Студопедия — Мiр бойы асырауда ұстау шарты
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мiр бойы асырауда ұстау шарты






Өмiр бойы асырауда ұстау шарты бойынша рента алушы – азамат өзiне тиесiлi қозғалмайтын мүлiктi сол азаматты жəне (немесе) ол көрсеткен үшiншi бiр адамды өмiр бойы асырауда ұстауды жүзеге асыруға мiндеттенген рента төлеушiнiң меншiгiне бередi. Өмiр бойы асырауда ұстау қатынастарын реттеу ғұмырлық рента шартын реттейтiн нормаларға негiзделген (ҚР АК 535бабы 2тармағы). Айырықша реттеу ҚР АК 28 тармағының 4де қарастырылған, ол нормалар өмiр бойы асырауда ұстау шартын тiкелей реттеуге арналған. Шарт элементтерi. Өмiр бойы асыраумен қамтамасыз етiлетiндер (асыраудағылар) болып азаматтар ғана саналады. РФАКң (601бабы 1тармағында) өмiр бойы асырауда болушы тұлғалар айтылған. Бұл ҚРның азаматтық заңнамасында жеткiлiктi дəрежеде (анық) реттелмеген. Жоғарыда айтылғандай өмiр бойы асырауда болушыларға өз мүлкiн рента төлеу үшiн берген тұлға, немесе ол өзi шарт бойынша көрсеткен үшiншi тұлға жатады. Бұны бiз қатап шектеу қылып қарастырмауымыз керек. Ғұмырлық рента шарты бойынша да сияқты шарт бойынша тұлғалардың көпшiлiкке (рента алушылардың) ештеңе кедергi етпейдi. Өмiр бойы асырауда ұстау шарты əдетте күн көру үшiн өздерiнiң қаражаттары жоқ, жетiспейтiн, қария, еңбекке қабiлетсiз адамдармен жасалады. Осының өз салдары бар. Бұрын айтылғандай өзге ренталық шарттарда қарым қатынастар толығынан мүлiктi болып келедi, сондықтан рента төлеушi тұлғасының, ол кiм екенiнiң, мəнi болмайды. Өмiр бойы асырауда ұстау шартында жағдай басқаша қалыптасады. Əдебиетте өмiр бойы асырауда болып келетiн адамның жəне асыраушының ерекше қалыптасатын, сенiмгерлiкке негiзделетiн қатынастары туралы айтылады жəне өз жағынан бiзде осы көзқарасты көздеймiз. Алайда, қазiргi заман жағдайында тек қатынастардың сенiмдiлiгiмен шектелуге, соған ғана сенiп тұруға болмайды. Тараптардың қатынастары құқықпен толық жəне жанжақты реттелуi керек. Өмiр бойы ұстаушы да (рента төлеушi) азаматты азықтүлiкпен, тұрғын үймен, киiмкешекпен, егер керек болған жағдайда, денсаулығына қарап жəне тағы басқалармен қамтамасыз етуге мiндеттенедi. Тiзiлiп айтылғанның барлығы адам өмiрiнiң жеке санасына жатады. Сондықтан адамның этикалық, дiни, əдептiлiк, адамгершiлiк көзқарастары (əдеттерi) ескерiлуi қажет. Оның арнамысы, қадiрқасиетi құрметтелуi қажет, жəне тағы басқа жеке құқықтары сақталуы тиiс. Бiздiң бiрге тұрып жатқан рента төлеушiсi мен рента алушы араларында бұл жағдайда өзiндiк (жеке) құқықтық қатынастар пайда болады деп айтқанымыздың себебi осыда. Сондықтан өмiр бойы ұстау шарты қазiргi жағдайда толығынан азаматтық құқық шартты болып келмейдi (толығынан азаматтық құқық реттеуiмен қамтылмайды), сондайақ кейбiр отбасылық құқықтық реттеулердi талап етедi. Егер рента алушысы, яғни өмiр бойы асырауда ұстауда болушы мен рента төлеушi арасындағы қатынастар тиiстi дамыса, онда рента алушы рента төлеушiнiң тұлғасы үлкен маңызға ие болады. Рента төлеушiнi басқа тұлғаға рента алушының рұқсатынсыз ауыстыруға жол берiлмейтiнi ақылға сыйысатындай талап екенiн түсiнемiз. (ҚР АК 538бабы 1тармағы). Шарт нысанасы (заты). Өмiр бойы асырауда ұстау шартының нысанасы болып қозғалмайтын мүлiк, яғни асырау төлемдерi жасалуы үшiн берiлетiн мүлiк – тұрғын үй, пəтер, жер аумақтары жəне басқалары жатады. Нысананың екiншi элементi асырауға қатысты бiздiң өз пiкiрiмiз орын алады. Шарт бойынша асыраудағы адам (рента алушы) тұрғылықты жаймен қамтамасыз етiледi. Асырау жағдайлары рента алушының тұрғын үй құқықтарының барынша нашарлатпауы қажет. Бұл шартта тұру үшiн берiлетiн тұрғын үйдiң мөлшерiне, оның санитарлық жағдайына, қауiпсiздiгiне, жылытуына қатысты талаптарды бекiтудi қажеттi қылады. Осы себептен өмiр бойы асырауда ұстау шарты бiршама тұрғын үй құқығы нормаларымен де реттелуi тиiс. Айтылғандай, тұрғын үйдегi, тағамдардағы, күтiмдегi мұқтаждарды қамтумен қатар рента төлеушi материалдық жəрдем көрсетуге де мiндеттелуi мүмкiн. Мысалы, емделуге кездейсоқ бiр шығындарды көтеруге, пошталық, телеграфтық байланыс шығындардын өтеуге жəне басқа мақсаттар қаражаттар жұмсалуы керек болса. Шартпен рента төлеушiсi əдетғұрып (ырым) қызметтерi үшiн төлейтiнi көзделуi мүмкiн. Басқаша айтқанда, ол рента алушыға жақын адамды жерлеу, немесе рента алушының өзiн жерлеу бойынша шығындарды өтейтiнi қарастырыла алады. Шартта асыраудың жалпы көлемi (сомасы) анықталып көрсетiлуi тиiс. Тараптар шартта асыраудың қандай түрлерi берiлетiнiн көрсетiп қана қоймайды, асырауды берудiң жағдайлары, əрбiр асырау түрiнiң сандық жəне сапалық көрсеткiштерi анықталуы мүмкiн. Заңнама асыраудың бiр айдағы ең төмен мөлшерiн бекiтедi. Ақшамен бағалағанда ол ең төмен жалақының екi есе мөлшерiнен кем болмауы керек. Асыраудың көлемi туралы дау дамай туындаса, ол сот тəртiбiнде шешiлуге жатады. Тараптардың өзiнiң дауды ерiктi реттеуi де жоққа шығарылмайды. Сот, дауды шешкен кезде, шарттың жағдайлары нақты болмаса, немесе бiр бiрiне қайшы болса, басшылыққа адалдық, əдiлеттiлiк, парасаттылық талаптарын алуы керек. Шартпен өмiр бойы асырауды заттай берудi мезгiл мезгiлдi ақшалай төлемдермен ауыстыру қарастырыла алады. Ақырында (осының нəтижесiнде) өмiр бойы асырауда ұстау шарты ғұмырлық рента шартына айналады. Бiрақ, рентаның ең төмен мөлшерiне қатысты талаптар сақтала бередi. Мiндеттеменiң осылайша жаңғыртылуына (өзгеруiне) тек рента алушының келiсiмi бойынша жəне тек оның мүддесiнде ғана жол беруге болады. Шарттың мерзiмi. Шарттың мерзiмi асырауды алушының өмiрiнiң ұзақтылығымен шектеледi. Төлемдердiң мезгiлдiгiн анықтау үшiн ҚР АК 532 бабы қарастырған ережелер қолданымды болып келедi. Шарттың мазмұны. Ғұмырлық рента шарты бойынша рента төлеушiсi көбiнесе құрамасында бiрнеше “бөлшегi” бар асырауды жүзеге асыруға мiндеттеледi. Тиiсiнше рента төлеушi оның “түр түрiне”, “сапасын” жəне берiлудiң өзге жағдайларын қамтамасыз етуi керек. Рента төлеушiде оған өмiр бойы асырауды қамтамасыз ету үшiн берiлген мүлiктi иелiктен шығаруға, келiсе салуға жəне мүлiкке өзге жолмен билiк етуге құқығы бар, бiрақ осының барлығына рента алушының алдын ала келiсiмi қажет. Сондықтан, бiз рента алушы өз мүлкiне заттық құқықтардың (шектелген көлемде) сақтап қалатынын айта аламыз. Бұл құқықты өмiр бойы асырауда болып келетiн тұлғаның бұрынғы мүлкiне шектеулi заттық құқық ретiнде анықтауға болады. Бұдан бұрын айтылғандай, рента алушының заттық құқығы өзiне берiлген тұрғын үйге (жайға) пайда болады. Өмiр бойы асырауды берген кезеңде рентаны төлеушi рента төлеу үшiн берiлген мүлiктiң құны табиғи тозу құнынан асып төмендемеуiне қажеттi шараларды қолдануы қажет. Сондықтан рентаны алушыға өмiр бойы асырауда ұстау шартының осындай жағдайы сақталғанын (немесе сақталмағанын) бақылау (байқау) құқығы берiледi деген ақылға сыйымды. Рента төлеушiнiң бұл мiндетiн бұзғаны шартты елеулi бұзушылық болып бағалануы керек. Өзiнiң мiндеттемелерiн рентаны төлеушi елеулi бұзған реттерде рентаны алушы өзiне оның өмiр бойы асырауды қамтамасыз етуi үшiн берген мүлкiн қайтаруды талап ете алады. Рента алушының басқа құқығы, осындай бұзушылықтар орын алса, рентаны сатып алу бағасын төлеудi талап етуде болып келедi. Рентаны сатып алу жағдайлары ҚР АК 528 бабына сəйкес анықталады (ҚР АК 539 бап 2 тармақ). Өмiр бойы асырауды алатын тұлға өзге рента шарттары бойынша рентаны алушыларға қарағанда артықшылық жағдайында болып келедi. Рентаны сатып алған кезде рентаны төлеушi рента алушыны асырау үшiн жұмсалған шығындардың өтелуiн (сатып алу бағасының есебiне жатқызылуын) талап ете алмайды. Заңнамадағы осы шешiм, рента (өмiр бойы асырауда ұстау) шарты рентаны сатып алу жолымен тоқтатылатын реттерге қатысты соның заңды негiздерiне мұқият қарауды талап етедi. Барлық орын алған жағдайлар (фактiлер) да бағалануы қажет. Бұны жасамаса, онда рента алушының тарапынан құқықтарын терiс пиғылмен пайдалануына жол берiлуi мүмкiн.

 







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 1340. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия