары. Бұлщықеттік күштеме, шаршағыштық, қатты эмоциональды уайымдау, шамадан тыс қызу. Клиникасы. Аяқтық дистальді бөлімінде дуылдататын ауырсыну және ісіну, тері қызаруы, терінің ісікпен және тершеңдікпен бірге жергілікті температура жоғарылауы, көбінесе бір аяқ зақымдалады,әдетте табан. Ауырсыну сезімдері аяқта қызған кезде, тұрғанда,жүрген кезде күшейеді, суықта, жатқан кезде төмендейді. Ұстама ұзақтығы бірнеше мин-н- бирнеше сағ-қа дейін. Диагностикасы клиникалық көріністеріне байланысты. Емі тамыртарылтушы препараттар мезатон, изадрин, Са препараттары, актовегин, аскорбин глутамин қышқылы, седативті препараттар, венаішілік новокаин.







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 3012. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Плейотропное действие генов. Примеры. Плейотропное действие генов - это зависимость нескольких признаков от одного гена, то есть множественное действие одного гена...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия