Студопедия — Бiз бүгiн қай жерде тұрмыз?
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бiз бүгiн қай жерде тұрмыз?






Адамдардың өмiрiнде шарықтау сәтi бар, ол, егер дұрыс пайдалана бiлсе, табысқа жеткiзедi. Егер оны қолдан шығарып алса, онда одан кейiнгi жол қайраңға малтығып, тайғақ кешумен ұласады Шекспир

Ұланғайыр мүмкiндiктер баршаға берiледi, бiрақ көп
жандар олармен ұшырасқанын сезбейдi де
Даннинг

Соңғы алты жыл iшiнде бiз екi басты стратегиялық мақсатты көздедiк.
Бiрiншiден, Қазақстан егемен тәуелсiз мемлекет болды. Көптеген адамдар қазiр мұны тиiстi нәрсе ретiнде қабылдауға әзiр, бiрақ қазақстандықтар мұның бiздiң тарихымызда қаншалықты сирек әрi қиындықпен болғанын ұмытпауға тиiс.
Екiншiден, бiз кең ауқымды әлеуметтiк, саяси және экономикалық реформаларды жүргiзе бастадық. Аталған мақсаттарға әлi жете қойғамыз жоқ, дегенмен, жекелеген бағыттарда көзге түсер нәтижелерiмiз де бар.
Ендi ахуалды терең таразылау, дамуымызды әлемдiк тәжiрибе тұрғысынан талдау және реформаларымызды iске асыру мен жаңа институттарымыздың қалыптасу дәрежесiн үздiк әлемдiк тәжiрибемен салыстыру маңызды. Өзiмiздiң секем және босаң тұстарымызды салиқалы тұрғыдан талдап, тек содан кейiн ғана дербес төл стратегиямызды талдап жасаудың маңызы бұдан бiр де кем емес.
Бiздiң iшкi бекем тұстарымыз бен Қазақстанның қолындағы сыртқы мүмкiндiктердi, өзiмiзге тән босаң тұстарымыз бен сыртқы қатерлердi талдаудан бастайын.
Елiмiздiң қолында сегiз артықшылық бар.

Бiрiншiсi. Бiз өзiмiздiң тәуелсiз, егемен мемлекетiмiздiң негiзiн қаладық. Барлық қажеттi мемлекеттiк институттар қазiрдiң өзiнде бар әрi ай сайын тәжiрибесi мен бiлiктiлiгiн ширата түсуде. Бiрақ мемлекетiмiздiң құрылысы аяқталатын күн әлi алыс.

Екiншiсi. Бiз жетпiс жыл бойы өзiмiз өмiр сүрген ескi саяси және экономикалық жүйеден iргемiздi түбегейлi аулақ салдық. Бүгiн мүлде жаңа мемлекет өмiр сүрiп отыр, мүлде өзге саяси және экономикалық жүйе жұмыс iстеуде.

Үшiншiсi. Қоғамымыздағы өзгерiстер ықпалымен, өзiмiз көбiне оны түйсiне де бермей, құндылықтардың сапалық тұрғыдағы өзге жүйесi мен адамдық қарым-қатынастардың жаңа түрiне дағдылана отырып, өзiмiз де түгел өзгердiк. Қысқасы, бiз азаттық алдық. Мемлекеттiк-ұжымдық дүниетанымның жекешiл дербес дүниетаныммен алмасуы бiздiң өмiрiмiздiң әрбiр қырын өзгерттi. Әрине, ескi жүйе шақтап болса да неғұрлым сенiмдi әлеуметтiк игiлiктер берiп келдi, әрi бiрсыпыра салаларда жетiстiксiз де болған жоқ. Алайда, экономикалық тұрғыдан бәсекеге қабiлетсiз болғандықтан, ол жүйенiң күйреп тынғанын да ұмытпауға тиiспiз. Ол әлеуметтiк жағынан да осал болып шықты, өйткенi адамдардың көпшiлiгiнiң тұрмыс деңгейi шетелдегi тұрмыс деңгейiнен төмен едi. Ол, сондай-ақ жеке адам хақында да осалдық танытты, өйткенi еркiндiк бермедi. Нарықтық экономика мен демократиялық тұрғыда таңдап алынған мемлекет Қазақстанға қандай шамада өркендеу мен бостандық әкелерiн уақыт өте келе бiздiң өз тәжiрибемiз көрсетуге тиiс. Өтпелi кезең уақытында бiздiң азаматтарымыздың көпшiлiгi қилы iстi бастан кешiрдi әрi көп нәрсенi құрбан еттi. Бiрақ бiз мұны тек сiздер мен бiздiң игiлiгiмiз үшiн ғана емес, ең алдымен, балаларымыз бен немерелерiмiз үшiн жасап отырмыз.

Төртiншiсi. Бiздiң басты он игiлiктерiмiздiң iшiнде - халқымыздың немесе былайша айтқанда, адам ресурстарының сапасы тұр. Бiздiң ғылыми және шығармашылық әлеуетiнiң деңгейi жоғары бiлiм өресi биiк халқымыз бар. Көптеген елдерде бұл жоқ, әрi олар осындай сапаға жетудi өздерiнiң стратегиялық мақсаттарының бiрi санайды. Мұның өзi - бiздiң халқымыз бен бұрынғы жүйенiң аса iрi жетiстiгi. Бiз қолымыздағы осындай баға жетпес капиталды жан-жақты дамытуға және оның дамуы үшiн барған сайын жаңа әрi неғұрлым өркениеттi жағдай туғызуға тиiспiз.

Бесiншiсi. Бiздiң табиғи ресурстарымыз - орасан зор байлық. Алайда, мұның өзi қаншалықты кереғар көрiнгенiмен, әлемдiк тәжiрибе табиғи байлығы бар көптеген елдердiң оны дұрыс игере бiлмегендiктен, ақыры кедейлер қатарынан шыға алмағанын көрсетедi. Алайда, Шығыс Азияның неғұрлым серпiндi дамыған елдерi - табиғи ресурстары жоқ елдер. Осының бәрi жетекшi фактор - бұл адамдардың өзi, олардың ерiк-жiгерi, күш-қуаты, табандылығы, бiлiм-бiлiгi екенiн тағы да дәлелдей түседi. Бұл - бiзге гүлдену мен тәуелсiздiк есiгiн айқара ашуға мүмкiндiк беретiн нақ сол "алтын кiлттiң өзi".
Әлемнiң келеңсiз тәжiрибесiн де үйрену қажет. Ол даму стратегиясының немесе оларды iске асыру қабiлетiнiң болмауы табиғи байлықтар әлеуетiнен басым түсетiнiн айқын көрсетiп отыр. Сондықтан, бұдан бiз шығаратын басты қорытынды - ойластырылған стратегия жасап, оны барлық қиындықтарға қарамастан жүзеге асыру қажеттiгi. Жер қойнауының байлығы - барша келер ұрпақтың игiлiгi. Бұған қарап босаңсымауымыз керек. Керiсiнше, Үкiметтi қоса, бiздiң бәрiмiз ондай байлық қолымызда болмағандағыдай өмiр сүрiп, жұмыс iстеуге тиiспiз.

Алтыншысы. Бiздiң ауқымды алқаптарымыз, ауыл шаруашылығы жерлерiмiз - орасан зор әлеуетiмiз. Көптеген өлшемдер бойынша бiз Канада мен Австралияға ұқсаспыз, бiзге тек бiр нәрсе - олардың өнiмдiлiгi мен экспорттық әлеуетi жетiспейдi. Бұл жерде де, тағы да, ең бастысы - нақты және тиiмдi стратегия, адамдар мен капитал.

Бiздiң жетiншi бекем тұсымыз қоғамымыздың саяси тұрақтылығы мен бiрлiгiнде жатыр. Бiз қоғам iшiнде тiкелей тайталасқа жiбермей, ахуалды тұрақтандыра бiлдiк, мұны мақтан етемiз, өкiнiшке қарай, көптеген дамушы және кешегi коммунистiк кейiнгi елдердiң бұған қолы жеткен жоқ. Алайда, толық тұрақтылықтың, ал топтасу мен бiрлiктiң ауылы әлi алыс жатыр, сондықтан бiздiң баршамыз өзiмiздiң бiртұтас отбасымыз деп сезiну, өз мақсаттарымызды айқын бiлiп, оларға қарай келiсе iлгерiлеу үшiн алдағы уақытта көп жұмыс тындыруға тура келедi.
Бұл бiр-бiрiмiзбен кедейшiлiк пен жоқшылық жағынан теңесу, теңгермешiлiктiң жаңа жүйесiн орнату да емес. Сондай-ақ қандай да бiр этникалық немесе дiни топтарға басқалармен салыстырғанда, басымдықтар беру жөнiнде де әңгiме болуы мүмкiн емес. Бiздiң стратегиялық мiндетiмiз - халықтығы көптеген топтарының бiрлiгi, жекешiл және қоғамдық негiздерi салиқалы үйлестiру, мұның өзi қоғамымыздың жарасымды сатылы дәстүрлерiн толықтыра түседi.
Байлардың ат төбелiндей шағын тобы жарлы адамдардың үлкен тобынан едәуiр алшақтап кеткен жерде қоғам еш уақытта еңсесiн көтерiп, абаттанып гүлдене алмайды. Түрлi этникалық және дiни топтардың құқықтары әр түрлi болып келетiн, бiреулерге мүмкiндiктер берiлiп, өзгелерге берiлмейтiн, саяси партиялар мен қозғалыстар тiкелей қарама-қарсы тараптарға "бұра тартатын", бұқаралық ақпарат құралдарының еркiндiгi мен жауапкершiлiгi, либерализм мен демократияның және мемлекет күшiнiң арасында орасан зор сәйкессiздiктер бар елдiң де болашағы жоқ. Бiз шектен тыс шығандап кетудiң бiрiн бастан кешiрдiк, екiншiсiне түсiп малтықпасақ игi. Менiң ойымша, осы бiр ақылға сыйымды дүниелердi ұғыну қоғамдық санада нық орын тепкен де тәрiздi

Сегiзiншiсi. Мен қазақстандықтардың байсалдылығы мен төзiмдiлiгiн, олардың кеңпейiлдiлiгi мен ақжарқындығын атап айтқым келедi. Мұны шетелдiктердiң баршасы дерлiк айтып жүр. Мен өз отандастарымызға өтпелi кезеңнiң ауыртпалықтарын түсiнiп, оған төзiп отырғаны үшiн ризамын және осы қасиеттер - бiздiң табысқа жетуiмiздiң, қоғамымыздың топтасуының, шетелдiк инвестицияларды тартудың және халықаралық қоғамдастықты бiздiң проблемаларымызды шешуге кiрiстiрудiң елеулi кепiлi деп санаймын.
Бiздiң осындай күштi жақтарымызбен бiрге сыртқы сипаттағы бiрқатар мүмкiндiктерiмiз бар. Бiздiң сыртқы мүмкiндiктерiмiз ең алдымен, елiмiздiң географиялық, геосаяси және геоэкономикалық жағдайымен айқындалады. Қазақстанның негiзгi үш мүмкiндiгiн бөлiп айтуға тұрарлық.

Бiрiншi мүмкiндiк бiздiң Еуразия аймағындағы жолдардың түйiскен торабында орналасқан географиялық жағдайымыздан туындайды. Әлемдiк экономикалық және саяси процестердiң ауқымдану процесi осы факторды түйiндiлерiнiң қатарына қосады. Бiздiң бабаларымыз түркi халықтарының бiртұтас отбасы құрамында осы маңызды стратегиялық факторды өздерi үшiн тиiмдi пайдалана бiлдi: атақты Жiбек жолы бойымен Еуропа және Азия елдерi арасында кең ауқымды сауда арнасы ұйымдастырылған болатын. Бүгiн бiз осы арнаны аймақтағы басқа елдермен ынтымақтаса отырып және әлемдiк қоғамдастықтың қолдауымен қалпына келтiре бастадық. Сөз жоқ, келешекте Еуропа мен Азия арасында сауда, қаржы ағысы жүйесi мен адамдардың көшi-қоны ұлғая түседi.
Көптеген саяси тұрақтандырушы факторлары туралы айтпағанның өзiнде, мен нақ осы себептен, Еуразия идеясын ұсындым және оны дамыта бермекпiн, әрi оның стратегиялық болашағына да сенiмiм кәмiл.
Бiзбен шектес кез келген ел тәрiздi Қазақстанның жеке өзi де тиiмдi транзиттiк әлеуетiн iске асыра алмайды. Мұны бiрлесе, тығыз әрi өзара тиiмдi ынтымақпен жасау қажет.
Осындай тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан, шекараларымыздың өн бойында өз өнiмiмiздi өткiзудiң аса iрi нарықтарының орасан зор әлеуетiне ие болып отырмыз. Таяу жатқан сыйымдылығы 2 млрд. адамға жуық нарықтардың бiрен-сарандары болмаса, қалған кез келгенi Қазақстан өнiмiн, әлбетте, оның бәсекелестiк қабiлеттiлiгi болған және тиiстi көлiк арналары дамыған жағдайда жұтып қоюға қабiлеттi. Бұл көршiлер - Ресей, Қытай және ислам мен Орталық Азия мемлекеттерiнiң тобы. Таяу және Орта Шығыс елдерi - тарихи тұрғыда маңызды әлемдiк орталықтар болып табылады. Күллi Еуразия құрлығында бейбiтшiлiк пен тату көршiлiк және өзара сенiм қарым-қатынастарын орнықтыру - табысты дамудың қажеттi шарты. Соғыстарға, бақталастыққа, бәсекеге және егеске килiккен елдер өздерiн тоқырау мен артта қалушылыққа ұрындыра отырып, өз ресурстарын, уақыты мен күш-қуатын орынсыз шығындайды.

Екiншiсi. Мемлекет құрылысы мен реформаларды жүргiзудiң ауыр процестерiн шетелдiк мемлекеттер мен донорлық ұйымдар тарапынан қолдау бiзге қосымша мүмкiндiктер бередi.
Бұл тұрғыда көптеген елдердiң бiзге қарағанда оншалықты жолы болмады. Осы фактор, әсiресе, өтпелi кезеңнiң бастапқы кезеңдерiнде өте маңызды, өйткенi бiзге сырттың қаржы ресурстары мен бiлiм-бiлiгi қажет.

Yшiншiсi. Ауқымдану және ғылыми-техникалық прогресс процесi, әсiресе, жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың дамуы бiздiң аумақты әрi аз қоныстанған елiмiз үшiн бiрегей мүмкiндiктер ұсынады. Алайда, бiздiң осы процестермен қатар адымдайтынымызға ешкiм кепiлдiк бере алмайды. Демек, осы технологияларды ұғыну, олардың бiздiң қоғамымызға толық кiруiне қол жеткiзу, ғылыми-техникалық кадрларды қолдау маңызды.
Бүгiнгi дамуымыздың келеңсiз сипаттары туралы айта отырып, олардың көпшiлiгiнiң уақытша және өтпелi сипаты барын, оның өзi де кеңестiк мұра мен өтпелi кезеңнiң қиындықтарының салдары екенiн атап өту қажет.

Бiрiншi. Бұл коммунистiк принциптер рухында тәрбиеленген адамдардың бiрнеше ұрпақтары қалыптастырған бiздiң дiлiмiз. Кейбiреулер жақында болған өзгерiстердi ынта-жiгерiмен пайдаланды, бiрақ басым бөлiгi олай iстеген жоқ. Адамдарға субъективтiк және объективтiк факторлар ықпал етедi, олар болып жатқан өзгерiстерге баяу бейiмделiп, өз проблемаларын шешуде бұрынғысынша мемлекеттiң көмегiне иек артып отыр. Мұндай пәлсапа мен тұрмысқа деген көзқарас олардың жаңа қиындықтарға төтеп беруiне бөгет болады, күш-қуаты мен өзiнше iс-әрекет жасау талабынан айырады.
Мемлекеттiң ендiгi жердегi жаңа рөлi адамдар үшiн шешiмдер қабылдауда емес екенiн көптеген шенеунiктердiң өздерiнiң де әлi түсiне бермейтiнi құпия емес. Керiсiнше, оның рөлi бәрiнен бұрын азаматтар мен жекеше сектор өздерi мен өз отбасылары үшiн тиiмдi шаралар қолдана алатын жағдайларды қалыптастыруда болып отыр. Бiз бұл ретте жаңа құндылықтар жүйесiне тезiрек бейiмделiп кеткен, болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпаққа сүйене отырып, бұқаралық сананы төзiмдiлiкпен жаңғыртуға тиiспiз.
Адамның ой-санасын бiр сәтте өзгерту мемлекеттiң қолынан келмейдi. Бiрақ мемлекет өзгерiстер процесiн объективтi тенденцияларды түсiндiру маңызды ақпаратты халыққа жеткiзу жолымен және де, ең бастысы, өзiндiк молшылыққа бағытталған әлеуметтiк-экономикалық саясатты iске асыру жолымен жеделдетуге қабiлеттi. Адамдардың жаңа дүниетанымы қалыптасқанша ондаған жылдар қажет болады.

Екiншi. Экономикалық реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның ыдырауы және Қазақстан экономикасының әлемдiк экономикалық қатынастар жүйесiне кiруi өндiрiс көлемдерiнiң елеулi төмендеуiне әрi осының салдары ретiнде - әлеуметтiк ахуалдың объективтi түрде төмендеуiне әсер етпей қоймады. Технологиялық тұрғыда артта қалған және қуатты мол қажет ететiн өндiрiстердiң ауқымды бөлiгi, даярланбаған және шаруашылық жүргiзудiң жаңа жағдайларын игере алмаған менеджмент - бәсекеге қабiлетсiздiкке және көптеген кәсiпорындардың тұрып қалуына, дәстүрлi өткiзу рыноктарын жоғалтуға, төлемсiздiктер мен өндiрiстiң құлдырауына алып келген негiзгi факторлар, мiне осылар. Осының салдарынан бiздiң елiмiзде соңғы сегiз жылда өндiрiс деңгейi екi еседен артық қысқарды, ал бюджеттiк түсiмдер одан да көбiрек қысқарды. Мұның өзi көптеген дамушы елдердегi экономикалық өсудiң жоғары қарқынымен бiр мезгiлде болғандықтан, бiздiң экономикамыз шартты түрде алғанда үш еседен астам артта қалып қойды. Осы факт сiздi бұрынғыдан да бiздi, жiгерлi қимылдауға мәжбүр етiп отыр.

Үшiншi. Бiздiң экономикалық құлдырауымыздың салдарынан азаматтарымыздың көпшiлiгiнiң табысы мен өмiр сүру деңгейi нашарлап кеттi. Теңгермешiлiктi жою және жұмыс iстейтiн еңбек рыногын құру байлар мен жарлылар арасында елеулi айырмашылықтың туындауына әкелiп соқты. Бұл ретте - мемлекеттiң жетекшi тiрегi және қоғамның негiзгi тұрақтандырушы факторы - орташа таптың шоғыры аз.

Төртiншi. Экономиканың қозғаушы күшi болуға тиiс ұлттық жинақталымдардың ұлғаюы мен капиталдың қорлануы баяу. Iшкi капитал мен жинақталымдардың жеткiлiксiздiгiнен Қазақстан шетелдiк капиталға, жекеше капиталға да, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарына да одан әрi тәуелдi бола түстi. Экономиканы әрi қарай сауықтыру инвестициялардың зор көлемде келiп құйылуына байланысты, мұның өзi инвестициялық ахуал едәуiр жақсартылса ғана мүмкiн болады.

Бесiншi. Әмiршiлдiк экономикадан нарықтық экономикаға ауыртпалықпен өту бұған дейiн осындай ауқымда бiзге беймәлiм болған кедейлiк пен жұмыссыздық проблемаларын туғызды. Бұлар қылмысқа, есiрткiқұмарлыққа құнарлы негiз қалап, қоғамдық түңiлушiлiктi туындатады және қоғамдық тұрақсыздық мүмкiндiгiн арттырады. Зейнетақылар мен еңбекақылардың уақтылы төленбеуiмен астасқан жоғары жұмыссыздық деңгей негiзiнде экономикалық проблемалардан, қаржылық капиталдың болмауынан және оларды шешудегi әлсiз стратегиялардан туындады. Аграрлық және әлеуметтiк секторларды (денсаулық сақтау, бiлiм беру, ғылым және т.б.) реформалаудың тиiмдi бағдарламаларының жоқтығы және өтпелi кезеңнiң қысылшаң жағдайларында бюджет қаражатын бөлудi қысқарту осы бiр өмiрлiк маңызы бар салалардың нашарлауы мен тұралап қалуына алып келдi.
Осы процестер алтыншы осал жағымызды, кез келген тұрғыдан қауiптi - демографиялық өнiмсiздiгiмiздi де сипаттап отыр. 1992 жылдан бастап соғыстан кейiнгi 50 жыл iшiнде тұңғыш рет бiздiң халқымыздың саны қысқара бастады.
Бiздiң босаң тұстарымыздың қатарына жетiншi осал жағымызды - жете даярланбаған және нашар ұйымдастырылған мемлекеттiк басқаруды жатқызған жөн. Мұның өзi де таза қазақстандық проблема емес. Бұл құбылыспен түгелдей барлық колониализм дәуiрiнен кейiнгi дамушы және коммунистiк кезеңнен кейiнгi елдер бетпе-бет келдi. Бүгiнгi таңда көптеген проблемалардың шешiмi осы факторға келiп тiреледi және оны тез еңсеру де мүмкiн емес. Әзiрше бiзде стратегиялық мiндеттердi, жоғары кәсiби деңгейде, отансүйгiштiкпен және адал шешуге қабiлеттi адамдар мүлде аз.
Барлық iстерге жөн-жосықсыз араласу әдетi, ақпаратты қоғамнан жасыруға жетелейтiн құпияшылдықтың қажетсiз және зиянды сiлемi, ведомствошылдық пен жершiлдiк, жекжатшылдық пен топшылдық, ұжымдық жауапсыздық, сүреңсiздiк пен бойкүйездiк, сәйкессiз және көп сатылы құрылым, сыбайлас жемқорлық - мiне бiздiң бюрократияның бұрынғы режим тәрбиелеп кеткен әрi соңғы жылдары анық көрiнiс берген, жасырын нысаннан ашық күйге ауысқан "қадiр-қасиеттерiнiң" әлi де толық емес жиынтығы осы.
Бұл проблеманың екiншi бөлiгi кәсiпорындардағы менеджерлер корпусының мүлде төмен сапасы болып табылады.
Жағдайды оңалту үшiн көп iс iстелдi, соның iшiнде кей сәтте отаршылық әдiстерiн де қолдандық. Бiрақ бұл проблеманың басым проблемалар қатарында тұрғаны айқын.
Мемлекет басшысы ретiнде мен бiр нәрсенi айтуға тиiспiн. Шенеунiктердiң жаңа жағдайға бейiмделуi үшiн бiз бөле алатын уақыт өтiп кеттi. Ендiгi жерде өзге адамдардың есебiнен жарылқаушы болуға, елдiң дамуына нұқсан келтiруге болмайды. Осы зиянды әдеттердiң қаулап өсу әлеуетiне түбiрiнен балта шауып, Үкiмет аппараты мен мемлекет қызмет реформаларын жеделдету қажет.
Ақыр соңында, бiзге заңдарымыздың жартыкештiгiне және тұрлаусыздығына көңiл бөлу қажет. Үйдiң iргетасын қалау жеткiлiксiз - оның қабаттары, қабырғалары мен шатыры болуы қажет. Мұның өзi инвестициялық ауанды жақсартуға, кедейшiлiктi азайтуға, қылмыс бiткендi құртуға және әлеуметтiк саланы дамытуға қатысты маңызды мәселе.
Мен терiс факторларды оң факторлармен қатар ұлттық стратегиямызды iске асыру үстiнде өзiмiз ұшырасуға тура келетiн мiндеттердi белгiлеу үшiн санамалап өттiм. Мықты тұстарымыз бен мүмкiндiктерiмiздi, сондай-ақ әлсiз тұстарымыз бен елiмiзге келер қатердi бөлiп атай отырып, олардың уақыт кеңiстiгiндегi серпiндiлiгiн әрi диалектикалық тұрғыда өзара байланыстылығын назарда ұстау қажет. Мүмкiндiгiмiз қатерге ұласуы да, керiсiнше болуы да мүмкiн. Бүгiнгi мықты тұстарымыз әлсiз тұстарымызға айналуы және керiсiнше болуы да мүмкiн.
Бiз қандай шамада мүмкiндiктерiмiздi пайдаланып, қауiп-қатердiң алдын аламыз, өзiмiздiң оңымызды еселеп, терiсiмiздi азайтамыз - бұл бiздiң өзiмiзге, мақсаттар мен басымдықтарды дәл қоя бiлуiмiзге, оларды уақтылы әрi оралымды iске асыруымызға байланысты.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 497. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия