Головна сторінка Випадкова сторінка КАТЕГОРІЇ: АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія |
The Four D'sДата добавления: 2015-08-27; просмотров: 631
Талкотт Парсоностың (1902-1979ж.ж.) көп еңбектерінің ішінде біз оның екі негізгі еңбегін, яғни әлеуметтік іс-әрекет, қимыл («социальное действие») және құрылымды-функциональды талдау («структурно-функциональный анализ») қарастырғанымыз орынды болады. Бұлардың қысқаша мазмұны мен мәні мынадай. Қандай да бір әлеуметтік іс-әрекет, қимылдың болуында қажетті шарттар бар. Әрекет қимыл, біріншіден, оны жүргізетін адамды, екіншіден, нақты жағдайды, үшінші мақсатпен белгілі бір заң нормаларына (ережелеріне) сүйенген шартты жағдайларды қажет етеді. Т. Парсонстың пікірінше, әрбір әрекет, қимылдың өзін-өзі ұйымдастыратын белгілі жүйесі, оның шартты белгілері (символдары) бар. Олар: мысалы, тіл, құндылықтар, іс-әрекеттің, белгілі бір нормативтік ережеге сәйкес, яғни іс-әрекеттің, қоғамда қабылдаған нормаларға, құндылыққа тәуелді болуы. «Әлеуметтік іс-әрекет» теориясының ең негізгі ұғымы – «әрекеттер жүйесі». Т. Парсонс әрекеттер жүйесіне әлеуметтік болмыстың, шындықтың (социальная реальность) алуан түрлі деңгейлерін, олардың бір-бірімен өзара белгілі бір байланысын жатқызады. Әрбір жүйе дұрыс іс-әрекет, қимыл, қызмет атқару үшін жүйенің құнды тұрпатын сақтау; интегация құрылымы, мақсатқа жету (целедостижение), бейімделу(адаптация) сияқты 4 шартты ескеру қажет. Бейімделу – кез келген әлеуметтік жүйе ішкі жағдайға да, сыртқы ортаның өзгеруіне бейімделе алуы. Мақсатқа жету – оны жүйе анықтайды, қойылған негізгі міндеттер мен мақсаттарға жетуді қамтамасыз етуге қабілетті болуы. Интеграциялануы (кірігу) – жаңа абуындарды жүйеге енгзуге, біріктіруге қабілетті болуы. Жүйе бір-біріне бпрлық құрамдас бөлшектерін және қызметтерін байланыстырады. Құнды тұрпатын сақтау – кез келген жүйе жүріс-тұрыс үлгілерін, мәдени қағидалар мен нұсқаларды жасайды, жетілдіреді және жаңартады. Жалпы мөлшерлер мен қазыналарды жеке адамдардың игеруі жүйенің тұрақтылығын сақтауға және әлеуметтік шиеленістерді азайтуға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, бұл өзгермейтін (инвариантный) функционалды мәселелер жиынтығы. Ол әрбір жүйеде және оның бөліктерінде шешіліп отыруы керек. Т. Парсонстың қандай да бір теориялық құрылымын алмайық, оның әрқайсысында қайталанып отыратын ой өзегі, басты пікірі (леймотив) болады. Ол - әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын көрсететін құрылым және оның зерттеу механизмі. Осы міндетті ойдағадай шешуге Т. Парсонстың екінші теориясы, яғни «құрылымдық – функционалды талдау» бағытталған. Бұл теорияға сәйкес қоғам және оның жеке жүйелерінің белгілі бір функцияларды орындауы қарастырылады. Т. Парсонстың құрылымдық – функционалды талдау теориясын онан әрі жетілдіру жолдарын іздеді. Ол жаңа эволюциялық емес тұжырымдамасын түйіндеді. Онда ол қоғам құрылымының жіктелуіне басты назар аударады. Ал, қоғам құрылымының дифференциациялануы деп Т. Парсонс әрбір кезеңге сәйкес қоғам құрылымының күрделенуін түсінген. Ол құрылымның күрделенуі қоғамның және оның жүйелерінің тұрақтылығын азайтады деп қорытынды жасайды. Эмпирикалық және теориялық әлеуметтануды біріктіру идеясын бастаған ірір әлеуметтанушы Роберт Мертон (1910ж.) болды. 1949 жылы оның «Әлеуметтік теория және әлеуметтік құрылым» атты еңбегі шықты. Оның пікірінше, эмпирикалық және теориялық әлеуметтанудың бірігуінің «алтын дәуірі» басталды. Бұл тұрғыдан алғанда, Р. Мертон өзінің ойлаған ойын шындыққа айналдырғысы келді, бірақ бұл дұрыс болмады, өйткені эмпирикалық және теориялық әлеуметтанудың қатар дамуына ұзақ уақыт керек болды. Р. Мертон осы мақсатқа жету үшін өзінің функционалды талдау және «ортаңғы деңгей» теорияларын жасады. Спенсердің биологиялық көзқарастарын одан әрі дамытып, Мертон функционализм негізін қалайды. Қоғамның организмге ұқсастығын мойындасақ, оның жеек бөліктері бір-бірімен тығыз өзара байланыста болып, өз міндетті ісі арқылы оларды нығайтуғға талпынады. Басқаша айтқанда, қоғамда бәрі бір-бірімен тығыз өзара тәуелділік байланыста болады. Сондықтан әлеуметтанушылардың міндеті «әлеуметтік деректер мен объектілердің ішкі мазмұны туралы ойлана бермей, айқын, көрінетін, тексеруге және талдап қорытуға оңай міндетті істердің салдарларын жай алып қарағаны жөн». Осындай салдарлары арқылы міндетті қызметтері де өздерін айқындайды.Функция деп, бақылауға болатын нақты жүйенің өзін-өзі реттейтін не оны ортаға бейімдейтін құбылыстардың салдарларын айтады. Егер де бақылауға болатын осы салдарлар жүйенің өзін-өзі реттеуін, не оның ортаға бейімделуін әлсіретсе, онда оны дисфункция деп атайды. Міндетті қызметтер 2 нысанда көрініс табады: айқын және латенттік(жасырын). Міндетті қызметтерді байқау мен оқуға арналған тәсілнамалық құралды Мерто «орта деңгейдегі теориялар (ОДТ)» ретінде таныстырады. Ол ОДТ-ға мынадай анықтама береді: «Бұл теориялар жеке, бірақ қажетті, күнделікті зерттеулер барысында пайда болатын жұмысшы болжаулар мен бірыңғай теорияны дамытуға жан-жақты қамтуға жүйелі талаптанулардың аралығындағы кеңістікте орналасқан. Олар барлық бақылауға келетін әлеуметтік мінез-құлықтың түрлерін, ұйымдарды және өзгерістерді түсіндіреді». Басқаша айтқанда, әлеуметтанудың ерекшелігі болатын әлеуметтік әлемнің өзгеше көрінуін көбінесе, тіпті тек қана осы «аралық» кеңістікте , яғни таза эмпирикалық болжаулар мен жалпы қоғамның әлеуметтік-философиялық теорияларының арасында орналасуын айқындайды. Әлеуметтанушылардың ішінен бірінші болып Р. Мертон әлеуметтік құбылыстардың қоғамды әлеуметтік тәртіпті сақтау және оны қолдау функциясын емес, керісінше, олардың дисфункциясына, яғни әлеуметтік құбылыстардың қоғам құрылымындағы әлеуметтік золық-зомбылықты, шиеленісті, олардан туатын қарама-қарсы қайшлықты көрсетуге баса назад аударды. «Ортаңғы деңгей» теориясы бір жағынан әлеуметтік фактілердің үлкен топтарын қорытындаудың үлкен нәтижесі болды. Екінші жағынан, жалпы әлеуметтанудың кейбір жақтарын одан әрі нақтылап түсіндірудің құралы болды.
|