Студопедия — Шарттық жалғаулықтар : егер, егерде, онда.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Шарттық жалғаулықтар : егер, егерде, онда.






31.Жіктеу, сілтеу есімдіктері, септелу ерекшеліктері Есімдік дегеніміз есімдердің яғни, зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің орнына жүретін сөздер. Есімдік 7 түрі бар: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау, белгісіздік, болымсыздық. Жіктеу есімдіктер – жақтық мағыналы сөздер. Ол небәрі 8 сөзден тұрады: мен,сен,сіз,ол,біз,сендер,сіздер,олар. Жіктеу есімдіктерінің бәрі де септік жалғауларын қабылдайды. Мен, сен, ол сөздерінің біраз өзіндік ерекшеліктерімен септелуінде ерекшеліктер бар:1. н дыбысының қазақ тіліндегі ілік, барыс, табыс, шығыс септік жалғауларында түсіп қалуы. Менен,сенен,онан; менің, сенің, оның..

2. Барыс септігіндегі маған, саған, оған болып өзгереді. Сілтеу есімдіктер – нұсқау,сілтеу мәнін білдіріп,қай?қайсы? деген сұраққа жауап беретін есімдіктер. Оларға: бұл,сол,ол,осы,ана,мына,әне,міне,мынау,сонау,осынау. С.е.заттанып қолданылғанда,зат есім парадигмаларымен түрленеді,көптеледі,тәуелденеді,септеледі.Бұл-бұлар,сол-солар.

32. Етістіктің рай категориясы – қимылдың шындыққа қатысын білдіретін категория. Ашық рай – қимылдың шындық өмірде белгілі бір мезгілде болатынын,болып өткенін,я болып жатқанын,я болмайтынын нақтылы білдіретін етістіктің категориясы. Ашық рай – шындық өмірдегі реалды қимылды білдіреді, бірақ а.р. өзіне тән осы мағынаны білдіретін көрсеткіштері болмайды.

Алау рай – сөйлеушінің қимылды жүзеге асырғысы келетін ниетін, ықыласын, ойын білдіретін етістіктің түрі.М.:Өзімдікі болса игі еді.Жұрнақтары: -ғай,-гей,-қай,-кей,-ғай еді,-са игі еді,-са екен.

33. Көмекші етістіктер - грамматикалық дамудың нәтижесінде алғашқы лексикалық мағынасынан айырылып, грамматикалық қызметке көшкен етістіктер. Көмекші етістіктер саны да аз емес, бірақ олардың тілдегі құрамы тұрақты. Қазақ тілінде 30 к.е. бар. Олар:ал, бақ, бар, баста, бер, бол, біл, біт, жазда, жат, жөнел, жүр, жібер, де, еді, екен, емес, ет, кел, қор, қал, қой, қыл, отыр, от, сал, таста, тұр, түс, шық. К.е.қимылдың қалай жасалғанын нақтылы сипаттап, дәл көрсетуде ерекше қызмет атқарады. М: құлап қала жаздады. Оралбайк.е. 2 топқа бөлінеді. Олар: толымды, толымсыз көмекші етістіктер. Толымды к.е. деп дербес етістік кезіндегі дыбыстық құрамын сақтаған, бірақ лексикалық мағынасынан айрылған, қазіргі тілде грамматикалық мағына білдіріп, түрлі категориялардың көрсеткіштері қызметінде қолданылатын көмекші етістіктер. М: оқығысы келеді, өсіп барады.

Толымсыз к.е. деп дербес сөз кезіндегі дыбыстық құрамын сақтамаған, етістіктің түрлі грамматикалық тұлғаларында қалыптасып, қазір сол тұлғада түбір сөз ретінде қолданылатын к.е. Оларға: еді, екен, емес, ет, жазда.

34. Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп қанша? неше? нешеу? нешінші? тәрізді сұрақтаға жауап беретін сөз табы. С.е. мағынасына қарай 6 түрге бөлінеді: есептік,реттік,жинақтық, бөлшектік,топтау, болжалды.

1) Есептік с.е. заттың нақтылы санын білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. М: бес, он екі. 2)Реттік с.е.заттың саналу ретін білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді. Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге дауысты дыбысқа бітсе –ншы, -нші, дауыссызға аяқталса –ыншы, -інші жұрнағы жалғану арқылы жасалады. М: бір-інші, тоғыз-ыншы.3)Жинақтық с.е.- заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу? деген сұраққа жауап береді.– ау, -еу жұрнағы. М: біреу, екеу.4)Болжалдық с.е. -заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжалдап көрсетеді де, қанша? неше? қай шамалы? қаншадан? сияқты сұрақтарға жауап береді.

5)Топтау с.е.- заттың санын жекелеп емес, топтап көрсетеді де нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс септік жалғауы арқылы жасалады. М: екіден, жүзден, он-оннан

6)Бөлшектік с.е.-заттың бөлшектік санын білдіреді. Бөлшектік с.е. жай бөлшек және ондық бөлшек болып екі түрде қолданылады.

35. Етіс – қимыл-әрекеттің субъектіге, қимылдың нысанына қатысын білдіріп, салт,сабақты етістік жасайтын етістіктің түрі. Етіс- салт, сабақты етістікке қызмет етеді. Етіс жұрнақтарының және олардың мағыналарының түрлілігіне байланысты тілде етістің төрт түрі танылып жүр. Олар: өздік, ырықсыз, өзгелік, ортақ.


36. Шырай категориясы,түрлері,зерттелуі. Заттың бір түрлі сындық белгісінің түрлі дәрежеде болуын білдіретін грамматикалық категория. Шырай категориясы сын есімге, оның ішінде сапалық сын есімге тән. Шырай – жалпы сын есімге емес, сапа сынына қатысты категория. Мысалы, өте ақылды, сенен ақылдырақ. Ахмет Байтұрсынов 3 шырайы 1) Жай шырай артық-кем демей нәрсенің сиқын жай көрсетеді. Мысалы: тентек бала.2) талғаулы шырай - нәрсенің сиқының бірінен-бірі артық-кемдігін көрсетеді: ол –рақ,-рек деген талғау қосымшалары арқылы жасалады. Жаксы-жақсырақ3) таңдаулы шырай -нәрсенің сиқы өте артық екенін көрсетеді. Ең,нақ, тап, тым, бек, қас деген сөздер арқылы жасалады. Қ.Жұбанов 1)Жай шырай;2)Кесімді араластырмалы шырай –бірде тура күйде, бірде шығыс жалғаулы күйде болады;3)Салыстырмалы шағын шырай (-рақ, рек, леу)арқылы;4)Жалаң шағын шырай- қызғылт, қаралтым;5)Таңдаулы шырай;6)Дәйек қосылыңқы шырай- өте қысқа;7)Қосақты- қып қысқа;8)Үстеулі- ұзын ақ;9)Орта шырай- бірсыпыра, едәуір, бірқатар. Н.Оралбай сындық белгінің 3 дәрежесі болады деп көрсетеді: негізгі дәрежесі, төменгі дәрежесі, жоғарғы дәрежесі. Сапа сындары сөйлемде осы 3 дәреженің бірінде қолданылады. Шырайдың осы үш түрлі мағынасына қарай ғалым шырайдың 3 түрін көрсетеді:

1) жай шырай –сапаның негізгі дәрежесін білдіреді. Ол контекстке қатысты. Мысалы, Бірақ бәрінен осынікі жақсы. 2) салыстырмалы шырай (-рақ,-рек, ырақ,-ірек, -лау,-леу,-дау,-деу) жұрнақтары арқылы жасалады. -ғылт,-ғыл,-қылт,-ғылт,,-шыл,-шіл,-ақ; жұрнақтарын ғалым шырай жұрнақтарына жатқызбайды. Олар-сөзжасамдық жұрнақ деп көрсетеді. 3) күшейтпелі шырай 1)күшейткіш буынды сапа сыны қос сөзге жатпайды.2)Күшейткіш көмекші деп сапа сынының мағынасын күшейтіп,сапаның жоғарғы дәрежесін білдіреді. Оған аса, өте, ең,тңптң, тңптен, тым,орасан, керемет көмекшілері жатады. Бұл күшейткіш көмекшілерді үстеуге жатқызуға болмайды. Себебі үстеу лексикалық мағыналы сөздер, ал күшейткіш көмекшілер грамматикалық мағынаны білдіреді. 3)Ал, шымқай сөздері шырай жасамайды, күрделі сын есім жасайды.







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 1067. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

Ведение учета результатов боевой подготовки в роте и во взводе Содержание журнала учета боевой подготовки во взводе. Учет результатов боевой подготовки - есть отражение количественных и качественных показателей выполнения планов подготовки соединений...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия