Студопедія
рос | укр

Головна сторінка Випадкова сторінка


КАТЕГОРІЇ:

АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія






Тема 9, 10. Онтологія. Філософський смисл проблеми буття. Світоглядне й методологічне значення поняття матерії. Форми й спосіб існування матерії.


Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 695



Преципитация реакциялар майда дисперстік антигендерді спецификалық антиденелермен электролит қатысуымен тұнбалауға негізделген. Преципитиноген мөлдір, коллоидты сұйық күйінде болуы керек. Преципитация реакциялары өте сезімтал және жоғары деңгейде спецификалы, 1:10млн. есе сұйытылған ерітіндідегі антигенді анықтауға болады. Жүн- терілердің күйдіргі қоздырғышы мен ластанғаны, кейбір вирустар мен бактерияларды идентификациялауға, ас тағамдарын фальсификациялағанын т.б. анықтауға жиі пайдаланады. Реакция қоюға керектіантигенді антигенді микроб дақылынан, тіндерден немесе ағзалардан экстрат алу жолымен дайындацды. Антиденелерді тиісті антигенмен лабораториялық жануарларды гипериммунизациялау әдісімен алады. Преципитация реакцияларды қоюдың әр түрлі әдістері бар: сақиналық ( асколи реакциясы) Преципитация реакциялсы күйдіргі қоздырғышының антигенін табуға қолданады. Күйдіргі бацилласы жұқты деген теріні немесе басқа затты майдалап, бөлшектеп, физ. ерітіндіде қайнатып, бактерологиялық сүзгіштен өткізіп мөлдір сұйықтық алады. Сол сұйықтықты преципитациялық пробиркадағы прецепитиннің бетіне араластырып жібермей құяды, егер реакция оң нәтижелі болса, яғни зерттелетін заттың құрамында іздеген антиген бар болса екі сұйықтық жанасқан жерде лайланған, ақ жолақты сақина пайда болады. Гелдегі преципитациялық реакция қою,

1) қарапайым сызықты-иммунды диффузия әдісі. Табақшадағы агарға антисарысу қосып араластырып, суытады, қоректік орта қатқаннан кейін бетіне антигенді құйып байқалады. Реакция оң нәтижелі болса гельде бір немесе бірнеше преципитациялық жолақтар пайда болады.

2) Оухтерлони бойынша қойылатын қабатты диффузия әдісі,антигендер мен антиденелер агарлы гельдің әр түрлі ойшықтарына енгізіледі,кездесіп сәйкес келген жағдайда пресипитациялық жолақ түзіледі.

 

Иммунды-флюоресценттік реакциялар- флюоресценттік бояулармен (изоцианат-флюорецент) таңбаланған антиденелердің тиісті антигенмен байланысу қабілеттілігіне негізделген. Егер бір-біріне сәйкес келсе антиген-антидене кешені ультра-күлгін сәулесінің әсерінен люминоцентті микроскопта қарағанда жарқырап көрінеді. Бұл әдіс морфологиялық және серологиялық зерттеулерді қоса жүргізуге мүмкіндік береді. Практикалық микробиология мен вирусологияда иммунды-флюоресцентті әдісті көптенген жұқпалы ауруларға жедел диагноз қоюға пайдаланады.

 

Иммунды лизистену реакциялары(иммунды гемолиз, бактериолиз), спецификалық антиденелер-лизиндер және комплементтің қатысуымен жүреді. Бұл кезде корпускулалы антиген антиденемен спецификалық байланысқа түседі. Антиген мен антидене кешеніне комплемент адсорбцияланады да лелистенуге әкеп соғады. Бактериолиз реакциясы кезінде антидене-бактериолизин және комплементтің әсерінен бактериялар иммундық лезистену реакциясын in vivo-ға қояды және тырысқақтың лабораториялық диагностикасында қолданылады.

Антиген мен антидене кешені өзіне комплементті адсорбциялау қабілеттілігі бар. Комплемент байланыстыру реакциясының негізін қалайды. Оны зерттелетін заттағы антигенді немесе антиденені зерттеу үшін практикада жиі пайдаланады.

 

Комплемент байланыстыру реакциясы өте сезімтал және спецификалығы жоғары. Реакция қою үшін керекті заттар:

-антиген (микроб дақылынан алдын ала дайындалған препарат);

- зерттелетін сарысу ( науқастан алынады);

-комплемент (теңіз шошқасының сарысуынан дайындайды);

-гемолитикалық сарысу;

-3% қой эритроциттерінен дайындалған сұйық;

-физ, ерітінді;

Пробиркалар   Ингредиеттер 1тәжірибе   2антиген   3антидене 4пендикатор Фазалар
БАҚЫЛАУ
          Аурудың сарысуы 1:5 АГ жұмыс титрі Комплемент жұмыс титрі Физ.ерітінді 0,5     0,5 0,5     - -     0,5 0,5     0,5 0,5     - 0,5     0,5 -     - -     - 1.Бактериолитикалық жүйе. 30мин.-37
    Гемолитикалық сарысу 3% қой эритроциттері -1,0   - -1,0   - -1,0   - 1,5   1,5 2.Гемолитикалық жүйе. 30мин.-37

 

Егер гемолиз жоқ болса,онда ауру бар,ал гемолиз бар болса,ауру жоқ болғаны.

Флоккуляция реакциясыэкзотоксиндік және антитоксиндік сарысу өзара әсер еткенде байқалады, бүл кезде түйіршіктер пайда болып тұнбаға түседі. Токсин мен анатоксиннің дозасы дәл келген пробиркада жылдам бірінші болып түйіршіктену болады, оны инициалды флоккуляция дейді. Бұл реакция мен анотоксиндік сарысудың және анатоксиннің титрін анықтайды.

Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын әдіс-иммунологиялық әдіс- ИФТ(иммунды ферментті анализ) болып отыр. Полистиролдан жасалған пластинкалардағы ойшықтарына адсорбциялық антиген алдын ала адсорбцияланады. Науқастан алынған сарысуды шұңқыршаларға құйып инкубациялайды. Буферлік ерітінді мен шұңқыршаларды шайып тастайды да оған пероксидаза ферментімен өңделген антиглабулинді сарысу қосылады. Субстрат және индикатор қосып инкубациялайды, ұяшықтардағы бояу түсінің деңгейіне қарай реакция нәтижесін бағалайды. Түсінің интенсивтілігін көзбен немесе фотоспектрмен анықтайды. Реакция нәтижесі мынада: ойшықтардағы антиген антиденемен байланысады, шайған кезде жойылмайды, антиглобулиндік сарысу антигенмен байланысқан сарысуға адсорбцияланады. Антиген мен антидене қаншалықты дәрежеде байланысуына қарай индикатордың интенсивтілігі әр түрлі болады. Бұл реакция вирусты инфекцияларға (ЖИТС, гепатит) диагноз қоюда жиі қолданылады.

 

Радио- иммунды талдау әдісі (РИТ) радио активті изотоптармен таңбаланған белгілі антиген мен белгісіз антиденені, немесе белгілі антиденелер мен белгісіз антиденелерді анықтауға негізделген. Антиген антиденеге сәйкес болған жағдайда комплекс түзіледі.

Оның санын арнайы гамма немесе бетта санағыштарында жүргізіледі. Бұл әдісті кеңінен қолдануға болмайды, себебі таңбаланған реагенттер тез ыдырайды және радио активті изотоптар өмірге қауіпті.

 

Бактерияларды иммобилизациялау реакциясы (РИБ-БИР) биологиялық антиталшықты сарысумен жылжымалы бактерияларға әсер етсе бактерия талшықтары бір-бірімен жабысып, қозғалысы біртіндеп тоқтайды. Зат әйнегінің бір шетіне –физ. ерітінді немесе гетерологиялық сарысу тамызады. әр қайсысында микроб дақылын енгізіп араластырады. Екуіненде «езілген тамшы» немесе «ілінген тамшы» препаратын дайындап микроскопта қарайды, тәжірибелі тамшыдағы микробтар қозғалысын тоқтатады, ал бақылаудағы бактериялар қозғалысын тоқтатпайды, кеісінше сақтап қалады.

 

Полимеразды тізбекті реакция (ПТР-ПЦР)-комплементарлы ДНҚ тізбегін өзара синтездейтін ДНҚ-полимеразаның көмегімен іріктеп таңдап алынған геномның нуклеотидтік реттілііііігін әлденеше рет көшірмелеуге негізделген. ПТР егер де осы агентке ғана тән геннің нуклеотидтік реттілігі белгілі болса, кез-келген инфекциялық агентті табу үшін пайдалануға болады. ПТР-ды мынадай жағдайларда пайдалану ұтымды:

1) дақылдандыру әдісінің күрделігіне қарай қоздырғыштардың таза дақылын бөліп алу қиын болғанда;

2) қоздырғыштың антигендік өзгергіштігі өте жоғары болу мен сипатталғанда;

3) зерттелетін заттардағы қоздырғыш концентрациясы өте аз болғанда немесе олардың организмде ұзақ уақыт персистенциялануы байқалғанда;

 


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Основні риси західної філософії кінця ХІХ-ХХ ст. | Філософське розуміння буття
<== 1 ==> | 2 | 3 | 4 |
Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.201 сек.) російська версія | українська версія

Генерация страницы за: 0.201 сек.
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7