Студопедия — Дәріс. Судьяның тәуелсіздігі қағидасының түсінігі мен оның маңызы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс. Судьяның тәуелсіздігі қағидасының түсінігі мен оның маңызы






1. Судьяның тәуелсіздігі қағидасының түсінігі

2. Судьяның тәуелсіздігі оның маңызы

Негізгі ұғымдар: Судья, тәуелсіз, қағида

Сұрақ Судьяның тәуелсіздігі қағидасының түсінігі

Білікті бөлісу қағидасы құқықтық мемлекет құрудың аса маңызды негізі ретінде тек ақыл парасатты ғана еншілемейді, сонымен бірге ол біздің мемлекетімізде өзіне жол ашуда. Заң шығару және атқару тармақтарына тәуелсіз әрекет ететін сот билігі дербестігінің аса маңызды кепілі судьяның тәуелсіздігінің қағидасы болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясында сот әділдігінің демократиялық негіздері болып табылатын аса маңызды құқылық қағидалар тұжырымдалған. Бұл принциптер мемлекетіміздің Негізгі заңында баяндалғандықтан, сот әділдігінін конституциялық негіздері немесе принциптері де солардан туындайды.

Су­дьялардың V съезі қарсаңында Құқықтық сая­сат тұжырымдамасында көрсе­тілген басты қағидаттарды негізге ала отырып, сот тәуелсіздігін жет­іл­діру максаты үшін жиналыстар өткізіліп жүрді. Тұжырымдама құқық қорғау және сот жүйесінің әрі қарай дамуы­на айқын жол ашты. Тұжырымдама­ны жүзеге асыру мем­лекеттік би­ліктің барлық сала­сы­ның өз­ара тиімді әрекет етуі, билік орган­­дарының сапалы қабылдаған ше­ші­міне және лауазымды тұлға­­ның жауапкершілігіне тікелей байланысты.

Азақстанның сот жүйесіндегі өзекті проблемаларын шешу жолдары Астанада өткен Қазақстан судьяларының V съезінде талқыланды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның сот жүйесіндегі кемшіліктерді тізіп берді. «Сот жүйесінде шешілмеген мәселелер баршылық», деді Президент «ұждансыз адамдардың сот корпусына өтіп кетуін» бірінші кемшіліктің қатарына жатқызды. Судья мамандарды іріктеудің қазіргі жүйесі біршама күрделі сүзгі болғанына қарамастан, судьялар қоғамдастығы кездейсоқ адамдардан өзін қорғай алмай отыр. Ал адал, әділетті, ұжданды, ең бастысы, сатылмайтын сот билігінің болуы бүкіл құқықтық жүйенің сапалы жұмысының міндетті шарты болып табылады», деді Мемлекет басшысы.

Елбасы өз пікірінде, «жекелеген судьялардың кәсіби біліктілігінің төмендігі және моральдік-этикалық бейнесінің нашарлығы» қазақстандық сот жүйесіндегі екінші кемшілік екендігін, ал үшінші проблема – әділеттілікті орнатудың сапасына қатысты наразылықтар туындайтындығын ашық жеткізді. Бұл кемшіліктер соттың сөзбұйдаға салуына, соттағы қателіктерге, тіпті заңды бұзушылық жағдайларына апарады. Төртінші проблема – сот өндірісі үдерісінің айтарлықтай жетілдірілмеуімен байланысты. Қазақстанның сот жүйесіндегі бесінші проблема – бұл сот шешімдері орындалуының дәрежесі мен сапасынан тұрады. Сот билігінің мәртебесі мен әрекеттілігі осы шешімдердің орындалуымен тікелей байланысты. Ал, алтыншы проблема – заңнаманың жағдайына қатысты. Қолданыстағы құқықтың кемшіліктері мен ақаулығы соттағы дау-дамайларды тудыратын себептердің бірі. «Демек, сот жүйесінде шешімін таппаған проблемалар баршылық. Азаматтардың сот жұмысындағы кемшіліктерге шағымдануынан көптеген мысалдар келтіруге болады. Осыған байланысты бұл съезде ашық әңгіме өрбіп, осындай кемшіліктерді қалай жою жөнінде ұсыныстар болады деп үміттенемін» – деді Мемлекет басшысы съезге қатысушыларға арналған сөзінде, әділдіктің туын көтерген сот өкілдеріне.

Конституциялық принциптер соттың ұйыдастырылуы мен оның қызметін тікелей реттеп отыратын құқықтық норма болып табылады. Бұл нормаларды оларға катысты адамдардың бәрі, ең алдымен судьялар және сот процесінің басқа да катысушылары сөзсіз орындауға міндетті. Конституциялық нормалардың бұзылуы сот әділдігіне жатпайтын сот актілерін шығаруға әкеп соғады, ал олардың күшін жоғары тұрған сот сөзсіз жоюға тиіс болады.

Сот әділдігінің конституциялық принциптері соттың құрылысы мен қызметін реттейтін құқық салаларының принциптері мен бүкіл мазмұнында — сот құрылысында, азаматтық іс жүргізу жане қылмыстық іс жүргізу құқығында өз көрінісін тауып, дамытылған. Сот кұрылысы мен іс жүргізу құқығы нормаларында сот әділдігі принципі заңдардың нақты баптарының тұжырымдары түрінде берілуі мүмкін. Алайда бұл мұндай принциптердің бүкіл мазмұны осы тұжырымдармен шектеледі деген сөз емес. Кез келген принциптің мәні осы құқық саласының көптеген нормалары мен институттарында көрінеді, әйтпесе принцип белгілі бір құқық саласы үшін өзінің негізгі мәнін жоғалтар еді.

Кейбір принциптер салалық заңдарда жекелеген нормалар немесе заңдардың баптары түрінде тұжырымдалған. Бұл ретте олардың мазмүны құқық саласының түрлі ережелерінде ашылады, ал мұндай принциптің үғымы ғылымн зерттеу процесінде және тиісті саланың көптеген құқықтық нормалары мен институттарын іс жүзіне асыру барысында айқындалады. Сот әділдігі принциптерің ерекшелігі мынада: олардың бәрі Конституцияда және салалық заңдарда сот құрылысы мен іс жүргізу құқығының нақты нормалары түрінде берілген.

Принциптер мынадай екі бағыт бойынша жүйеленеді: ең алдымен конституциялық, яғни тікелей Қазақстан Республикасының Конституциясында тұжырымдалған принциптер және Конституцияда тікелей көрсетілмеген, алайда оның ережелерінен туындайтын принциптер. Мысалы, соңғыларына объективтік ақиқат, үздіксіздік, туралық, ауызекілік принциптерінен сот ісін жүргізудің өзге де принциптерін жатқызуға болады. Принциптердің бұлайша бөлінуі сот әділдігі принциптерін басты және екінші дәрежелі деп бөлу керек деген сөз емес. Сот әділдігінің демократиялық мәнін ашуда олардын бәрі өздерінің мақсаты мен сипаты, маңыздылығы жағынан зор рөл атқарады.

Сонымен бірге сот әділдігінің конституциялык, принциптерін (негіздерін) бөлу қажет болатын себебі, олар салалық заңдарда баяндалған басқа да барлық принциптердің дамуы мен жетілдірілуін анықтап береді, өйткені Қазақстан Республикасының Конституциясы барлык құқық салаларын, оның барлық прннциптерін дамытудың заң жүзіндегі негізі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында және сот құрылысы мен сот істерін жүргізу туралы салалық зандарда баяндалған, дамытылған сот әділдігі принциптері мыналар: заңдылық; сот әділдігін тек кана соттық жүзеге асыруы; судьялардың сайлануы немесе тағайындалуы; сот істерін жеке немесе алқа құрамында қарау; судьялардың тәуелсіздігі және олардың тек кана заңға бағынуы; сот әділдігін азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі негізінде жүзеге асыру; тараптардың бәсекелестігі мен тек кұқықтылығы; барлық соттарда істің ашық қаралуы; айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету; кінәсіздік презумпциясы; сот ісін жүргізу тілі; сот ісін жүргізу тілі т.б.

Соттың ұйымдастырылуы мен қызметін сот құрылысының (мемлекеттік құқыктың кіші саласы) және іс жүргізу құкығының екі саласының — қылмыстық және азаматтық салаларының нормалары реттейтін болғандықтан, сот әділдігі принциптері де осы құқық салаларында көрініс танытады. Бұл орайда, егер принциптер осы құқық салаларының біреуінен көрінсе, сонда жүзеге асырылса, ерекше салалық принциптер жайьнда сөз болады. Мысалы, айыпталушыньң қорғану құқығы принципі нақ қылмысты істер жүргізу құқығында бекітіліп, сонда жүзеге асырылады, демек, ол қылмыстық істер жүргізу және қылмыстық процестің өзіндік ерекшелігі бар салалык принципі болып табылады.

Бұл принциптер сот ісінде заңдылықты біркелкі түсіну мен қолдануды қамтамасыз етіп, соттарды формализмнен, дайын үлгіні пайдаланудан, кертартпалықтан қорғайды.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1439. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия