Студопедия — Сұрақ .Сот билігі түсінігі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сұрақ .Сот билігі түсінігі






Қазақстан Республикасының Конституциясы сот билігіне ерекше көңіл бөліп, сот пен судьяның қоғамдағы ролі мен орнын айқындай түсті. Сот билігі мемелекет билігінен туындайтын ұғым.

“Сот билігі - мемлекет атынан заңның үстемдігі мен әділеттілікті қалпына келтіру, заңмен қорғалатын мүдделерге қол сұғушы адамдарға мемлекеттік мәжбүр ету шараларын қолдану мақсатында сот құзіретіндегі жауапты биліктік өкілеттіктердің жиынтығын айтамыз” - деп тұжырымдайды заң ғылымдарының докторы, профессор К.Х. Халиқов.

1995 жылғы тамызда референдум арқылы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды, онда тек адамның, азаматтың, мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың мәртебесі ғана емес, сонымен бірге стратегиялық құқықтық идеялар да айқындалған. Бұл жаңа қабылданған Конституцияда билік бөлу территориясы нақтылы түрде көрсетілді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабының 4 бөлігінде: “Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады” - делінген. Бұл билік бөлу территориясы барлық демократиялық мемлекеттердің конституциясында көрсетілген. Биліктің әрбір тармақтары өз қызметіне байланысты, өзіне жүктелген міндеттерді атқарады. Демек, бұл биліктің әрбір тармақтары өз компетенциясына байланысты бір-біріне тәуелсіз және бұл тармақтар тек өз қызметіне тиесілі ісін атқарған жағдайда демократиялық қоғам деп айтуға болады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік билік біреу, оған заң шығару билігін, атқарушы өкіметті, сот билігін қарсы қоюға болмайды, себебі бұлар мемлекет билігінің үш бұтағы, бірақ шексіз биліктің тек бір қолда ғана болуы қоғамға өте қауіпті. Сондықтан да бұл үшеуі әр қайсысы жеке өз өкілеттігі шеңберінде, басқаларын бақылай отырып, олармен араласа, жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 75-82-баптары аралығындағы “Соттар және сот төрелігі” деген тараударында соттар мен сот төрелігіне арналды. Яғни, елімізде әділеттілікті орнықтырудың, сот қызметін жетілдірудің стратегиялық бағыты айқындалды. Біздің Республикамыздағы соттар – беделі асқақ, мерейі үстем мемлекеттік ірі ұғым.

Сот билігінің мемлекет атынан әрекет ету құқығы, оған берілген өкілеттік шегінде жүзеге асырылады. Адамдардың жеке азаматтық танылған және кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты сот билігінің мәртебесін айқындай отырып, Конституция бұл құқықтар мен бостандықтардың конституциялық құрылысын, қоғамдық тәртіпті адамдардың құқықтары мен бостандықтарының, денсаулық және қоғамдық имандылықты қорғау мақсатында қажет болған жағдайда тек заңмен ғана шектеуі мүмкін екенін көздейді.

1991 жылы тәуелсіздігімізді алғаннан кейін, 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Конституцияның 16-тарау сот билігіне арналды. Осы Конституцияның 95-бабында Қазазақстандағы сот билігі Конституциялық Сотқа, Жоғарғы Сотқа, сондай-ақ заң бойынша құрылатын төменгі соттарға тиесілі екендігі атап көрсетілді.

1995 жылы 20 желтоқсанда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “ ҚР-дағы соттар мен судьялардың мәртебесі туралы туралы” Жарлығы шықты. 84 баптан тұратын бұл Жарлық аясында республикадағы тәуелсіз сот билігі мен судьялардың мәртебесі туралы әлемдік өркениеттегі құқықтық нормаларға сай келетін жаңа заңдар ережесі жасалып бекітілді.

Қазіргі уақытта ҚР Президентінің аталмыш Жарлығы күшін жойып, 2000 жылы 25 желтоқсанда “ҚР-ның сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” конституциялық заңы қабылданды. Бұл конституциялық заң бойынша көптеген өзгерістер енгізілді.

“Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы” ҚР конституциялық Заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді.

Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан бастап соттарға кез келген құқықтық мемлекетке тән өкілеттіктерді толық беру қажеттігі туындады. Сондықтан, соңғы жылдары сот билігінің проблемалары көптеген ғылыми жұмыстардың, әсіресе Ресей Федерациясы ғалымдарының зерттеу тақырыбына айналды. Осы ұғымның кейбір қырларын қазақстандық ғалымдар да өз жұмыстарында қарастырды.

Қазақстандық ғалым К.Х. Халықов сот билігін мемлекеттік биліктің ең маңызды тармақтарының бірі деп көрсетті. Оның қоғамның саяси және әлеуметтік жүйесіндегі мәртебесі, орны мен рөлі бүгінгі таңда ең қымбат қазына: адам, оның құқықтары мен бостандықтары және заңдылық болып табылатын өркениетті азаматтық қоғам мен демократиялық құқықтық мемлекет орнату міндеттерімен айқындалады. Сот билігі адамдар тағдырындағы ең жоғары әділеттік таразысы тәріздес. Ондағы нақ осы қасиет мемлекеттік билік тармақтарының ешқайсысында жоқ. Осылардың бәрі сот билігі мәселесінің жалпы теориялық бағыттарын айқындайтын факторлар болып табылады. Ал әкімшіл-әміршіл кеңестік тәртіптен демократияға өтудің күрделі де қиын кезеңдерін бастан кешіп отырған бүгінгі Қазақстанның нақты өмірінде сот билігі қалай әрекет етеді, сот билігінің өзінің қалыптасу процесі қалай өтуде және ол қандай қиындықтарға кезігіп отыр – міне осылардың бәрі ғылыми тұрғыдан да тәжірибелік тұрғыдан да өзекті мәселелер болып табылады.

“Сот билігі” ұғымының құқық ғылымында жаңа санат болып табылуына және жақында – 80-жылдардың аяғы, 90-жылдардың басында зерттеле басталуына байланысты. Сонымен бірге кеңес мемлекетінде мемлекеттік саясат шеңберінде теориялық тұжырымы қалыптасқан, яғни соған сәйкес елде біртұтас бөлінбейтін мемлекеттік билік жұмыс істейді. Сондықтан сот билігі мәселесі мемлекеттік биліктің дербес тармағы ретінде туындаған емес. Сот төрелігіне байланысты проблемаларға арналған ғылыми зерттеулерде сот – құқық қорғау органы жүйесінің бөлігі ретінде қарастырылды.

Құқықтық мемлекет қоғамындағы биліктерді бөлу теориясын мойындау сот билігінің мәнін зерттеуді бастауға негіз болды. Бұл ретте ғалымдар арасында ортақ пікір болмаған сот билігі ұғымын айқындау туралы мәселе маңызды болды. Мәселен, М.В. Баглай сотты адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, заңдылықты орнықтыруға арналған мемлекеттік биліктің тәуелсіз буыны ретінде ролін көрсете отырып, “Тәуелсіз сот билігі құқықтық мемлекеттің және конституционизмнің, халық бостандығының басты кепілі бола бастады”.. Осы көзқарасты В.И. Раученко, В.П. Кашенов, К.Ф. Гуценко және В.М. Ковалев бөліседі.

Кейбір авторлар сот билігінің ұғымы мен мақсатын тек сот төрелігін жүзеге асыруымен байланыстырады. Мәселен, У.Жекебаев және В.К. Бобров, сот билігі сот төрелігінде іске асырылады деп пайымдайды.

Кейбір ғалымдардың пікірінше, сот билігі оның құқықтық мемлекет жағдайында сот қызметін жүзеге асырудағы аса маңызды белгілері мен қызметтерін негіздеу тұрғысында қаралуға тиіс.

Сот билігінің мәні соттың сот төрелігін жүзеге асыру кезінде көрінеді. Алайда сот қызметін осы биліктің тек бір нысанын іске асыру болып табылатын бір сот төрелігін жүзеге асырумен ғана шектеуге болмайды. Алайда Қ.Ә.Мәми дұрыс ажыратқандай “сот билігі ұғымының мәнін және мазмұнын неғұрлым толық және айқын ашу үшін оның барлық белгілерін яғни мемлекеттетігінде оның ролі мен орнын, биліктің басқа тармақтарынан айырмашылығын көрсететін ерекшеліктері мен қырларын анықтау қажет”.

“Сот билігін, - дейді В.М.Савицкий, - құқықтық мемлекеттің негізгі құрылымдарының бірі ретінде азаматтық немесе құқықтық нормаларда көзделген нақты істерді қараумен шектеуге болмайды. Мұндай көзқарас өзін жояды. … Қазіргі сот билігі бұрын әдетте құқық төрелігі деп аталғаннан бөлек, соттың сапалы жаңа функцияларға ие болуы нәтижесінде туындауы мүмкін”.

Соттардың заң шығарушы билік органдарынан айырмашылығы заң шығармайды. Алайда олардың қызметі заңға тәуелді: сот Конституция мен заңның талаптарына (олардың нормаларын қолдануға және оларды басшылыққа алуға) бағынуға тиіс. Бұл ретте сот заңдар мен өзге де құқықтық актілерді дұрыс қолданумен, олардың Конституцияға, сондай-ақ жалпы танылған халықаралық қағидаттар мен нормаларға сәйкестігі тұрғысынан да баға беруге тиіс. Олардың ҚР Конституциясына сәйкессіздігі жағдайында сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға және Конституциялық Кеңеске осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен жүгінуге міндетті; осы арқылы соттар мен заң шығару процесіне белгілі бір әсерін тигізеді.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1803. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия