Студопедия — Ж. ұлт-азаттық көтеріліс.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ж. ұлт-азаттық көтеріліс.






Қазақстандағы 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалысқа 1916 ж. 25 маусымдағы патша үкіметінің 19-43 жасқа дейінгі 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы жарлығының шығуы себеп болды. М.Дулатов бұл жарлықты «қанқұйлы жарлық» деп атап, патша жарлығына байланысты «жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күнліз күлкілен айырылды» деп жазды.

Патша жарлығын қазақ зиялылары түрлі қабылдады: 1) либерал-демократияшыл зиялылар (Ә. Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов) патша өкіметімен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұсынды. 1916 ж. қазандағы үндеуінде Ә. Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов: «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар» деді. 1916 ж. 11 тамызда Бөкейханов пен Байтұрсынов қазақ халқын патша державиесіне қарсылық көрсетпеуге шақырды. 2 ) революционер-демократияшыл зиялылар (Ә.Жангелдин, А.Иманов, Т.Рысқұлов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Сайрықов, Мәмбетов, Майкөтов) халықты қарулы көтеріліске шақырып, көтерілісті қолдады.

1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыстың барысында қазақ халқы ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды. 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі идеясы ұлттық тәуелсіздік болды. Қозғаушы күші қазақ жұмысшылары, шаруалар, қолөнершілер (Халық бұқарасы деген де жауап бар). 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс сипаты жағынан отаршылдыққа қарсы (ұлт-азаттық) болған.

1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліске шыққан халық ең алдымен отарлауға дейінгі мемлекеттік басқару жүйелерін қалпына келтірді:

1. Хан сайлау;

2. Ел бегі-әкім;

3. Сот алқасы-жасақшы;

4. Қазына билеушісі-қазынашы;

5. Әскер басшысы-сардарбек.

Ырғыз, Торғай уездерінде дала ақсүйектері 9 адамды хан етіп сайлады: Шерубай-Нұра болысында Н.Қияшев; Қарашқ болысында Оспан Шоңов, Торғайда Ә.Жанбосынов; Верный уезіндегі Жайымтал болысында Б.Әшекеев хан болып сайланды. Ақмола облысының Ерексай және
Әйелді болыстарында хан және 4 қазы сайланды.

1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістің ірі ошақтары Торғай мен Жетісу облыстары. 1916 ж. Торғайдағы көтеріліс бір орталыққа бағындырылып, тәртіпке келтірілген жүйесімен ерекшеленген болатын. 1916 ж. Торғай облысында көтерілісшілерді қарумен, оқ-дәрімен жабдықтау мәселелерімен айналысқан «әскери кеңес» құрылды. Торғайдағы көтерілісшілер саны 1916 ж. қыркүйекте 20 мыңға, ал қарашада 50 мыңға жетті. Торғайдағы көтерілісшілердің сардарбегі А.Иманов өзінің ұрыс жүргізу тактикасымен ерекшеленді. Торғайдағы көтерілісшілердің рухани көсемі Ә.Жангелдин А.Имановтың дүниетанымын қалыптастыруға зор әсер етті. Амангелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батыр болған. Орыс жазушысы Л.Соболев Амангелдінің әскері туралы: «Бұл аңыздар мен ертегілерден шыққандай, ғажап әскер еді, қарулары ауыл ұсталары соққан найза, семсер, білтелі мылтықтар, Амангелді ортағасырлық жасақтарымен зеңбіректер мен оққа толы винтовкалары бар жазалаушыларға қарсы шықты» деп жазған. Амангелді Иманов 15 мың көтерілісшімен Торғайды қоршады. Татыр шайқасында 300 көтерілісші, 3 жазалаушы өлді. А.Имановтың сарбаздары үшін Доғалы үрпектегі шайқас қайғылы аяқталды. Торғай көтерілісі 1917 ж. ақпан төңкерісіне дейін созылды.

1916 ж. ұлт-азаттық қозалыстың тағы бір ірі орталығы Жетісу болды. 1916 ж. 20 шілдеде А.Куропаткин Түркістан генерал-губернаторлығына тағайныдалды. Ал 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс жылдарында Жетісудың генерал-губернаторы Фольбаум болды. А.Куропаткин 1916 ж. 23 тамызда «үстем тап өкілдерін қара жұмысқа алудан босату туралы» құпия жарлықты шығарған болатын.

1916 ж. тамызда 5 мың көтерілісші Қарқара жәрмеңкесін басып алды. Қарқарадағы көтеріліс жетекшілері Ж.Мәмбетов пен Ұ.Саурықов болды. 1916 жылы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде Жетісу көтерілісшері қырғыз, ұйғыр шаруаларымен күш біріктірді. 1916 ж. 10 мың қазақ-қырғыз көтерілісшілері бірігіп Тоқмақты басып алды. Куропаткин және Фольбаумның қатысуымен 1916 ж. қазанда «Қырғыздарды көшіру» туралы шешім қабылданды. Жетәсуда көтеріліс жасаған 238 мың (300 мың) адам Қытайға күштеп көшірілді. Жетісудағы көтеріліс кезінде Пржевальскіде Қытай азаматтығын алған 400 адам өлтірілді. Жетісу көтерілісі талқандалып, Жетісу губерниясы 53 мың шаруашылыққа кеміп кетті. Патша үкіметі Боралдай асуында Б.Әшекеевті жұрт алдында дарға асты. Ал Ж.Мәмбетов 1916 ж. 11 тамызда Пржевальск қаласындағы түрмеде у беріп өлтірілді. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау кезінде Түркістан өлкесінде 347 адам атылды.

1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс кезінде қазақ халқына көмек берген орыс шарулары мыналар: 1) Кротов Торғайда көтерілісшілерді соғыс өнеріне үйретіп, шайқас барысында өзі де жазалаушылардың қолынан қаза тапты. 2) Курев Қарқара көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі. 3) Аркадьев жазалаушылардан Д.Жайнақовты жасырып қойды. 4) Демко (Бүрген ауылы) ағайынды Қонаевтар мен Айдосовты үйіне жасырған. 5) Долматов пен Федосов қара жұмысқа шақырылғандардың тізімін өотеп жіберді. 6) Вербицская көтерілісшілер жағында шайқасқан. 7) Қостанай социал-демократиялық ұйымын құрушы, публицист Ужгин өзінің «Қарабалықтағы оқиғалар туралы сөз» деген прокламациясында былай деді: «Қаруды тастамаңдар! Сендерге орыс жұмысшыларының көмекке келетінін есте сақтаңдар!».

1916 ж. ұлт-азаттық көтерілісті жазалау нәтижесінде Қазақстандағы қазақтар саны жарты миллионға жуық кеміп кетті. 1916 ж. көтерілісті патша үкіметі қатаң жазалап, 250 мыңнан астам қазақты күштеп қара жұмысқа алды.

Ә.Бөкейханов: «Қазақ-қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де, келешекке қандай ел екенін білдірді» деп жазды.

1916 ж. А.Керенский Мемлекеттік Думада Түркістан өлкесіндегі патша үкіметінің қатал жазалаулары туралы баяндаса, 1917 ж. Ә.Жангелдин Мемлекеттік Думада Торғай облысындағы патша үкіметінің зорлық-зомбылығы туралы сөз сөйледі.

1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс туралы шығармалар жазған жазушылар: 1) С.Мұқанов («Ботагөз»), 2) С.Сейфуллин («Тар жол тайғақ кешу»), 3) Ж.Аймауытов («Қартқожа»), 4) М.Әуезов («Қилы заман»).

 

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 2913. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия