Студопедия — Кіріспе. Физиология – тірі организм мен оның жүйелері, ағзалары, тіндері және жасушаларының әрекеттерін
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кіріспе. Физиология – тірі организм мен оның жүйелері, ағзалары, тіндері және жасушаларының әрекеттерін






Физиология – тірі организм мен оның жүйелері, ағзалары, тіндері және жасушаларының әрекеттерін, тірліктерін зерттейтін биологиялық ғылым. Физиология организм жүйелері мен ағзаларының бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын тексереді.

Физиология жедел дамып келе жатқан ғылым. Ол дербес ғылым ретінде, анатомия мен гистологиядан бөлінгеннен бастап, организмнің тіршілік әрекеті туралы физика, химия ғылымдарының әдістерін қолданып, көптеген нақтылы деректер жинады. Қазіргі кезде физиологиядан жеке ғылым ретінде биохимия, биофизика, нейрофизиология, эндокринология, радиобиология бөлініп шықты.

Физиология – тірліктану ғылымы. Ол тіршіліктік үрдістерді, іс-әрекеттерді қалыпты жағдайда анықтайды.

Физиология көптеген түрлер организмнің жасушалары мен тіндеріне, ағзаларына бірдей тән негізгі тіршілік үрдістерінің жаратылысын, тірліктерін, жалпы көрсеткіштерін, қасиеттерін зерттейді. Олардың сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі әсерлеріне жалпы жауабын, тітіркену, қозу, тежелу, зат және қуат алмасу құбылыстары туралы мәліметтерді қарайды.

Физиология – адамның әлеуметтік жағдайлары мен мақсатты іс-әрекетіне байланысты заңдылықтарды анықтайды.

Физиология ғылымы медицина мен гигиенада өте маңызды орын алады. Расында, организмнің қалыпты қызметін, денсаулыққа тән көрсеткіштерін жете білмей, ауруды емдеуге болмайды. Сондықтан қалыпты физиология барлық медициналық ғылымдардың теориялық негізі деп есептеледі. Демек, физиолгия организмнің қалыпты жағдайдағы әсерінен ауытқу мөлшерін білуде, медициналық және гигиеналық білім алу барысында профилактикалық жұмыстарды, еңбек және тынығу режимдерін ұйымдастырғанда, ауруды емдегенде өте қажет ғылым. Клиникаға дейінгі медициналық-биологиялық ғылымдардың тармағы бола тұрып, физиология үлкен дәрежеде практикалық денсаулық сақтауға жақындауда және клиникалық физиология деген жалпы атпен бірігіп жаңа бөлім құрады. Өз кезегі патологиялық физиологияның зерттеу әдістерінен ерекшелігі бар. Физиологияның зерттеу практикаларында көп бөлікті адам алады. Сау адамның ағзасын тікелей зерттеу болашақ мамандарға клиникалық зерттеу әдістерін үйренуге жол ашады.

2.2.Пәннің мақсаты:

Студенттерде адам ағзасы барлық жүйелерінің қызметтерінің негізгі заңдылықтары мен механизмдері және реттелуі туралы білімді қалыптастыру;

Физиологиялық тәжірибелерді жүргізу және жүргізілген зерттеулер нәтижелерін бағалау дағдысын қалыптастыруды үйрену;

Жаңа терминдер мен түсініктемелердің көмегімен коммуникативтік дағдыны дамыту;

Клиникаға дейінгі пәннің қалыптық-құқықтық заңын білу. (Қазақстан Республикасының Кодексінің негізгі қағидалары «Денсаулық сақтау жүйесі және халықтың денсаулығы бойынша», Қазақстан Республикасының санитарлық, табиғатты қорғау, азамат денсаулығын сақтау туралы заңдылықтары, Еңбек туралы заң, ҚР білім туралы заңы 27.07.2007 ж., ҚР Медициналық және фармацевтикалық білімді қалыптастыру концепциясы 24.04.2006ж, ҚР білімді дамыту туралы Мемлекеттік бағдарламасы, ҚР жемқорлық туралы заңы,)

Студенттерде мамандықтар бойынша арнайы әдебиеттермен жұмыс жасағанда сараптау, талдау мүмкіншіліктерін қалыптастыру және оны пайдалана білуін, өмір бойы білімін толықтырып отыруға, сондай-ақ, электрондық машинкалар негізінде ақпараттар көзін пайдалана отырып, өздігімен жұмыс жасау қабілетін дамытып қалыптастыру арқылы студенттердің физиология пәнін оқуға құштарлығын ояту.

2.3.Пәннің міндеттері:

· Студенттерде физиологиялық түсініктерді қалыптастыру;

· Дені сау адамның негізгі физиологиялық сипаттамасы, оның жыныстық және жас ерекшеліктерінің маңызын ашу;

· Ағзанаң біртұтас реакциялары механизмінің негізгі заңдылықтарын ашу; Адам ағзасының тіршілікке қажетті қоршаған ортамен арақатынасы туралы жүйелік білімді қалыптастыру;

· Ғылыми тәжірибелерге қойылған әдістемелермен таныстыру;

· Ағзаның және оның жүйелерінің жағдайын функционалды бағалау әдісін қалыптастыру;

· Физиологиялық құрал-жабдықтармен жұмыс жасау қағидаларын игеру;

· Физиологиялық құрал-жабдықтармен жұмыс жасау техникасын көрсету;

· Физиологиялық құрал-жабдықтармен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру;

· Физиологиялық терминдер мен жаңа ұғымдарды анықтай білу.

2.4.Оқытудың ақырғы нәтижелері:

Студент білу қажет:

Когнитивті компетенцияны қалыптастыру (білімі):

Пән туралы, мақсаты, тапсырмалары және пәннің өзінің болашақ мамандығы үшін алатын орны;

Дені сау ағзада жалпы физиология, жеке физиология және адамның интегративті мінез –құлықтық іс—әрекеті тұрғысынан қарағанда физиологиялық үрдістердің реттелу механизмі мен қызметтік заңдылықтары туралы;

· Медицинада қолданылатын ағзаның әртүрлі қызметін зерттеулер әдістерінің маңызы туралы;

· Ағзаның қызметін зерттеуде негізгі әдістерінің қағидалары туралы;

· Ағзаның тұтас іс-әрекеті,жүйелер мен мүшелердің реттелу механизмі және әртүрлі көрсеткіштерінің (тұрақтылығы) ақпараттық маңыздылығы туралы;

· Ағзаның жетекші қызметтік жүйенің құрылысы мен маңызы және іс-әрекетінің жалпы қағидалары туралы;

  • Организмнің орта жағдайларына байланысты мінез-құлығының қалыптасуы және реттелуі заңдылықтары туралы;

Операционалдық дағдыларды қалыптастыру:

· Динамометрия

· Адамның сіңір рефлекстері(шынтақ, тізе және ахилл)

· АВО жүйесіндегі қан топтарын анықтау

· Резус-факторды анықтау

· Коротков әдісімен қан қысымын анықтау

· Пальпация әдісімен артериялық пульсті анықтау

· Спирометрия

· Қарын сөлінің ферменттік қасиеттерін анықтау

· Ауыз қуысы ағзаларының қызметтерін зерттеу(мастикоциография)

· Көру өткірлігін анықтау

· Эстезиометрия

· Тілдің әртүрлі аймақтарында дәм сезімталдығын анықтау

· Қарашық рефлексін тудыру

Аксиологиялық (коммуникативті) компетенциялар:

  • «Студент - оқытушы», «Студент - студент» өзара қарым-қатынас әдістері мен дағдыларды меңгеруді қалыптастыру.
  • Топта қолайлы психологиялық жағдай тудыру дағдыларын қалыптастыру.

Құқықтық компетенция (ҚР заңдарын білу):

• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің негізгі қағидалары. Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы, Қазақстан Республикасының санитарлық және табиғатты қорғау туралы заңдылықтары;

• Еңбек туралы заң;

• ҚР-ның білім туралы заңы. 27.07.02007 ж-дан;

• ҚР-ның медициналық және фармацевтикалық білімді қалыптастыру концепциялары 24.04.2006 ж-дан;

• ҚР-да білімді дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасы;

• ҚР-ның жемқорлық туралы заңы.

Үздіксіз білім алу және өзіндік білім алу компетенциялары:

• Өмір бойы білімін үздіксіз жоғарылатып, жетілдіруге ұмтылу;

• Ғылыми әдебиеттерден материалдарды өздігінен іздеу арқылы білімін жетілдіру;

●ЭВМ базаларымен және ақпаратты электрондық тасымал арқылы жұмыс жасау;

• Тест тапсырмаларын өздігімен шешу; рефераттар, презентациялар, буклеттер, сөзжұмбақтар дайындау;

● Оқулықтар мен қосымша әдебиеттерді және электрондық ақпараттарды қолдануда өзбетімен жұмыс;

●Өздігінен үйренуге арналған тақырыптарға оқытушыдан кеңес алу

2.5.Пререквизиттері: химия, медициналық биофизика, молекулалық биология, анатомия, гистология

2.5.Постреквизиттері: биохимия, патологиялық физиология, фармакология, микробиология.

2.6.Пәннің қысқа мазмұны: Мазмұны, пәні, физиологияның зерттеу әдістері оқылады. Басқа пәндермен байланысы организм және гомеостаз туралы түсініктер беріледі. Физиологиялық үрдістердің реттелу механизмдері.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 2995. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия