Студопедия — АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 38 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 38 страница






+ иерсиниоз//

лептоспироз//

сальмонеллез//

вирусты гепатит//

инфекциялық мононуклеоз

***

 

19 жастағы студент 3-ші қаңтарда ауруының 2-ші күні ауруханаға түсті. Шағымдары: дене қызуының 40,0ºС-қа дейін жоғарылауы, басының қатты ауыруы, жеңілдік әкелмейтін құсу. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Есі анық, көзін жұмып жатыр. Аңқада: жұтқыншақтың артқы қабырғасының жайылған гиперемиясы мен түйіршектенуі анықталады. Тері жабындылары ыстық. Пальпация кезінде ауру сезіміне байланысты ыңырсиды. Аяқтарында аздаған петехиальды бөртпе көрінеді. Қанның жалпы анализінде: лейк.-25×109/л, таяқша ядролы нейтр.-11%, сегмент ядролы нейтр.-72%, лимф.-5%, мон.-5%. Қай диагноз ең ықтимал болып табылады//

грипп//

эпидемиялық бөртпе сүзегі//

геморрагиялық қызба//

+ менингококкты инфекция//

инфекциялық мононуклеоз

***

Үндістаннан келген медицина университетінің студентінде дене қызуының жоғары сандарға дейін ұстама тәрізді жоғарылауы, қалтыраулар, айқын тершеңдік болған, көз склераларының сарғыштығы байқалған, бауыры мен көк бауыры ұлғайған. Қан жағындысында микроскопиялық әдіспен Pl. Vivax қарапайымдылары анықталған. 3 күн бойы делагил қабылдаған.

Ауру рецидивтерін алдын алу үшін қандай дәрі қолдану керек//

хинин//

примахин//

+ мефлохин//

доксициклин//

делагил

***

45 жастағы ер адам қарқынды терапия бөліміне айқын әлсіздікке, жүрек айнуына, кофе түстес құсуға, ұйқының нашарлауына, қорқынышты түстер көруіне шағымданып түсті. Екі апта бойы ауырады: алғашқы күндері жүрек айнуы, құсу, тәбетінің жоғалуы, буындарының ауыруы байқалған. 2 ай бұрын жарақат себебімен операция жасалынған және қан құйылған. Жағдайы ауыр, ауызынан бауырлық иіс сезіледі, тері мен шырышты қабаттарының сарғыштығы өте айқын. Ұйқышылдық, адинамия байқалады. Бауыр пальпациялағанда сезілмейді. Перкуссиялағанда бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге жоғары анықталады. Зәр шығару төмендеген, зәрі қоңыр түсті. Науқаста қандай асқынудың дамуы ең ықтимал//

бүйректің жедел жетіспеушілігі//

бүйректің созылмалы жетіспеушілігі//

+ бауыр жедел энцефалопатиясы//

латентті бауыр энцефалопатиясы//

тамыр ішілік шашыранды ұю синдромы

***

Ер адам, 31 жаста, жұқпалы аурулар ауруханасына терісі мен көз склераларының сарғаюына шағымданып түскен. Бір аптадан бері ауырады, тәбеті жоғалып, жүрегі айныған, құсқан. Кеше терісі мен көз склераларының сарғайғанын байқаған. Жағдайы аздап жақсарған. 4 жастағы баласы баратын бала бақшада сарғаю синдромымен ауырған балалар болған. Жалпы жағдайы орташа аурлықта. Тері жабындысы және көзге көрінетін шырышты қабаттары сарғайған. Бауырының төменгі қыры қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анықталады, консистенциясы тығыз. Нәжісі түссіз. Зәрі қоңыр түсті. АЛТ-440 Ед/л, АСТ 240 Ед/л, жалпы билирубин - 65.0 ммоль/л, тікелей - 48.0 ммоль/л.

Қай лабораторлы көрсеткіш алғашқы диагноздың дұрыстығын дәлелдейді//

HBsAg//

HBeAg//

+ Anti - HAV IgM//

Anti -HAV IgG//

Anti - HDV IgM

***

ҚР ДСМ-ң №92 бұйрығы бойынша (12 ақпан 2012 жылығы) вирусқа қарсы терапия үрдістің белсенділігіне және вирусты жүктемесіне байланыссыз қай аурумен ауырған науқастарға міндетті түрде тағайындалады//

этиологиясы вирусты цирроз//

созылмалы вирусты гепатит В//

+ Созылмалы вирусты гепатит С//

созылмалы вирусты гепатит В+С//

созылмалы вирусты гепатит В+Д

***

65- жастағы әйел адам стационарға түсті. 2 күн бойы дене қызуы 39,50С дейін көтерілген, басы аурған, әлсіздік, сол жақ балтырындағы қызару, ісіну, ауру сезімі мазалаған. Анамнезінде артериалды гипертония, қант диабеті. Жағдайы интоксикация салдарынан ауыр, дене қызуы 40,00С, пульсі 130 рет бір мин., АҚҚ 90/50 мм. сб., кешегі кештен бері кіші дәреті болмаған, сол жақ балтырында айқын шекарасы бар «оттың жалындары тәрізді» терісінің айқын гиперемияланған эритемасы, тері астылық шел қабатының ісінуі байқалады, ауыратын перефериялық валигі анықталады, ұстағанда ыстық.

Науқасқа бірінші кезекте не тағайындау керек//

пенициллин//

+ преднизолон//

супрастин//

парацетамол//

диклофенак

***

36 жастағы әйел Оңтүстік Қазақстан обылысының тұрғыны стационарға жатқызылды. 8 күн бойы жоғары қызба, басының ауруы, әлсіздік, ұйықысыздық байқалған. Жағдайы ауыр, дене қызуы 39,00С, науқас тежелген, сұрақтарға бір бағытта жауап береді, сөйлегісі келмейді. Терісі бозарған, ішінің жоғарғы бөлігінде біркелкі элементік розеолезді-папулезді бөртпе.Тілі құрғақтау, бетін коңырқай-сұр жабынды жапқан, шеттерінде тісттердің ізі бар. Іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағында азадаған ауру сезімі анықталады, перкуторлық дыбысы осы жерде тұйықталған, бауыры +1,0 см, эластикалы. Қандай дәріні тағайындаған ең тиімді//

+ левомицетин//

пенициллин//

рифампицин//

доксициклин//

супрастин

***

42 жастағы ер адамды Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне алып келген. Шағымдары: дене қызуының 39-40С дейін көтерілуі, қалтырау, денесінің сырқырауы, басының қатты ауруы, кеуде қуысының оң жақ тұсындағы ауру сезімі, құрғақ жөтел. Кеше кешке ауырған. 3 күн бұрын ауру түйені бауыздауға қатысқанда қолын кесіп алған. Науқастың жағдайы айқын интоксикация белгілері салдарынан ауыр. ТЖ –минутына 30 рет. Пульсі – минутына 140 рет, АҚҚ-80/50 мм/сағ. Кеуде қуысының оң жағында құрғақ сырылдар естіледі. Рентгенограммада – оң жақта инфильтраттар анықталады. Гемограммада: лейкоциттері – 24х109/л, таяқша ядролы нейтрофилдер-14%, сегментті ядролы нейтрофилдер – 82%, лимфоциттер – 2%, моноциттер -2%. Күні бойы кіші дәретке бармаған. Қандай емдік шараны бірінші кезекте көрсетеді//

оксигенотерапия//

гормондарды көктамырға еңгізу//

антибиотиктерді көктамырға еңгізу//

антибиотиктерді бұлшық етке еңгізу//

+ көк тамырға тұзды ерітіндерді еңгізу

***

45 жастағы ер адам аудандық аурухананың қабылдау бөлімшесіне оң қолының ортаңғы саусағында жараның пайда болуына шағымданып келген. Кәуап пісіруші болып жұмыс істейді. 5 күн бұрын дене қызуы жоғарлаған. Ауырғанына 4 күн болғанда саусағындағы жараны байқап қалады, бір апта бұрын ет өңдегенде қолын кесіп алғанын есіне түсірді. Жарасы ауырмайды, бірақ қолы шынтағына дейін ісінген. Жағдайы орташа дәрежелі. Оң қолының ортаңғы саусағында бөліндісі бар жара байқалады, айналасында гиперемия сақинасы мен ісіну бар. Оң жақтық қолтық лимфадениті. Лейкоциттер – 20х109/л, таяқша ядролы нейтрофильдері-4%, сегмент ядролы нейтрофилдері – 88%, лимфоциттер – 6%, моноциттер -2%. Қандай диагноз ең ықтимал болады//

тілме, буллезді түрі//

листериоз, терілік түрі//

пастереллез, терілік түрі//

клебсиеллез, терілік түрі//

+ түйнеме, терілік түрі

***

 

16 жастағы бозбала дене қызуының 39-40 С дейін көтерілуіне, қалтырауға, денесінің сырқырауына, басының қатты ауруына, сол жақ шап аймағындағы айқын ауру сезіміне шағымданады. Жайлаудағы мал шаруашылығында шопан болып жұмыс істейді, кейде далада түнеуге тура келеді. 2 күн бұрын жедел ауырған. Жағдайы айқын улану белгілерінің салдарынан ауыр. Аяғында жәндектердің шаққан іздері мен қасыған орындары көрінеді. Сол жақ шап аймағындағы лимфа түйіндері 4х3 см дейін ұлғайған, тығыз, қатты ауырады, периаденит анықталып, үстіндегі терісі қызарған. Лейк. – 20х109/л, таяқша ядролы нейтроф. -4%, сегментядролы нейтроф. – 88%, лимф. – 6%, мон. -2%. Қандай емдік шараны бірінші ретте көрсету керек//

гормондарды көк тамырға еңгізу//

+ антибиотиктерді көк тамырға еңгізу//

бұлшық етке анальгетиктерді еңгізу//

көк тамырға тұзды ерітінділерді еңгізу//

лимфа түйінін хирургиялық өндеу, іріңін шығару

***

29 жастағы ер адам бастың қатты ауруына, қайталамалы құсуға шағымданып ауруханаға түсті. 7 күн бұрын ауырған, құлақ маңы сілекей бездерінің ісінуі пайда болған. Жанұялық дәрігер төсектік тәртіп, патогенетикалық ем тағайындап кетеді. Барлық күндері жоғары қызба мазалаған. Кеше қатты басы ауырып, жеңілдік әкелмейтін құсу пайда болды. 6 ай бұрын басының жарақаттануы болған. Жағдайы ауыр дәрежеде, дене қызуы 39ºС. Пальпация кезінде сілекей бездері аздап ұлғайған, бірақ ауырмайды. Лейкоциттер саны - 5.4 х 109/л, ЭТЖ 4 мм/сағ. Қандай зерттеуді бірінші ретті жүргізу қажет//

+ неврологиялық бөлімшіге жодама беру//

бас миының КТ жолдама беру//

бас миының МРТ жолдама беру//

менингеалді нышандарды тексеру//

жұлын пункциясын жасау

***

22 жастағы жүкті әйел жүктілікті үзу туралы сұрақты шешу үшін кеңеске мынандай зерттеу нәтижелерімен жіберілді: лейк. – 4,8 х109/л, таяқша ядролы нейтроф. – 1%, сегментядролы нейтроф. – 58%, лимф. – 26%, мон. -2%, ЭТЖ - 30 мм/ч. Кіші жамбас органдарының УДЗ – 9-10 апталық жатырлық жүктілік, ИФА қызамық вирусының Ag қарсы IgG классы Ab «оң» анықталды. Шағымы жоқ. Анамнезінде балалық шағында бөртпемен өтетің жұқпалы аурумен ауырған. Қарап тексергенде: t- 36,40С, ауыз – жұтқыншақта шырышты қабаты қалыпты түстес, энантема жоқ. Тері қабаты таза, бөртпелері жоқ. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Жатыр қозбаған. Жыныс жолдарынан бөліністер жоқ. Сіздің жүкті әйелге беретін нұсқауыңыз//

емдемей жүктілікті үзуге нусқау беру//

бірінші емдеп, сосың жүктілікті үзу//

бірінші жүктілікті үзіп, сосың емдеу//

дене қызуы көтерілген кезде жүктілікті үзу//

+ жүктілікті сақтауға нұсқау беру

***

40-жастағы әйел ес түссіз жағдайда стационарға түсті. Жақындарының айтуы бойынша, 3 күннен бері ауырады: әлсіздік, дене қызуының көтерлуі, бас ауру, аяқтағы әлсіздік мазалаған. Бүгін есі тежелген. Қарап тексергенде: есі сопор, шүйде бұлшық еттінің ригидтілігі +4 см, Керниг симптомы екі жақтан оң, ернінде инфильтрацияланған негізде топтасқан іріңді везикулалар байқалады. Жұлыннан алынған сұйықтықта цитоз 140 жасуша мл3, лимфоциттер 80%, нейтрофилдер 20%. Ауырғанынан бірнеше күн бұрын күйзеліс жағдайы болған. Қандай этиотропты дәріні тағайындаған дұрыс//

ремантадин//

ганцикловир//

+ ацикловир//

циклоферон//

рибавирин

***

Әйел адам 30 жаста мал дәрігері, басының үнемі ауыруына, мойын омыртқаларының, оң жақ тізе буынындағы ауру сезіміне, тершеңдікке, қызбаға шағымданады. Бірақ дене қызуы 37,5оС аспайтынын байқады. Ұзақ уақыт неврологта «Остеохондроз» диагнозымен емделген, бірақ емінің нәтижесі болмаған. Кеше беттің асимметриясы пайда болған. Жылағыш. Менингеалді белгілері «+-», сол жақ тізе буыны ісінген, қозғалысы шектелген. Гемограммада: лейкоциттер - 4,8 х 10 9/л, эоэ. – 1%, с/я – 52%, лимф – 40%, моноц. – 7%, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Райт реакциясы 1:100. Қандай зерттеуді бірінші ретті жүргізу қажет//

мойын омыртқаларының рентгенографиясы//

мойын омыртқаларының компьютерлік томографиясы//

+ жұлын пункциясы//

бас тың компьютерлік томографиясы//

бастың магниттік-резонансты томографиясы

***

Ер адам 25 жаста, стационарға ауруының 3 күні түскен. Жедел ауырған: дене қызуы 39о C дейін көтеріліп, бастың самай аймағының ауруы және көз алмасының, тамақтың ауруы, мұрынның бітелуі, дененің қақсауы, сүйектегі және буындағы ауру сезімі мазалайды. Қараған кезде: беттің ісінуі және қызаруы, склераның қан тамырларының инъекциясы, құрғақ жөтел, ентігу байқалады. Өкпенің төменгі бөлігінде әлсіз тыныс, құрғақ сырылдар естіледі. ЖСЖ-92\мин., ТЖ-30 мин., АҚҚ-100/60 мм.с.б. Гемограммада: лейкоциттер- 3,5х 109, HB -120 г/л, эритр-3,38, тром-225, т/я-6%,с/я-56%, мон-8%, лимф-30%, ЭТЖ-15 мм/с. Науқаста қандай асқыну дамыған//

өкпенің ісінуі//

жедел бронхит//

+ вирусты пневмония//

бактериалды пневмония//

вирусты - бактериалды пневмония

***

Ер кісі, 44 жаста терапевтке ауызындағы құрғақтыққа, көзінің нашар көруіне, заттардың екеу болып көрінуіне, тыныс алуының қиындауына шағымданып келді. Кеше қонақта майонез қосылған салат, етті тағамдар, маринадталған саңырауқұлақ жеген, спиртті ішімдіктер ішкен. Түскен кезде есі анық, екі қабақтың птозы, мидриаз, қылилық анықталады. Дауысы мыңғырлаған. Дене температурасы 37,0С. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі-118 соқ/мин, АҚҚ 100/70 мм с.б., Өкпесінде: төменгі аймақта тынысы әлсіреген. Іші аздап кепкен, ішек перистальтикасы естілмейді. Қандай шараны бірінші кезекте орындау керек//

асқазанды жуу//

+ асқазанды зондпен жуу//

тазарту клизма жасау//

жоғары тазарту клизма жасау//

ботулизмге қарсы сары су енгізу

***

Ер адам 35 жаста участкелік дәрігерге мынандай шағымдармен келді: дене қызуының 37,0-37,8°С дейін көтерілуіне, әсіресе кешкі уақыттарда, терлегіштік, әлсіздік, қақырықпен жөтел, соңғы бірнеше ай бойы күшейуіне. Бір жыл бұрын бас бостандығынан айырылу жерінен оралған. Құрылыста әр түрлі жұмыс істейді. Рентгенологиялық зерттеу кезінде өкпенің сол жақ бөлігінде ыдырай бастаған ошақты инфильтраттар анықталды. Қанды АИВ-ке қарсы антиденелерге зерттеу кезінде оң нәтиже анықталған. Осы науқасқа қатысты қай шара бірінші кезекте орындалуы тиіс//

фтизиатр кеңесін алу//

ЖИТС-мен күресу орталығына жіберу//

иммунды статусын анықтау//

антиретровирусты терапия тағайындау//

+ қанды ИФА да АИВ-инфекциясына қайта тексеру

***

Әйел адам 28 жаста, жұқпалы аурулар бөлімшесіне мынандай шағымдармен түсті: айқын әлсіздікке, тәбеттің жоқ болуына, үнемі жүрегінің айнуына. 10 күннен бері ауырады, 2 күн бұрын сарғаю пайда болған, әлсіздік күшейген, құсу болған, терінің айқын қышуы қосылған әсерінен ұықысы бұзылған. 2 ай бұрын босанған, қан кетуіне байланысты қан препараттары құйылған. Қараған кезде: әлсіз, айқын сарғыштық, теріде қасыну іздері байқалады. Бауыры 2,5 см ұлғайған. Үлкен дәреті түссіз. Зәрі қоңыр түсті. Қандай клиникалық көрініс осы аурудың ауырлық дәрежесін көрсетеді//

айқын сарғаю//

айқын терінің қышуы//

гепатомегалия//

түссіз нәжіс//

+ улану белгілері

***

35 жастағы ер адам, басының қатты ауыруына, дене қызуының көтерілуіне, ұйқысының бұзылуына, тәбітінің жоғалуына шағымданады. Анамнезінде: бір апта бұрын ауырған, температурасы субфебрильді, әлсіздік, басының ауруының үдеуі мазалайды. Кеше кешке дене температурасы 39,0º-40,0ºС дейін көтерілген, 3 рет іші өткен. Қарап тексергенде: адинамиялы, енжар. Тері жабындылары бозғылт, іш аймағында - бірең-сараң ашық қызыл түсті бөртпе элементтері анықталады. Бауыры 1,5 см ұлғайған. Жүрек тондары әлсіз, ЖСЖ – 78 соғ./мин. АҚҚ 110/70 мм с.б. Тілі құрғақ, қоңырқай-сұр жабындымен жабылған, шеттері мен ұшы жабындыдан таза. Іші кепкен. Қандай диагноз ең ықтимал болады//

ку-қызбасы//

+ іш сүзегі//

кенелік бөртпе сүзек//

эпидемиялық бөртпе сүзек//

солтүстік Азияның кенелік сүзегі

***

Ер адам, 20 жаста, жедел ауырған: температурасы 40°С дейін жоғарылап, басы ауырған, көп рет құсқан, айқын әлсіздік пен денесінің қақсап ауыруы мазалаған. Ауруының 1-ші күні-ақ табанында, балтырында, санында көптеген геморрагиялық бөртпелер пайда болған. Қарағанда: жағдайы ауыр. АҚҚ: 100/60 мм сын.бағ., пульсі минутына 100 рет. Гемограммада: лейк. – 28х109/л., миелоцит – 7%, т/я-16%, с/я-46%, мон.-8%, лимф.-23%, тромб. – 225х109, ЭТЖ - 30 мм/сағ. Кезекші дәрігер науқасқа төмендегідей ем тағайындады, емді қабылдағаннан кейін науқастың жағдайы бірден нашарлады; бет бозғыл болып, салқын тер пайда болып, АҚ -60/40 мм с.б. төмендеп, пульс сезілмейді. Дәрігердің қандай тағайындаған емінен науқастың жағдайы нашарлады//

диклофенак 2,0 бұлшық етке//

+ пенициллин 24 млн/тәулігіне бұлшық етке//

трисоль 1500 мл көк тамырға тамшылатып//

глюкоза 5%-500 мл көк тамырға тамшылатып//

преднизолон 60 мг көк тамырға

***

 

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 1408. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия