Студопедия — Кафедра мәжілісінің хаттамасы: № 8 20.04.2015 ж. 1 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кафедра мәжілісінің хаттамасы: № 8 20.04.2015 ж. 1 страница






195 сурақ;

~ Аудан орталығының тұрғындары көлден орталықтындырылған суды пайдаланады. Су көзі дебиті ауыз су мен тағамдық өндіріске және сумен байланысты қала инфрақұрылымы жұмыстары үшін де жеткілікті мөлшерде.

Осындай мақсатта суды пайдаланудың түрі қалай аталады?

| Коммуналдық-шаруашылық

| Кешенді-мақсатты

| Өндірістік-тұрмыстық

| Коммуналдық-сулы

| Көліктік

~ Улы химикаттарды сақтауға арналған қойма құрылысы аяқталғаннан кейінгі 3 жылда қала тұрғындары жаз айларында судан батпақ иісінің пайда болатынын байқады. Суға шомылатын адамдарда тері аллергиясы реакциясының дамитындығы байқалған.

Берілген жағдайда тері аллергиялық реакциялары дамуына не себеп болды?

| Химиялық ластануы

| Биологиялық ластануы

| Судың физикалық ластануы

| Судың жылулық ластануы

| Судың механикалық ластануы

~ Гигиенист дәрігер заманауи ауылдық елді мекендердің жоспарлануы мен көркейтілуін бағалауы қажет.

Бірінші кезекте қандай ерекшеліктер ескерілуі қажет?

| Өндірістік базаның спецификасы

| Өндірістік базаның көлемі

| Қолданылатын шикізат түрі

| Тұрғындар саны

| Ауыл шаруашылық қызметі

~ Елді-мекенде ересек тұрғындар арасында соңғы 2 жылда жұқпалы аурудың артқаны байқалды. Елді-мекенде ірі қара мал өсірумен айналысатын шаруашылық фермасы бар. Фермада дезинфекциялық өңдеу жұмысы соңғы рет бір жыл бұрын жүргізілген.

Берілген жағдайда қандай жұқпалы патологияның дамуы мүмкін?

| Токсоплазмоз+

| Қызамық

| Туберкулез

| Іш сүзегі

| Қантышқақ

~ Ірі өндірістік қаладан өзен ағысымен төмен орналасқан елді-мекеннің тұрғындары арасында жыл бойы айтарлықтай көбейді. Бүйрек патологиясы ауруы тенденциясының артуы 2 жыл бұрын байқалды.

Берілген жағдайда тұрғындар аурушаңдығының жоғарылау себебі неде?

| Ауыз суының химиялық құрамы

| Өзен суының бактериалды ластануы

| Судың минералды тыңайтқыштармен ластануы

| Суды газ тәрізді хлормен өңдеу

| Су стансасындағы тазалау қондырғыларының жағдайы

~ Елді-мекенде толық сатылы суды дайындайтын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесі бар: тұндыру, коагуляциялау, сүзу және газтәрізді хлормен зарарсыздандыру. Суқұбыр стансасының тазарту қондырғыларынан шыққан су келесі органолептикалық қасиеттерге ие: сутектік көрсеткіші (pH) - 6, құрғақ қалдықтар - 1000 мг/л, жалпы қаттылығы – 15 мг-экв/л, иісі-2 балл, дәмі-2 балл, түстілігі - 2,5 градус, мөлдірлігі - 10 ФЛБ (ЕФМ).

Берілген жағдайда ауыз суының сапасын жақсарту үшін қандай әдіс қолдану қажет?

| Жұмсарту

| Дегазация

| Дезактивация

| Денитрификация

| Тұщыландыру

~ Санитарлық - гигиеналық талаптар бойынша ауылшаруашылық өндірістері үшін санитарлық қорғау аймағы 1000 метрден кем болмауы қажет.

Жоғарыда сипатталған гигиеналық талап ауылшаруашылығы өндірісінің қай класына қойылады?

| 1

| 2

| 3

| 4

| 5

~ Елді-мекенде құс фермасының құрылысын салу жоспарлануда. Нысанды сумен қамтамасыз ету үшін көл пайдаланылады. Көл мен құс фермасының ара қашықтығы 67 км және жер бедері 2,50 құрайды.

Санитарлық-гигиеналық талаптар бойынша берілген тұрғын жердің гигиеналық сипаттамысы қандай?

| Шектелген

| Жеткілікті

| Жеткіліксіз

| Оңтайлы

| Ыңғайлы

~ Қала типті елді-мекенде су көзі дебиті жеткілікті, орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі. Тұрғын аймақ пен өзеннің арақашықтығы 90 км және жер бедері 1,80 құрайды.

Санитарлық-гигиеналық талаптар бойынша берілген тұрғын жердің гигиеналық сипаттамасы қандай?

| Жеткіліксіз

| Жеткілікті

| Шектелген

| Оңтайлы

| Ыңғайлы

~ Елді мекенде ірі қара мал өсіретін ферма бар. Санитарлық-гигиеналық талаптар бойынша ферманың санитарлық қорғау аймағының көлемі 650 метрді құрайды.

Жоғарыда сипатталған нысан ауылшаруашылық өндірісінің қай класына жатады?

| 2

| 1

| 3

| 4

| 5

~ Қала сыртында орналасқан жылыжайларға арналған қоймалардың санитарлық-қорғау аймағының көлемі 180 метрді құрайды.

Санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес қоймалардың санитарлық-қорғау аймағының көлемі қанша болуы тиіс?

| 300 метрден кем емес

| 500 метрден жоғары емес

| 150 метрден кем емес

| 1000 метрден жоғары емес

| 50 метрден кем емес

~ Елді-мекеннен 500 метр қашықтықта орналасқан қоймаларға 62 тонна улы химикаттар алып келінді. Мал жайылымы қойманың маңында орналасқан.

Берілген нысан санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес нысан ауылшаруашылық өндірісінің қай класына жатады?

| 2 класс

| 1 класс

| 3 класс

| 4 класс

| 5 класс

~ Гигиеналық тұрғыда «Санитарлық тапсырмада» - қала территориясын аудандық жоспарлау сызбасына құжат ретінде қандай ұсыныстар болуы тиіс?

| Қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру бойынша+

| Атмосфералық ауа жағдайын жақсарту бойынша

| Елді мекен территориясын қорғау бойынша

| Су қорлары жағдайын жақсарту бойынша

| Тұрғындар денсаулығын қорғау және сауықтыру бойынша

~ Өндірістік қаланың шетінде аудандық жоспар бойынша бөлінген жер телімдеріне тұрғын үйлер мен басқа да инфрақұрылым бөлімдерін салу бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Территорияны функционалды аймақ бойынша игерудің қандай түрі жайында айтылып жатыр?

| Қарқынды

| Шектелген

| Жеткілікті

| Аймақтық

| Белсенді

~ Жұмысшылар елді мекенін сумен қамтамасыз ету үшін темір жолдан 40 метр қашықтықта орналасқан шахталық құдықтың суын пайдалану ұсынылды. Құдықтың айналасы бетондалған, саз балшықты қорғанның ақаулары бар, қақпағы мен көпшілікке арналған шелегі жоқ.

Берілген жағдайда қандай сәйкессіздік байқалады?

| Санитарлық-гигиеналық

| Әлеуметтік-экономикалық

| Климаттық-экологиялық

| Санитарлық-технологиялық

| Өндірістік-тұрмыстық

~ Техникалық жоғары оқу орнында оқытудың гигиеналық жағдайларын зерттеу кезінде, оның ішінде 9.00-ден-15.00-ге дейін оқитын студенттердің көз көру режимі бағаланды.

Берілген жағдайда табиғи жарықтанудың қандай көрсеткіші ақпаратты және толыққанды болып табылады?

| Табиғи жарықтану коэффициенті+

| Біріктірілген жарықтану деңгейі

| Жарық коэффициенті

| Оқу бөлмесінің тереңдігі

| Бөлменің инсоляциялану уақыты

~ Терапиялық бөлімше палаталарындағы табиғи жарықтану көрсеткішінің санитарлық-гигиеналық сипаттамасы қандай?

| Жарық коэффициенті-1/6; табиғи жарықтанудың коэффициенті - 1%

| Жарық коэффициенті-1/5; табиғи жарықтанудың коэффициенті - 2,5 %

| Жарық коэффициенті-1/7; табиғи жарықтанудың коэффициенті - 0,5 %

| Жарық коэффициенті-1/10; табиғи жарықтанудың коэффициенті - 3%

| Жарық коэффициенті-1/3; табиғи жарықтанудың коэффициенті - 2%

~ Ауруханадағы палаталардың микроклиматын зерттеу кезінде анықталды: ауданы – 6 м2, ауаның орташа температурасы - 16°С, салыстырмалы ылғалдылығы - 72%, ауаның қозғалыс жылдамдығы - 0,35 м/с, табиғи жарықтану коэффициенті- 0,88%, жарық коэффициенті - 1:5.

Аурухана палаталарының микроклиматы қандай?

| Қолайсыз, салқындатқыш типті+

| Қолайлы, негізгі көрсеткіштерге сәйкес

| Қолайсыз, жоғары ауа ылғалдылығы

| Қолайсыз, қыздырғыш типті

| Қолайсыз, негізгі көрсеткіштердің айтарлықтай ауытқуларымен

~ Адам ағзасына микроклиматтың әсерін етуін зерттеу мақсатында, медициналық жоғары оқу орын студенттері 3 тәулік бойы оқу бөлмесіндегі ауа температурасын жүйелі түрде бақылау ұйымдастырылды. Бақылау нәтижесі бойынша орташа тәуліктік температура 19°С.

Төменде көрсетілген аспаптардың қайсысы температураның ауытқуын нақты тіркеуге мүмкіндік береді?

| Термограф

| Гигрограф

| Термометр

| Психрометр

| Барограф

~ Дәрігер кабинетіндегі микроклимат көрсеткіштерін тексергенде анықталды: ауа температурасы 20°С, салыстырмалы ылғалдылық 71%, ауа қозғалысының жылдамдығы 0,1 м/с, ауа температурасының тігінен ауытқуы 2,5°С, көлденеңнен ауытқуы - 2°С.

Микроклимат көрсеткіштерінің қайсысы гигиеналық нормативке сәйкес келмейді?

| Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы+

| Ауа қозғалысының жылдамдығы

| Ауа температурасы

| Ауа температурасының тігінен ауытқуы

| Ауа температурасының көлденеңнен ауытқуы

~ Жоғары оқу орнының оқу бөлмелерінің жалпы жасанды жарықталуын біркелкі таралатын типті жарықтандырғыш арматуралы жарықшамдармен және қыздыру шамдарымен қамтамасыз ету жоспарланған.

Берілген типтегі бөлмелердің жасанды жарықталуының гигиеналық талаптарына жауап беретін жарықталудың люкстегі (ЛК) төмен мәні қандай?

| 150 ЛК

| 200 ЛК

| 250 ЛК

| 300 ЛК

| 350 ЛК

~ Медициналық оқу орнының кафедрасы бөлмелерін жоспарлы тексерудің қорытындысы бойынша анықталды: білім алушылар сыртқы киімде отырады, тыныс алу жүйесі мен бүйректің қабыну ауруларымен жиі ауырады. Оқу бөлмесінің микроклиматын зерттеу нәтижесі келесідей: ауаның орташа температурасы - 16°С, ауа қозғалысының жылдамдығы - 0,1 м/с, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы - 50%, жарық коэффициенті – 1/8, жасанды жарықтанудың деңгейі – 300 лк.

Берілген бөлмеде қолайлы жағдайға қандай шараларды қолдану арқылы жетуге болады?

| Бөлмені жылыту

| Керекті киім мен аяқ киімді таңдау

| Ағзаны шынықтыру шараларын жүргізу

| Кестенің ұтымды тәртібі

| Дене шынықтыру минутын ұйымдастыру

~ Операциялық бөлменің гигиеналық жағдайын тексеру барысында микроклиматтың келесі көрсеткіштері алынды: температурасы – 22 °С, ауа қозғалысының жылдамдығы - 0,1 м/с, ылғалдылығы - 58 %, СО2 мөлшері - 0,1 %, ауа алмасудың жиілігі - 8.

Берілген жағдайда микроклиматтың қандай көрсеткіші гигиеналық талаптарға сай келмейді?

| Ауа алмасу

| Температура

| Ылғалдылық

| Ауа қозғалысының жылдамдығы

| СО2 мөлшері

~ Оқу аудиториясында сабақ өтіп жатқан студенттерде мынадай шағымдар пайда болған: әлсіздік, бас ауыру, бас айналу, назар салу мен есте сақтаудың төмендеуі, ентігу, жүректің жиі соғуы.

Ағзада мұндай өзгерістерді тудыруы мүмкін қандай фактор?

| Көміртегі қос тотығы

| Көміртегі оксиді

| Азот оксиді

| Азот қос тотығы

| 3, 4-бензапирен

~ Балалар жұқпалы аурулар ауруханасында ішкі ЖРА (ОРЗ) оқиғалры тіркелді. Палаталарда үрмелі-сорып шығару вентиляциясы орнатылмаған. Бокстар мен жартылай бокстар жоспарлық шешіммен қарастырылмаған. Ауруханалық палаталарда көмірқышқыл газының мөлшері: №1палатада — 1,15%, №2 — 0,25%, №3— 0,07%, №4 — 1,5%, №5 — 1,25%.

Қай палатада көмірқышқыл газының мөлшері гигиеналық талаптарға сай келеді?

| №3 палатада

| №2 палатада

| №4 палатада

| №5 палатада

| №1 палатада

~ Операциялық бөлмедегі ауа жағдайын СО2 мөлшерімен, 1 м3 ауадағы гемолитикалық стрептококктар саны - 10 және стафилококктар саны - 5, жалпы микробтар саны - 23 бойынша бағаланды.

Бөлмедегі ауа тазалығының ең негізгі критериі не?

| СО2 мөлшері

| 1м3 ауадағы гемолитикалық стафилококктардың саны

| Жалпы микробтар саны

| 1 м3 ауадағы гемолитикалық кокктардың саны

| 1 м3 ауадағы гемолитикалық стрептококктардың саны

~ Студенттер медициналық жоғары оқу орнының аудиторияларындағы микроклиматтың ағзаның функционалдық жағдайына тигізетін әсерін анықтады. Осы мақсатта жылу алмасу үдерісіне қатысатын мүшелер мен жүйелердің физиологиялық көрсеткіштерін зерттеді: тамыр соғуы, қан қысымы, 1 минуттағы тыныс алу жиілігі, 1 минуттағы тердің шығуы, маңдай мен алақан температурасы, көру және есту реакциясының жылдамдығы.

Ағзаның күштену үдерістерін объективті түрде көрсете алатын қай көрсеткіш?

| Маңдай мен алақан температурасы

| Тамыр соғуының жиілігі мен қан қысымы

| 1 минутта тыныс алу жиілігі

| 1 минутта тердің шығуы

| Қолтық асты температурасы

~ Қалалық сараптау орталығының бактериологиялық зертханасына қалалық балалар ауруханасының жер телімінен топырақ сынамалары жеткізілді. Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша Хлебниковтың санитарлық саны 0,73-ке тең.

Таза топырақ үшін Хлебниковтың санитарлық саны қанша болуы керек?

| 0,98-1,00

| 0,70-0,85

| 0,86-0,97

| 0,60-0,69

| 0,50-0,59

~ Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесі бар қалалық типті елді мекенде апаттық жағдай орын алды, нәтижесінде қалалық су құбыры тұтынушыларында жаппай энтериттің дамуына алып келген. Аурудың қоздырғышын анықтау мүмкін болмады. Елді-мекеннің сумен қамтамасыз етілуі беткейлік судан жүргізіледі. Су өткізгіш станциясында суды тазарту құрылғыларының толық жиынтығына бар. Залалсыздандыру 1% хлор әгімен іске асырылады. Су өткізгіш станциядан шығарда су органолептикалық қасиеті бойынша гигиеналық талаптарға сай. Жалпы колиформды бактериялар - 3, жалпы микроб саны - 74. Залалсыздандырудан кейінгі белсенді қалдық хлордың мөлшері 0,1 мг/л құрайды.

Берілген жағдайда су сапасын жақсартудың қай әдісін қолдану керек?

| Суперхлорлау

| Дехлорлау

| Электродиализ

| Гиперфильтрация

| Денитрофикация

~ Ауылшаруашылығында қарқынды жер пайдалану аймағында сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін тоғанды пайдалану болжамдалған, тоғанның суды шығару аймағы радиусы 100 км болатын, дихлорфеноксисірке қышқылымен (2,4-Д препараты) өңделетін ауылшаруашылық алқаптары орналасқан территория болып табылады.

МСЭҚБ мәліметтері бойынша тоғандағы су сапасы келесідей: иісі мен дәмі 3 балл, ылайлығы - 30 мг/л, түстілігі-150 градус, сульфаттар-500 мг/л, қаттылығы-4 ммоль/л, фтор-1,0 мг/л, құрғақ қалдықтар-1200 мг, беткейлі белсенді заттар-0,3 мг/л, 2,4 Д препараты-0,003 мг/л, мырыш-5,0 мг/л, тотығуы-10 мг/л, мұнай өнімдері-0,1 мг/л, жалпы микробтық саны-65.

Берілген жағдайда су сапасын жақсарту үшін қандай әдістер қолданылады?

| Тұндыру, коагуляциялау, сүзгілеу, залалсыздандыру

| Гиперфильтрация, темірсіздендіру, дезактивация, дегазация

| Денитрификация, дистилляция, сүзгілеу, залалсыздандыру

| Мұздату, коагуляциялау, фторлау

| Түссіздендіру, электродиализ, жұмсарту, тұщыландыру

~ Аурухананы салуға бөлінген жер телімінен алынған топырақ сынамасын зертханалық зерттеу кезінде анықталды: коли-титр -1, анаэробтар титрі – 0,1, Хлебниковтың санитарлық саны – 0,99, 1 кг топырақта гельминттер жұмыртқалары анықталмаған, 0,25 м2 жерде шыбындардың жұмыртқасы анықталмады.

Берілген аймақ топырағының эпидемиялық қауіпсіздік дәрежесі қандай?

| Қауіпсіз

| Аса қауіпті

| Қауіпті

| Қауіптілігі орташа

| Салыстырмалы қауіпсіз

~ Балалар мекемесінің құрылысын салуға бөлінген жер телімінің топырағын зертханалық зерттеу кезінде анықталды: коли-титр - 1, анаэробты титр - 0,1, Хлебниковтың санитарлық саны - 0,99, 1 кг топырақта гельминттер жұмыртқасы - 25, 0,25м2 аймақта шыбындар жұмыртқасы анықталмаған.

Берілген жағдайда топырақ сапасын жақсарту үшін қандай шаралар қолдану қажет?

| Дегельминтизация

| Мелиорация

| Денитрификация

| Рекультивация

| Суғару

~ Ағзада заттар мөлшерінің уақыт бойынша көбею үдерісі қалай аталады?

| Биоаккумуляция

| Транслокация

| Адаптация

| Анаболизм

| Катобализм

~ Аурухана аймағында топырақтың санитарлық жағдайын зертханалық тексеру мәліметтері бойынша Хлебниковтың санитарлық саны – әлсіз ластанған - 0,91, ішек таяқшасының титрі – әлсіз ластанған – 0,01, анаэробты титрі (Cl. perfringens) бойынша – аз ластанған - 0,08.

Берілген топырақ сынамасының гигиеналық сипаттамасы қандай?

| Нәжіспен жаңадан ластанған

| Қарашірік жеткіліксіз

| Нәжіспен бұрыннан ластанған

| Ақуыздармен тұрақты ластанған

| Инсоляция жеткіліксіз

~ Елді-мекен тұрғындары муниципальді сотқа шағымданған. Елді-мекен тұрғындарының айтуы бойынша, балалар арасында флюороз ауруы елді-мекенді орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуінде қолданылатын өзеннің фторидтермен ластануынан көбейіп отыр. Фторидтер алюминий комбинатының іркінді суларының құрамында және атмосфералық ауа шығарыстарында бар. Суды екі жыл бұрын зерттеу кезінде фторидтердің мөлшері 2,1 мг/л құраған. Бір жыл бұрын зауыт тазарту қондырғыларының реконструкциясын жүргізді және қазіргі кезде өзенде фторидтердің мөлшері гигиеналық нормативтерден аспайды, бірақ балалар арасында аурушаңдық әлі де пайда болып отыр.

Берілген жағдайда аурудың жаңа жағдайларының алдын алу үшін қандай шаралар кешені қолдану қажет?

| Санитарлық-гигиеналық

| Санитарлық-техникалық

| Санитарлық-эпидемиялық

| Санитарлық-экологияллық

| Санитарлық-технологиялық

~ Қалада шығу көздері беткейлік су қорлары болып табылатын орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесі қызмет көрсетеді. Судың сапасын ағымды зертханалық қадағалау үшін жергілікті СЭС «ішкі тарату» жүйесіне түсер нүктесінде суды зерттегенде, суда эпидемиялық қауіпсіздік көрсеткішінің ауытқуларын анықтады.

Берілген жағдайда судың эпидемиялық көрсеткішінің нашарлауының себебі неде?

| Су құбыры тазарту қондырғыларының қанағаттанарлықсыз жұмысы

| Зерттелетін су сынамасын алу тәртібінің бұзылуы

| Су сынамасын зертханаға кешіктіріп тасымалдау

| Ашық су көзінің санитарлық-эпидемиялық жағдайының нашарлауы

| Таратылатын жүйелерде судың ұзақ уақыт сақталуы

~ Шахталық құдық суын пайдаланатын тұрғындар судың лайлана бастағанына, жағымсыз дәмінің болуына, шәйдің дәмін бұзатынына, кір жуғанда заттарды сарғыш түске бояйтындығына және тот басқан дақтар қалдыратындығына шағымдана бастаған.

Жоғарыда сипатталған жағдайдың себебі неде?

| Суда темір мөлшерінің жоғарлауы

| Суда темір мөлшерінің төмендеуі

| Суда сульфаттар мөлшерінің жоғарлауы

| Суда сульфаттар мөлшерінің төмендеуі

| Суда хлорид мөлшерінің жоғарлауы

~ Шахталық құдықтың суын пайдаланатын тұрғындар судың лайлығының, түстілігінің жоғарлағанына, дәмі жағымсыздығына, шәйдің дәмін бұзатынына, кірлерді жуғанда сарғыш түске бояйтындығына және тот басқан дақтар қалдыратындығына шағымданған.

Берілген жағдайда қандай әдісті қолдану судың сапасын қалпына алып келеді?

| Темірсіздендіру

| Фторсыздандыру

| Мөлдірлендіру

| Тұщыландыру

| Түссіздендіру

~ Ауылдың артезианды бұрғы ұңғымасынан ауыз судың зертханалық талдау кезінде анықталды: мөлдірлігі - 50 см, түсі – 20°, лайлығы - 0,5мг/л, иісі мен дәмі – 1 балл, жалпы кермектілігі – 12,5 мг-экв/л, фтордың мөлшері - 1,5 мг/л, тотығуы - 0,7, жалпы микроб саны – 10.

Төмендегі аталған жақсарту әдістерінің қайсысын қолданғанда ауыз су сапасын қалпына келтіруге болады?

| Жұмсарту

| Дезодарациялау

| Дефторлау

| Залалсыздандыру

| Түссіздендіру

~ Ауылдық жерден оттегі жетіспеушілік белгілерімен аудандық ауруханаға 6 емізулі бала түсті. Ата-аналардан сұрастыру барысында, тексерілген балалардың барлығы қолданар алдында қайнатылған сумен араластырып, берілетін жасанды сүт қоспаларымен тамақтанатдырылатындығы анықталды. Су көзі шахталық құдық болып табылады. МСЭҚБ мәліметі бойынша құдықтың санитарлық жағдайы талапқа сай келеді.

Құдықтағы судың сапасын талдау көрсеткіштері келесідей: иісі мен дәмі - 2 балл, түстілігі - 150, құрғақ қалдық - 510 мг/л, хлоридтер - 20 мг/л, сульфаттар – 450 мг/л, тотығуы – 4 мг/л, нитраттар - 95мг/л, жалпы микроб саны - 40.

Су сапасының қандай сипаттамасы балалардың патологиялық жағдайының дамуына алып келді?

| Нитраттардың жоғары мөлшері

| Сульфаттардың жоғары мөлшері

| Хлоридтердің төмен мөлшері

| Нитраттардың төмен мөлшері

| Сульфаттардың төмен мөлшері

~ Сәбилер үйінде бір мезгілде 9 айлық 40 бала ауырды. Оларға тәнбелгілер: жалпы әлсіздік, терісінің және көрінетін шырышты қабаттардың көгеруі. Балалар шахталық құдықтың суымен араластырылатын жасанды тағам қоспалармен тамақтанған. Балардың қанынан метгемоглобиннің айтарлықтай көлемі анықталды.

Берілген жағдайда суда қандай химиялық ластаушының болуы балалар патологиясының дамуына себепкер болып отыр?

| Нитраттар

| Кадмий

| Хлоридтер

| Алюминий

| Сульфаттар

~ Ауылдық бала-бақша тәрбиешілері көптеген балалардан асқазан-ішек жолдарының бұзылыстарымен сипатталатын жиі іш өтулерін байқаған. Ауыз судың химиялық талдауда анықталды (мг/л): аммоний азотының іздері, нитриттер - 0,002, нитраттар - 10, сульфаттар - 900, темір- 0,3, хлоридтер - 240.

Берілген жағдайда балалардың денсаулығына ауыз судың әсерінің болу мүмкіндігін не

көрсетеді?

| Сульфаттардың болуы

| Нитриттердің болуы

| Аммоний азотының болуы

| Хлоридтердің болуы

| Нитраттардың болуы

~ Қала тұрғындарының тіс жегісімен ауыру көрсеткіші 92% құрады. Ауыз су сынамасын

зертханалық тексеру барысында фтордың құрамы 0,1 мг/л мөлшерді құрады.







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 1401. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия