Студопедия — Сөз жалғастыратын формалар;2)Сөз түрлендіретін формалар;3)Сөз тудыратын формалар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сөз жалғастыратын формалар;2)Сөз түрлендіретін формалар;3)Сөз тудыратын формалар






51.Септік жалғаулары, грамматикалық мағынасыСептік категориясы -зат есім сөздерді сөйлемдегі басқа сөздермен байл.у қызметін атқаратын категория.Септік категориясы жеті септіктен тұрады.Және олардың өзіне тән мағыналары бар. Атау септік сөздің септік жалғауын қабылдамай тұрған күйі.Ілік с иелік,меншікті білдіру. Сондай ақ басқа да сөздермен байланықа түседі: туыстық,жақындық қарым қатыста қолд.(досының қарындасы),бүтіннің бөлшегі(ағаштың бұтағы), заттың сандық қатысы(қонақтардың бесеуі), заттың сапасына қатысы(жігіттің әдемісі), заттың ерекше қаситі(сұлудың сұлуы). Барыс с заттың,қимылдың кімге, неге қайда бағытталғанын яғни бағытын(мектепке), қимылдың аяқталар жерін,мекенін(үйге келді),мезгілін(екі айға созылды)білд. Табыс с қимылға түсетін затты,яғни кимылдың нысанын білд.М:биді биле,сабақты аит. ол сабақты етістікпен тіркеседі.(тура толықтауыш). Жатыс с істің, қимылдың жасалу орнын, мезгілін,мекенін,көлемін білд.Осы мағ.на сай сөйлемнің мекен,мезгіл толықтауыш,жанама толықтауыш қызм.атқ.М:Өмірде себепсіз іс болмайды. Шығыс с қимыл әрекеттің қайдан басталғанын,қайдан шыққанын,яғни шыққан орнын,себебін,мезгілін,мөлшерін білд.М:мен үйден де, күйеуден де кетпеймін.(қимылдың шыққан орнын көрсетіп тұр). Көмектес с мағынасы өте күрделі. қимылдың тәсілі(балтамен шапты),ортақтық мағ(оқушылармен кездесті),қимылдың мекенін білд(жолмен жүрді),мезгілін білд.(күнімен күтті).

52. Бол, ет, қыл көмекші етістіктерінің қызметі. А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі». Бұл үш етістік әрі жетекші, әрі көмекші болып қызмет атқарады. Үшеуінің мағыналарында да, түрлену жүйелерінде де, функцияларында да, ортақ сипаттар болумен қатар, бір-бірінен ерекшкленетін өзгешеліктері де бар. Бірақ бол етістігі өзінше бір басқалау да, ет, қыл көмекшілері өзара бірыңғайлау. Дегенмен бұлардың қай-қайсысы болсын есімдермен тіркесе қойып, құранды етістік жасауға аса бейім тұрады және сондай тіркесте өте жиі ұшырайды. Осы өзгешеліктерінен болу керек, әдетте, олардың жетекшіліктерінен гөрі, көмекшілік қызметтері басымырақ сияқтанып көрінеді. Мысалы:

Адам бол адам ет адам қыл

Алаң болма алаң етпе алаң қылма

Дайын бол дайын ет дайын қыл

Мәз болды мәз етті мәз қылды

Қарық болды қарық етті қарық қылды

Қорған болды қорған етті қорған қылды

Бол, ет, қыл (істе) етістіктерінің басқаша, демек, бұлардың ең негізгі және дыбысты қызметі-есімдерден құранды етістіктер тудыру. Олардың бұл «мамандығын» өзге көмекшілер атқара алмайды. «Бол», «ет», «қыл» етістіктерінің жәрдемімен жасалған құранды етістіктердің соңғы компоненті түрленіп, саралама, суреттеме етістіктер жасалуымен қатар (қызмет ете көріңіз, қызмет көрсетсе екен т.б.), лексикаланған, идиомаланған тұрақты етістіктер көп қалыптасқан.

53.Қалып етістіктері. Қазіргі тілімізде отыр, тұр, жатыр (жат), жүр деген қалып етістіктері тікелей жіктеліп, қолданылады. Қалып етістіктері тек тікелей жіктеле апу жағынан ғана емес, басқа да сипаттары жағынан ерекшеленеді: 3-жақ жіктік тұлғасы мен бұйрық райдың 2-жақ тұлғасы сәйкес келеді: ол отыр - сен отыр, ол тұр - сен тұр, ол жүр - сен жүр,тек жатыр етістігі ғана 3-жақта ол жатыр болып, бұйрық райдың 2-жағында сен жат болып беріледі.

Сондай-ақ қалып етістіктері есімдерше, етістік тұлғаларының ішінде есімдерше жіктеледі.

Мен отырмын, тұрмын, жатырмын, жүрмін, көрермін;

Сен отырсың, тұрсың, жатырсың, жүрсің, көрерсің;

Сіз отырсыз, тұрсыз, жатырсыз, жүрсіз, көрерсіз;

Ол отыр, тұр, жатыр, жүр, көрер.

Біз отырмыз, тұрмыз, жатырмыз, жүрміз, көрерміз;

Сендер отырсыңдар, тұрсыңдар, жатырсыңдар, жүрсіңдер, көрерсіңдер;

Сіздер отырсыздар, тұрсыздар, жатырсыздар, жүрсіздер, көрерсіздер;

Олар отыр, жатыр, тұр, жүр, көрер. Қалып етістіктерінің мұндай ерекшеліктері олардың түбір тұлға емес екендігінен болып отыр. Қазіргі кезде түбір деп айтылып жүргенмен, етістіктің белгілі формалары негізінде қалыптасқан да, онда сол формалардың грамматикалық қасиеті қалып қойған. Жатыр етістігінің жат түрінде қолданылуы оның түбір емес екендігін көрсетеді. Сондай-ақ отыр етістігі ол тұр - ол турар тұлғасынан қалыптасқандығы белгілі. Ал тұр мен жүр де, етістіктің тұрұр және жүрүр тұлғаларынан қалыптасқан, кейін соңғы -ұр, -үр қосымшасы түсіп қалғанмен, оның грамматикалық қасиеті, процессуальдық мәні сақталып қалудың нәтижесінде қалып етістіктері осындай ерекшеліктерге, яғни әрі түбір тұлға ретінде 2-жақ бұйрық рай тұлғасымен омоним форма құрап, әрі процессуальдық мәні сақталып, осы шақтың (нақ осы шақгың) негізгі грамматикалық көрсеткіші болып саналып, 3-жақ жіктік жалғау тұлғасында, нөлдік формада жұмсалуға ие болған.

54. Сөз таптарының заттануы

Сөздер қолданыста, сөйлемде бір-бірімен түрлі қатынасқа түседі, сондай қатынаста сөз таптарының бір-бірімен алмасу, бір-біріне ауысу процесі де болып тұрады. «Сан есім мен сын есім қолданыста заттанып (субстантивтеніп) қолданыла алатын сөз таптары. Субстантивтену - контекске байланысты құбылыс, ол зат есімге көшу емес. Міне, бұл сөз таптарының зат есім сөздер екенін білдірмейді» -дейді ғалым Н.Оралбай. Сын есімнің көптеліп, септеліп, тәуелденіп келіп, зат есімге ауысып, заттанып қолданылуы субстантивтену процесі деп аталады. Сын есім мен зат есім тек лексика-семантикалық жағынан ғана емес, қолданылу ерекшелігі қабілеттілігі жағынан да ажыратылады. Кейде заттың сындық, сапалық т.б белгісін білдіретін сын есімдер әдеттегі қолданылу қалпынан ауытқып, заттың атауы ретінде де жұмсала береді Ондай жағдайда зат есім түсіріліп айтылып, сын есім сол түсірілген з.е қызметін атқарып, заттық мағынады қолданылады. Демек, субстантивтенген сөздердің мағыналары кеңи түседі, әрі өзінің негізгі қызметін атқарып, әрі жаңа заттық мағына үстеледі. Мысалы: Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат. Бұл мысалдардағы заттанған сын есімдердің қасына анықталушы сөздердіқойған жағдайда, қайтадан сындық сипатқа ие болып, анықтауыштық қызмет атқара алады. Алайда сын есімдердің заттану процесі біркелкі емес, кейбір сын есімдер біржола заттанып кетеді. Олар: жас, бала, ауру, жүдеу, бай, кедей т.б.Бұлар заттық мағынада қолданылғанымен қоса сапалық мағынада да кездеседі. Мысалы: Көп ішінен салпы ерін бала жігіт шықты.

№55. Адвербиалдану процесіне күрделі, жай және туынды сөз құрылымдарының барлық түрлеріне қатысады. Әрбір құрылымның үстеу сөз табын қалыптастыруда алатын алуан түрлі орындары бар. Арадағы өзгешеліктер мен ұқсастықтарды санамалаған жағдайдың өзінде бұл құрылымдар бір-бірімен өте тығыз байланыста дамып отырады. Осындай сөздер мен тілдік құрымдар адвербиалдық мән-мазмұнға ие болады да семантикалық мазмұн бірлігі, функционалдық дистрибуция және ситуативті контекске байланысты – мекендік, мезгілдік, өлшем бірлігін, қимылдың алуан түрлі белгілерін білдіру мәнінде қолданысқа түседі.

№56. Сөз және оның мағыналық ерекшеліктері. Сөз – қыр сыры мол күрделі тілдік категория.сөздің мағыналық дыбыстық шығу төркіні даму тарихы қолданылу ерекшелігі жасалу жолы өзгерілу жүйесі және басқа алуан жақтары бар.

Сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналары.

Грамматикалық мағына сөздің лексикалық мағынасымен бірге, оған қосыла жүріп байланысты ойды білдіру қызмет атқарады. Сөздің лекс икалық мағынасы мен грамматикалық мағынасының мынандай ерекшеліктері бар.

Сөздің лексикалық мағынасы түбір сөздер арқылы беріледі. Мысалы: қағаз, күн, ай,көз, жүзік т.б. ал грамматикалық мағына түрлері грамматикалық көрсеткіштер арқылы түбір сөзге үстеледі. Мысалы: қағаздар бұл сөздегі көптік мағына көптік жалғау арқылы берілген. Жалпы грамматикалық мағына сөйлемдегі сөз атаулының құрамында үнемі болатын басқа грамматикалық мағыналармен бірге жарыса, қабаттаса жүретін, қолданылу аясы кең мағына.

Жеке грамматикалық мағына сөйлемдегі сөздердің басқа сөздермен қандай грамматикалық қатынасқа түсуіне байланысты бір сөйлемде қолданылсы, екінші сөйлемде кездеспеуі мүмкін. Демек жеке нрамматикалық яғни категориялық грамматикалық мағынаның қолданылу аясы жалпы грамматикалық мағынадан әлдеқайда тар.

 

57.Аналитикалық форманттар, көмекші етістіктермен арақатынасы. Грамматикалық категориялардың мағынасын білдіретін көрсеткіштердің бір түрі- аналитикалық форманттар. Аналитикалық форманттар тілдің грамматикалық құрылысынан бірсыпыра орын алады. Аналитикалық формант деп қосымша мен көмекші сөзден құралып, бір грамматикалық мағына беретін тілдік бірлік аталады. Мысалы, Айттым боз қасқа,- деп кәрі әкесі еңіреп жіберді. Аспанға атылған аңғал асау енді тісін қаршылдатып, болат ауыздықты шайнап тұр. Сен әртіс бола аласың. Осы мысалдардағы шайнап тұр, еңіреп жіберді, бола аласың деген етістіктердің құрамында –п жіберді, -п тұр, -а ал аналитикалық форманттар қолданылған. Олардың әрқайсысы әр түрлі грамматикалық мағына білдіретін, әр түрлі грамматикалық категорияның көрсеткіштері: -п жіберді- қимылдың тез, бірден болғанын білдіретін формант, ол- қимылдың қалай жасалғанын білдіретін қимылдың өту сипаты категориясының форманты, -п тұр- форманты- нақ осы шақтың форманты, - а ал- мүмкіндік модальдығының форманты, ол қимылды жасау субьектінің қолынан келетін, яғни қимылды жасауға субьектінің мүмкіндігі барын білдіреді. Бұл мысалдар әр аналитикалық форманттың өзіндік мағынасы барын, ол мағынаның әр түрлі категорияға қатысты болатынын дәлелдеді. Аналитикалық форманттың құрамы қанша күрделі болса да, ол қолданыста бір ғана мағына береді, яғни аналитикалық формант тұтас бір мағынаны білдіреді.

Аналитикалық етістікті жасауда көмекші етістіктің қызметі ерекше. Көмекші етістік болмаса, аналитикалық етістік те жасалмайды. Сол себепті аналитикалық етістіктің негізгі белгілері болып танылатын аналитикалық форманттар көмекші етістікпен тікелей байланысты.

Жалпы, көмекші етістіктердің қызметтерін тани білу, олардың ерекшеліктерін, сипаттарын ажырата білу- қазақ грамматикасының аса бір қызық та, қиын да, маңызды мәселесі.

Көмекші етістіктердің саны аз болғанымен, тілімізде атқаратын қызметі орасан зор. Олардың қызметі арқасында, мағыналары қаншалықты олқы бола тұрса да, мағынасы толық дербес арқылы сөз білдіре алмайтын неше алуан өте нәзік семантикалық, грамматикалық абстрактілі мағыналар жасалып я беріліп отырады. Мысалы: шөлдеп кеттім және шөлдеп қалдым, серпіп жіберді және серпіп тастады, бере салдым және бере қойдым, жығылып кете жаздадым және жығылып қала жаздадым... деген етістіктердің бір-бірінен ерекшеленетін нәзік реңктерін тек көмекші етістіктердің жетекші етістіктерге үстейтін мағыналарынан ғана ажыратуға болады.

58. Сан есім және сандық ұғымды білдіретін сөздер.

Қазіргі қазақ тілінде сан есімдер – заттың немесе заттық ұғымдар мен құбылыстардың санын, мөлшерін, бөлшегін, ретін білдіретін сөз табы. Қазақ тілінде барлық сан есімдер жиырма шақты сөздер арқылы жасалады. Оларды бірлік (бір, бес), ондық (он, жиырма), жүздік (бір жүз, үш жүз), мыңдық (бір мың) сандар деп бөлінеді.Сан ес-ң ерекшелігі – басқа сөз таптарынан жасалмауы. Барлық сан ес-р есептік сан есімдердің өзара тіркесу, қосарлану, әр түрлі жұрнақтардың жалғануы негізінде қалыптасқан.

Қазіргі қазақ тілінде семантикалық жағынан сан ес-ге жақын біраз сөз табы бар. Олар:

- Салмақ өлшемдерін білдіретін сөздер: пұт, келі, батпан;

- Көлем өлшемін білд-н сөздер: бір уыс, бір шым-шым, бір құшақ;

- Қалыңдық өлшемі: шынашақ, бармақ, екі елі;

- Қашықтық өлшемі: адым, таяқ тастам, шақырым;

- Ұзындық өлшемі: тұтам, сынық сүйем, кере қарыс;

- Сан есімдердің тура мағынасындағы сөздер:

- Жарты мағынасын білд-н сөздер: жарты, жарым;

- Бір мағынасын білд-н сөздер: жеке, Дара, Жалғыз, жалқы;

- Екі мағынасын білд-н сөздер: егіз, қос, пар;

- Төрттен бір мағынасында: ширек сөзі.

- Уақыт мөлшерін білд-н сөздер: сүт пісірім уақыт, шай қайнатым уақыт.

Бұл сөздер мөлшерлік мағынада қолданылғанымен, лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай басқа сөз таптарына жатады.

59.Көсемше, жасалуы, қызметі. Көсемше деп сөйлемдегі негізгі қимылдың жайы-күйін, жанама қимылды білдіретін етістіктің түрі аталады. Мыс: біз келгенде, ол жантайып жатыр екен. Жанама қимылды білдіретін етістіктер негізгі қимылды уреттеп, олардың қалай жасалғанын көрсетеді. Осы жанама қимылды білдіретін етістік – етістіктің көсемше түрлері. Жанама қимылды білдіру – көсемшенің негізгі мағынасы, ол оның табиғатына тән негізгі қызметі. Сондықтан да көсемшелер қайтіп?неге?қалай? деген сұақтарға жауап береді.

Тілдің кейінгі даму сатысында көсемше түрлі өзгеріске түсіп, негізгі қызметіен басқа да қызмет атқаратын болған, олар:

1) Күрделі етістік құрамындағы етістіктерді байланыстыру қызметін атқарады: көріп келді, айтып шықты.

2) Сөйлем мен сөйлемді байланыстырады: сол күні таң бозынан тұрып, атқа мініп еді.

3) Көсемшелер шақ көрсеткшітерін білдіре алмайды? Сондықтан шақтық формадағы көсемше тұлғалы сөздердің қосымшаларын көсемше деп қарастыру орнды емес, олар басқа. Себебі көсемшенің шақтық тұлғалануы оның табиғатына қарама-қарсы? Яғни көсемше жанама қимылды ғана білдіреді, ал шақ формалары негізгі қимылды білдіреді.

Көсемше жасайтын жұрнақтар :-ып,-іп,-п–а,-е,-й–ғалы,-гелі,-қалы,-келі–ғанша, -генше, -қанша, -кенше,–майынша,-мейінше,-байынша,-бейінше,-пайынша,-пейінше.







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 1465. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

Ведение учета результатов боевой подготовки в роте и во взводе Содержание журнала учета боевой подготовки во взводе. Учет результатов боевой подготовки - есть отражение количественных и качественных показателей выполнения планов подготовки соединений...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия