Студопедия — Дәріс 6. Қазақ жерін Ресей империясының отарлауы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс 6. Қазақ жерін Ресей империясының отарлауы






Жоспар

 

1. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардың басындағы қазақ-жоңғар соғыстары. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы.

2. Кіші және Орта жүздердің Ресей бодандығын қабылдауы.

3. Абылай ханның мемлекеттік қызыметі.

4. 1822-1824 жж. Патша өкіметінің Қазақстандағы әкімшілік-территориялық реформалары.

Тірек сөз: Өз еркімен қосылу,отарлау, жаулап алу,елшілік.

1730 жылы Петерборға Әбілқайыр хан Сейтқұл батыр Қойдағұлұлы мен Құтлымбет би Қоштайұлы бастаған елшілік жібереді.1730ж.қараша айында елшілік Петерборға жетіп, Әбілқайырдың хатын Ресей патшайымы Анна Иоановаға тапсырады. Хатта Кіші жүзді Ресейдің қол астына алуы туралы өтініш жазылған еді. Әбілқайыр елшілігі жоғары дәрежедегі сый - құрметпен қабылданды. 1731 ж. 19 ақпанда Анна Иоановна «Әбілқайыр ханды және бүкіл қазақ халқына оларды Ресей империясының қол астына алуы туралы» грамотаға қол қояды.Әбілқайыр хан мен басқада ел билеушілерінен тиісті ант қабылдау үшін Ресейдің сыртқы істер коллегиясының тілмашы А.Тевкелев бастаған елшілер жіберілді.Анна Иоановна Әбілқайыр ханға арнайы сыйлық жіберген: қылыш, құндыз ішік, қара түлкі терісінен жасалған екі тымақ.Сыйлықтарды хан ант қабылдаған соң ғана беруге нұсқау берілген.1731 ж. 5-қазанда А.Тевкелев Ырғыз өзені бойындағы Майтөбе деген жердегі Әбілқайыр ханның ордасына келеді. Елшілерді Әбілқайырдың үлкен ұлы Нұралы қарсы алады.Нәтижесінде 1731 жылы 10 қазанда Ресей бодандығын қабылдау және оған адал болу жөнінде антты бірінші болып Әбілқайыр хан, онан соң Бөгенбай батыр, Есет батыр,Құдайменді мырза береді.Ханнан басқа алғаш ант қабылдағандар ішінде 29/27 би,сұлтан,батырлар болған.1732 жылы 24 қарашада А.Тевкелев кері қайтады.

Қазақстанның Ресейге қосылу үрдісі қазақ халқының тағдырындағы өте қиын кезеңде дипломатиялық жолмен басталып, ХІХ ғ.50-60 ж. әскери күш қолдану арқылы аяқталды. ХҮІІІ ғ.30 ж. Жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылдары басталып, әсіресе Орта жүзге қауіп төндірді.Бұл жағдайда 1734 жылы 10 маусымда Анна Иоановнаның жарлығы бойынша Орта жүз билеушілерінің орыс бодандығын қабылдауы мәжбүрліктен туған саяси қадам болды. Бірақ Орта жүз әлі де болса дербестігін жоғалтпаған еді. Орта жүз ханы Сәмеке қайтыс болғанан кейін бұл жарлық жүзеге асырылмай қалды. 1822 жылы М.Сперанскийдің «Сібір қырғыздары туралы Жарғысы» енгізілгенге дейін Орта жүз өз алдына дербес өмір сүре берді.

Қазақ мемлекеттігін сақтап,оны нығайтуда қазақ ханы Абылай(1711-1781) көрегендігі әрі шебер дипломатиялық саясат жүргізді.1748 жылы Ресей бодандығын қабылдаған беделді сүлтан оны сақтай отырып, 1756 жылы Қытай бодандығын да қабылдайды. Бірақ іс жүзінде өз алдына тәуелсіз саясат жүргізген болатын. Ол жайында А.И.Левшин «Қырғыз қазақ немесе қырғыз қайсақ ордалары мен далаларына сипаттама» атты еңбегінде талдайды.1773-1734 жылдары Ұлы жүздің билеуші ақсүйектері де орыс бодандығын қабылдау туралы шешім қабылдайды. Жолбарыс хан бұл жөнінде Петерборға өтініш жасайды. 1734 жылы 10 маусымда Ресей үкіметі Ұлы жүздің ықпалды ру бассыларын орыс елінің қол астына алу жөнінде грамота қабылдайды. Бірақ Ұлы жүздің Ресейден территориялық тұрғыда қашықта орналасуы,х.а. және ішкі жағдайдың күрделілігі Ұлы жүздің Ресейге толығымен қосылуына біршама кедергі жасап, оны кейінге қалдырған еді.

Жаңа қосылған жерлерді бекіту үшін сенаттық обер лейтенанты И.К.Кириллов басқарған арнайы Қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды.Бұл кейін Орынбор экспедициясы деп аталды. Ал оның ісін қадағалауКіші жүзді Ресейге қосу жоспарын сәтті орындағаны үшін тілмаштық қызыметтен полковник дәрежесіне көтерілген А.Тевкелевке жүктелді.1737 ж. И.Кериллов қайтыс болғаннан кейін Орынбор экспедициясы Орынбор комиссиясы болып қайта құрылды. 1735 ж.Орынбор бекінісінің құрлысы басталды. 1744 ж.бастап ол Орынбор губерниясының,ал 1748 ж Орынбор казак әскері бөлімдерінің орталығына айналды.1740-1743ж.ж Кіші жүз және Оңтүстік Орал аймағында көптеген бекіністермен форпостар салынды. Бұл бекініс желілері қазақтардың келісімінсіз салынып,олардың көші қон жүйелерін бұзды және мал жайылымдарын ығыстыра бастады.

ХҮІІІ ғ. 50-ж. Горький, Иртыш, Ишимск, Орск әскери желілері пайда болды.Осындай саясаттың нәтижесінде Жайықтан бастап Өскеменге дейінгі 3,5 мың шақырымды құрайтын тұтас бір-біріне жалғасып жатқан әскери бекіністер салынып,ол жерлерге казактарды қоныстандырды.С/тан бұл кезең әскери-казактық отарлаудың негізделуі болып табылады.Қазақ жерін отарлау саясатын пәрменді түрде Орынбор губерниясының бірінші губернаторы И.И.Неплюев жүргізді. 1742ж.19 қазанда ол қазақтарға Жайық өзені маңында көшіп-қонуға тиым салу туралы жарлық шығарды. Қазақ халқының тарихына үлкен өзгерістер енгізген Әбілқайыр хан 1748 ж.11-08 56 жасында қаза табады. Оны Барақ сұлтан өлтіреді. 1748ж 2-10 Әбілқайыр ханның орнына Кіші жүз ханы болып оның үлкен ұлы Нұралы тағайындалады.

Абылай хан.Бүкіл халықтық мойындауға және үш жүздің ханы атағына қарамастан, Абылайдың билігі шексіз билік болған жоқ.Абылай биліктің орталықтандырылуын нығайтуға ұмтылды. Орталық билікті күшейту үшін Абылай қолданған шаралардың екінші кешені-бір тұлғаның қызметіне және оның тұлға ретіндегі қасиеттеріне сүйену. Абылайдың сыртқы саясаты да икемділігімен және ымырашылдығымен сипатталды. Оның Ресей мен Қытай сияқты күшті мемлекттермен қатынастарының Орта Азия мемлекеттерімен қатынастарынан едәуір айырмашылығы болды. Отаршыл империялардың күш-куатын ете жақсы үғынған хан, бір жағынан, Ресей протекторатын таиу-дан бас тартпай, екінші жағынан, өз иеліктерінде екі державаның да ыкпалы күшеюіне жол бермей, олармен катынастарда барынша икемділдік көрсетуге тырысты

Дәріс 7. XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың ортасындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы

Жоспар

 

1. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісі

2. Исатай,Махамбет басшылығымен болған шаруалар көтерілісі

3. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

4. Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сыр бойы қазақтарының ұлт- азаттық қозғалысы.

 

Тірек сөз: ұлт-азаттық көтеріліс,жер, салық,отарлау.

 

Патша өкіметінің отарлық саясатының жүргізілуі және оның әдістеріне қарсы қазақ халқының ұлт азаттық көтерілістерінің басталуы. Сырым Датұлы басқаруымен болған көтеріліс. 1783-1797 жылдар Көтеріліс болған жер: Кіші жүз. Себептері: Жер мәселесінің шиеленісуі; патша үкіметінің казақтарға мал

жайылымы ретінде Жайық пен Еділ өзендерінің арасына өтуге шектеу жасағандығы. Ханның, сұлтандардың, орал әскерінің казактары мен патша әкімшілігінің. халықты ашықтан-ашық талан-таражға ұшыратуы.Сылтауы: Орал казактарының 1782-1783 жылдардың қасында Кіші жүздің «ішкі жақка» (Жайық өзенінің сыртына) өткен малшыларынан 4 мыңнан астам жылқыны қуып кеткендігі.Басқарушы-батыр Сырым.Оның негізгі мақсаты- патша үкіметінің отарлау саясатына, Нұралы ханның билігіне қарсы шығу. Сырым Хан кеңесінің құрамына ендірілді Көтерілістің тоқталуы.Жеңілістің себептері: Стихиялық жағдай, ұйымдаспаушылық; көтерілген халық пен оны басқарған басшылардың әрқайсысы алдарына әртүрлі мақсаттар қоюы. Маңызы: хан билігін шектеп, онан кейін оны жоюға жағдай тудырды.

Исатай Тайманов және Махамбет Өтемісұлы басқарған көтеріліс. Көтеріліс болған жер:Бөкей Ордасы.Себептері:Бөкей қазақтарын отарлауға қарсылығы, жер мәселесі. Жайылымдарды пайдаланғаны үшін алынатын және басқа да салықтардың көбеюі. Патша өкіметі тарапынан да жайылымдарды пайдалануға шектеу жасаудың арта түсуі. Сылтауы: Малшылардың бір бөлігі мен Каспий облысының басқарушысы - Қарауыл Қожаның халықтан салық жинау кезінде жасаған қысымшылығына байланысты арадағы даудың тууы. Маңызы: күрес аса ірі оқиға ретінде ішкі (Бөкей) Ордада басқару тәртібі жөніндегі мәселені мейлінше шиеленістірді.Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс. Себептері: Қазақ халқының саяси және экономикалық жағдайларының нашарлауы. Қазақтардың тәуелсіздігін мүлдем жоюға (әскери құрылыстар мен бекіністер салу, ең шұрайлы жайылымдық жерлерді жаппай тартып алу, шектен тас салықтар салуды ендіру, әкімшілік басқаруға байланысты патша реформасын жүргізу) бағытталған патша саясатына жалпылама наразылықтың өсуі.Кенесары мен оның серіктерінің өлімі. Жеңіліске ұшырауы. Маңызы: Алдыңғыларға қарағанда территорияларды қамту мен халықтың көп қатысуы жөнінде ең көлемді ұлт-азаттық қозғалыс болды. Тәуелсіздік жолында халық қарсылығының, біркелкі орталықтандырылған мемлекет құруға тарысушылықтың күшін көрсетті.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1926. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия