Студопедия — Жұмысшылар қозғалысы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жұмысшылар қозғалысы






1896ж. Атбасарда жасырын марксистік ұйым құрыла бастады. 1902ж. Орынбор қаласында тұңғыш марксистік құпия ұйым құрылды.

1905ж. 9 қаңтарда Петербургтегі Путилов зауытының жұмысшылары алаңда ереуіл өткізді. Патшаның бұйрығымен жұмысшыларға оқ жаудырылып, алаң қанға боялды (бұл оқиға кейін “Қанды жексенбі” деп аталған). 1905ж. орталық ұлт аудандарының “сілікніп оянуына” немесе Қазақстанда революциялық қозғалыстардың басталуына 1905 жылғы 9 қаңтардағы “Қанды жексенбі” себеп болған еді.

1905ж. 17 қазанда патша манифесті шығып, оны қазақтың ұлттық демократиялықбағыттағы зиялылары яғни, Алаш қозғалысының өкілдері сынға алып, әшкереледі.

1905ж. 18-19 қазанда Орынбор қаласында саяси шеру өтті.

Патша үкіметінің зәресін алған Омбыдағы демонстрация 1905ж. 25 қазанда болды.

1905ж. Успенде алғаш рет жұмысшылардың интернационалдық бой көрсетуі орын алды. Бұл ереуілге 1905ж. Успен кенішінде орыс–қазақ жұмысшылары бірігіп құрған “Капиталға қарсы орыс-қазақ жұмысшыларының одағы” (немесе “орыс-қазақ одағы”) деген ұйым басшылық етті (П.Топорнин, Л.Байшағыров, С.Невзоров).

1905ж. Перовскіде алдын–ала хабарланып қойған қазақтар мен орыстардың интернационалдық ереуілі орын алды.

Семейде 1905 жылы 16-28 қарашада өткен почта-телеграф қызметкерлерінің ереуілдерін тарату үшін облыс губернаторы Галкин Қарқаралыдан әскери бөлім шақырды.

1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалысқа белсене қатысқан ақын М.Дулатов болатын. Ол 1905ж. Қарқаралыда өткен халықтың бірлігін қуаттайтын саяси жиынға белсене қатысты.

1905ж. 21 қарашада патша үкіметінің халыққа жүргізген саясатына қарсы Жаркент қаласында әскери гарнизонның солдаттары ереуіл жасады.

1905ж. 13 желтоқсанда Павлодарда жұмысшылардың ереуілі өтті.

1905-1907ж.ж. көтеріліс ошақтары Орал, Торғай, Семей облыстары болды.

1906 жылғы шілде айында болған, Қазақстандағы басты саяси оқиға ретінде саналған ереуіл Семей қаласында өтті. 1906ж. қазақ шаруалары Семей облысындағы Қарқаралы уезінде отаршыл жер саясатына ашық қарсылық көрсетті.

1906ж. 10 қаңтарда ішкі істер министрі Дурнов Қазақстандағы қарсылықтарды басуға тапсырма берді.

1911ж. “Атбасар мыс кендері” кәсіпорнында ереуіл болған еді. 1912ж. сәуірде Лена кен орнындағы жұмысшылардың ереуілі болды (“Лена қырғыны”). “Туркестанский курьер”, “Омский вестник” газеттері лена оқиғасының Қазақстандағы саяси ахуалға әсер еткенін жазды. Лена кен орнындағы ереуілге қатысқан қазақ жұмысшысы М.Жәнібекұлын патша соты 12 жылға айдауға жіберді.

Қазақстанда демократиялық қозғалыстардың қайтадан өрлеуі 1912ж. басталды.

1912ж. 2-6 қазанда жалпыресейлік саяси қозғалыстың құрамдас бөлігі болған Байқоңыр көмір өндірісіндегі ереуіл болып өтті.

Демократиялық қозғалыстардың өрлеуі кезінде 1914 жылы Ембі, Доссор кәсіпорындарындағы ереуілдер табысты түрде аяқталып, жұмысшылар жалақыны 26%-ға көбейтуге мүмкіндік алды.

1915 жылы 25 маусымда “Бұратаналарды мемлекеттік қорғаныс ісіне пайдалану жөніндегі” ереже жұмысшыларды өндіріс иелеріне байлап берді.

1915 жылы мамыр айында Екібастұз көмір кенішінде кеншілердің ереуілі болып өтті.

1915ж. Риддерде Австрия-Венгрия тұтқындары ереуіл жасады.

1916 жылғы тамыз айындағы саяси күрестің өрлеуінің көрінісі Қарсақбай Мыс кенішіндегі ереуіл болды.

1916ж. күзде Қазақстан қалаларында (Верный) солдат әйелдерінің толқулары болып өтті.

1917ж. мамырда Семей облысындағы Даубай кенішінде қазақ жұмысшылары ереуіл жасады.

Бірінші дүниежүзілік соғыс (1914-1918ж.ж.)

Үштік одақ пен Антантаның тартысы 1914ж. I д.ж. соғысқа алып келді.

1914-1918 ж.ж. Ресей үшін Қазақстанның шикізат көзі ретіндегі рөлі I д.ж. соғысқа байланысты күшейді. 1914-1916ж.ж. Түркістан өлкесі Ресейдің орталық аудандарын мақта, ет, киіз, жылқы, түйемен қамтамасыз етті. Бірінші дүниежүзілік соғыстың бірінші жылында Жетісу облысы соғыс қажетіне 34 миллион сомның өнімін жіберді. I д.ж. соғыс жылдарында қазақтардан ақшалай алымдар мен салымдардың 10-ға жуық түрі жиналды. 1914ж. қазақтардан жиналған шаңырақ салығының мөлшері 600 мың сом болса, 1917 жылға қарай қазақтардан жиналған шаңырақ салығының мөлшері 1миллион 200 мың сом болды. 1916ж. оқиғалар қарсаңында Қазақстанда әр үйден алынатын соғыс салығы енгізілді.

Ә. Бөкейханов 1916ж. “Қазақ” газетінде “Тағы соғыс” деген мақала жазып: “Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ, нарлар алысар, ал қанын төгетін сорлы қазақ болар. XX ғасырда Европа патшалықтарының қылған ісі кімнің алдында ақталмақ” деп жазды.

Ресейден көшіп келгендер тұратын елдімекендерден еңбекке жарайтын, майданға шақырылған ер адамдардың үлесі 55% құраса, Семей мен Ақмола облысындағы жұмысшылардың 50% майданға тартылды.

I д.ж. соғыс кезінде Қазақстанға Австро–Венгрия мен Германияның әскери тұтқындарының алғашқы топтары 1914ж. тамызда әкеліне бастады. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақстанға әкелінген әскери тұтқындардың арасында негізінен славян тектес тұтқындар басым болды. Омбыға 20 мың тұтқын әкелінді. Ақмола облысындағы әскери тұтқындардың жартысынан астамы ауыл шаруашылығында істеді.

І д.ж. соғыс жылдарында Қостанай мен Челябинск облыстарының арасындағы әскери тұтқындарға арналаған Тройцк лагері «өлілердің лагері» деп аталған болатын.

Столыпиннің аграрлық реформасы (1910 ж)

Революцияны тұншықтыруға бағытталған 1906,1910 ж.ж. қабылданған аграрлық саясат Столыпин реформасы. Столыпин реформасының сипаты аграрлық;, ал мақсаты революцияны тұншықтыру болатын. 1907-1912ж.ж. Қазақстанға европалық бөліктен 2 млн. 400 мың адам қоныстанды. Қоныстандыру қоры құрылып, бұл қор қазақтардың жерін тартып алумен айналысты. Мәселен, 1853-1905 ж.ж. 4млн десятина жер, 1906-1907 ж.ж. 17 млн. десятина жер, 1916 ж. 40 млн. ал, 1917 ж. қарай 45 млн. десятина жер қазақтардан күштеп тартып алынды. 1914 ж. Қазақстанға қоныстанған халықтар саны Ресейден қоныс аударған шаруалар есебінен 211 есеге өсті. Столыпин реформасынан кейін Ақмола облысындағы қазақтар саны 36,6% болып қалды.

ХХғ. басындағы келімсек шарулардың мүліктік айырмашылықтары: 1 десятинаға дейін жері бар батырақ; 4 десятинаға дейін өте кедей шаруа; 5-8 десятинаға дейін кедей; 10 десятинаға дейін шамалы орта шаруа; ал 15 десятинаға дейн егістік жері бар топ ауқатты орта шаруа; 15 десятинадан асатын жері бар шаруа кулак деп аталды. ХХғ. басында Жетісу өңірінде кулактардың үлесі 25% құрады. 1914 ж. 9 қазанда «Жетісудағы орыс қоныстарындағы дәулетті топтарды қаруландыру туралы» құпия бұйрық шықты.

Т.Рұсқылов: «1899 ж. кейін қазақтар мен орыстар арасындағы зтностық жанжалдар даладағы өмірдің сипатына айналды» деп жазса, А.Байтұрсынов 1913 ж. «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп жазған еді.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 3673. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Экспертная оценка как метод психологического исследования Экспертная оценка – диагностический метод измерения, с помощью которого качественные особенности психических явлений получают свое числовое выражение в форме количественных оценок...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия