Студопедия — Модуль: -Мед.биофизика және биостатистика
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Модуль: -Мед.биофизика және биостатистика






Пәні: - «Медициналық биофизика», пәннің коды MB 1112

Мамандығы: - 5В130100 –«Жалпы медицина»

Оқу сағаттарының көлемі: - 2 кредит

Оқыту к урсы мен семестрі: - 1 курс, 1/2 семестр

Оқытушылар туралы мәлімет: тізімі, дәрежесі мен қызметі, ғылыми қызығушылықтағы артықшылығы,жетістіктері және басқалары.

Ф. А. Ә. А. Дәрежесі Атағы қызметі Ғылыми қызығушылықтағы артықшылығы, қызметі
1. Байдуллаева Г.Е. ф.-м.ғ. к. Доцент Модуль меңгерушісі Жылу физикасы
2. Нурмаганбетова М.О. т.ғ. к. Профессор профессор Математикалық моделдеу
3. Адибаев Б.М. ф.-м.ғ. к. Профессор Профессор Молекулярлық физика
4. Абирова М.А. п.ғ.к. Доцент доцент Оқыту әдістемесі
5. Алмабаева Н.М.     аға оқытушы Оқыту әдістемесі
6. Нуртаева Г.К.     аға оқытушы Оқыту әдістемесі
7. Умирбекова З.К.     аға оқытушы Оқыту әдістемесі
8. Абдрасилова В.О.     Оқытушы Оқыту әдістемесі

Байланыс ақпараты:

Мед.биофизика, информатика және мат.статистика кафедрасының мекен жайы мынандай: Алматы қ..Богенбай батыр көшесі 151, № 2 оқу корпусы, 2- қабат (оң қанат), тел. Ішкі 7295

 

Пәннің саясаты:

Сабақ кестесі бойынша студенттер дәріске және практикалық сабаққа қатысуы тиіс, сонымен қатар оқу материалдарын және сынақты, аралық бақылауларды, емтихандарды уақытылы тапсыру керек. Осындай модулдің жалпы саясаты оқу процессі кезінде болуы керек. Жұмыстың орындалмаған бөлімдерінде студент материалды оқытушымен бірге қосымша өтеу керек.

 

II.Бағдарлама

1. Кіріспе

Биофизика биологиялық пәндерден қалыптасқан, үш ғылымның – физика, химия және биология ғылымдарының үйлесуі жағдайында өмірлік үрдістер негізін түсіндіруге арналған пән..

Биофизика заңдарын білу ғылыми зерттеулер мен талдаулардың жаңа әдістерін жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта көптеген биофизикалық әдістер ішкі және сыртқы орталардың, соның ішінде, физикалық, химиялық, техногендік табиғатының, токсикалық агенттерінің, ағзаға әсерлер механизмін түсіндіру үшін кеңінен қолданылады. Медико-биологиялық зертеулерде әртүрлі техникалық құралдарды қолданудың жоғарғы тиімділігі зерттеуші құралдардың жұмыс істеуінің физикалық негіздерін білген кезінде ғана жүзеге асады.Бағдарлама сонымен қатар қазіргі медициналық техникаларды қолдану кезінде студенттердің ғылыми білімдері мен практикалық біліктіліктерін қалыптастыруға да бағытталған.

Пәннің мақсаты:

Медико-биологиялық және санитарлық-гигиеналық зерттеулердің теориялық негіздері ретінде ғылыми көзқарастар мен ғылыми әдістемелерді қалыптастыру.

Оқытудың міндеті:

· Медико-биологиялық зерттеулер есептерін шығару үшін биофизиканың практикалық негізгі жетістіктері туралы білім беру;

· Медико-биологиялық, гигиеналық және эпидемиологиялық зерттеулерде қолданылатын биофизиканың негізгі әдістерін оқып үйрету;

· Адам ағзасында жүретін үрдістерді түсіндіру үшін физика-химиялық заңдарды қолдану білімдеріне үйрету;

Оқытудың соңғы нәтижелері:

1.Когнитивті компоненттің қалыптастыру (білімділік)

· Мембрана құрылысы қалыптасуының физико-химиялық ерекшеліктері мен олардың өмір сүру механизмдерін;

· Мебрана арқылы зат тасымалдануының биофизикалық механизмі, электрогенез механизмі;

· Жарықтың биологиялық құрылымдармен әсерлесуінің физикалық ерекшеліктері;

· Жүрек-қан тамырлары жүйесінің, бұлшық ет және тыныс алу жүйелері жұмысының биофизикалық заңдылықтары;

· Зерттеулерді метрологиялық қамтамасыз етудің негіздері;

· Биологиялық жүйелерді зерттеуде қолданылатын медициналық құралдар мен аппараттардың негізгі топтары.

2.Практикалық дағдыны қалыптастыру:

· Зертханалық жұмыстардың орындалуы мен нәтижелерін тексеру, семинарлар,әртүрлі биофизикалық зерттеулердегі: биологиялық объектілердің микроскопиясы, лазерлер, ФЭК және т.б. қолданылатын ситуациялық есептерді шығару;

· Стандарт тармақтарда ЭЭГ, РГ, ЭКГ тіркеуді жүргізу;

тіркелген параметрлердің негізгі физикалық өлшемдерін жүргізу, есептеу құралдарын пайдаланып өлшеу нәтижелерін өңдеу;

· Фотометрлік құралдарды қолдана отырып заттың концентрациясын өлшеу

3. Коммуникативті дағдыларды қалыптастыру:

Адам ағзасындағы жүріп отыратын үрдістерді түсіндіруде коммуникативті дағдыны дамыту. ЭКГ алуда және сараптамма жасағанда, электродтарды жапсырғанда, лентаның қозғалыс жылдамдығын анықтауда арнайы терминдер (кәсіби) мен түсініктерді тиімді түрде дұрыс түсіндіру.

4. Құқықтық құзыреттілік:

Құқықтық құзыреттілікті қалыптастыру: құралдар мен аппараттармен және т.б. жұмыс жасағанда техника қауіпсіздігінің ережелерін және пневмограф пен спирометр жұмыс жасағанда гигиена ережелерін және т.б. сақтау.

5. Үздіксіз оқыту және өзін - өзі жетілдіру құзыреттілігі:

Студенттерде өзіндік жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру. Ғылыми - зерттеу дағдыларын алу. Берілген тақырыптар бойынша өзіндік сәйкес қорытынды жасауға үйрену.

Пәннің пререквизиттері: физика, биология, химия, математиканың негіздері.

Пәннің постреквизиті: физиология, молекулярлық биология және генетика, биохимия, патологиялық физиология, профильдік пәндер.







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 1327. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Основные симптомы при заболеваниях органов кровообращения При болезнях органов кровообращения больные могут предъявлять различные жалобы: боли в области сердца и за грудиной, одышка, сердцебиение, перебои в сердце, удушье, отеки, цианоз головная боль, увеличение печени, слабость...

Вопрос 1. Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации К коллективным средствам защиты относятся: вентиляция, отопление, освещение, защита от шума и вибрации...

Задержки и неисправности пистолета Макарова 1.Что может произойти при стрельбе из пистолета, если загрязнятся пазы на рамке...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия