Студопедия — Ағидалары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ағидалары






Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және

Анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 59-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Азақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы «31» қазандағы

№1241 қаулысымен

бекітілген

Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу және еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру

ағидалары

1. Жалпы ережелер


1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленді және медициналық ұйымдардың еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізуінің, еңбекке уақытша жарамсыздықты куәландыратын құжаттар беруінің тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) еңбекке уақытша жарамсыздық - адам организмінің сырқаттанумен немесе жарақаттанумен негізделетін жай-күйі, мұндай кезде функциялардың бұзылуы еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру немесе мүгедектікті белгілеу үшін қажетті уақыт бойы кәсіптік еңбекті орындаудың мүмкін болмауымен ілесе жүреді;

2) еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы - мақсаты жеке адамның еңбекке жарамсыздығын және оның сырқаттану кезеңінде еңбек міндеттерін орындаудан уақытша босатылуын ресми тану болып табылатын денсаулық саласындағы сараптаманың түрі;

3) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі - МӘС) - оңалтуды қоса алғанда, организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысының шектелуін бағалау негізінде куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктерін айқындау;

4) дәрігерлік-консультациялық комиссия (бұдан әрі - ДКК) - медициналық ұйым ұйымдастыратын комиссия;

5) еңбекке уақытша жарамсыздық парағы - еңбекке уақытша жарамсыздықты куәландыратын және жұмыстан уақытша босатуға және еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алуға құқығын растайтын құжат;

6) еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы - жәрдемақы алмай жұмыстан (оқудан) босату үшін негіз болып табылатын, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша еңбекке жарамсыздық фактісін куәландыратын құжат.

3. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы:

1) жіті немесе созылмалы аурулар асқынған;

2) еңбекке жарамдылығын уақытша жоғалтуға байланысты жарақаттанған және уланған;

3) жүктілікті жасанды үзген;

4) науқас балаға күтім жасаған;

5) жүкті болған және босанған;

6) жаңа туған ұл/қыз баланы асырап алған;

7) санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделген;

8) карантин;

9) протездеген кезде беріледі.

4. Еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы:

1) ауырған, жарақаттанған және уланған;

2) алкогольге немесе есірткіге мас күйінде жарақаттанған, сондай-ақ алкогольге немесе есірткіге жіті уыттанған;

3) өзге бұзылулармен және аурулармен асқынбаған созылмалы алкоголизмді, нашақорлықты емдеген;

4) науқас балаға күтім жасаған;

5) инвазивтік тексеру әдістерін жүргізу кезеңінде консультациялық-диагностикалық ұйымдарда зерттеп-қараудан өткен;

6) жүктілікті жасанды үзген;

7) жүкті болған және босанған;

8) жаңа туған ұл/қыз баланы асырап алған;

9) санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделген;

10) карантин;

11) протездеген кезде береді;

12) ауысымның соңына дейін еңбекке жарамсыз болған кезде кәсіпорындардың және ұйымдардың медициналық пункттерінің медицина қызметкерлері береді.

5. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын:

1) мемлекеттік және жеке меншік нысанындағы медициналық ұйымдардың, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын дәрігерлер (бұдан әрі - денсаулық сақтау субъектілері) өздерінде еңбекке уақытша жарамсыздықты сараптау жүргізуді қамтитын медициналық қызметтің түрін жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда береді;

2) ауылдық жерде дәрігер болмаған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасын фельдшердің беруіне рұқсат беріледі.

6. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы:

1) еңбекке уақытша жарамсыздық белгілері анықталмаған жағдайда медициналық ұйымға медициналық көмек сұрап, өтініш білдірген;

2) әскери басқару органдарының жолдамасы бойынша медициналық куәландырудан, медициналық тексеруден өтетін немесе емделетін;

3) қамаудағы немесе әкімшілік қамаудағы;

4) амбулаториялық-емханалық жағдайларда әртүрлі ем-шаралар мен манипуляциялар қабылдайтын, тексеруден өтетін, асқынудан (нашарлаудан) тыс созылмалы аурулары бар адамдарға берілмейді.

Көрсетілген жағдайларда амбулаториялық (стационарлық) науқастың медициналық картасынан көшірме беріледі.

7. Мынадай медициналық ұйымдарда:

1) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда;

2) сот медицинасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда;

3) травматологиялық пункттерде және стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерінде;

4) санаторийлік-курорттық ұйымдарда;

5) апаттар медицинасы ұйымдарында;

6) саламатты өмір салтын қалыптастыру және құнарлы тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда;

7) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінде;

8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда;

9) жедел медициналық көмек ұйымдарында еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілмейді.

 

2. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу,







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 540. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия