Студопедия — ТАСЫМАЛДАУ ШАРТЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ТАСЫМАЛДАУ ШАРТЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ






Тасымалдау шартының тараптары. Жүктердi тасымалдау шартының бiр тарабы болып тасымалдаушы – заңды немесе жеке тұлға болып табылады. Тасымалдаушы – заңды тұлға ретiнде негiзiнен (мамандандырылған) көлiк кәсiпорны болады, оның орнында басқа да ұйымдар болуы мүмкiн. Көлiк кәсiпорындары жүктердi жолаушыларды тасымалдау бойынша көлiк құралдарын сақтау, оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргiзу бойынша шаруашылық коммерциялық қызметпен айналысады. Тасымалдауды дұрыс жүзеге асыру үшiн қызметтiң аталған түрлерiнiң барлығы да маңызды болып табылады. Тасымалдаушы меншiк құқығы немесе басқа да заңдық негiздер бойынша көлiк құралын иеленетiн, ақы үшiн немесе жалдау бойынша жолаушыларды, көтерме жүктi, жүктердi және почтаны тасымалдау жөнiнде қызмет көрсететiн және оған белгiленген тәртiпте берiлген рұқсаты немесе лицензиясы бар тұлға ретiнде анықталады. 17 сәуiр 1995 жылғы Қазақстан Республикасының “Лицензиялау туралы” Заңының 9-бабына сәйкес жолаушылар мен жүктердi темiр жол теңiз, өзен, әуе және автомобиль көлiгiмен тасымалдау лицензиялауға жатады.

Клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы) яғни көлiк қызметтерiн тұтынушы – бұл жеке немесе заңды тұлға. Мемлекет те клиент болуы мүмкiн. Жүк жөнелтушi ретiнде жүктiң иесi және ол жөнелтiлу үшiн сенiп тапсырылған тұлға да болуы мүмкiн. Кейбiр жағдайларда жүк жөнелтушi мен жүк қабылдаушы бiр тұлға болуы мүмкiн. Көп жағдайларда жүк алушылар болып жеткiзудiң азаматтық-құқықтық шарттары бойынша несие берушiлер, мүлiктi бөлу әкiмшiлiк актiсiне сәйкес мүлiк алатын субъектiлер табылады. Жолаушыларды тасымалдау шарты бойынша клиент ретiнде, әр уақытта көлiктiң қайсыбiр түрiне билет алған немесе ауызша тасымалдау шартын бекiткен жеке тұлға танылады.

Тасымалдау шартының пәнi. Тасымалдау шартының пәнi болып тасымалдаушы көрсететiн қызмет табылады. Тасымалдау шартының өзi мәнiсi жағынан қызмет көрсету шарты болып табылады, сондықтан оны реттеу кезiнде, белгiлi бiр шамада өтелмелi қызмет көрсету туралы жалпы нормаларды да ескеру қажет. Көлiкте көрсетiлетiн қызмет (қызметтер) қандай да бiр заттық нысанға ие емес, және оларды тұтыну дер кезiнде жүзеге асады. Көлiк қызметi – бұл жүктердi (жолаушыларды) кеңiстiкте тасымалдау болып табылады және осы қасиетiне орай ол тауарлық сипатқа ие жалпы мiндеттеменiң жеке пәнi бар және бұл жағдайда тасымалдау шартының заңдық құрылымының негiзi де бар.

 

33. § 1. Кешендi кəсiпкерлiк лицензия шартының түсiнiгi мен элементтерi. Кешендi кəсiпкерлiк лицензия шарты рента, лизинг, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарттарымен қатар жаңа шарттық институттарға жатады. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартына қарағанда, бұл ТМД елдерi ғалымдарымен басқа да мамандарымен жасап шығарылған құрылым емес, ал құқтың англосаксондық жəне континентальдық жүйелерiнде тұрақты түрде қалыптасуға ие болған шарттық қатынастардың апробацияланған түрi. Сонымен бiрге оның үш ғасырлық тарихы бар жəне ол өзiнiң өмiршеңдiгiн толық дəлелдедi.1 Франшиздiк келiсiм деп – лицензиар белгiлi бiр iскерлiк операцияларды (бизнестi) лицензарға тиесiлi атаумен жүргiзуге жəне оның кəсiпкерлiк қызметiнiң əдiсiн пайдалануға лицензия беретiн шартты түсiнемiз. Əдетте, франшиздiк келiсiм лицензиарға рұқсат етiлген iскерлiк белсендiлiкке лицензияның əрекет ету мерзiмi iшiнде қатал бақылау жасау мүмкiндiгiн бередi.2 Франзайчинг шарты əртүрлi салаларда қолданылады. Патенттердiң тауар белгiлерi мен интеллектуалдық меншiктiң басқа да нысандарының иелерi оларды басқа тұлғаларға лицензия бере отырып шетелдерде жиi пайдаланады. 3 Яғни франчайзинг кең таралған халықаралық – жеке құқықтық институттардың бiрi болып табылады. Қазiргi заманғы Қазақстан жағдайында франчайзингтiк қатынастардың шынайы жайкүйi туралы айту оңай емес. Оның себептерi алуан түрлi. Қазақстанда өндiрiстiк сектор аса қиындықпен дамуда. Соның салдарынан франчайзинг сiрə, ең алдымен қызмет көрсету аясында белсендi қолданысқа ие болады. Өндiрiстiң ұлғаюы жəне франчайзингтi тиiсiнше қайта бөлу потенциалды түрде жоққа шығарылмайды. Басымды бағыттардың бiрi ретiнде ауылшаруашылық өндiрiсi бола алады, лицензиялық келiсiмдердi басқа да салалар үшiн қолдану жоққа шығарылмайды. Интеллектуалды меншiктi импорттардың кəдiмгi шектеулерi болып республиканың өзiндегi интеллектуалдық нəтижелердiң көлемi мен деңгейi табылуы мүмкiн. Əрине, батыс фирмаларының дамыған технологияларына қарсы тұру өте қиын. Сондықтан бiздiң экономика үшiн интеллектуалды меншiктiң iшкi нарығын қорғауға бағытталған белгiлi бiр саясатты жасап шығару қажет. Бiрақ қарсы тұру түпкi мақсатқа айналмау керек. Өз нəтижелерiмiздi олардың көп шығындылығынан ұзақ уақыттылығына, тиiмдiлiгiнiң төмендiгiне байланысты, пайдалану тиiмсiз болатын бағыттар бойынша дайын интеллектуалдық нəтижелердi шеттен алу мүмкiндiгiн белсендi түрде пайдалану керек. Экономиканың əрбiр секторында əртүрлi технологиялардың, бизнес жүргiзу əдiстерiнiң жəне т.б. қатар болуы мен бəсекелестiгi орынды болары сөзсiз. Экономиканың белгiлi бiр стратегиялық салаларын қоспағанда, лицензиялық қатынастарға тiкелей мемлекеттiк араласуға жол берiлмейтiндiгiн ескеру қажет. Яғни, франчайзингтi реттеудiң жанама əдiстерi туралы сөз болып отыр. Ал, жеке бизнес осы дамыған шарттық институттарға берiлетiн мүмкiндiктердi белсендi түрде пайдалана алады. Жарқын болашақта франчайзинг Қазақстан Республикасы кəсiпкерлерiнiң қатынастарында да кеңiнен қолданылатын болады деген ойдамыз. Бұған заңнамалық шешiм де əсер етуде. Қазақстан Республикасының 24 маусым 2002 жылғы “Кешендi кəсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) туралы” заңында франчайзингтiк қатынастарды мемлекеттiк қолдауға қатысты жеке 2тарау бар. Онда франчайзингтiк қатынастарды мемлекеттiк қолдаудың қағидалары мен шаралары анықталған. Бiздiң заңнамада “кешендi кəсiпкерлiк лицензия” термин қолданылған, ол құқықтық қатынастардың осы тобын ажырату үшiн заң шығарушылармен шартты түрде пайдаланылған. Бiрақ əлемнiң көптеген елдерiнде франчайзинг терминi пайдаланылатын болғандықтан, қазақстандық заң шығарушылар бұл терминдi аталған бап атауындағы жақшаның iшiнде атап өтiп, Қазақстан Республикасында кешендi кəсiпкерлiк лицензия деп франчайзинг аталатындығын көрсеттi. Осылайша əлемдiк заңнамамен белгiлi бiр үндестiк жасалады. Сонымен бiрге баптардың мəтiнiнде бiздiң заңнамаға белгiлi терминология пайдаланылады. Осындай жолмен заң шығарушылар отандық құқықтық терминологияның дəстүрлерiн сақтап қалды. 1 Ресей Федерациясының заңнамасында бұл тенденция РФ АКде айқын көрiнiс тапқан, дəл сондай құқықтық институт коммерциялық концессия шарты деген атауға ие. Франчайзинг [1], франшизинг (ағылш. franchіse — жеңілдік; ағылш. franchіsіng — артықшылық;) — ұсақ және ірі кәсіпкерліктің аралас нысаны‚ ірі компанияның (франчайзердің) өзінің фирмалық таңбасы мен тауар өндіруге (қызмет көрсетуге) лицензиясын (франшизаны) біреуге (франчайзиге), әдетте белгілі бір кезеңге және шектеулі аумақта беруі. Мұнда тауарлар мен қызметтер нарығында жоғары беделге‚ жақсы атаққа ие болған “ата компаниялар” басты фирманың атынан әрекет жасау‚ оның таңбасы мен белгісін пайдалану құқығын пайдалану жөнінде ұсақ фирмалармен немесе жекелеген заңды тұлғалармен (франчайзилермен) шарт жасасады. Бұл орайда франчайзер франчайзиді тауармен‚ технологиялармен жабдықтауға‚ ақыл-кеңес беруге‚ т.б. міндеттенеді‚ франчайзи өзінің бизнесін тек басты фирма белгілеген нысанда ғана және белгілі бір уақыт бойына ғана жүзеге асыруға‚ белгілі бір төлемақы аударып тұруға тиіс. Негізінен екі нысанда — бұйымдар мен айналым Франчайзингі нысандарында көрініс табады. Бұйымдар Франчайзингі бойынша дайындаушы бұйымды қатаң түрде белгіленген нарықта не белгілі бір аумақта сату құқығын береді, өз кезегінде Франчайзингіні пайдаланушы тауарды тек дайындаушы-лицензиаттан ғана сатып алуға міндеттенеді. Айналым Франчайзингінің мәні лицензиатқа қызметтер пакетін ұсынуында, олар: өндіріс құпиясы, “ноу-хау”, жинақталған тәжірибе, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, т.б. Шын мәнінде Франчайзинг шарты аралас лицензиялық және агенттік шарт болып табылады‚ ал осы табыстау үшін және салық салу мақсатымен төленетін төлемақыны роялти ретінде қарау керек.[2]

3-тарау. КЕШЕНДI КӘСIПКЕРЛIК ЛИЦЕНЗИЯ (ФРАНЧАЙЗИНГ) ШАРТЫ МЕН ТҮРЛЕРI







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 1564. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия