Студопедия — Телмелi қызмет көрсету
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Телмелi қызмет көрсету






Өтелмелi қызмет көрсету шартын жеке құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының жаңа азаматтық кодексiн (ерекше бөлiмiн) қабылдаумен байланысты қолданыла бастады. Бұған дейiн өтемелi қызмет көрсетумен байланысты қатынастарды реттеу заң немесе құқық ұқсастығын пайдаланумен жəне шарт еркiндiгiне сүйене отырып жүргiзiлген. Қызмет көрсетуге арналған нормалардың болмауының бiр себебi күнi кешегi уақытқа дейiн ғана қызмет көрсету аясы өте əлсiз дамыған болатын. Экономикадағы жеке сектордың дамуы бiрiншi кезекте сауда фирмаларының дамуына ықпал еттi, салыстырмалы түрде мердiгерлiк қатынастар, құрылыс, үй жөндеулерi көлiк құралдарын жөндеу, киiм тiгу жəне т.б. қарқынды дами түстi. КСРО кезiнде жəне ол құлағаннан кейiнгi бiраз уақыт iшiнде көптеген қызмет аясы мемлекеттiк ұйымдардың арнайы қызметiнiң аясы ретiнде қалып қойды, тек бiршама уақыт өткеннен кейiн ғана қызмет көрсетулер дамы, олардың тиiстi құқықтық базасы қалыптасты. Нарықтық инфрақұрылымның дамуы тиiстi қызметтерге деген қажеттiлiктi айқындай түстi. Өтелмелi қызмет нысанында жүзеге асатын консалтингтiк аудиторлық қызметтер, бағалау қызметi көрсетiле бастады. Заңнаманың өзгеруiне байланысты тiптi сараптау қызметi де өтелмелi қызмет көрсету шарты бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн. Көптеген елдердегi дəстүрлi заңгерлiк, медициналық, малдəрiгерлiк жəне басқа да бiрқатар қызметтер де нарықтың қажеттi сегменттерiне айналды. Қазiргi кезеңде өтелмелi қызмет көрсетудi құқықтық реттеу туралы айтқанда, заңнамада жалпынормалардың пайда болғанына қарамастан, əлi күнге дейiн қызметтердiң жекелеген түрлерiн көрсетуге қатысты заңға сəйкес нормативтiкактiлердiң жетiспейтiндiгiн атап өте қажет. Жалпы қайсы бiр сфераларда жекелеген тұтынушылармен қызмет өрсету шарттарын енгiзу тəжiрибесi де қалыптасқан жоқ.Объективтi құқық деңгейiнде реттеудiң болмауы осындай шарттарға деген қажеттiлiктi елеулi түрде арттырады. Өтелмелi қызмет көрсетудi толығымен бiр оқулық, тiптi соның мəселелерiне арнайы арналған жұмыс, шеңберiнде қамту мүмкiн емес. Азаматтық кодекстiң нормалары бұл шарт түрiнiң жалпы құрылымын ғана қамтамасыз ете алады. Ал, тараптардың нақты құқықтары мен мiндеттерi көп жағдайда өтелмелi қызмет көрсетiлетiн қызмет аясына тəуелдi болады. Басқа шарттарға қарағанда дəл соларға арнайы заңнаманы, ал кей жағдайларда бiрлескен құқықты қолдану маңызды болып табылады. Өтелмелi қызмет көрсетудiң жекелеген түрлерiн қарастырған кезде олардың құқықтық мəселелерiн шешумен айналысатын заңгерлердiң тар мамандандырылуының маңызы арта түседi, өйткенi тараптардың құқықтары мен мiндеттерi арнайы бiлiмдер қолданылатын салаларда пайда болады жəне құқықтық мəселелердi шешу мамандар қызметiн бағалаумен қатар жүредi, олардың жұмысының ерекшелiгiн бiлудi талап етедi. Азаматтар мен заңды тұлғалардың кəсiпкерлiк бастамаларының дамуы бұрынсоңды белгiлi болмаған жаңа қызметкерлерiнiң пайда болуына алып келуi мүмкiн жəне бастапқы кезеңде олар өтелмелi қызмет көрсету туралы жалпы ережелерге сүйене отырып реттелетiн болады. Өтелмелi қызмет көрсету азаматтық кодексте 33тараудың нормаларымен реттеледi. Құқықтық қатынастардың бұл түрiне, егер олар Азаматтық кодекстiң нормаларына, өтелмелi қызмет көрсету туралы арнайы нормаларға, сондайақ өтелмелi қызмет көрсетудiң ерекшелiктерiне қайшы келмесе, мердiгерлiк жəне тұрмыстық мердiгерлiк туралы жалпы нормалар да қолданыла алады. Қазақстан Республикасында өтелмелi қызмет көрсетудi реттейтiн жекелеген нормативтiк атiлер қабылданып əрекет етуде. Олар: 18 қазан 1993 жылғы Қазақстан Республикасының “Аудиторлық қызмет туралы” заңы; 19 мамыр 1997 жылғы Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасында азаматтар денсаулығын қорғау туралы” заңы; 7 маусым 1999 жылғы Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы” заңы; 19 қазан 2002 жылғы Қазақстан Республикасының “Күзет қызметi туралы” заңы жəне т.б.







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 1107. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

ТЕОРИЯ ЗАЩИТНЫХ МЕХАНИЗМОВ ЛИЧНОСТИ В современной психологической литературе встречаются различные термины, касающиеся феноменов защиты...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия