Головна сторінка Випадкова сторінка КАТЕГОРІЇ: АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія |
Частина І. ЗАГАЛЬНА ПАТОЛОГІЯ 13 страницаДата добавления: 2015-09-15; просмотров: 809
Бекiтемiн Т.Басенов атындағы Құрлыс және Сәулет институтының директоры Дүйсембаев И.Н. ______________ «___» _______________2012 ж.
Барлық мамандық студенттеріне (мамандық шифрі және атауы)
«Тіршілік қауіпсізідігін қамтамасыз ету» пәнi бойынша (пән атауы)
емтихандық тестiлеуге арналған
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЖИЫНТЫҒЫНЫҢ ПАСПОРТЫ
Алматы 2012
1-бөлім. Қауіпті тіршілік ортасы
$$$ 1 Тіршілік әрекеті пәнінің негізін не қалайды? A) адам; B) табиғаттың бұзылмай сақталуы; C) ғимараттың бұзылмай сақталуы; D) мекен ету ортасы; E) шаруашылық объектілері.
$$$ 2 Төтенше жағдайларды жою дегеніміз? А)ТЖ пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін, денсаулығын сақтап және материалдық шығын көлемін азайтуға бағытталған құтқару жұмыстары; В) ТЖ болған кездегі Азаматтық қорғаныс қызметтерінің адам санын түгелдеу; С) ТЖ болмай тұрып халыққа ақпарат тарату және оларды оқып-үйрету шаралары; D) өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да аварияларды болдырмауды алдын алу шаралары; Е) алдын-ала жүргізілетін және ТЖ-ың пайда болу қатерін мүмкіндігінше азайту.
$$$ 3 Қауіпсіздік дегеніміз не? А) қауіпті ортадан адамның, материалдық құндылықтардың және табиғаттың қорғалған күйі; В) апат болған кездегі қауіптілікті жою; С) алдын-ала ұйымдастыруды қамтамасыз ету; D) қауіпті ортадағы тіршілік қауіпсіздігінің қолайлы жағдайы; Е) денсаулыққа зиян келтірмейтін жағдай.
$$$ 4 Төтенше жағдай дегеніміз не? А) техногенді және табиғи апаттар нәтижесінде, белгілі бір аумақта туындаған жағдай; В) тек техногенді апаттар мен катастрофалар; С) көлік құралдарының апаттары; D) барлық қоршаған ортаға зиян келтіретін құбылыс; Е) тұрмыстағы жанжалдан туған жағдай.
$$$ 5 Қауіпсіздікті болдырмаудың мәні неде? A) бұл – қауіптің пайда болу ықтималдығын азайтатын әрекет жағдайы немесе шамадан тыс қауіптің жоқтығы; B) бұл – қауіпсіздік техникасын сақтау; C) бұл – еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын сақтау; D) бұл – қауіпті болдырмайтын шараларды жасау; E) бұл – қауіпті болдырмайтын оқу-әдістемелік кешен жасау.
$$$ 6 Тіршілік әрекетіндегі ең басты болып саналатын ұғым қандай? А) қауіпсіздік; В) қауіптілік С) әрекет жасау; D) денсаулыққа зиян келтіру; Е) табиғатқа зиян келтіру.
$$$ 7 Адамның кез-келеген анализаторы неден тұрады? A) рецептордан, нерв жолдары және ми ұшынан; B) рецептордан, көмек көрсетуден; C) нерв жолдарынан, қорғаныс шараларынан; D) рецептордан, нерв жолдары және апаттардан; E) нерв жолдарынан және қауіптіліктен.
$$$ 8 Адамның тіршілік ету әрекетінің мәні неде? A) қоршаған әлемді орынды пайдалану және оны дамытуда; B) тұрмысты жақсартуға арналған жұмыста; C) тұрмысқа қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған жұмыс; D) қоршаған әлемді өзгертуде; E) өндіріс орнындарында дұрыс жұмыс жасау.
$$$ 9 Қауіпті фактор дегеніміз не ? А) адам денсаулығының кенеттен нашарлануына немесе жарақатқа алып келетін, фактор; В) созылмалы ауруға алып келетін ауру; C) қатты улануға алып келетін факторлар; D) жұмыс қабілеттілігін нашарлататын факторлар; Е) өлімге алып келетін жарақаттар.
$$$ 10 Өндірістік зиянды факторларды атаңыз? А) адамдарға ауру (созылмалы) алып келетін және жұмыс қабілеттілігін төмендететін факторлар; В) адамдардың жарақаттануына алып келетін факторлар; C) жүйкеге әсер ететін жағдайлар; D) күшті улануға алып келетін жағдайлар; Е) денсаулықтың кенеттен нашарлануына алып келетін фактор.
$$$ 11 Әлеуметтік қауіп-қатердің түрлерін атаңыз? А) шантаж, алаяқтық, бұзақылық, қарақшылық, зорлау, кепілге алу, террор, нашақорлық және маскүнемдік; В) шантаж, алаяқтық, көршілерден қауіп қатердің келуі; С) қарақшылық және теңізде шабуыл жасалған қауіп-қатердің түрлері; D) тек нашақорлық пен маскүнемдік; Е) аманатқа қиянат жасау.
$$$ 12 Төтенше жағдайдың негізгі жіктелуі: А) ведомстволық тиімділігі бойынша, таралу масштабы мен жылдамдығы бойынша; В) ведомстволық масштабы бойынша; С) зардаптардың масштабы ауырлығы және таралуы бойынша; D) ведомстволық бойынша; Е) өрттің таралуы бойынша.
$$$ 13 Авария дегеніміз не? А) технологиялық үрдістердің бұзылуы, ғимараттар мен механизмдердің зақымдануы; В) ТЖ кезіндегі қирату құбылысы; С) табиғи апат салдарынан пайда болған жағдай; D) ғимараттардың зақымдануы; Е) стихиялық апаттан пайда болған төтенше жағдай.
$$$ 14 Стихиялық апат дегеніміз не? А) төтенше жағдайдың салдарынын пайда болған апат; В) технологиялық үдірістің бұзылуы; С) апаттан пайда болған, қирату күші; D) механизмдердің және жабдықтардың зақымдануы; Е) табиғи апаттан туындаған апат.
$$$ 15 Катастрофа дегеніміз не? А) әлемдік және аймақтықты қамтитын төтенше жағдайдан туындаған қирау құбылысы; В) Өндіріс орындарындағы қираулар; С) табиғи апат салдарынан болған залал; D) технологиялық үрдістер мен механизмдердің бұзылуы; Е) жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы.
$$$ 16 Азаматтық қорғаныс туралы ҚР заңы қабылданды? А) 07 мамыр 1997 жылы ; В) 10 маусым 1996 жылы; С) 15 қараша 2002 жылы; D) 17 қыркүйек 2001 жылы; Е) 21 қазан 1997 жыл.
$$$ 17 Азаматтық қорғанысқа жалпы басшылықты кім атқарады? А) премиер -министр; В) университет ректорлары; С) қала әкімі; D) АҚ басшысы; Е) елбасы.
$$$ 18 Негізгі құрылымдарға жататындары? А) барлау, құтқару, медицианалық, инженерлік, өртке қарсы, авариялық техникалық; В) байланыстар; С) материалды-техникалық; D) қоғамдық тәртіпті сақтау; Е) аңдар мен өсімдіктерді қорғау бөлімдері.
$$$ 19 Жедел әрекет отрядының саны? А) облыста-150 адам, қалада-100 адам, ауданда-50 адамнан кем емес; В) облыста-100 адам, қалада-150 адам, ауданда-70 адамнан кем емес; С) облыста-15 адам, қалада-10 адам, ауданда-5 адамнан кем емес; D) облыста-200 адам, қалада-100 адам, ауданда-150 адамнан кем емес; Е) облыста-40 адам, қалада-300 адам, ауданда-10 адамнан кем емес.
$$$ 20 Жедел құтқару отряды қандай көлемде құрылады? А) жоғары дайындықтағы күш ретінде, республикалық, аумақтық және жергілікті көлемде құрылады; В) мамандандырылған, әсери мақсатта құрылады; С) қалалар мен ауылдарда құрылады; D) шығу тегіне байланысты құрылады; Е) геологиялық тұрғыда құрылады.
$$$ 21 Нысандық төтенше жағдай дегеніміз? А) егер апат, зілзала авария нәтижесінде ТЖ аймағында өндірістік немесе әлеуметтік нысан аумағынан шықпаса; В) таралу ауқымы мен келтірілген материалдық шығын көлемі асып кетсе; С) егер апат, зілзала авария нәтижесінде ТЖ Қазақстан Республикасының 3 немесе одан көп обылсына таралса; D) ауыл шаруашылық өсімдіктері зардап шеккен болса; Е) төтенше жағдай ҚР территориясына түгелдей таралса.
$$$ 22 ҚР «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңы қабылданды ? А) 22 қараша 1996 жылы; В) 08 наурыз 2003 жылы; С) 10 желтоқсан 2009 жылы; D) 16 желтоқсан 2012 жылы; Е) 15 маусым 1996 жылы.
2-бөлім. Бейбіт және соғыс уақыттағы ТЖ (Азам Қорғаныс) $$$ 23 АҚ құрамдарын қалыптастыру тәртібі қандай құжаттармен анықталады? А) ҚР-ның «Азаматтық қорғаныс туралы» заңымен және АҚ құрамын қалып-тастыру ережесімен; B) ҚР-ның «табиғи және техногенді сипаттары» туралы заңымен; C) АҚ құрамдарындағы ережелерімен; D) ҚР-ның «Апаттық-құтқару қызметінің құтқарушылар статусы» туралы заңымен; E) ҚР-ның «Өрт қауіпсіздігі» туралы заңымен.
$$$ 24 Азаматтық қорғаныс аумағындағы негізгі міндеттер қандай құжаттарда анықталады? A) ҚР-ның «АҚ туралы» заңында; B) ҚР-ның «Апаттық-құтқару қызметінің статусы» туралы заңында; C) қауіпсіздікті құрудағы өкімет қаулысында; D) ҚР-ның «табиғи және техногенді сипаттары» туралы заңында; E) ҚР-ның қорғанысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқауда.
$$$ 25 ҚР-сы және шет ел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың міндеттері мен құқықтары қандай заңмен анықталған? А) «Азаматтық қорғаныс туралы»; В) «Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ туралы»; С) «Өрт қауіпсіздігі туралы»; D) «Авариялық құтқару қызметі мен құтқарушылардың статусы туралы»; Е) «Қауіпті өндірістік объектілердегі өндірістік қауіпсіздік туралы».
$$$ 26 Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жеке және заңды тұлғалардың міндеттері қандай заңмен анықталған? А) «Қауіпті өндірістік объектілердегі өндірістік қауіпсіздік туралы». В) «Азаматтық қорғаныс туралы»; С) «Өрт қауіпсіздігі туралы»; D) «Авариялық-құтқару қызметі мен құтқарушылардың статусы туралы»; Е) «Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ туралы»;
$$$ 27 ҚР-ның Азаматтық қорғанысын жалпы басқаруды кім атқарады? А) ҚР-ның премьер-министрі B) ҚР-ның сенат төрағасы; C) ҚР-ның ТЖ министрлігі; D) ҚР-ның президенті; E) Мәжеліс төрағасы.
$$$ 28 Азаматтық қорғаныс құрамдары қандай принциптер бойынша құрылады? А) территориялдық және өндірістік. В) өндірістік; С) тұратын жерлері бойынша; D) жұмыс орыны бойынша; Е) аудандық;
$$$ 29 Жеке құрамалар мен АҚ құрамаларын жинақтау ҚР-ның қандай заңымен жүргізіледі? А) « Азаматтық қорғаныс туралы» заңымен; B) «Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ туралы»; C) «Өрт қауіпсіздігі» заңымен; D) «Авариялық-құтқару қызметі мен құтқарушылардың статусы» заңымен; E) «Қауіпті өндірістік объектілердегі өндірістік қауіпсіздік» заңымен.
$$$ 30 ТЖ кезінде тұрғындарды, қоршаған ортаны және шаруашылық объекттерін қорғау принциптері қай заңда анықталған? А) ҚР-ның «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай» туралы заңында; В) ҚР-ның «Өрт қауіпсіздігі» туралы заңында; С) ҚР-ның «Азаматтық қорғаныс туралы» заңында; D) ҚР-ның «Авариялық-құтқару қызметінің»туралы заңында;
|