Студопедия — Лекция №11 Абылай хан мемлекет қайраткері және саясаткер
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лекция №11 Абылай хан мемлекет қайраткері және саясаткер






(1771-1784 жж.)

Негізгі ұғымдар: «Сабалақ», мәмлігерлік саясат, «Шанды жорық», «Қалмақ көшуі»,«Орта Орда», оқшаулану (изоляционизм).

Жоспар:

1. Орта жүздегі саяси ахуал, Абылай ханың Жоңғариямен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынасы.

2. Абылайдың әскери мемлекеттік қызметі.

Мақсаты:Абылай ханның ішкі-сыртқы саясаттаржүргізудегі қол жеткізген саяси табыстарын талдау арқылы оның саясаткер, мемлекет қайраткерлігіне баға беру. Абылай ханның Мемлегерлік саясаттағы шеберлігін көрсету. «Шанды жорық» Қалмақ-Жоңғар соғысының аяқталуын қорытындлау.

Лекция

1. Орта жүздегі саяси ахуал, Абылай ханың Жоңғариямен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынасы. XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастау алатын Қазақ, Жоңғар, Қытай арасындағы қарым-қатынастар қазақ ханы Абылайдың кезінде басталғаны баршаға белгілі. Ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы қайраткер тарихи тұлға хан Абылай туралы: «Халықтың ерік жігерінің тастүйін бірлігі Абылай ханның бір басында бейнеленді.Батырлармен тізе қосып,қаһармандықтың тамаша үлгілерін көрсеткен, сөйтіп халықтың ұйтқысы болған Абылай ханның ерліктері сонау қатал заманда қазақ рухын қайта түлетудің бір алтын діңгегіне айналды» деген. Хан Абылайдың елдің елдігі үшін Қытай-Жоңғар арасындағы сыртқы саясатқа тікелей араласып атқарған мәмлегерлік саясатының тарихы мәніне тоқталсақ.XVIII ғасырдың қырқыншы жылдары Қалдан Цнрен хұнтайшы қаза тапқаннан кейін Жоңғар нояндарының арасында туылған тақа таласу мен алауыздық Жоңғарияны аса ауыр жағдайға тап қылғаны тарихта мәлім. Осы Жоңғарлар қырқысы жөнінде Н.Мыңжан «Абылайхан осы орайды пайдаланып, Жоңғардың ішкі ісіне килігіп, үкімет билігіне таласқан Жоңғар феодалдарының біресе ол жағын біресе бұл жағын қолдап талас тартысты ушықтырып, оларды әлсірете түсті. Сол арқылы бұрын Жоңғарлар тартып алған қазақ жерлерін қайтарып алып отырды» деген пікірін білдірді. Ал, Қалдан Цереннің қалған екі ұлы Дауашы мен Әмірсана, Лама Доржимен соғысты. Бұл соғыста Лама Доржидан жеңіліп қалған, Дауашы мен Әмірсана қазақ хандығына қашып келіп Абылайды паналады. Абылайдың көктен сұрағанын жерден беріп бұл екеуін құшақ жая қарсы алды. Кезінде қазақ халқын талай қанды зұламаттарға ұшыратқан Жоңғар қаскөйлерін хан Абылайдың құшақ жая қарсы алуының себептеріне келсек: Біріншіден, отқа май құйып, шиеленісті одан әрі ушықтыра түсу, Екіншіден, қазақ халқының Жоңғарларда кеткен кегін қанды жорықтамен емес, қалмақтардың өз қолдарымен қайтару еді.

Үшіншіден, кезінде Жоңғарлардың қолтығына су бүркіп қазақ даласына айдап салып, осы қалмақ қолдары арқылы қазақ жеріне өз билігін жүргізуді көксеген Қытай билеушілеріне қазақ халқының оңай шағылар жаңғақ емес екенін көрсету болатын. Абылайдың да бар назары сол екеуінде. Ол қазір өзінің көптен дайындаған саясатынын жемісін көріп тұрғандай. Абылайдың бұл Жоңғар нояндарымен жақын таныстығына тоқталар болсақ, кейбір деректерде «Абылай үшін жоңғар тұтқынында болған уақыт із-түссіз кеткен жоқ. Ол ойрат тілін, жазуын үйренумен қатар, ол елдің ішкі жағдайларымен мұқият танысып, сонда жүріп Жоңғар ханзадаларымен кездескен. Хандықтың мықты және осал тұстарын байқап, өзімен пікірлес адамдар тауып Дауашы, Әмірсана деген нояндармен жақсы қарым-қатынас қалыптастырған. Мұның бәрін кейін өз саясатына мейлінше пайдалана білгендігі» айтылады. Мұндай мүмкіндіктерді мүлт жібермейтін Абылай үшін хұнтайшы тағына өзге емес, өз қанатынын астындағы нояндардың отыруының тиімділігі айтпасада түсінікті. Абылайдың ендігі ойы Лама Доржиды тақтан тайдырып, осы екеуінің қайсы бірін хұнташы тағына отырғызу еді.

Біріншіден, Жоңғарияға өз ықпалын жүргізуді көздеу.

Екіншіден, қазақтардың байырғы ата-мекені Алтай, Тарбағатай аймақтарын қайтарып алу еді. Осындай мақсаттармен Дауашы мен Әмірсананың төңірегіне топтасқан қалмақтың жасағына қазақтың сайдың тасындай іріктелген қолды қосты да «1753 жылдың басында Абылай Лама Доржидың әскери жорығын күтіп отырмай өзі қалың қолды бастап қалмақ жеріне енді». Бұл жорықты Абылайдан басқа қазақтың бас батырлары ғана білген. Оған себеп, біріншіден, көпдылғы қырғын соғыстан қажыған өзі келіп тиіспесе өзге елді шаппайтын қазақ халқы үшін жат қылық болса, екіншіден, Лама Доржиға хабар жетіп қоюдан сескенген еді. Осындай шағын құпия жорықтың нәтижесінде «1753 жылы 13-ші қаңтарда Дауашы хұнтайшы тағына отырды». Бұл жорық нәтижелі болғанмен Абылайдың жоңғарияға өз ықпалын жүргізуді көздеген мақсаты іске аспады. Оған себеп жоңғарлар арасында қайта басталған алауыздық пен таққа таласу. Енді хұнтайшы тағына отыра алмаған Әмірсана өзінің бұрынғы одақтасы Дауашыға қарсы шықты. Ойрат тайпалары тағыда аласапыран жағдайға тап болды. Бұл соғыста Дауашыдан жеңіліп қалған Әмірсана Еженханға (қытай императоры Цянь Лунь автор) қашып барып паналады. Әмірсананың бұл әрекетінен (өзін емес Еженханды паналауынан) сескенген Абылай ендігі қауіптің алыстан келетініне ешқандай күмән келтірмеген еді. Жоңғар еліне төнетін негізгі қауіп қазақ хандығынан емес олардың түбіне жететін ең үлкен апат шығыстан екенін Әмірсана жақсы түсінбеген. Ол азулы айдаһар Жоңғария мен Қашқарияны ғана жұтып тоят тапса жақсы, оларды қанағат тұтпай қазақ даласына қол созатыны тек Абылайға ғана емес барша қазақ халқына мәлім еді. Ендігі жерде қазақтардың айқасатын жауы өзі тәріздес көшпелі қалмақ емес, отырықшы қысық көз шүршіт болмақ. Бұл қалмақтан да қатерлі жау. Сондықтан, әлі де болсада шығысқа қарай ілгеріліп қазақтың байырғы ата-қоныстарын қайтарып, алда болатын үлкен саяси дауға сақадай сай тұру қазақ халқы үшін өте қажет болатын. Бұл арада қазақ хандығы үшін Жоңғарияның өз мемлекетін сақтап тұруыда тиімді еді. Біріншіден, Шығыстан төнетін қауіп қатерге тосқауыл болса, екіншіден, өзінің ішіндегі саяси әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалыпты етіп, түзетіп алу үшін қажет еді. Сондықтан да Абылай Жоңғар нояндарына алма кезек қолдау көрсетіп отырған. Сөйтіп,қазақ хандығының шекаралы аймақтарын кеңейту қамымен Абылай Алтайды жаудан тазартпақ. Бұл жер қазақ халқының ежелгі ата қонысы екенін басқаларға мойындату болса, сондай-ақ орта жүздің керей, найман руларының ата-мекені екенін ескере отырып, осы аймақты қалмақтардан қайтарып алмақ. Кейбір деректе «Х-ХІІ ғасырда найман тайпалары Селенга мен Орхон өзендерінің сағасынан Алтай тауларының шығыс сілемін алып жатқан. Керейлер туралы алғашқы мәліметтер ХІ ғасырдың ширегіне жатады. Олар Тола өзенінің аңғарын Орхон өзенінің орта ағысы ауданын және Онғын өзенінің аңғарын алып жатқан Шыңғыс хан шапқыншылығы қарсаңында, керейттер бүкіл қазіргі Монғолия мен Алтай аумағында үстемдік еткен, моңғолдар да олардың қол астында болғаны» жөнінде пікірлер бар. Осындай деректерге қарап, Абылайдың Алтайды азат етуі таңдауының бекер емес екенін байқауға болады. Әрине, жоңғарлар қазақ халқы үшін оңай жау болған жоқ.XVIII ғасырдың басынан орта шеңі дейін жоңғар әскері Орта Азияны тітіркенткен, күші басым жау болғаны тарихтан белгілі. Мұндай жауды қазақ даласынан ығыстырып шығару үшін қазақ халқына үлкен ептілік пен шеберлік қажет болмақ.Осы Абылайдың Алтайды азат етуін Қ. Жұмаділов шығармасында көрсеткен. «Маусым айының аяқ шеңінде Аякөз өзенінің бойында тоғыз таңбалы найманнан бір түмен қолды бастаған Қаракерей.Шілде айының басын ала Арғынның алты мыңдай қолын бастап Бөгенбай,Малайсары батырлар келіп жетті. Бұлардың соңын ала бес мың қол мен Керейдің батыры Ер Жәнібек пен батыр Баян келіп жетті. Дәл осы тұста Қарқаралыдан, қасында бір мың төлеңгіті бар Абылайда келіп қалып еді» - деп көрсетеді.Академик М. Қозыбаев «Абылайдан болған дәуірдегі әскер басы болып келген адамдар-Қаракерей Қабанбай батыр, Еспенбет батыр, Керей Жәнібек батыр, Қанжығалы Бөгенбай батыр және басқалар»деп Жұмаділовтың көрсеткен батырларын анықтай түседі.Осылайша,шығысқа Алтайды азат етуге аттанған Абылай қалмақтардан Алтайды азат етіп қана тоқтаған жоқ, Жоңғар қақпасы арқылы Бұратолаға асып түсіп, Дауашының ордасын шапты.Н.Мыңжан «Абылай 1754 жылы қазанда Дауашының орталығы Іле өңіріәне келіп тиісті.Буратола өңіріне дейін шабуыл жасады. Бұларадағы ойрат тайпаларын айдап әкетті. Дауашы әскерлерінің Іле өңіріне сақтаған астық, торғын-торқа мал-мүлкін талап алды» - деп нақты дәлелдер келтіреді. Қазақтардың бұл жорығынан қытыайлар да хабардар еді, енді оларға Жоңғарияға қол аттандыру сылтауы да табыла түсті. «Қазақтардың Дауашыға жорық жасағанына қарағанда,Дауашы күші тым әлсірейін деген екен. Егер біз жедел әскер аттандырмасақ, қазақтарың көлденең олжаға ие болып кетуі сөзсіз» деп қытайлықтар Жоңғарияға қол аттандыру шешімін қабылдаған.Бірақ Дауашы ордасын талқандаған қазақтар бұрынғыдай емес, ішкі әлеуметтік-экономикалық жағдайы біршама жақсарып қалған айлалы басшысы бар ел еді. «Чин патшалығы 1755 жылы ақпан айында Жоңғарияға екі бағыттан екі жүз мың қол аттандырған және де өздерінің қазақтар жөнінде қабылдаған принциптерінде жариялады». Бұл аттаныста қытайлықтар Әмірсанадан көмегін аямаған,тек көмек беріп қана доғармай, Чин патшалығының шекараны тыныштандыруда сол қол генералы деген шенде берген. Олардың Әмірсансаға осыншама Құрмет көрсетуі,болашақта қазақ жеріне жорық жасауға пайдаланбақшы еді. Талай жыл Абылай мен аңда болған қазақ даласының қыр-сырын жақсы білетін Әмірсана Қытайлар үшін таптырмас олжа екені анық. Сонымен,шығысқа Алтайды азат етуге шыққан қазақ жасақтарының жорығы батысқа Жоңғарияны тыныштандыруға шыққан Чин патшалығының аттанысы бірінен соңбірінің шабуылына ұшырап, әлсіреген Жоңғар елін қытай әскерлері шауып жасағын талқандап, ел билеушілерін қолға түсірді.Енді Жоңғарияның мүлде жойылып кетуі неге әкеліп соғатынын жақсы түсінген Абылай,батысқа қарай ілгерілеп келе жатқан қытайға қарсы шыққаннан көрі Жоңғар хандығын қайта қалпына келтіру қамымен өз саясатын жүргізе бастады. Дәл осы тұста өз қателігіне көзі жеткен Әмірсана қытайларға қарсы қайта бұлік тудырып,қазақ хандығына қашты. Бұл жолы қашып келген Әмірсананы Абылай тағы да құшақ жая қарсы алды. «Сөйтіп,1755 жылдың қыркүйегінде Әмісана қытай басқыншыларына қарсы күреске кірісті. Абылай қалмақтың ұлт-азаттық күресін қолдады. Сол көмекке сүйене отырып Әмірсана елін азат етіп,өз билігін Жоңғардың негізгі жеріне жүргізе алды. Жау ктісімен бақталастық қайта басталды. Соның салдарынан 1756-1757 жылдардағы Цин империясының әскери шапқыншылығы олар үшін жеңіспен аяқталып,Жоңғар мемлекетінің тағдыры түбегейлі құрумен шешілді. Әмірсана қайтадан қазақ даласына қашты. Осылайша батысқа қарайлап қойған қытай әскерлері жоңғарияның дербестігін жойып, Шығыс Түркістанды басып алып,өз шекараларын кеңейте түсті. Жоңғарларды алма-кезек қолдап, бір-біріне айдап салып,ішкі жағдайы едәуір турақталып қалған қазақ хандығы үшін ендігі жағдай біршама қиынға түспек.

Орыс патшасының ұлықтарыда Абылай сұлтанның шын мәніндегі үлкен саясаткер тұлға екенін тани білді.Сондықтанда Абылай сұлтан арқылы орта жүздегі бодандық билік жүиесін жүзеге асыруды көздеген мақсаттарын іске асыруда қандай болмасыншығын қаражатқа қарамай күш салуды көздеген әрекеттерінің өзінен 1743 жылғы желтоқсандағы шекаралық Сібір шебінің губерниясының кеңсесіне жіберген. Абылайға қатысты хаты көп жайдың мәнін байқатады.

Сол тұстағы қазақ-қытай қарым-қатынасына Ресей патша үкіметінің ұстанған саясатына тоқталсақ. А.Добромыслов пікірінше. Орыс үкіметі үнемі жаугершіліктің болуы және Новороссийск өлкесінің құрылуына байланысты шығыс аймаққа көп көңіл бөліп алмады. Одан әрі аз уақытта көп әскер жіберіп, қазақтарды басуға болар еді. Онда қазақтар 1756 жылғы жоңғарларды қырып босатқан Қытай жеріне көшіп кетпек. Онсыз да қазақ хандығы Ресей шекарасынан аулақ көшіп Қытай боданы болуды армандап жүрген. Абылай болса Богды ханның боданы деген ойын қалдырған. Біздің айтпағымыз, Добромысловтың бір жақты пайымы тарихи ақиқатты алшақ жатқандығы.

Сонымен қытайлардың Орталық Азияға қызығушылығы жөнінде саясаттанушы Е.Карин. «1756 ж. Император Цян –Лунь Қытай порттарындағы саудаға тыйым салды. Европалықтардың белсенді енуі Азиялық Тынық мұхитта қытай үстемдігін мүмкін еткен негізгі әскери және экономикалық айқындамалардың әлсіреуіне әкеп соқты. Сол себептен Пекин аймаққа өзінің баяғы саяси билігін жүргізе алмады. Алайда оқшаулану (изоляционизм) саясаты қытай үстемдігін Оңтүстік –Шығыс Азияда әлсіреткенімен, қытайдың ықпал ету аймағымен қосымша басқа территорияларды енгізу қажеттігін туғызды. Сөйтіп геосаяси ахуал өзгеруінен Қытай оңтүстік және оңтүстік-шығыста қысылып қалып,орталық Азияға саясатын үндетүге мәжбүр болып, Қазақстанға қатысты мүдесінде өзінің саяси ықпал ету аймағын кеңейтпек болды». деген тұжырым жасайды.Осылайша батысқа (орталық Азияға автор)қарай ілгерілеп келе жатқан Қытайлықтар мен саяси келіссөздер жасасып дипломатиялық қадамдарға көшпесе Жоңғарлардың басына туған күн,қазақтарға да келуі ғажап емес еді.Осындай принциптерді ұстанған Абылай 1757 жылы Қытайға елші жіберді.Ондағы қазақтың Абылай бастаған ел ағаларына жолдаған хат: «Қанжығалы, Танаш, Атығай, Өміртай, Төлен, Аланза, Бекенай деген елшілеріңіз Жы-хыға келіп менімен (Еженханмен) дидарласты. Оларды осы арда үлкен сый көрсетіп қайтармақшы болып едік,Қанжығалы бастаған елшілік Бәжіңгеде апарсаңыздар деген тілек білдірді. Сондықтан олар өз нөкеіме ілесіп,менімен бірге Бежіңге барды.Оларға қайтадан дастархан жайып сый көрсеттік.Абылай,Әбілпейіс сіздерге арнап бірнеше асыл киім жібердім. Оны елшілеріңіз барғанда табыс етер»- деп баяндаған. Осылайша дипломатиялық қатынастарға көше бастаған қазақ билеушілері ұлы жүз.кіші жүзденде елшіліктер аттандырған еді.Қытайлар қазақ елшілеріне сый көрсетіп шен-шекпен баріп қайтару.Қазақ елдігін мойындап алыс-беріс қатынас арқылы дипломатиялық байланыста тең көріп санасатын пікірлерін сездіргендігінің белгісін байқауға болады.Сондай-ақ өз позицияларында қазақ елшілері көнгіш болмай қытайлықтардың қазақ елдігіне деген саяси көзқарастарын қазақтармен санасып жүргізуіне ықпал ете отырып,Қытайлардың қазақ даласына ілгерлеп кіруіне тосқауыл болуды ұстанды.Елшілік бағыттарындағы ұстанған мақсаттарын жүзеге асыра білді. Бұлда бабаларымыздың қарыс сүйем жерімізді қарумен де, ақыл-айла мен де қорғап қалдырған аманат істерінің тарихы еді.

2. Абылайдың әскери мемлекеттік қызметі. 1775 ж. Абылай сұлтан дербес көшіп-қонып жүрген көптеген старшындар мен сұлтандар оның ішінде Әбілфейс те бар кейіннен қайтыс болып кеткен. Ресей Сібір шекаралық бастығы арқылы өздерін Ресей қол астына алуына сұраған.

Абылай сұлтан 1771 ж. дейін сұлтан аталып, 1771 ж. бастап өзін Абылай хан атаған. Ресей үкіметі Абылайға хан атағын айтуының себебін сұрағанда Мен хандықты қалмақтарды жеңген еңбегім үшін алдым. Үш орданың ханы болып Бұрынғы дәстүр бойынша Түркістанда тұрып. Өлгенде қасиетті әулие Қожа Ахметтің мазарының қасында жерлену арманын жүзеге асыру мақсатын жеткізеді. Мұны естіген ІІ Екатерина Абылайдың үш орданың бас ханы болып, Қытаймен одақтасып қазақ даласының дербестігін алып, кете ме деген қауымынан болар. Абылай хан Ресейден өзінің шенеуліктерін жіберіп, хандық атағын бекітуіне өзінің өтінішін беруіне көндіруге арнайы адам жіберген.

Абылай хандығын бекітуге өтініш сұрап ұлы Тоғымды жіберетінін айтады. Тоғым 1778 ж. Санкт-Петербургке келеді. Абылайдың үш жүздің ханы етіп бекітуін сұраған өтінішін қарай келіп, үш жүздің емес, тек орта жүздің ханы етіп жариялап бекітуді ұйғарады. Патша үкіметі үш жүздің ханы етуді қаламайды. Себебі Абылай ханды үш жүздің ханы етіп сайласа, қазақ даласын уыстарынан шығарып алатындықтарынан қорықты. Нұралы ханды кіші жүздің ханы етіп жариялағанда патша үкіметі Нұралы хан орта жүзді де Ресей бодандығына әкелетіндігіне сенген болатын. Нұралы хан Ресей патша үкіметінің, күткендеріндей болмады. Сондықтанда олар қазақ хандарына сенімдері бола алмады. 22 мамырда 1778 ж. сұлтан Абылай Ресей тарапынан Орта жүздің ханы болып бекітілген грамотаны патшайым ІІ Екатеринаның қолынан алды. Абылай өзі бармады ұлы Тоғым хандық грамотаны алды.

Патшайым Абылай ханды жақын жердегі бір шекаралық бекініске шақырып ант беру салтанатын өткізіп Абылайдан Ресей үкіметіне адал қызмет етуге ант алуын тапсырады. Шекара бастығының Абылайға ант беруіне көндіргісі келген бірнеше әрекетінен түк шықпаған. Сондықтанда хандық грамотасы, хандық белгісі, сыйға тартпақ болған бұлғын терісінен тігілген тон, қара түлкіден тігілген бөрік, қылыш Абылайға табыс етілмей қалған. Осылайша Абылай хан өзін патша үкіметінен де тәуелсіз етем, дербестігін сақтап қалды. Кейін патша үкіметі ақшалай сыйақыны беруді тоқтатады. Орыс шенеуніктеріне Абылай хан ордасына баруға да тыйым салады. Шенеуніктердің жеке өмірлерінің сақтығы үшін. Патша үкіметі реті келсе Абылайды тұтқынға алып ішкі губернияларға жіберуді тапсырған Абылай әскерімен буруттарды шауып талдары мен көп адамдарын тұтқынға алып, буруттардан аманатқа адамдар алып Түркістанға көшіп кеткен. Тұтқын буруттарды орта жүздің солтүстігіне қоныстандырып, ұлы жүзге ықпал жасау үшін ұлы Ғаділге Талас өзені бойына ұй салдырып, оның қасына қарақалпақтарды қоныстандырған. 1781 ж. Ресей шекарасына қарай қайтып келе жатқанда 70 жасында жолда қайтыс болады. Түркістанға жерлейді. Абылайдың қайтқанын естіген Қытай билеушісі өзінің шенеунігіне Орта жүзге жіберген Абылай хан өліміне байланысты көңілдерін білдіріп тағзым етіп қайтуға Ералы қарақалпақтар хан Сыр бойына көшіп кетеді. 23 желтоқсанда 1781 ж. Орынбор губерниясын жауып, Уфа наместничествосын ашуды ұйғарды. Оның құрамына Орынбор губерниясы кірді. Орынбор облысы аталды. Облыс құрамына төрт уезд кірді. Орынбор, Берхоуральский, Бузулукский және Сергеевский өлке бастығының резеденциясы Орынбордан Симбирскіге көшірілді. Басқарушының титулы генерал-губернатор 1784 ж. генерал-губернатор қызметіне барон Игельстроп тағайындалғанша Симбирскіде болды.

14 қаңтар 1784 ж. ІІ Екатерина жарлығы Орынбор өлкесінің бастығы генерал-поручик Иван Варфоломеевич Якоби Орынбордан шекаралық экспедиция ашуды тапсырады. 1770 ж. бастап кіші жүз ханы Ресейге аманат бермеді. Орта жүз ханы Абылай аманат бермек түгел хандығын Ресей тарапынан берілген грамотасын да алмады. Орыс-қазақ шекара барымтасы тоқтамады. Осының бәрін тоқтату үшін ІІ Екатерина қазақ шекараларына іргелес орыс қалаларына мешіт салуға, татар мектептерін ашып, бала оқытуға бұйрық береді, қазақтарды өздеріне тартудың тәсілі еді. Осылайша қазақтарды Ресейге орыс халқына жақындатуды ұйғарады.

6 тамызда 1785 ж. генерал губернатор барон Игельстром Орынбор, Троицк бекіністерінде мешіт құрылысы бітіп ашылғандығын патшайым ІІ Екатеринаға хабарлайды.

Бекіту сұрақтары:

1.Абылайдың Жоңғариямен, Қытаймен, Ресеймен ұстанған саяси қарым-қатынасының нәтижесі қандай болды?

2.Абылайдың әскери мемлекеттік қызметі туралы жазылған қазақ тарихшыларынан кімнің еңбегін білесіз және еңбек қалай аталады?

3. Неге «Шанды жорық» аталған?

 

Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 1878. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия