Студопедия — Ай портқа бет алғанын бiлмейтiн кеменiң желi де оңынан тұрмайды Сенека
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ай портқа бет алғанын бiлмейтiн кеменiң желi де оңынан тұрмайды Сенека






Бүгiн бiз зор мүмкiндiктер табалдырығында тұрмыз. Азияның ең кедей елдерiнiң кейбiрiнiң отыз жыл iшiнде қайыршылықтан оңалып, индустриялы мемлекеттерге айналғанын сiздердiң көпшiлiгiңiз бiлесiздер. Алғашқылары Корея, Тайвань және Сингапур болса, ал қазiр оларға Малайзия, Индонезия және Тайланд қосылды. Бiздiң ұлы көршiмiз - Қытай жоғары қарқын танытып отыр. Үндiстан мен Бразилия да өз қуатын еселей түсiп келедi. Бiзге достас Ресей де жуық арада ұлы елдiң жаңа келбетiне ие болады деп шынайы үмiт артамыз және оған сенiмдiмiз.
Осыдан қырық жыл бұрын Сингапур өз тәуелсiздiгiн алған кезде, жан басына шаққанда 200 долларға жетпес табысы бар әлемдегi ең кедей елдердiң бiрi едi. Бүгiнгi таңда сингапурлықтардың жан басына шаққанда 20 мың доллардан асатын табысы бар. Өзiнiң халқы, этникалық құрамы жөнiнен және басқа да "көптеген" параметрлерi бойынша бiзге ұқсас ел, Малайзия да 20 жылға жетпейтiн уақыт iшiнде өз азаматтарының өмiр сүру деңгейiн 10 есе арттыруға қол жеткiздi. Осындай табыстарының нәтижесiнде бұл елдер күллi әлемде Азия Жолбарыстары ретiнде танылып отыр.
Қазақстан өзiнiң күллi мүмкiндiктерiмен нақ осындай нәтижеге қол жеткiзе алмайды дейтiн себептер бар ма? Ондай себептер жоқ. 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшiн үлгi болады деп сенемiн.
Бiзде Жолбарыстар жоқ, ал тауларымызда тiршiлiк ететiн Қар Барысы дүниежүзiлiк қоғамдастыққа онша таныс емес.
Жануарлар әлемiнде Жолбарыс туыстас болғанымен Барыстың өзiндiк ерекшелiктерi де бар.
Бұл - өзiне тән тектiлiгiмен, бұлалығымен, алғырлығымен, жасқануды бiлмейтiн тәкаппарлығымен, батылдығымен, айлалығымен дараланатын Барыс болмақ, Ол ешкiмге бiрiншi болып шабуыл жасамайды әрi тiкелей соқтығыстардан бойын тартатын болады. Бiрақ егер өзiнiң еркiндiгi мен тұрағына, ұрпағына қатер төнген жағдайда, ол бұларды басын тiгiп, бойындағы барын салып қорғайтын болады.
Осы сыптай да серпiндi болуға және семiздiк пен жалқаулыққа бой алдырмауға тиiс: әйтпеген күнде ол қатаң табиғи ортада өмiр сүре алмайды.
Ол жаңа асулар мен шыңдарды бағындыруда, мақсатына жетелейтiн елеусiз, бiрақ сенiмдi соқпақтарды iздестiруде табанды да бiрбеткей болуға тиiс.
Ол қауiп-қатерден қаймықпауға, тоқшылықтан босаңсымауға тиiс.
Ол өз ұрпағын баулыған кезде: оны баса-көктей келген қонақтардан қорғай отырып, аузындағы дәмдiсiн соның аузына тосуға, оның саулығына, өресi мен пайымына нәр беруге тиiс, сөйтiп кез келген ортадағы қатаң бәсекелестiк жағдайында ерте сақайып, өз бетiнше дербес өмiр сүруге жетелеп, көрегендiк танытады.
Ол өзi iшетiн тұнық судың ылайланбауын, ал өз аясында тiршiлiк ететiн табиғат пен тыныстайтын ауасының жақсаруын қатаң қадағалап отыратын болады.
Ендеше қазақстандық Барыстың бойына дамудың алдыңғы қатарлы үздiк деңгейiне үстелген Батыстың талғампаздығы да, Шығыстың кемеңгерлiгi мен төзiмдiлiгi де тән болуға тиiс.
Ол өзiнiң талпыныс-ұмтылыстарында, жеңiстерi мен сәтсiздiктерiнде бiр ананың сүтiн тел емген өзiнiң бауырлары - Өзбек, Қырғыз және басқа да Орталық Азия барыстарымен дәйiм бiрлiкте болып, олардың өрлеуi мен жетiстiктерiн мақтаныш тұтатын болады.
Дегенмен 2030 жылғы осындай Қазақстан өзiнен-өзi пайда болмайды. Оны бiз өз қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерiк-жiгерiмiз арқылы тұрғызамыз. Егер бiз осы мүмкiндiктi сәтiмен пайдалана алмасақ, егер бiз болашағымызға жоспар құрмай және бүгiнгi күнi нақты iс-қимылдарды iске асырмай, күндер мен апталарды уысымыздан шығарып алсақ, егер сәтсiздiкке ұшырасақ, онда өзiмiзден басқа ешкiмге кiнә арта алмаймыз.
Еш нәрсеге бiрден қол жетпейдi. Табысты әрi тұрақты дамуға объективтi түрде белгiлi бiр сатылар тән, оған құлашты бiр сермегеннен жетуге болмайтыны да белгiлi.
Салауатты әрi гүлденген экономика құрмайынша, бiз қуатты мемлекет пен Қарулы Күштер құра алмаймыз, демографиялық, экологиялық және әлеуметтiк мiндеттердi шеше алмаймыз, әрбiр адамның жеке басының қадiр-қасиетi мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз.
Экономикалық дамудың жоғары қарқынына қол жеткiзу өз кезегiнде саяси тұрақтылық пен тұрлаулылықты, қуатты әрi нысаналы реформаларды талап етедi. Ал бұл үшiн Президенттiң саясатын iске асыруға, ескiнiң қарсылығын еңсеруге, әрi күмәнданушыларды соңынан ерте бiлуге қабiлеттi кәсiпқой, зерделi, батыл және отансүйгiш Үкiмет қажет.
Бұл жұмыста табысқа жету Қазақстан азаматтарының қолдауына байланысты. Ал мұндай қолдау адамдар iстiң оңалуға беталысы мен әдiлеттiлiкке көзi жеткен жағдайда ғана көрсетiлелi. Нақ сондықтан адамдардың әл-ауқатының өсуi бiздiң күллi күнделiктi жұмысымыздың күретамыры болуға, ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы қүрес батыл жүргiзiлуге тиiс.
Осындай болашақтың iргесiн тұрғызу үшiн және алған бағытымыздан ауытқымас үшiн, бiз өзiмiздiң ненi қалайтындығымызды бiлуге тиiспiз. Сондықтан ұзақ мерзiмдi кезең жайында айтқан кезде, мен, мемлекет басшысы ретiнде, бiздiң елiмiздiң мұраты: ұлттық бiртұтастық, әлеуметтiк әдiлеттiлiк тән әрi күллi халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсiз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау деп санаймын.
Барша қазақстандықтардың гүлденуi, қауiпсiздiгi мен әл-ауқатының артуы - өзiмiз орнатсақ дейтiн Қазақстанды сипаттайтын өрелi сөздер, мiне осылар. Бiздiң iлгерi жылжуымызға қарай бұл сөздер әрдайым бiздiң iзашарымыз болып қалуға тиiс.
Мен өзiме 33 жыл өткеннен кейiнгi Қазақстанды қалай елестетемiн? Бiздiң жас мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп, кемелденедi, бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi. Олар өз ұрпағының жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты өкiлдерi болады. Олар, бабаларының игi дәстүрлерiн сақтай отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуге даяр болады. Олар бейбiт, абат, жылдам өркендеу үстiндегi, күллi әлемге әйгiлi әрi сыйлы өз елiнiң патриоттары болады.
Бiздiң балаларымыз бiлiгi жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлерi, магазиндердiң иелерi, мұғалiмдер мен дәрiгерлер, зауыттар мен фабрикалардың иелерi, биржа делдалдары және спортшылары болады. Олар мұнай, газ бен электр қуатын, тамақ өнiмдерiн өндiретiн әрi олармен әлемдiк экономиканы қамтамасыз ететiн болады. Көпшiлiгi халық тұтынатын жоғары технологиялық тауарларды және әлемдiк рынокта өзiнiң арзан бағасы мен үздiк сапасына орай жоғары сұраныспен пайдаланатын өнiмнiң көптеген басқа да түрлерiн өндiрушi болады.
Бiздiң жас ұрпақтың кей өкiлдерi мемлекеттiк қызметке тұрады. Олар жоғары ақы төленетiн, жақсы оқытып-үйретiлген, Қазақстан мен Қазақстан халқының мүдделерiн өздерiнiң жеке мүдделерiнен жоғары қоятын мамандар бола отырып, жаңа дәуiр жағдайында жұмыс iстейтiн болады.
2030 жылдың азаматтары мемлекеттiң өздерiнiң құқықтарын қорғайтынына және мүдделерiн биiк ұстайтынына сенiмдi болады. Бұл ретте олар қолайсыз жағдаяттар себебiмен өмiрден өз орнын таба алмай, мемлекетке әлеуметтiк көмек сұрап жүгiнуге мәжбүр болған аз ғана адамдарға да мемлекеттiң қамқорлық жасайтынын бiлетiн болады.
2030 жылғы Қазақстан ауасы таза, мөлдiр сулы, жасыл желектi елге айналуға тиiс. Өндiрiс қалдықтары мен радиация бұдан былай бiздiң үйлерiмiз бен бақтарымызға енбейтiн болады. Бiздiң балаларымыз бен балаларымыздың балалары кiнәрәтсiз жағдайда толыққанды өмiр сүретiн болады.
2030 жылы бiздiң ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдiк оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмiр сүретiн болады. Олардың Қазақстанды Еуразияның орталығы бола отырып, жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың - Қытайдың, Ресейдiң және Мұсылман әлемiнiң арасындағы экономика мен мәдениеттi байланыстырушы буын рөлiн атқаратын болады.
Оны барлық ұлттар үшiн тең мүмкiндiктер барына сенiмдi, бiрақ бәрiнен бұрын өздерiн қазақстанның азаматтарымыз деп санайтын көптеген ұлттардың өкiлдерi мекендейтiн болады.
2030 жылғы Қазақстан әлi де барынша кемелдене алмайды. Ол әлi әлемдегi ең бай, ең бiлiмдi, ең дамыған ел бола қоймайды, бiрақ ол күрделi жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесi кезеңiне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.
Әрине, мұның бәрi - болашақты ой көзiмен көру, оның моделi, асқақ мұрат, арман ғана. Сiздердiң көпшiлiгiңiз бұл мұратты кей кезде ең қарапайым нәрсенiң өзi жетiспей жататын бүгiнгi тiршiлiкпен салыстырып, мұны қиялға балап, ащы мысқылмен езу тартуларыңыз да мүмкiн.
Бiрақ олай емес. Мұның бәрiне де қол жеткiзуге болады, әрi әлемдiк тәжiрибе бұл жоспарлардың ақиқаттығын қуаттап отыр. Иә, бүгiн бәрiмiзге қиын түсiп отыр. Оңай болған кезi бар ма? Бiздiң аталарымыз бен әкелерiмiз осы жүз жылда қандай жеңiл кездi бастан кешiрген екен? Азамат соғысы, аштық пен жұт, жаппай қуғын-сүргiн, Ұлы Отан соғысы немесе соғыстан кейiнгi күйзелiс жылдары оларға оңай тидi дейсiз бе? Өткен ғасыр мен оның алдындағы ғасыр жеңiл болып па? Әрине, бұл - тарих. Тiптi бүгiнгi күнi де жер бетiнде 800 миллион адам жыл сайын асқа жарымай, аштықты бастан кешiруде, талай жүздеген миллион адамдардың баспанасы жоқ, миллиондар қанды соғыстарда қаза тауып жатыр.
Ендеше, бiз неге аhылал-уhiлей беремiз, iшкi қуатымызды қысыр сөз бен күңкiлге несiне жұмсаймыз?
Кез келген сыннан бiрлiгiмiздiң, күш-жiгерiмiздiң және болашаққа деген сенiмiмiздiң арқасында абыроймен шыққанымызды ұмытатындай зердемiз сонша қысқа ма едi? Тәулiк бойы тыным таппай жұмыс iстеп, аш құрсақ жүрсек те, аузымыздағыны балаларымызға жырып берiп, олардың ертең жақсы өмiр сүретiнiне сенген едiк қой.
Бүгiн және ертең дәл осылай iстеуiмiзге не кедергi? Ендеше неге уайымға салынып, еңсемiздi түсiрiп жiбердiк? Ендеше елiмiздiң алдында, әрқайсымыздың алдымызда орасан зор мүмкiндiктер ашылған осындай кезде, ең бастысы бұрын ешқашан еншiмiзге тимей келген еркiндiкке қолымыз жеткен кезде мұнымызға не жорық! Барлығы тек өзiмiзге, сенiмiмiзге, ерiк-жiгерiмiзге, бiрлiгiмiз бен еңбегiмiзге байланысты. "Ел мен үшiн не iстей алады деп сұрамаңыз, ел үшiн өзiм не iстей алам деп сұраңыз".
Джон Кеннедидiң американ халқына арнаған үндеуiндегi осы бiр сөздер бiз үшiн бұрынғы қай кездегiден де гөрi көкейiмiзден шығып тұр.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 403. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Значення творчості Г.Сковороди для розвитку української культури Важливий внесок в історію всієї духовної культури українського народу та її барокової літературно-філософської традиції зробив, зокрема, Григорій Савич Сковорода (1722—1794 pp...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия