Студопедія
рос | укр

Головна сторінка Випадкова сторінка


КАТЕГОРІЇ:

АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія






Структура курсу.


Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 951



1.Кун радиациясы дегеніміз-куннен шығатын сәулелі энергия. Күн радиациясы күннен шығатын сәулелі қуат. Белгілі бір уақытта 1 см2 жер бетіне түсетін күн қуаты Дж/м2-мен есептеледі.Оны корпускулярлы және электромагніттік толқындар құрайды. Иондық сәулеленудің барлық түрлерін екі топқа бөлуге болады: электромагниттік сәулелену және корпускулярлық сәулелену.Электромагниттік сәулеленуге рентген және гамма – сәулелері жатады, ал корпускулярлық сәулеленуге әр түрлі ядролық бөлшектер жатады. Күн – рентген сәулелерін шығарып отыратын бұлақ. Бұл сәулелер Жердің үстіңгі қабатындағы атмосферада ұсталынып тұратындығынан тірі жәндіктерге, жануарларға және адамдарға оның зиянды әсері жетпейді.Гамма – кванты ядролық реакциялар жүргенде және көпшілік радиоактивтік заттар ыдырауға түскен кезде бөлініп отырады.Рентген сәулелерінің және гамма – квантының физикалық қасиеттері ұқсас (заттардан өту қабілеті анағұрлым жоғары), сондықтан тірі организмге олардың биологиялық әсерлері бірдей.Корпускулярлық сәулеленуге ядролық бөлшектерден тұратын иондық радиацияның барлық түрлері жатады: бета бөлшегі (электрондар), протондар (сутегінің ядросы), альфа бөлшегі (гелийдің ядросы). Нейтрондар тікелей емес жолмен бөлшектерді иондандыра алатын болғандықтан, олар өздері зарядталмаған болса да сәулеленудің осы тобына жатады.Зарядталған ядролық бөлшектер сәулеленген заттан өткенде өзінің энергиясын жұмсап, энергиясы таусылғанша сол заттың атомдарын және молекулаларын ионды түрге айналдыра береді.Сәулелену ядро бөлшектерін тек ионды түрге айналдырып қана қоймайды, ол сәулеленуге түскен заттың атомдарын және молекулаларын өзінің энергиясын соларға беру арқылы қоздырады. Сөйтіп, иондану және қозу – сәулеленген зарядтан өтетін иондық радиациясының энергиясын жұмсайтын негізгі құбылыс. Бета – бөлшегі өзінің физикалық жағынан атомдардың қабығындағы электрондардан айырмашылығы жоқ. Электрондар сияқты олар теріс зарядталған. Бета – бөлшегі атом ядросының радиоактивтік ыдырау кезінде пайда болады да, сәуле түрінде одан өте жылдам бөлінеді.Альфа – бөлшегі бета – бөлшегіне қарағанда 7300 есе ауыр. Альфа – бөлшегі атомдық номері үлкен кейбір элементтерден радиоактивті ыдырау кезінде бөлінеді.

2 Тамақтану- ағзаның маңызды физиологиялық сұранысы. Ол негізгі функциялары: өсу, жетілу және жұмыс қабілеттілігінің белсенділігін арттыруды қолдауға және қамтамасыз етуге бағытталған. Тиімді тамақтанудың негізгі элементі болып үйлесімді тамақтану мен тамақтану режимі жатады.т тиімді тамақтану тәуліктік тамақтанудың каллория мөлшерінің тәуліктік энергия жоғалту мөлшеріне қатынасы. Үйлесімді тамақтану деп адамның тағамының құрамындағы барлық тамақтық, биологиялық белсенді заттардың ең тиімді ара қатынаста болуы және олар адам ағзасына ең жоғарғы пайдалы әсерін тигізуін айтады.үйлесімді тамақтану тамақтық заттар мен биологиялық белсенді заттар мен саны мен сапасы жағынан да тиімді байланыста болуы керек, олар ақуыз, май, көмірсу мен витамин, минералды элементтер.тамақ ішу тәртібі тиімді тамақтанудың маңызды бір бөлігіне жатады. Тамақ ішу тәртібіне адам неше рет тамақ ішу керектігі, тамақ ішу арасындағы уақыт, тамақ ішу мезгілі, тамақтардың каллориясы бойынша әр мезгілге бөлуі жатады,ең тиімдісі күніне 4 мезгіл тамақтану. Күніне 4 рет тамақтанған кезде тағамның каллориясы бөлінеді: 1 таңғы ас 18%, 1-ші таңғы ас 12% , түскі ас-45%, кешкі ас-25% құрайды,ал егер күніне 3 рет тамақтану болса, таңертеңгі ас 30%, түскі ас 45%, кешкі ас25%. Ақуыздар ауыстыруға болмайтын тағамдық заттарға жатады.олар ағзаның өсуіне,өмір сүруіне,жетілуіне әсер етеді. Ақуыздар жасушалар мен ұлпалардың, гармондар мен ферменттердің түзілуіне қатысады, құрылыс материалы ретінде, зат алмасу процессінің жетілуіне,әсіресе минералды заттар мен витаминдердің алмасуына, тұз алмасу процессіне өте қажетті болып табылады. Адамның ақуызға деген қажеттілігі,сұранысы оның жасына, жынысына, істейтін жұмыс түріне, климаттық жағдайына байланысты. Жұмыстың ауырлығына байланысты, ақуыздың нормадағы көлемі 1 күнде 110-130 гр деп ұсынылады.майлар адам ағзасындағы энергетикалық және пластикалық роль атқарады және жасушалар құрамына кіреді, жасушаның құрылымдық бөлігі болып табылады.майлар энергия көзі. Көп қанықпаған май қышқылдарына қажесек адамда 5-7 , балаларда 3-4 гр. Май қышқылына деген қажеттілікті қанағаттандыру үшін күніне 25-30 гр күнбағыс майын қолдану қажет.Көмірсулар тағамдық рационның негізгі бөлігі болып табылады.Көмірсудың физиологиялық маңызды негізінен оның энергетикалық қасиетіне байланысты анықталады.Көмірсулар жасушалардың биологиялық түзілуінде пластикалық материал ретінде қолданылады.Нан мен жармалардың жасалған өнімдердің көмірсулардың сіңу көрсеткіші 94-96,көкөністер 85, картоп95 кондитерлік өнімдер 95,қант 99, сүт және сүт өнімдері 98. Қант пен крахмалдың рационды арақатынасы 1/3-4 ұсынылады. Тағам рационындағы көмірсулар көлемі адамның энергия ждұмсауына, жасына, жынысына байланысты 250-440 гр дейін болады. Минералды заттар ағзада өте маңызды рөл атқарады минералды элементтердің физиологиялық маңызы ферменттік жүйенің құрамына және олардың жұмысына, ағзаның тканьдарын түзуге, әсіресе сүйек ткандарын түзуге, пластикалық процестерге, ағзаның қышқылдық-негіздік жағдайын тұрақты ұстауға, қанның құрамындағы тұздың нормада болуын, ағзадағы тұз және су алмасу процесстерінің нормада болуын жүруіне әсерін тигізеді. Кальций адам ағзасындағы 1500 гр мөлшерде кездеседі,99 сүйек құрамында болады, магний ересек адамда тәулігіне 400 мг, балалардың жасына байланысты тәулігіне 250-350 мг магний қабылдау қажет,натрий ересек адамда 4-6 гр қолдану керек, яғни ол натрий хлоридінің 10-15 гр сай.темір ересектер үшін 10мг,әйелдер үшін 18мг қажет.мыс ересектерде-150мг,мысқа деген қажеттілік -2,0мг.маргенецке деген қажеттілік тәулігіне-5мг. Витаминдер аз молекулалы органикалық қосылыстар, химиялық табиғаты әр түрлі зат алмасу процесіне қатысады, денсаулықтың мықты болуна әсет тигізеді, адамның бейімделуіне және еңбекке деген қабілеттілін арттырады. А витамині ересек адам тәуліктік қажеттілігі 1000 мкг, жүкті әйелдерде 1250 мкг, 1 жасқа дейінгі балаларда 400 мкг. Е витамині ересектер үшін 12, жүкті әйелдер мен емізулі әйелдер үшін 15, балалар мен жасөспірімдер 5-12 мг. К витамині ересек үшін 0,2-0,3мг.

3. Оқушылар арасында медициналық тексеру жүргізгеннен кейін олардың денсаулығына, физикалық жетілуіне және дайындығына қарап 3 топқа бөледі: негізгі, дайындық, арнайы. Негізгі топқа денсаулығы,дайындығы жақсы балалар алынады. Дайындық тобына денсаулығы жақсы, дайындығы нашар балалар алынады, және денсаулығында аз ғана ауытқулары бар балалар алынады. Оларға уақытша ауыр физикалық жаттығулар жауға болмайды. Ол балаларда медициналық қадағалау үнемі жүргізіледі, дене бітімінің ауытқулары бар және омыртқа сүйектері қисайған балаларда арнайы гимнастикалық жаттығулар жасатады. Дене шынықтыру сабақтарына қатысқан кезде сабақ өтетін залдың гигиеналық талаптарын: тазалығын, жарықтануын, микроклиматын және жұмыс жарамдылығын қарауы керек.сабақтың тығыздылығы дегеніміз оқушылардың қимылдауға, жылжуға кеткен уақытқа қатынасын айтамыз, ол кемінде 60-65 болуы керек, сабақ әдетте 3 бөлімнен тұрады,1-ші кіріспеде 5-8 мин,негізгі бөлім 30-30мин,қорытынды бөлім 5-7 мин.Дене бітімінің дұрыстығын сақтауы үшін дене шынықтырудың маңызы зор.

Билет.

1Жабық бөлменің химиялық құрамы ауа атмосф және арнайналыланган ластануышының құрамымен анықталады.Бул ластанушылар антропогенді факторлар:адамның өмір суруіндегі газ тектес заттар,(көміртегінің диоксиді,аммиак,аммиак туындылары т.б),токсинді заттар олар ауаға құрылыс және бөлім материалдарының полимерлерін шығарады.(фенол,фармальдигит т.б) Тұрыстық шаруашылық процесіндегі ластаушылар газ өртеу,жуу,тамақ жасау.тұрғылықты жердегі ауаның жағдайы коммунальды санитарлық жағдайына вентелацияның биіктігіне,эффективлігіне, тұрғындардың тығыздығына байланысты. Жабық бөлмелердің ауадағы токсикалық заттар концентрациясы техникалық процесс,химиялық құрамы мен агрегаттық күйі,құрылғылардың герметизациясы,тех-тық процесстің автоматизациясы, вентиляция және зиянды заттарды жоюдың тиімділігі арқ.ан-ды. Шаң және газ тәрізді токсикалық заттардың концтр-сы сан.гигиеналық нормадан жоғалылаған болса, жұмысшыларда кәсіби аурулардың п.б. әкеледі.Тұрғын үйлер мен қоғамдық мекемелердегі ауаның хим.құрамы атмосфералық ауамен арнайы ластаушылар құралы көмегімен ан-ды

2.Тұрғын үй жоспарлауды жерлерді 4 ауданға, 16 ауданшаға бөледі.Біздің елеміз 3 ж\е 4 ауданға жатады. «Тұрғын уйлер.Жобалау нормалары»ҚН мен Е құрылыс нормасы мен ережесіне сай жобалануы керек.Осы ҚН мен Е аудандардың физикалық географиялық сипаттамасы ж\е орташа айлық ауа температуралары: қаңтар мен шілде айларының, ауаның орташа жылдамдығы қысқы 3 айда, айлық орташа ауаның салыстырмалы ылғалдылығы- маусым айындағы, геологиялық жағдайлар мен табиғи климаттық факторлар, тұрғын уйге қойылатын талаптар туралы жазылған. Әр үй салынатын жер өзінің белгілі климатымен, яғни сол жердің көп жылдық ауа райы режмимімен ерекшеленеді.Тұрғын уйлердй жобалау сол жердің физ-қ географ-қ сипаттамасына сай, ҚНж\е Е-де көрсетілгендей жасалу керек, яғни тұрғын иүйдің ұстағыштығы, желден ж\е қызып кетуден қорғау. Жыл мезгілінің әр кезінде бір жерде метеорологиялық жағдайлардың үлкен ауытқуы байқалады: температура, ылғалдылық, ауа жылд, күн радияциясының қарқындылығы.тұрғын уй ішінің гигиеналық жағдайы оны қорщ ортаға байл болады, сондықтан үйдің аймағына қойылатын талаптарды қатаң сақтаған дұрыс.Үй салуға жер тандаған кезде ол жер келесі талаптарға сай болуы керек:ол жерге күн сәулесі жақсы түсетін, ауа алмасу жақсы, шу көзінен ж\е атмосф-қ ауаның ластаушылар көзінен, өндірістік мекемелерден, теміржолдан, автокөлік магистральді жолдарына алыс орналасуы керек, үйді дұрыс орналастыру үшін балалар ойнайтын жер, ересектер демелатын ж\е жасыл өсімдіктер егілетін жерді қарастыру керек.Ол жердің жер асты суының биіктігі өте маңызыд болып саналады.Жер асты суы биіктігі 2 м ден кем болмауы керек, өйткені қар, жаңбыр жауған кезде, жер асты суы көтеріліп, үйде ылғылдықтың қаупі туындайды.Үй салатын жерге су құбыры мен канализация жүйесі жақын орналасуы керек.Автокөлік келетін жол болуы керек.Емдік профилак-қ мекемелердің жұмысы біздің елімізде ҚР Сан Е мен Н на «емдік профилак-қ мекме құрылысы ж\е құрамының санитарлық ережелеріне» сай жүргізіледі.Жекеленген кейбір талаптар құралыс нормалары мен ержелері «қала құрылысы.» қалалық ж\е ауылдық мекемелерді жоспарлау ж\е құрылыстарын салу, қоғамдық ғимараттармен , ж\е ден-қ сақтау жоспарлау тур құжатта келтірілген. Арнайы ауруханалар ж\е қуаттылығы 1000 төсектен жоғары үлкен кешендер селетепті аймақта 1000 метр қашықтықта қала сыртында мүмкүндігінше жасыл желегі мол ауданда орналасуы керек.Жалпы соматикалық ауруханаларда елді мекенннің шет жағында орналастырған дұрыс. Перзентхана-р , емханалар, жедел мед-қ көмек көрсететін ауцруханалар , кеңес беретін мекемелер қызметкөрсететін елді мекенгет жақын орналасуы керек.Аурухана мекемесін бұрын қоқыс төгілген, бейіт болған, мал мүліктерін көмген, хим-қ ж\е орг-қ ластанған, ассенизация аланы болған жерлерге салуға тыйым салнады.Аурухана учаскесі теміржол, аэропорт яғни транспорт ж\е физ-қ фактор көзінен алыс орналастырылуы керек.

3.Денсаулық д-з физикалық дефектілердің және аурадың болмауы емес сонымен қатар толық физикалық, рухани және әлеуметтік жағдайы б.т. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен физикалық жетілуін қадағалау үшін оларға жылда мед.тексеру жүргізіледі.Тексеру кезінде денс.жағдайына баға беру үшін қарапайым клин-қ әдістер анторпометриялық және физиометриялық қолд-ды. Антропометриялық әдіс кезінде баланың денесінің параметрлерін өлшейді:бойын,салмағын,дене қуысының шеңберін, өкпенің өмірлік сиымдылығын, арқаның және қолдың бұлш-ң күшін, жетілу сатысы мен әр түрлі аномалияларды,мысалы, омыртқаның қисаюы және түйетабандылықтың ерте белгілерін ан-ды. Ал физиометриялық әдіс кезінде кейбір функционалды пробалар жасап, жүрек қан-тамыр жүйесіне және басқа да жүйелердің жұмысына баға береді.Әр баланың мед.тексеруден соң төменгі топтардың біреуіне жатқызады:1-топ сау балалар;2-топ саубалалар, бірақ аурудан соң функйионалдық өзгерістері бар, жедел аурулармен жиі ауыратын,кору қабілеті орташа дәрежеде бұзылған балалар;3-топ созылмалы аурулармен ауыратын,физикалық жетісп.бар,бірақ оқуға өмір сүруге және еңбек етуге бейімделген балалар;4-топ созылмалы аурулармен ауыратын, субкомпенсациялық жағд-да өмір сүру және еңбек етуге бейімділігі жоқ балалар;5-топ декомпенсация, яғни ағза кызметінің бұзылуы анықталған ауру балалар, 1-2топтағы мүгедектер. Балалардың денс.жақсарту б-ша әр топқа жеке профилактикалық емдік, сауықтыру жұмыстарын және денс.нығайту б-ша шаралар жоспары дай-ды.

Билет

1.Қазіргі кездегі тұрғын және қоғамдық үйлердегі ауа тазалығының критериилері ретінде СО2 концентрациясын аныктаудың маңыздылығы зор.Көмір қышқыл газы түссіз,иіссіз, 1-1,5есе ауадан ауыр.Планетаның жылу балансы СО2 байл.Оның 3% көбеюі тыныс алу жүйесінің бұзылуына бас ауруна жұмыс қабілеттілігінің бұзылуына әкеледі.4-5% жетуі бет қызаруына,бас ауруна,құлақ шуылуына,қан қысымының көтерілуіне жүрек соғысының күшеюіне,мазасыздыққа әкеледі.Егер ауадаСО2 мөлшері8-10болса,тез естен танып өлімге ұшыратады.Тұрғын үй тағы басқа мекеменің ауасының СО2 концентрациясы,егер онда вентеляция жоқ болса,өте сирек 1 асады.Дисконфорд сезімі ауада СО2 мөлшері 0,1асқанға ғана байл емес,сонымен қатар ауаның физикалық қасиетінің (адам көп мекемелердегі ауа ылғалдылығы,темп,иондық құрамының) өзгерісіне байл.СО2 мөлшеі ауа тазалығының жанама гигиеналық көрсеткіші б.т.

2.емдік емханаларды салу үшін 3 түрлі жүйе қолданады. Орталықтандырылмаған, орталықтандырылған, аралас жүйелер кеңінен қолданады. Барлық жүйелерде белгілі бір паймақты қажет етеді және ол қаладан алшақ жерде орналасады. Орталықтандырылмаған жүйедегі ғимараттар қаншалықты тиімді болса да оның кемшілігі көп. Осыған байланысты аралас схемадағы емханалар салына бастады. Бұл схемадағы ғимараттарда арнайы соматикалық бөлімдер болады. Арнайы орталықтандырылған қазіргі заманға сай бөлімшелері бар. Поликлиника амбулаториялар бөлек ғимарат түрінде салынады. Бұндай жүйеде салынған ауруханаларда стерилизациялаушы материалдар мен,құрал саймандарды, дезинфекциялық заттарды қолданатын бөлімшелерге өте тиімді және эффектті болып табылады. Қазіргі ауруханаларды жоспарлайтын обьектілердің ішіндегі күрделісіне жатқызылады, өйткені оның құрамына көп компанентті инженерлік комплекс ішіндегі түрлі емдік және емдік диегностикалық бөлім, сондай-ақ административтік және шаруашылық техникалық бөлдер болады.ауруханалық аумақты келесі зоналарға жинақтау қарастырылған: емдік корпустар зонасы, поликлиникалық және административті зона, шаруашылық ауланың зонасы, бақтық парктік зона, патология анатомиялық зона. Құрылыс жүйесіндегі ең маңызды көрсеткіш аурухананың көлемі. Аурухана ішілік инфекциялар,олардың алдын алу. Жұқпаның пайда болуын 3 бөлуге болады: пациенттер, емханалық көмек алу жұқтырылады; пациенттер стационарлық көмек алу барысында жұқтырылады; медициналық қызметкерлер, медициналық көмек беру барысында жұқтырылады. Жұқпаны жұқтыру орнының 3 түрін біріктіретін жер емдеу мекемесі. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының Европалық аймақтық бюросы аурухана жұқпаға мынадай анықтама береді. Аурухана ішілік жұқпа дегеніміз бұл клиникалық, белгілері анықталған жұқпалы ауру, ауруханада пациент медициналық көмек алу барысында жұқтырып алады, немесе емдеу сауықтыру мекемесіндегі медицина қызметкері көмек беру барысында жұқтырып алады. Алдын алудың нәтижелі жүруі үшін аурухана ішілік жұқпаның көзі мен таралу жолдарын білу керек, сонда ғана емдеу сауықтыру мекемелерінде жұқпаның таралуын болдырмауға болады. ЕСМ де жұқпаның алдын алу мақсатында жүргізіледі: жұмысқа қайта келушілерді қарау және зертханалық тексеруден өткізу; емдеу бөліміне кірер алдында арнайы киім кию; медицина қызметкерлерін ЕСМ-нің санитарлық эпидемио-қ тәртібі туралы бұйрықтар мен нұсқаулар мен таныстырып отыру, жүйелі түрде санитарлық минимум тапсыруды ұйымдастыру. Барлық медицина қызметкерлері санитарлық бағытына қарай жүйелі түрде медициналық бақылау және зертханалық тексеруден өтеді. Міндетті түрде жылына бір рет флюрографиялық тексеруден, ал тоқсан сайын тері венерологиялық диспансер мамандарының бақылауынан өтуі тиіс.

3. Дене дамуы 3 кезеңнен тұрады,бірі бірімен тығыз байланысты: 3 жасқа дейін – сәбилік кезең, 3-7 жас мектепке дейінгі кезең, 7-18 жасқа дейін мектеп кезеңі. Сәбилік кезең- сәбидің өмірге келіп, бірінші жыл өмір сүруі оның тез өсуімен және жетілуімен сипатталады. Бұл кезде маңызды гигиеналық шараларға баланы емшек сүтімен және қосымша тамақтармен қамтамасыз ету жатады. Бала жақсы өсіп, жетілуі үшін оны жүйелі тамақтандырып, жазғы күндері таза ауада, күннің көзінде көп серуендетіп, уақытылы ұйықтатып, ал күннің жылы кездерінде далада ұйықтатқан дұрыс.1-ші айдың сонындасәбиге массаж жасау – баланы баптаудың негізгі элементтерінің бірі, дамуына жақсы әсер етеді4 айлығында дифтерия мен туберкулезге иммунизация жасалуы керек. Мектепке дейінгі кезең- жас балаларда жоғарғы жүйке жүйесінде қозу процесі басым, сөйлеу, көру қабілеті жақсы жетіледі. Омыртқа жүйесі сүйектері майысқақ және тез өзгергіш. Оның дұрыс болуы жақсы тыныс алуға, қан айналымының жақсы болуына, кеуде қуысының жақсы дамуына әсер етеді. Бұл жастағы балаларға таза ауада көп серуендеу, таңертен гимнастика жасау, әр түрлі спорт түрімен айналысу гигиеналық маңызды. Мектеп жасындағы кезең – физикалық дамуы үшин таңертенгі гимнастика ұйымдастыру, дене тәрбиесі сабақтарын өткізу, сабақ кезінде дене шынықтыру үзілістер жасау, спортпен шұғылдану, әр түрлі саяхаттар ұйымдастыру қажет. Мектеп кезіндегі балалардың дамуының маңызды сатысы – жыныстық жетілу кезеңі. Қыздар-10-11 жас,ұлдар 12-13 жастан бастап, эндокриндік бездері қарқынды дамып,гармондар зат алмасу процесстеріне және қаңқаның сүйектерінің жетілуіне әсер етеді, орталық жүйке жүйесі қозуы артады, психикасы эмоционалды процестің тұрақсыздығы, жүрек қан тамыр жүйесінде функционалды өзгерістер, көру қабілетіне күш түседі.

Билет

1.Жабық бөлмелердің ауадағы токсикалық заттар концентрациясы техникалық процесс,химиялық құрамы мен агрегаттық күйі,құрылғылардың герметизациясы,тех-тық процесстің автоматизациясы, вентиляция және зиянды заттарды жоюдың тиімділігі арқ.ан-ды. Шаң және газ тәрізді токсикалық заттардың концтр-сы сан.гигиеналық нормадан жоғалылаған болса, жұмысшыларда кәсіби аурулардың п.б. әкеледі.Тұрғын үйлер мен қоғамдық мекемелердегі ауаның хим.құрамы атмосфералық ауамен арнайы ластаушылар құралы көмегімен ан-ды.Жабық бөлменің химиялық құрамы ауа атмосф және арнайналыланган ластануышының құрамымен анықталады.Бул ластанушылар антропогенді факторлар:адамның өмір суруіндегі газ тектес заттар,(көміртегінің диоксиді,аммиак,аммиак туындылары т.б),токсинді заттар олар ауаға құрылыс және бөлім материалдарының полимерлерін шығарады.(фенол,фармальдигит т.б) Тұрыстық шаруашылық процесіндегі ластаушылар газ өртеу,жуу,тамақ жасау.тұрғылықты жердегі ауаның жағдайы коммунальды санитарлық жағдайына вентелацияның биіктігіне,эффективлігіне, тұрғындардың тығыздығына байланысты.

2.Тамақтану-ағзаның маңызды физиологиялық сұранысы, ол негізгі функцияларды: өсу, жетілу, жұмыс қабілеттілігінің белсенділігін арттыруды қолдауға және қамтамасыз етуге бағытталғаг. Тиімді тамақтану деп ағзаның энергетикалық,пластикалық, басқа да сұранысын қанағаттандыратын,зат алмасудың қажет деңгейін қамтамасыз ететін тамақтануды айтамыз. Тиімді тамақтану ағзаның жағдайын нормада устап және жұмыс қабілеттілігінің жоғары деңгейін камт-з етуі қ-т. Тиімді тамақтанудың негізгі элементтері:үйлесемді тамақтану және тамақтану режимі. Қолданылатын тамақ тағамдардың калориясын ағзаның физиологиялық сұранысы сай болу к-к, ал рационды калориясы-ағзаның тәуліктік энергия жоғалтуына сай болу к-к.Тамақтанудың физиологиялық нормасын, сау адамның және ауру адамның тамақтық үлесін құрастыру, сонымен қатар жаңа тағамдарды жасау үйлесімді тамақтану іліміне негізделген. Тамақтың құрамындағы ақуыздың,майдың,және көмірсулардың арақатынасы 1:1,2:4,6 деп берілген.Балалар ағзасында ақуыздың, майдың, және көмірсулардың арақатынасы 1:1:3, ал жасөспірімдерде 1:1:4 болу к-к. Тамақтанудың әлеуметтік-экономикалық негізін зерттеу тамақтандыруды жүйлендіруге, шаралар ұсынуға,тамақ өнеркәсібінің жеке түрлерінің жіктелуіне және жалпы біздің еліміздегі тағамдарды өңдеуді объективті түрде жобалауға әсерін тигізеді. Ұжымның тамақтануын зертеу-есептеу және зертқаналық әдіспен ан-ды және дастархан мәзіріне қарап қорт-ды жасайды.

3. Балалар күн тәртібінің негізгі элементтері: тамақ қабылдау,денесін және терісін таза ұстау үшін жүргізілетін шаралар,таза ауада болу, әр түрлі ойындар және дене шынықтыру түрлерімен айналысу, ұйқы,оқу үрдістері, үй жұмысын орындау, қоғамдық жұмыстарға және үйдегі жұмыстарға белсенді араласу,үйірмелерге қатысу. Мектепке дейінгі балалардың күн тәртібі түнгі ұйқы 10 сағ жуық болуы керек,күндізгі ұйқы 2 сағ,жоғарғы топтарда 90 мин болуы керек. Кіші топтарда (3-4 жас балалар) сурет, қол еңбегі, ән-күй, гимнастика сабақтарының ұзақтығы 10-15 мин көп емес,орта топтарда(4-5 жас бала)сабақ ұзақтығы 15-20 мин көп емес. Жоғарғы топтарда (5-6 жас бала) бірінші сабақтың ұзақтығы 20-25 мин, кейінгілерінің ұзақтығы 15 мин көп болмауы керек. Дайындық топтарында (6-7 жас бала) екі сабақты қатар 30 мин өткізуге болады. Бұл топта жазуды, оңай математикалық есептер шығаруды үйретеді. Балалар күніне4 рет тамақ қабылдау керек, әр тамақ ішу арасындағы үзіліс 3-3,5 сағ болу керек,таза ауада кемінде 5 сағ уақыт болу керек.

 

Билет

1.24бап санитарлык ережелер мен молшері калыптар гигиеналык нормативтер міндетті жариялауга және таратылуга жатады. Санитарлык ережелер мен молшері калыптарды гигиеналык нормативтерді бекіткен лауазымды адамдар олардын енгізілгені туралы бір ай мерзімде баспасозде хабарлауга міндетті.25бап орталык және жергілікті мемлекеттік баскару органдар,мекемелер және ұйымдар шығаратын актілер санитарлык зандарға кайшы келмеуге олардын орындалуына кедергі жасамауға сондайак санитарлык ережеле мен молшері калыптардын гигиеналык нормативтердің колданылуын шектемеуге н/е бұзбауға тиіс.тіршілік ортасындағы обьектілердің санитарлык эпи/қ ахуалга халыктың денсаулығына әсерін кешенді бағалау. топыракка су коймаларына атмосфералык ауага хим/қ био/қ жаксарту

2.судың сапасы оның органолептикалық касиетімен, хим/қ құрамымен, эпидем-қ ж/е радиациялык кауіпсіздігімен анық/ы. судың органо/қ касиеті дәм, иісі,молдірлігімен сипат/ы. судың хим/қ құрамы 85%ға дейін кальций, магний, натрий, гидрокарбонат,хлорид,сульфат тұрады.алкалий,нитрат,нитрит, фосфат аниондары микроэлементтен тұрады.судын құрамында кальций мен магни болу судын қаттылыгына әкеледі. Каттылыгы 1,75 моль/л-ге дейін суды жұмсак,ал 1,75-3,5 орта,3,5-7,0катты болаып келеді хлоридтер жай агынды сулардын құрамында коп емес мощерде 20-30 дейін кез/і. Құр/да хлорид молшері 350-500мг/л болса онда суда тұзды дәм п.б. Нормада 350лен аспау керек.сульфат озен суларында және колде кез/і. Судың құрамында сульфат500мг/л болса ащы тұзды дәм болады.ол асказан сөлінің бөлінуіне теріс әсер етеді. Норм 500мг/л ден аспау керек.

3.кәсіби гигиена — еңбектің және айналадағы өндірістік ортаның адам организміне тигізетін әсерін зерттейтін, еңбек етуге қолайлы жағдай туғызу, кәсіби ауруларға жол бермеу шараларын қарастыратын гигиена саласы Кәсіби ауруларбелгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен болатын кесел. Кәсіби аурулар кәсіпорындардағы санитарлық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл, тағы басқа әсерінен пайда болады. Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады. Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ уақыт жұмыс істеу тамыр неврозына (ангионеврозға) ұшыратады. Мал шарушылығындағы адамдар ауру мал арқылы түйнеме, маңқа, сарып, туляремия ауруын жұқтырып алуы мүмкін. Кәсіптік зиянды әсерлер тек Кәсіби ауруларды ғана емес, басқа аурулардың да пайда болуына әкеліп соқтырады. Жұмыс түріне қарай жұмыс күні мерзімін қысқарту, жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау (15 – 20 мин), техникалық шараларды іске асыру – Кәсіби аурулардың санын азайтып, келешекте мүлдем жоюға мүмкіндік береді. Кәсіби ауруларды азайту үшін радиоактивті препараттармен, рентген кабинеттерінде, ыстық пештерде, тағы басқа жұмыс жасайтын адамдарды жұмысқа аларда және әрбір 6 – 12 ай сайын денсаулығын медициналық тексеруден өткізіп тұру қажет. Кәсіби ауруларға шалдыққандар әлеум. қамсыздандыру тарапынан жеңілдіктермен қамтамасыз етіледі. Кәсіби аурулар салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз адамдарға берілетін жәрдем олардың үздіксіз еңбек стажына қарамастан табысының 100% мөлшерінде төленеді. Кәсіби аурулардан мүгедек болған адамдарға мүгедектік зейнетақы еңбек стажына байланыссыз белгіленеді.

 

Билет

1.Қоршаған табиғи орта – адамның өміріне, тіршілік ету жағдайына және денсаулығына әсер ететін табиғи компоненттердің жиынтығы. Қоршаған табиғи ортаның компоненттеріне атмосфералық ауа, сулар, топырақ, жер асты байлықтары, хайуанаттар және өсімдіктер әлемі жатады.
Қоршаған ортаны ластау – адамның шаруашылық қызметінің нәтижесінде - қатты, сұйық және газ тәріздес қалдықтарды табиғи ортаға: атмосфераға, гидросфераға, топыраққа шығару; қоршаған ортада қажет емес физикалық факторлардың: шудың, жылудың, сәуле шығаратын радиацияның, ультрадыбысты толқындардың, вибрациялардың және т.б. пайда болуы нәтижесінде қоршаған ортаның физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруі. Қоршаған ортаның ластануы санитарлық-гигиеналық нормативтердің асып түсу денгейімен сипатталады.
Елдегі экологиялық жағдаяттың нашарлауы да алаңдаушылық туғызады. Экологиялық мәселелер адамзат үшін маңыздылығымен-ақ елеусіз алдыңғы шепке шықты.
Адамдарда кездесетін кейбір патологиялық аурулардың таралуына, экологиялық факторлар тобының әсеріне бақылау жүргізгенде бірқатар мәселелер нақтыланған. Мысалы, жүйке, қан айналыс жүйесінің, асқорыту мүшелерінің патологиясына ішетін су сапасының төмендігі, атмосфераның ауыр металдар мен мұнай өнімдері буымен ластануы едәуір әсер ететіні анықталды. Қатерлі ісік ауруларының 75-80%-ы химиялық заттардың (асбест, полициклді көмірсулар, ауыр металдар) әсерінен пайда болады. Аяқ-қолдарының дамуы тежелген, мүшелері жетілмеген сәбилердің туылуы, өлі туу мен төтеннен іш тастаудың жиілігі ластанған ауадағы кейбір заттар мен дәрілік препараттарға да байланысты. Олай болса, халықтың денсаулығына экологиялық қауіп-қатерді азайту үшін қоршаған ортаны тазарту бағытындағы нақты істерге шындап кірісу қажет.

2.сумен қамтамасыз ету үшін кезінде екі түрлі су көзі қол/ы. жер асты сулары мен ашык сулар.орталыктандырылған сумен кам/з ету жер астысуын қолданған кезде ол жерге скважина орнатылады.егер жер асты суының сапасы жақсы болса ол су ешкандай өңдеусіз тұтынушыларға жіберіледі.ол үшін судың сапасы зертханалық тексеріліп кандай оңдеу әдістерін жүргізу керектігі ж/е залалсыздандыру кажетті анық/ы.ауыз су құрамында калыпты жагдайда патогенді микроорганизмдер болмауы керек,осыған бай/ы оның эпидемиялык кауіпсіздігіне белгілі бір нормативтер койылады.осы максатка судың қауіптілігін оның құрамындағы микробтың жұқпалы ауру қоздырғыштары бар н/е жок еместігін жанама корсеткіштерін аныктап алады.жана санитарлык ереже мен нормага сәйкес ауыз судың эпидемологиялык кауіпсіздігі корсеткіші; термотолерантты колиформды бактерия 100мл,жалпы колиформды бактерия 100мл де болмауы, жалпы микроб саны 1мл де 50коп емес, колифагтар болмау.

3.өндірістік жарақаттану кәсіпорындардың қызметіне міндеттерін орныдау барысында п.б. өндірістік жарақаттану жара, тырналау, кан, сынык, хим/қ, термиялык күйік. Жарақаттанудың еки себеп бар тех/қ ж/е санитарлык жагдаймен. Техни/қ себептерге ондірістік процестердің жеткіліксіз механизациялануы, дұрыс ұйымдеатырылмаган енбек жагдайы жұмысшылардың техника

кауіпсіздік ережелермен сактамауы, жұмысшы ж/е машиналар үшін жолдардың тар болуына бай/ы.санитарлык жагдаймен бай/ы болатын жаракат ондіріс, кәсіпорындардың микроклиматы талапка сай болмауынан туындайды, мол ылғалдылық ауаны тұмандатып, коруді томендетеді, машиналардың кимылы нашарлап жаракаттану кауіптілігі жогарлайды.

 

Билет

1. гигиена негізгі профилактикалық пән ретінде медицинада маңызды орын алады. Ол алдын алу бағытының бірінші кезектілігімен ерекшеленеді. Адамға тек табиғи факторлар әсер етіп қоймайды, сонымен қатар қоршаған ортаның химиялық, биологиялық, физикалық факторлары,әлеуметтік ортаның қалыптасуы мен антропогендік факторлардың бір тұтас кешені әсер етіп жатқан қазіргі кезеңде гигиенаның маңыздылығы бұрынғыдан да асып түседі. Гигиена адам денсаулығын қорғау саласында теориялық және клиникалық пәндердің мәліметтерін біріктіретін медициналық ғылымдарының профилактикалық бөліміне жатады. Гигиена дегеніміз қоршаған ортаның, яғни топырақтың, судың, ауаның, тамақтың адам ағзасына әсетін зерттейтін ғылым. Гигиена пәнінің алдына қойған міндеті аурудың алдын алу шараларын анықтап, оны іске асыру. Гигиена пәні негізгі алдын алу пәні болғандықтан оны барлық медицина мамандары білуі қажет. Гигиенаның биология пәнімен байланысы адам ағзасындағы тыныс алу жолдары, адамның тері қабаты арқылы, жеген тамағы арқылы түсіп, ағзада жұқпалы, паразиттік және саңырауқұлақ ауруын туғызады. Химия пәні әсері тағам құрамындағы йод жетіспегеннен қалқанша безінің жұмысы бұзылады. Физика пәнінің гигиенамен байланысы шамадан тыс жоғарғы температура ағзаның қатты қызып, ыстық өтіп кетуді тудырады, ал шу адамның есту мүшесіне әсер етіп, таскереңдік тудырады.

2.Ультракүлгін сәуле шығару — жарық сәулелері спектрінің күлгін бөлігіне іргелес орналасқан, толқын ұзындығы 400—10 нанометр (нм) аралығына сәйкес келетін электрмагниттік сәулелер. Толқын ұзындығы қысқарған сайын мөлдір денелердің оларды сіңіруі күшейе түседі, ал ұзындығы 100 нм-ден кем сәулелер толық ұсталып қалады. Көптеген ғарыш денелері, әсіресе Күн ультракүлгін сәуле шығарады. Жерге түсетін ультракүлгін сәулелер А (толқын ұзындығы 400—320 нм), В (320-290 нм) және С (290-40 нм) болып бөлінеді. "А" ультракүлгін сәулесі Жер бетіне көрінетін сәулелермен (жарық сәулелерімен) қатар келіп жетеді, айтарлықтай фотохимиялық әсері бар, мысалы, теріпі "тотықтырады" (секпіл басып кетеді). "В" ультракүлгін сәулесінің едәуір бөлігі Жер атмосферасының озон қабатында тұтылып қалады, тірі протоплазманы жою қасиеті бар. Ол көп мөлшерде әсер еткен жағдайда теріні күйдіреді, қабыршақтандырады, тері обырының кейбір түрлерінің (базальдық клеткалар ісігі, терінің тікенек тәріздес клеткаларының обыры, меланома) себепші болады. Жер бетіне келіп жететін "С" ультракүлгін сәулесі толығымен дерлік атмосфера қабатында тұтылып қалатындықтан, Жер бетіне жетпейді. Ультракүлгін сәулелер организмнің иммунитетін төмендетеді, әр түрлі көз ауруларына себепші болады.Ауадағы УК бактериоцидтік сәулелену жүргізу үшін УК бактериоцидтік құрылғымен анықтайды. Ол алдын алу шараларына жатады, бактерия көбею деңгейін төмендету үшін ж\е жұқпалы ауру таралу жағдайын төмендету үшін жүргізіледі.Оған вирустар мен бактеиялар сезімтал келеді, саңырауқұлақтар мен қарапайымдылар аз сезімтал, ал спора түзетін бактерия түрлері тұрақты келеді. УК бактериоцидтік сәулелену құрылғылары емдеу сауықтыру мекемелері мектепке дейн мекемелер, мектептер, өндірістік ж\е қоғамдық жерлерде орнатылуы керек. Ол жұқпалы аурулармен ауруды төмендетеді.Оны өлшеу екі әдіспен жүргізіледі: адамдар бар кезде жабық сәулелену мен жабтықталған құрылғылар арқ залалсыздандырады; адам жоқ кезде ашық ж\е аралас сәулелену мен жабдықталған құрылғылар арқ залалсыздандырады. Бактериоцидтік шамдарды қолданған кезде ауаға озон бөлінуі мүмкін,ртуть болары шаң бұзылған кезде бөлінеді.Сондықтан осындай жағдай болмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.Бұл зерттеулер шамды көшірген кезде н\е ауыстырған кезде жүргізіледі. Бұл зерттеулер озон, азот оксиді, ртуть булары концентрациясын анықтау үшін жүргізіледі.

3.Өңдеу технологиясы бұзылған кезде тасмалдау ж/е сактау ережелері бұзылған кезде еттің әр түрлі бұзылуы п.б ,оларға еттің караюы ,шіріуі, ашуы,когеруі жатады.еттің караюы малды сойған кезде 24 саг ішінде етті сактау тем бұзылған кезде болады. Бұл процес микроорганизмдердің катысуынсыз жүреді,бірак етте күкірт сутек ж/е баскада ұшкыш заттардың п.б сипатталады.ет когеруі- ол болменіің жоғары ылғалдылығы мен ауа алмасуының бұзылуымен п.б. микроб етке ак, кара- жасыл н/е кара колония түзеді.ұнды зертту үшін алдымен онын сынамасын алу керек:олар; ұнның органолептикалық корсеткіштері,ылғалдылығын аныктау, кышкылдығын аныктау,ұн крахмалын аныктау. Ен алдымен ұнның бастапкы үлгісі алынады, ол үшін партияның әр жерінен шымшыл ұн сынамасын алынады да барлығы біріктіріліп зертханаға зерттеуге жіберіліп орта сынамасы алынады.орта сынама молшері 400-500г аз емес 2кш коп емес болу керек.зертханаға жеткізілген ұн сынамасы кағаздың үстіне жайылып конверт тәрізді етіп тортке болінеді да екі карама карсы диагоналдағылары біріктіріліп бір үлгіні құрайды. Әр үлгінің салмагы 500г аз болмау керек. Одан зерттеу жүргізеді. Нан: орташа сынама олшенетін н/е даналап сатылатын нан алынады. Олшенетін болса егер нан салмагы 1-4кг дейін болса барлык партиядан 0,4 пайыз алу керек ол 10 данадан кем болмау керек.орташа сынамадан зерт нұска ретінде типтік онім алынады егер наның салмагы 500г коп болса 1 дана салмагы 500г дейін болса 2 данадан кем болмау керек.

2.ук залалсыздандыру әсері 1928 ж корсетілген. Бактерицидті әсер негізінен электрондық микроскоппен аныкталғын бактериялардың механикалық бұзылуымен түсіндіріледі. Ультрадыбыс барлык микроорганизмдерді олтіреді: патогенді ж/е патогенді емес, вегетативті ж/е споралы, аназробты н/е аэробты сондай ак оның тіршілік өнімдеріде жойылады.

 

Билет

1.Микроклиматка температурадан баска ауа ылғалдылығы нормада 40-60 % болуы керек . Қоршаған ауаға жылу беру мөлшері ауа жылдамдығына байланысты. Ауа жылдамдығы өскен сайын конвекция жолымен жылу бөлу өседі. Тұрғын ұйлерде микроклиматтық жағдай нашарлаған кезде,мысалы, ылғалдың мөлшерден тыс көп болуы бөлмелерде жылу алмасу процесінің бұзылуына әкеліп соқтырады. Тұрғын үйдің ауа ылғалдылығын анықтау ушін Август және Ассман психрометрлері мен гигрометрлер колданылады. Бөлменің ауа ылғалдылығы 1,5 м биіктікте екі нүктеден анықталады; бөлменін ортасында және сыркы кабырғадан 20 см қашыктыкта. Аспап штативке бекітілген екі бірдей сынапты термометрден турады.Онын біреуі кебу, ал екіншісі ылғалды.

2.Cудың сынамасын зерттеуге дұрыс алу зерттеудегі манызды және жауапты кезен болып саналады. Судың сынамасын зертеудің қорытындысы сынамасы дұрыс алғанға байланысты болады. Судың сынамасын зерттеу толық және қысқаша схема бойынша жүргізіледі. Судың сынамасын толық анализге алған кезде мына қөрсеткіштер анықталады.1.Органолептикалық ; Иісі, дәмі , түсі, түстілігі, мөлдірлігі, лайлығы, қалқып журген заттар, тунбалар. 2.Химиялық: Қышқылдығы ,еріген оттегі, аммонилы азот, нитриттер, хлоридтер, кепкен калдык, микроэлементтер, фтор, йод.3. Бактериологиялық: микробтар саны, коли- индекс, коли титр, және эпидемиологиялык, көрсетімдер,Судың сынамасын қысқаша анализге алған кезде мына көрсеткіштер анықталады:1.Органолептикалық: Иісі, дәмі, түсі,түстілігі, мөлдірлігі, лайлылығы, тұнбалар;2.Химиялық: Қышқылдығы,еріген оттегі, Аммонилық зат. 3.Бактерилогиялық: Микробтар саны, коли индекс.Ашық су қөзінен судың сынамасын алу. Ашық су көзінен судың сынамасы әр түрлі батометрлердің көмегімен алынады. Ашық су көзінен орталықтандырылған сумен қамту үшін алынатын судың сынамасын суды соратын жердің денгейінен алады. Егер ашық су көзінің суы орталықтандырылмаған сумен қамту үшін қолданылса ,онда судың сынамасы 30-40 см терендіктен,екі жактын жағасынан 5-10 см қашыктыкта алынады. Су көзінің суының сапасына баға беру үшін әр маусымда судың сынамасын 3 реттен кем емес алу қажет.

3.Діріл – жұмысшының бүкіл денесіне немесе тек бір бөлігіне механикалық тербелгіш қозғалудың әсер етуі . Қазіргі кезде өндірістік зиянды факторлардың Ішінде діріл өте жиі кездеседі., кәсіптік өте жиі кездеседі, кәсіптік діріл ауруы кеңінен таралған.Діріл деп 1 Гц тен жоғары жиіліктегі серпілмелі заттардың механикалық тербелісін айтады. Дірілдің физикалық гигиеналық сипаттамасы.Діріл теңселу жиілігімен және амплитудасымен сипатталады,діріл ұлпалар арқылы таралып , бүкіл денеге қозгалуды туындатады. Дірілдің жиілігі герцпен өлшенеді.,бірак көбіне децибелл қолданады. Дірілдің амплитудасы миллиметрмен өлшенеді. Діріл ауруы пайда болуда аса қауіпті 16-250 ГЦ.Дірілдің жергілікті әсері машина ұшақ, кеме құрастыру зауыттарында ,кен казу өндірісінде ,пневматикалық құралдармен,уру бургылау,,егеу құралдарымен қолмен жұмыс істегенде кездеседі.

Билет.

1.Жылыландыру д\з даладағы темпеатураның өзгерісіне қарамастан бөлмені біркелкі температурамен қамтамасыз ету.Бөлмеде біркелкі температура болу белгілі бір жағдайлармен анық-ды: Жылуландыру жүйесі, отынның сапасы, жылуландырудың сапасы,жылуландырудың жеткіліктілігі және реттілігі.Бөлме температурасы қысқы уақытта 18-29 С аралығында болуы керек.Жылыту қондырғыларының температурасы 80 С тан көп болмауы керек,температура одан жоғарылаған жағдайда, адам күйіп қалу қаупі туындайды және жылыту қондырғыларына қонған шаңның жануы мүмкін.Осы себептен тұрғын үйлерде булы жылуландыру қолданылмайды.

2.Адам өмір сүру кезеңінің барлық сатысы топырақпен тығыз байланысты, сондықтан топырақтың жағдайы адам ағзасына әр түрлі әсер етуі мүмкін. Топырақ жер қыртысының борпылдақ жоғарғы қабаты,ол минералды,органикалық ,органыкалық-минералды қосылыстардан және микроорганизмдердің көп мөлшерінен тұрады.Топырақ құрамы жануарлардан шыққан органикалық заттармен ластанған кезде адамдар арасында әр түрлі жұкпалы аурулар дамиды.Топырақтың құрамындағы құмның немесе саздың көп болуына байланысты 3 түрге бөлінеді: Құмды,сазды,аралас.Топырақтың тағы да бір көрсеткіші-ылғалдылығы.

3.Биология және медицинаның тәжірибесінде радиоактивті изотоптар өсімдіктер дамуын ,молекулалық құрылысын, зат алмасуды зерттеу үшін ,қатерлі ісіктердің диагностикасы және емдеуі үшін қажет.Ионды сәуле ағзаға 2 түрлі әсер етеді:1.Рентген немесе гамма сәуле және нейрондармен барлық дененің немесе оның бөліктерінің сырттай сәулеленуі.2.Альфа,бетта бөлшектерін шығаратын радиоактивті заттардың ағзаға тусуі нәтижесінде әіштей сәулеленуі. Ионды радиация ағзада судың иондануына ,қан және лимфада радикал торатрының пайда болуына және тиол ферментерінің каталитикалық белсенділігінің бұзылуына алып келеді.Профилактикалық шаралар ауқымында жеке қорғаныс құралдары және жеке бас гигиенасы манызды орында тұр.Ашық түрдегі радиоактивті препараттармен жұмыс істейтін жұмысшылар арнайы киімдермен қамтамасыз етіледі,ауа аэрозольді ластану кезінде респиратор колдану керек,апат немесе жөндеу кезінде ауаға бу,газдар көп түсетін болса,жұмысшылар арнайы пневмокостюмдар қолданылуы қажет.

Билет

1.Ауаны жакс сору үшін ауа соратын жерде күшейткіштер орналастыруға болады.ол ауа алмасу жиілігін арттырады.сонгы кездері кондиционерлер кеңінен қолданылады.ол бөлмеледі сапасы жаксы ауамен камтамасыз етеді.Онда ауа тазаланады,ылғалдандырыады,содан кейін микроклиматтың кажет мөлшері автоматы түрде реттеледі.ауаны арнайы қондырғылардың көмегімен соруды жасанды ауа алмасу дейді.Ауа алмасу жиілігінің қажетті мөлшері бөлменің ауданына ,оның биіктігіне және ондағы адам санына байланысты есептелінеді. Бөлме ауасының тазалығының көрсеткіші ретінде көмір кышкыл газы алынады. Ересек адам бір сағаттын ішінде 22,6 л көмір кышкыл газын бөледі.атмосфераның жер беті қабатында оның мөлшері 0,04 немесе 0,4л/м3 пайыз денгейінде ,ал бөлме ауасындағы шекті мөлшері 0,1 пайызға тең.Осы параметрлерді біле отырып, бөлмедегі адам санына байланысты қажетті ауа көлемін есептеуге болады.

2.Топырақтын санитарлық жағдайына баға беру кезінде физико-химиялық, гельминталогиялык,бактериологиялык, энтомологиялық, радиометриялық әдістер кеңінен қолданылады.Белгілі бір нысанды салуға жер бөлінген кезде топырақтың табағи санитарлық анализі жүргізіледі.Ол кезде мыналар аныкталады: Механикалық құрамы, ылғалдылығы ,аммоний тұздары,нитриттер ,хлоридтер.Сынаманы пышакпен,қырғышпен,Некрасов бурасымен бірнеше нуктелерден конверт немесе диоганаль әдісімен алынады.Сол нуктелерде шұңқырлар қазылады,бірінші сынаманы топырактын бетінен 10-20см тереңдікте алады,шұңқырдың тереңдігі 2 м дейін болады,Алынған топырактын мөлшері 1 кг-нан аз болмау керек.

3. Бул жерде шаң туралы айтасындар, кітаптан таппадым короче!

18 билет1.Атмосфералық қысым барометр деп аталатын құралмен өлшенеді.Барометр- онын негізгі құрылысы ішінен ауа сорылып алынған қатпарлы металдардан жасалған қорапшалардан тұрады,қорапша өте нәзік серпімді материалданжасалғандыктан ауа қысымының өзгерісіне сезімтал. Кессон ауруы –кәсіби ауру болып есептеледі,қалыпты атмосфералық қысымнан өте жоғары немесе керісінше өте төмен атмосфералық қысымга откен кезде пайда болатын ауру.2. Топырақтың жоғарғы беті борпылдақ. Мұның құрамында көптеген өлі органикалық заттар бар (өсімдіктер қалдығы, қарашірік). Бұл қарашірікті аккумулятивті А қабаты. Тереңірек, өте тығыз иллювиалды өтпелі В қабаты жатыр. Оның астында топырақ түзуші - С қабаты орналасқан. Барлық топырақтар бір-бірінен осы генетикалық қабаттарымен ажыратылады (1-сурет). Әр түрлі топырақтың генетикалық қабаттары қалыңдығымен, түстерімен, құрылымымен, морфологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Топырақтың қалыңдығы санмен көрсетіледі. Мысалы, кейбір топырақтарда А қабаты небары 0-5 см, ал кейбіреулерінде 0-50 см болады. Топырақтың типтеріне байланысты А, В, С қабаттары бірнешеге бөлінуі мүмкін.Топырақ қабаты тереңдеген сайын аэрация нашарлайды. Оттегінің мөлшері азайып, көмір қышқыл газы мен органикалық заттардың ыдырауы кезінде бөлінетін басқа да газдардың мөлшері артады. Топырақтың жоғарғы қабаттарында өсімдікке қажетті фосфор, калий, азот, кальций және басқа заттар жинақталған.Топырақтың әртүрлі қасиетіне (қышқылдығы, тұздылығы, ылғалдылығы) байланысты өсімдіктерді көптеген экологиялық топтарға бөлуге болады

 


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Етапи становлення психології як науки. Виникнення і розвиток психології в Україні | Вступ. Сутність і норми етики, основні різновиди етики.
<== 1 ==> |
Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.219 сек.) російська версія | українська версія

Генерация страницы за: 0.219 сек.
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7