Студопедія
рос | укр

Головна сторінка Випадкова сторінка


КАТЕГОРІЇ:

АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія






Being Critical


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 586



 

Қоғам әлеуметтік байланыстар мен өзара әрекеттерсіз өмір сүре алмайды. Бұнда өзара әрекеттесуде қоғам мен индивидтің маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру негізгі сипатқа ие болады. Ондай өзара әрекеттер институционалдандырылады. Институционалдандыру – кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру бағытында жұмыс істейтін әлеуметтік нормалар мен ережелерді, мәртебелер мен рөлдерді айқындау мен бекіту, оларды жүйеге келтіру процесі. Әлеуметтік байланыстар жүйесіндегі әлеуметтік институттар мен ұйымдар қоғамда әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Ағылшын социологы Г.Спенсер ғылымға алғашқы болып «әлеуметтік институт» терминін енгізді. Ол әлеуметтік институттарды зерттей отырып, оның алты түрін сипаттап көрсетті. Олар: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, рәсімдік, діни, жанұялық. Спенсердің пайымдауынша, барлық әлеуметтік институттар әлеуметтік әрекеттердің тұрақты құрылымы ретінде қалыптасады.

Әлеуметтік институт (лат. құрылым) – қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырып, қоғамдық құндылықтар мен процедураларды біріктіретін байланыстар мен әлеуметтік нормалардың ұйымдасқан жүйесі.

Әлеуметтік институт қандай да бір салада қызмет ететін адамдардың жиынтығы және нақты заңдар, басқару шешімдері және практикалық кешендер жүйесі болып табылады. Әлеуметтік институттар индивидтің, топтардың, тұтас қоғамның сұраныстарын, қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады. Яғни, институттар - әрдайым дамып отыратын жүйе. Қоғамда институттар мынадай түрлерге бөлінеді:

1) саяси институт – қоғамды басқарып, оның тұрақтылығын, тұтастығын, тәртібін қамтамасыз етіп, қауіпсіздігін сақтауға бағытталады;

2) экономикалық институт – қоғамның қажеттіліктерін, сұраныстарын қанағаттандыруға, экономикалық жүйені дұрыс бағытта дамытуға негізделеді;

3) отбасы институты – қоғамның биологиялық үздіксіздігін қамтамасыз етуге, ұрпақ жалғастырып, оны әлеуметтендіріп, тәрбиелеп, қоғамда жақсы азаматтың қалыптасуына бағытталады;

4) діни институт – адамдардың рухани жан дүниесін байытып, олардың бойында адамгершілік қасиеттерді дамытуға, қиындық кезде дұрыс бағыт, қолдау көрсетуге арналады;

5) білім институты – жастарға білім беріп, тәрбиелеуге, білікті кадрларды дайындап қоғамды рухани дамытуға ат салысуға бағытталады.

Әрбір институт өздеріне тиесілі қызметтерді дұрыс атқарған жағдайда қоғам бекіп, тұрақтандырылып және үздіксіз дамып отырады.

Әлеуметтік ұйым – белгілі бір мақсатқа жету үшін құрылатын күрделі, өзара байланысқан, өзара иерархиялық әлеуметтік жүйелер, екінші қатардағы ірі әлеуметтік топтар. Әлеуметтік ұйым қоғамның әлеуметтік құрылымының элементі ретінде, қандай да бір топтың іс-әрекетінің түрі ретінде, әлеуметтік жүйенің элементтерін қалыптастырудағы ішкі тәртіп, келісімділік ретінде сипатталады.

Әлеуметтік ұйымның маңызды сипаттары:

1) ұйым табиғи мақсатта құрылады, яғни нақты бір мақсаттарды тез уақыт аралығы мен нәтижелі түрде жүзеге асыру үшін қалыптасады;

2) ұйымдар әрдайым адамдар бірлестігінің қызметін қамтамасыз ететін құрал мен тәсілдерді қалыптастырады;

3) ұйымдар адамдар бірлестігінің қандай да бір мақсатты іске асыруға бағытталған іс-әрекеттерін реттеуге арналады;

4) ұйым мүшелері иерархиялық саты бойынша атқаратын рөлі мен мәртебесіне сай бөлінеді;

5) ұйым еңбек бөлінісі негізінде және функционалдық белгісіне қарай қалыптасады;

6) ұйым басқармасы барлық элементтердің іс-әрекеттерін бағыттап отыратын, оның бөліктері мен ұйымның алға қойған мақсаттан ауытқушылығын мүмкін деңгейден шығармайтын орган болып табылады.

 


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Explaining Keywords | Unexpected outcome
1 | 2 | 3 | <== 4 ==> | 5 |
Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.209 сек.) російська версія | українська версія

Генерация страницы за: 0.209 сек.
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7