Студопедия — Судья ұғымы: қалыптасуы мен даму кезеңдері және қазіргі жағдайы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Судья ұғымы: қалыптасуы мен даму кезеңдері және қазіргі жағдайы






Дәріс жоспары:

1. Судья ұғымы

2. Судья ұғымы қалыптасуы мен даму кезеңдері принциптері.

Негізгі ұғымдар: төрелік, принцип.

 

Құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының ішінде судья ерекше орын алады. Лауазымды тұлғаның қоғамдағы орны мен әлеуметтік мәртебесі сол лауазымды тұлға өкілі болып табылатын ұйым мемлекетті басқару /дамыту/ саласында қандай қызмет атқаратындығымен анықталады. Бұл қатардан судья да тыс қалмайды. Судьяның қоғамдағы орны, сот атқаратын іспен, яғни заңдылық пен құқық тәртібін қорғау, сот әділдігін жүзеге асыру, сот төрелігін ешқандай кедергісіз, ешкімнің нұсқауы мен бұйрығынсыз, тәуелсіз жүзеге асыру маңыздылығымен мәлім.

Сот билiгiн жүзеге асыратын судьялардың дербестiгiн, олардың үкiм шығарғанда, шешiм қабылдағанда және басқа да сот әрекеттерiн жүзеге асырғанда тәуелсiз болуын қамтамасыз етудiң маңыздылығы орасан зор, себебі, сот билігі заң шығару және атқару билігінен ерекше тұрады [24]. Судьяның мәртебесi мен қызметi жайындағы қоғамдық пiкiрдiң жақсы жағына өзгеруi, азаматтардың өз құқығы мен бостандығын қорғайтын бiрден бiр орын ретiнде сотқа жиi жүгiнуi, сот беделiнiң күшейгендiгiнiң айқын көрiнiсi.

Сот әдiлдiгiн неғұрлым сапалы әрi мерзiмiнде атқару үшiн, мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалынған. Судялардың кәсiби, бiлiктi, парасатты, турашыл болуынан сот әдiлдiгiнiң сапасы айқындалады.

Біздің қоғамымызда судьяның алатын орнын анықтау үшін судья институтының әлеуметтік бастау-қайнар көзін ашып, бұл ұғымның қалыптасу тарихына көңіл аударған жөн сияқты. Өйткені кеңес халық сотының тарихы сол кездегі заңгерлердің бірқатар жұмыстарында көрсетілген, ал қазақстандық соттардың тарихы бұл мәселенің ажырамас бөлігі болып табылады.

Халық судьясы Кеңес мемлекетінің алғашқы күндерінде пайда болды.

Қазан төңкерісіне дейінгі Ресейдің саяси билігін басып алып, заң мекемелерін жойғаннан кейін Кеңес мемлекетіне өзінің құрылымдық түрі, қызмет мазмұны жөнінде және судьялар құрамы бойынша жауап беретін жаңа сот құру қажеттілігі туындады.

Кеңес мемлекетінің алғашқы соттарын ұйымдастырудың маңызды принциптері сот жөніндегі 24 қараша 1917 жылғы №1, 7 наурыз 1918 жылғы №2, 20 шілде 1918 жылғы №3 Декреттерінде және 1918 жылғы Конституцияда бекітілді.

Халық судьясы болуы үшін: саяси көзқарасты, қоғамдық ұйымдарда адамдармен жұмыс істеу тәжірибесі бар және қоғамдық қызмет салаларының бірінде өзін жағымды жағынан танытуы міндетті шарт болып табылды және осы талапқа жауап беретін адамдар ғана халық судьялығынан үміткер бола алатын еді. Бұған қосымша, ол арнайы заң даярлығынан өткен немесе заң жұмысынан тәжірибесі болуы керек екендігі тағы бар.

Жаңа экономикалық саясат әділет органдарын ұйымдық жағынан нығайтуды талап етті, олардың алдына жаңа міндеттер қойылды. 1921 жылғы 28 желтоқсандағы Кеңестердің ІХ-Бүкілресейлік съезінде өмірдің барлық саласында революциялық заңдылықтың қатаң бастамаларын ендіру қажеттілігі атап көрсетілді. Бүкілресейлік орталық атқару комитеті (ВЦИК) жергілікті биліктен заң органдарын тың күштермен қамтамасыз етуді, сотта жұмыс істеуге барынша тәжірибелі және сенімді қызметкерлерді жіберуді, оларға жүктелген міндеттерді жүзеге асырудың толық мүмкіндігін қамтамасыз етуді талап етті. Халық судьясы институтының пайда болуы мен дамуының тарихында халық соттарын іріктеудің өлшемдеріне елеулі өзгерістер енгізген сот құрылысы жөніндегі заңнама актілерінен көруге болады.

Халық судьялығынан үміткер тұлға сәйкес келетін шарттың сипаттамасы мен тізімінің өзгеруі негізінен іріктеу өлшемдерін шектеу бағытында жүргізілді, сөйтіп, судья лауазымына ие болатын адамдардың едәуір кеңейтілген ауқымы қамтылды. Судьяны теориялық дайындау сияқты өлшемдер көрсетілген 1922 жылғы халық соттары туралы Ережеден айырмасы – барлық кейінгі заң актілерінде судьяны жұмысқа арнайы даярлауға байланысты шарттар айтылмаған.

1926 жылғы сот құрылысы туралы Ережеде заң органдарындағы жұмыс міндетті шарт деп көрсетілмеген.

1938 жылғы Сот құрылысы туралы заң бойынша халық судьясы үшін міндетті шарт есебіне жас мөлшері қосымша өлшем болып енгізілді, ол 1958 жылы 23-тен 25-ке дейін көтерілді.

Ал қазіргі жағдайға келсек сот және құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру басты мәселелердің бірі.

Қоғам әлемдiк практикада сыннан өткен тәжiрибенi ескере отырып, демократия, нарық экономикасы, гуманизм мен әлеуметтiк әдiлеттiк принциптерiне негiзделген Қазақстанның сапалық жаңа, шынайы құқықтық жүйесiн жасау мақсатында шұғыл түрде терең, кешендi әрi бәрiн де қамтитын құқықтық реформа жасау жолында бiраз тыңғылықты қызмет атқаруда.

Сот жүйесiн реформалау, судьялардың әлеуметтiк беделiн арттырып, сот органдарын жеке адамның құқығы мен бостандығының сенiмдi кепiлгерi етуге, қоғамдық қарым-қатынастардың субъектiлерiнiң арасындағы дау, тартыстардың заңды, әрi әдiлеттi түрде шешiлуiне, судьяларды, олардың отбасы мүшелерiн құқықтық және әлеуметтiк қорғау мәселелерiне бағытталған.

Қазақстан Республикасының Конституциясы сот билiгiне ерекше көңiл бөлiп, сот пен судьяның қоғамдағы ролi мен орнын айқындай түстi.

Қоғамдық құрылымдағы өзгерiстер, әсiресе кейiнгi жылдары кең дамып келе жатқан демократиялық құрылым, соттың ролiн бұрынғыдан да күшейтiп, оның мәртебесі мен құқығын көтере түсуде.

Сот билiгiнiң беделi мен шынайы тәуелсiздiгi көптеген факторларға байланысты, соның iшiнде соттарды жасақтау тәсiлiнiң, судьяның өкiлеттiгiн тоқтату тәртiбiнiң, судья және оның кәсiби мамандығы деңгейiнiң мәнi зор.

Қазақстан Республикасының атынан сот билігін жүзеге асыратын тұлға –судья. Сондықтан да халық әдiлеттiлiктi аңсаған жағдайда, судья шешiмiнiң ақиқаттығына жүгiнедi.

Профессор К.Х. Халиқов берген судья ұғымының мазмұнын толықтыра отырып, мемлекет атынан жеке немесе сот құрамында заңда белгіленген тәртіппен сот істерін қарап, кінәсіз адамдарды жауапкершіліктен босатып, ал кінәлі адамдарға айыптау үкімін шығаратын, қажетті жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу шарасын қолданатын, тәуелсіз, тек қана заңға бағынатын, биліктің өкілі деген тұжырымға келдік.

Сот билігін әдiл жүзеге асыру үшiн ғылыми даярлығы жеткiлiктi, мол тәжiрибесi бар, жоғары бiлiктi судьялардың болғаны дұрыс. Қазiргi кезде жоғары заңгерлiк бiлiм алуды қамтамасыз ететiн оқу орындары өте көп, алайда, мамандар даярлау сапасы ойдағыдай емес. Бұл шұғыл шешiмiн талап ететiн мәселе.

Сот билігін арнайы даярлықтан өткен адамдардың неғұрлым бiлiктi атқаруы демократиялық негiздердi бәсеңдетпейдi, керiсінше, күшейтiп, тереңдете түседi. Ақпарат көлемiнiң ұлғаюы, қоғамдық процестiң жеделдеуi, адамдар психологиясының өзгеруi, өмiрдегi шындықтар соттардың бүгiнгi күнгi жұмысын күрделендiре түседi. Осының бәрi сот жүйесiнде қызмет iстейтiн адамдардың зор құзыреттiлiгiн және осы санаттағы қызметкерлердiң белгiлi бiр дәрежедегi тұрақтылығын объективтi түрде талап етедi.

Бiздiң пiкiрiмiзше, сотты мүлтiксiз жүргiзу, бiлместiктен қайсыбiр қателiкке ұрынбау және заңның бұрмаланбауы үшiн, судья - тәжiрибелi, адамдық қарым-қатынаста талғамды, ойлы, салауатты, бiлiмдi, турашыл және iзгiлiктi болуы қажет.

Қазiргi судьялардың арнайы бiлiмiне, кәсiби даярлығы мен тәжiрибесiне, сондай-ақ адамгершiлiк сапасына қойылар талап өте жоғары деңгейде. Осы талаптардың судья ролiнiң айрықша маңыздылығы мен жауаптылығын айғақтайтыны өзiнен-өзi түсiнiктi.

Iстiң мәнiн жан-жақты, толық және объективтi зерттеудi қамтамасыз етуде, оны дұрыс, заңды, әдiл шешу үшiн судьяның жеке басы бұл iске мүдделi болмауы керек.

Әдiлдiкке жету жолында Қазақстан Республикасының әрбiр судьясы мiнсiз, қажырлы еңбек етiп, кәсiби деңгейiн жетiлдiретiн табыстарға жетуi қажет. Егер қандай да болсын шығарылған үкiмнiң, шешiмнiң құрамында ақиқат та, шындық та, әдiлдiк те болмаса, онда мұндай үкiмдер, шешiмдер – халықтың сот пен судьяға деген сенiмiн жоғалтады, сот органдарымен судьяның абыройын төмендетедi, беделiн түсiредi.

Елiмiздегi соттардың судьялары, әсiресе аудандық соттардың судьялары, халықпен тiкелей қарым-қатынаста болады. Мұнда судьяның моральдық және кәсiби бейнесi ерекше роль атқарады және олардың этика нормаларын сақтауы үнемi қоғамдық назарда жүредi.

Демократиялық қоғамды жетілдірудегі ғылымның орны, білімнің, мамандардың біліктілігін арттыру деңгейі, басқа да факторлар судьялар тұлғасының өсуіне әсер етеді. Судья өзінің қызметін атқаруда, сот билігін жүзеге асырушы ғана емес, құқық саласындағы жетік маман, құқықтық рухани мәдениеті жетік тұлға. Демократиялық мемлекетіміздің дамуына қарай судьялар мәртебесі де жетіле түседі және әлеуметтік дамуға да көп әсері болады. Судьяның бұзылған құқықты қалпына келтіруде, құқық бұзушыны жазалау мүмкіндігінің болуы, азаматтардың заңды құрметтеуіне әсер етеді.

Сот пен судьяның ісіне бақылау жасаудың көптеген түрлері оны жүзеге асыруға кедергі жасамайды, керісінше кең тараған қоғамдық пікір, көзқарастар олардың жұмысына тиісті баға беруге ықпал етеді, ең маңыздысы сот зерттеуінің жан-жақты әрі толыққанды болуына әсер етеді. Сонымен қатар, әлеуметтік бақылау халықтың арасында сот ісінің беделін көтереді, бұл өз кезегінде азаматтардың заңды құрметтеу мінез-құлқын қамтамасыз ету мүмкіндігін кеңейте түседі.

Сонымен бірге, заңның беделін көтеру құқықтың нормаларын мәжбүрлеп орындату мүмкіндігіне қарамай, оған деген құрметтің өсуі оны ерікті қолдану аясын кеңейтеді және құқық қорғау органдарының лажсыз араласу аясын қысқартады. Бұл жағдайда заң беделі азаматтардың құқық қағидаларын орындауды қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Құқық қолдану ісін жүзеге асырушы тұлғалардың ішінде судьяға ерекше орын берілген. Судьяның қоғамдағы ролі, әлеуметтік мәртебесі оның құқықтық жағдайымен анықталады.

Судьяның абырой беделіне ықпал ететін негізгі шарттар:

1. Сот жүйесінің бірлігі және мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретіндегі сот әділдігінің әлеуметтік қызметі.

2. Мемлекеттік билікте соттың алатын ерекше орны – тәуелсіздігі және оның тек қана заңға бағынатындығы, сондай-ақ мемлекет атынан сот әділдігін жүзеге асырып, мемлекеттік мәжбүрлеу шарсын қолдану құқығы.

Билік өкілеттігінің болуы әдетте абырой-беделдің жоғарғы деңгейін байқатады. Осындай абырой-бедел билікті тиісінше пайдалануды және оны жүзеге асыруда белгілі-бір тәуелсіздікті анықтайды.

Судьяның абырой-беделін қолдау құқықтық тәрбие тұрғысынан қарағанда ең алдымен азаматтардың заңды құрметтеу және оны ерікті орындау қажеттілігі – бұл сот билігін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасайды. Судьяның жоғары құрмет-беделі оның объективтігіне, істі зерттеу мен бағалау кезінде алдын ала теріс пікір жасамауын судьяның (соттың) дұрыс және әділ шешім қабылдауына азаматтардың көзін жеткізуге жұмыс істейді.

Судьяның беделі тұлғаның құқығы мен заңды мүддесі бұзылған немесе бұзылуы мүмкін жағдайда азаматтың сотқа көмек сұрап шағымдануын жеңілдетеді, азаматтың сотқа алғашқы шақыру бойынша-ақ келіп, соттың талабына сөзсіз бағынуын көтермелейді, сотта берілген сұраққа шын жауап беруге оң жағдай туғызады.

 

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1468. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия