Головна сторінка Випадкова сторінка КАТЕГОРІЇ: АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія |
в діючих арміяхДата добавления: 2015-10-18; просмотров: 558
38.<FRAME> тәгінде SRC атрибутының атқаратын қызметі: A) Фреймде шығарылатын құжаттың URL-адресін анықтайды B) Суреттің URL- адресін көрсетеді C) Текст түсін өзгертеді D) Терезені горизонталь бағыт бойынша бөледі E) Терезені тігінен бөледі
39.<FRAME>тәгінің MARGINWIDTH атрибутының атқаратын қызметі: A) Фреймнің оң және сол жақтарындағы пиксельмен берілген бос кеңістік мөлшерін анықтайды B) Фрейм өлшемін береді C) Фрейм көлемі тұрақты болып, оның өзгермейтінін көрсетеді D) Фреймнің жоғары және төмен жақтарындағы пиксельмен берілген бос кеңістіктің мөлшерін анықтайды E) Фрейм бойынша жылжыту жолақтары бар не жоқ болуын көрсетеді
40.Фрейм көлемі тұрақты болып, оның өзгермейтінін көрсететін атрибут: A) NORESIZE B) MARGINHEIGHT C) MARGINWIDTH D) SCROLLING E) BORDERCOLOR
41.Фреймнің жоғары және төмен жақтарындағы пиксельмен берілген бос кеңістіктің мөлшерін анықтайтын атрибут: A) MARGINHEIGHT B) MARGINWIDTH C) SCROLLING D) NORESIZE E) BORDERCOLOR
42.Фреймдерді пайдалану кезіндегі <A TARGET=frame1> деген сілтеме нені білдіреді? A) Осындай аты бар фреймге гипермәтіндік сілтеме жасау B) Фреймге frame1 деген ат берілді C) Берілген фреймді frame1 фреймімен ауыстыру D) Frame1 фреймін жою E) Frame1 фрейміне жасаған сілтеменің түсін өзгерту
43.HTML. Фреймдерге сілтеме жасайтын <A TARGET=…> TARGET атрибутының _blank тұрақты мәні қандай қызмет атқарады? A) Көрсетілген файлды ат қойылмаған жаңа терезеге жүктейді B) Көрсетілген файлды сілтеме жасалған фреймге жүктейді C) Көрсетілген файлды кадрлар құрылымы біріктірілген толық терезеге жүктейді D) Көрсетілген файлды фреймдерді ашатын түпкі кадрға жүктейді; егер ондай кадр анықталмаған болса, онда оның әсері алдыңғы _self қызметімен бірдей болады E) Көрсетілген файлды келесі жасалған фреймге жүктейді
44.Фреймдерге сілтеме сілтеме жасайтын <A TARGET=…>TARGET атрибутының _self тұрақты мәні қандай қызмет атқарады? A) Көрсетілген файлды сілтеме жасалған фреймге жүктейді B) Көрсетілген файлды кадрлар құрылымы біріктірілген толық терезеге жүктейді C) Көрсетілген файлды фреймдерді ашатын түпкі кадрға жүктейді; егер ондай кадр анықталмаған болса, онда оның әсері алдыңғы _self қызметімен бірдей болады D) Көрсетілген файлды ат қойылмаған жаңа терезеге жүктейді E) Көрсетілген файлды келесі жасалған фреймге жүктейді
45.Фреймдерге сілтеме жасайтын <A TARGET=…>тәгінің TARGET атрибутының_parent тұрақты мәні қандай қызмет атқарады? A) Көрсетілген файлды фреймдерді ашатын түпкі кадрға жүктейді; егер ондай кадр анықталмаған болса, онда оның әсері алдыңғы _self қызметімен бірдей болады B) Көрсетілген файлды сілтеме жасалған фреймге жүктейді C) Көрсетілген файлды кадрлар құрылымы біріктірілген толық терезеге жүктейді D) Көрсетілген файлды ат қойылмаған жаңа терезеге жүктейді; егер ол анықталмаса, онда ол негізге фреймге әсер етеді E) Көрсетілген файлды келесі жасалған фреймге жүктейді
Зертханалық жұмыс № 7
Тақырыбы:Формалар. Форманың белгіленуі <Form> тегі және оның атрибуттары. Форма элементтерінің түрлері және олардың типтері. Формаларды құру. Формаларды қолдану. Мақсаты:HTML тілінде тегтарды пайдаланып фреймдар құру. Қажет құралдар мен қойылатын талаптар: дербес компьютер, Блокнот(Hotepad) және Internet Explorer программалары, сонымен бірге компьютерде қолданушы ретінде жұмыс жасай білу керек. Жұмыстың орындалу реті: 1. Теориялық материалды игеру. 2. Жұмыстың орындалуы. 3. Бақылау сұрақтары. Зертханалық жұмыстың орындалуына есеп беру формасы: 1. Зертханалық жұмыс номері 2. Тапсырма 3. Бағдарлама мәтіні. 4. Тестілеу нәтижесі. 5. Бақылау сұрақтарына жауап беру. Әдістемелік нұсқау 1. Формадағы деректерді беру әдісі. HTML формалары web-құжат жариялаушылар мен оқырмандар арасындаақпарат алмасуға мүмкіндік жасайды. Бұған дейін біз web-құжаттарды тек экранға шығару әдістерін талқылап келген болсақ, енді, керісінше оларға мәлімет енгізу әрекеттерін қарастырамыз. Формалар арқылы тұтынушыдан жалпы мәтін түрінде ақпарат сұрап алуға, "иә/жоқ" деген жауаптың бірін таңдауға немесе бірнеше жолдың біріне тоқтауға болады. Формаларды әр түрлі мақсаттарда қолдану мүмкіндігі бар. Мысал ретінде, сайтқа кірген оқырмандардың ол туралы өз пікірлерін формаға енгізуі туралы айтуға болады, жалпы HTML формаларын пайдалану аймағы алуан түрлі болып келеді. 2.<FORM> тәгі Әрбір форма осы тәгпен басталады. Оның қолданылатын форманы өңдеу программасын (скрипт) және мәліметтерді жөнелту әдісін көрсететін екі атрибутын анықтап алу қажет. 1-кесте. FORM> тәгінің атрибуттары
Мысал: <FORM METHOD="post" ACTION="/cgi-bin/comment_script"> … </FORM> Бұл мысалда броузерге мынадай нұсқау берілген: толтырылған форманы post әдісін қолдана отырып жөнелтіп, оны web-құжат орналасқан сервердің cgi-bin каталогында орналасқан comment_script скрипті көмегімен өңдеу керек екендігі көрсетілген. Бір web- парақта орналасатын формалар саны шектелмейді, бірақта бірформаның екінші бірформаның ішіне кіріп кетпеуін қадағалап отыру керек.
2.1.Форма жасау тәгтері HTML тілінде формадағы әр түрлі өріс типтерін жасау үшін <TEXTAREA>, <SELECT> және <INPUT> сияқты үш түрлі тәг қолданылады. Олардың кез келген саны <FORM> ... </FORM> тәрізді қосарланған тәгтер ішінде, яғни контейнерде орналаса алады. Төмендегі кестеде солардың қысқаша сипаттамалары көрсетілген, кейінірек олар толық қарастырылады.
2-кесте. Тәгтердің қысқаша сипаттамалары
Шыққан мәнді қайтаратын арнайы форманы толтыратын, кейбір WWW browser қолданушыға өзінің WWW-серверінде кейбір әрекеттерді орындауға рұқсат етеді. WEB- броузер формамен жұмыс істегенде енгізу өрісі checkboxes, radiobuttons, түсетін меню, айналдыратын тізімдер, батырмалар және тағы с.с арнайы GUI экрандық элементтен құралады. Қолданушы форманы толтырып "Подтверждение" (SUBMIT –құжаттың суреттеуі бойынша шақырылатын арнайы батырма түрі), ақпарат, формаға пайдаланушымен енгізілген HTTP-серверге өңдеу үшін және басқа бағдарламалармен алмасу үшін жіберіледі, сервер арқылы CGI (Common Gateway Interface) интерфейсімен жұмыс жасайды. Сіз форманы суреттеген кезде берілгендерді енгізудің әрбір элементі <INPUT> тегін қолданады. Қолданушы берілгендерді форманың элементіне орналастырған кезде, ақпарат берілген элементтің VALUE бөлімінде енгізіледі. Барлық формалар <FORM> тегінен басталады және </FORM> тегімен аяқталады. <FORM METHOD="get|post" ACTION="URL"> Элементы_формы_и_другие_элементы_HTML </FORM> METHOD- Формадағы деректерді беру әдісі. Әдістің қолданылуына байланысты нәтижелерді формаға деректер түрінде берудің екі жолы бар: GET: Формадағы мәлімет форма тақырыпшасында көрсетілген URL соңына қосылады. CGI-бағдарламасы (CGI-скрипт) формадан QUERY_STRING өзгеру ортасы параметрі түрінде деректерді алады. GET әдісі қолдануға ұсынылмайды. POST: Берілген әдіс URL-ға жүгінгенде форма туралы барлық мәліметті береді. CGI- бағдарламасы мәліметтерді формадан қалыпты енгізе алады. Сервер қалыпты енгізуге деректерді жіберіп болғаны туралы хабар жіберілмейді; оның орнына оқылуға керек деректерді анықтау үшін CONTENT_LENGTH өзгеру ортасы қолданылады. Берілген әдіс қолдануға ұсынылады. ACTION ACTION форманы өңдеу үшін шақырылатын URL-ды сипаттайды. URL берілгендерді әрқашан берілген форманы талқылайтын CGI- бағдарламаға сілтемелейді. <TEXTAREA> тегі қолданушыға бірнеше жолдан тұратын ақпаратты енгізу үшін қолданылады (еркін мәтін). <TEXTAREA> тегінің қолданылуына мысал: <TEXTAREA NAME="address" ROWS=10 COLS=50> Москва, Дмитровкое шоссе, д.9Б, офис 448 </TEXTAREA> <TEXTAREA> тегінің ішінде қолданылатын атрибуттар енгізілетін мәннің атын және сыртқы келбетін суреттейді. </TEXTAREA> тегі ең басында енгізу өрістері бос болған кездің өзінде қажет болады. Атрибуттардың мағынасы: · NAME– енгізу өрісінің аты · ROWS– символмен берілген енгізу өрісінің биіктігі · COLS– енгізу өрісінің ені символмен Егерде сіз енгізу өрісінде өсуі бойынша қандай да бір мәтін берілгенін қалаған болаңыз, онда оны <TEXTAREA>және </TEXTAREA> тегтарының арасына орналастыру қажет. <INPUT> тегі мәтіннің бір жолын немесе бір сөзін енгізу үшін қолданылады. Тег атрибуттары: · CHECKED -CHECKBOX немесе RADIOBUTTON таңдалатынын білдіреді. · MAXLENGTH– Пайдаланушылар енгізу өрісіне қолдана алатын символдар санын анықтайды. Рұқсат етілетін символдардың саны өскен кезде броузер жаңа символ енгзігуді дыбыстық сигналмен жүргізуге талпынып оның енгізілуіне рұқсат етпейді. SIZE атрибутымен шатыстырмау қажет. Егер MAXLENGTH атрибуты SIZE атрибутынан артық болса, онда өрісте скроллинг пайда болады. MAXLENGTH по умолчаниюбойынша мағынасы шексіздікке тең. · NAME– енгізу өрісінің аты. Берілген ат өрістің осы өріске пайдаланушылармен енгізілген мәліметтерді сіз ала алатын ерекше идентификаторы ретінде қолданылады. · SIZE– символмен берілген экрандағы енгізу өрісінің визуалды өлшемі. · SRC– URL суретке сілтемелеуші (IMAGE атрибутымен бірігіп қолданылады). · TYPE– енгізу өрісінің типін білдіреді. По умолчаниюбойынша бұл мәтіннің бір жолының қарапайым енгізу өрісі. Қалған типтер анық көсетілуі қажет:
|