Студопедія
рос | укр

Головна сторінка Випадкова сторінка


КАТЕГОРІЇ:

АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія






Методичне керівництво правовою роботою в народному господарстві України


Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 749



1. Деңгейлеп оқыту технологиясы, бастапқы ғылыми идеялар

2. Оқушы мен мұғалім іс-әрекетінің жүйесі

Қазақ әдебиетін оқытуда қазіргі қолданыстағы озық технологиялардың ең тиімді үлгілерін пайдалану қарастырылады. Солардың ішінде деңгейлеп оқыту атауға болады.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді

1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балараға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.

Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін жеке тұлға ерекшеліктеріне, психологиялық даму ерекшеліктеріне, пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөлу керек.

Оқушылардың оқу деңгейінің 4 түрі бар. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:

1) Репродуктивтік деңгей

Жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты

2) Алгоритмдік деңгей-

Оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.

3) Эвристикалық деңгей .

Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.

4) Шығармашылық деңгей.

Оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады.

Деңгейлеп оқыту оқытуда міндетті және мүмкіндік деңгейлердің өзара сабақтастығы ескеріледі, Блум жүйесі негізге алынады. Деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылар әдебиеттен берілетін білім мазмұнын меңгеру үшін алгоритмдік тапсырмаларды мұғалімнің бағыт-бағдар беруімен орындайды. Көркем туындыда көтеріліп отырған проблемаларды түсініп, шығарма тақырыбы мен идеясын ашуда бұл технологиялардың мүмкіндігі мол. Деңгейлеп оқытудың жоғарғы сатысы шығармашылық тапсырмаларды орындауда оқушылардың өзіндік-даралық ерекшеліктері ашыла түседі. Бұл ретте әр оқушының тұлғалық дамуы оның қабілетіне қарай бағаланады.

деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үщ деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Болашақта оқыту мен тәрбиелеу, әлеуметтік талап-тілектерді ескере отырып дамыту, ғылыми жетістіктер мен педагогикалық тәжірибелерді жаңартуға, мұғалімдерді ақпараттық қамтамасыз етуді, біліктілігін үздіксіз көтеруді қажет етеді.

Ұстаздық деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кеткелі көңілдегі арман толастамай, тоқу мен қуаныш қатар аралап мектеп деген үлкен дарияға жүзіп келудеміз.

Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай сілкіністер бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол білгеніңді іске қолдана білу» дейді. «Әркім қолда барын ұсынады» деп немқұрайлылыққа салынсақ алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің тағдырына қиянат жасаған болар едік. Не ексең, соны орасың. Мақсатымыз – алдымызда тұрған өзекті мәселелер айналасында сөз қорғау. Соның ішінде ең бастысы – әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы алғашқы қадамдар.

Қай заманда болсын мектептің басты тұлғасы – мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, көзқарасы шыққан түп-тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзат өз ұрпағын тәрбиелеуге қолданып келеді.

Алдымен бала қызығушылығын ояту керек, олай болса зерттейтін объект – оқушы. Оның бойындағы қасиеттерді ескерте отырып, сезімін, ынтасын оятар іс-әрекетті жоспарлау, әрі қарай оқушының таным белсенділігін арттыруды мақсат ету керек. Танымдық белсенділікті қалыптастыру көрсеткіштеріне интеллектуалдық, эмоционалдық, жігерлілік іс-әрекетке оқушылардың белсене қатысуы жатады. Осындай нәтижеге жету үшін сабақ мазмұнының түрлерін, оқытудың амал-тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет. Қазір баяндау, сұрақ-жауап, лекция тәрізді сабақ әдістері өз нәтижесін бере алмайды. Сондықтан сабақ процесінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері, деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы қолданылуы керек.

Қазақ әдебиетін оқытуда қазіргі қолданыстағы озық технологиялардың ең тиімді үлгілерін пайдалану қарастырылады. Солардың ішінде деңгейлеп оқыту атауға болады.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.

Деңгейлеп-саралап оқыту әрекеті – білім алуға бағыттаған әрекет. Ол өз бетінше әрі мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырған саралай оқытудың жүйелік негізін Б. Ананьев, Л. Выготский, А. Леонтьев, С. Рубинштейн т.б. ғылымдар жасаған. Ал бастауыш мектеп кезендегі оқу әрекеті Ш. Аманатшвилли, В. Давыдов, Л. Занков т.б. зертеулерінде қарастырылады. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, ілімдік ойлауы қалыптасады. Оқушы дамуының негізгі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек. Деңгейлеп-саралап оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл -ой деңгейі мен белсенді әрекеті арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді.

Деңгейлеп оқытудың артықшылықтары:

1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей, сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.

Оқыту технологиясын пайдалану – оқушы ынтасын басатын, объективті емес, жіберген қателіктері үшін жазалауға бағытталған бағалау тәсілін өзгертуді талап етеді.Таным процесі үстінде кез-келген тұлғаның белсендік көрсетуге, әлде бір себептермен қате жіберіп алған жағдайда оны өзі түзетуге құқығы бар болуы тиісті.
Саралап, деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясында алынған нәтиже сәйкесті меңгеру деңгейлері түрінде анықталады. Бұл жағдай :
а) оқушының оқу материалын жеңілден күрделіге қарай жүйелі меңгеруі;
ә) алынған нәтижені өлшеуге болатындығы;
б) оқу процесінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы;
в) бағалаудың жетелеушілік қасиеті;
г) дамыта оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдануға ыңғайлы жағдайлар жасалуы, т.б. себептерге байланысты оқушының оқу материалын қажетті минимум деңгейінде меңгеруіне жағдай жасайды. Меңгерудің әр кезекті деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп отырады. Ендеше оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу – білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге оны көтеруге, тіпті басқаруды қамтамасыз етеді.
Деңгейлік саралау негізіндегі педагогикалық технология мазмұнының ерекшілігі:
- жеке құрылымдарға бағдар беру;
- білім мазмұнының сипаты мен көлемі, оқу жоспарының, материалының, баяндау түрлерінің дидактикалық құрылымы.
Оқушылар бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулық бойынша оқи отырып, материалды әртүрлі деңгейде игере алуы деңгейлік саралау деп аталады. Сондықтан міндетті дайындық деңгейі анықтаушы шарт болып табылады. Міндетті дайындық деңгейіне жету оқушының мазмұнды игеруге қойылатын ең аз қажетті талаптарды орындағанын сипаттайды. Осының негізінде материалды игерудің жоғарырақ деңгейлері қалыптасады.
Бұл деңгейлердің тапсырмаларына төмендегідей талаптар қойылады:
I – деңгейдегі тапсырмаларға:
1) жаттап алуға лайықталған болуы керек;
2) алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс;
3) тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек;
II – деңгейдегі тапсырмаларға :
1) өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет.
2) оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар : логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.
III – деңгейдегі тапсырмаларға :
1) танымдық – іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс;
2) әр түрлі әдіс-тәсілдермен шешілетін есептер;
3) өздігімен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекті құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.
IV – шығармашылық деңгей тапсырмалары:
1) оқушылардың жинаған өмірлік тәжірбиесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген.
2) олимпиадалық есептер;
3) берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндамалар дайындау.
Демек, бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.

Тапсырмаларды деңгейге бөліп бергендегі мақсат – сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау;
- бірінші деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушылар екінші деңгейдің тапсырмаларын;
- екінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған оқушылар үшінші деңгейлердің тапсырмаларын орындайды;
Үшінші деңгей шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларды, әрине дарынды да, еңбекқор оқушы орындай алады.
Қандай оқушы болмасын, мысалы өзінің жақсы оқитындығына қарамастан жұмысын «оқушылық», «міндетті», бірінші деңгейдің, ол үшін жеңіл болса да тапсырмаларын орындаудан бастайды.
Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап, әрқайсысы, білім игерудегі өз қабілетіне қарай, өз биігіне жетеді.
Бір деңгейдің тапсырмаларын толық және дұрыс орындап, өткізбегенінше, келесі деңгейге көшпейді. «Міндетті» деңгейді толық меңгергеннен кейін оқушы әрі қарай ілгері ұмтылады, өзіне - өзінің сенімі артады.
Олардың әрқайсысы бірінші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы.
Осылайша, бір деңгейден бір деңгейге,өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, өз қабілетін де жетілдіреді. Бұл жағдайда жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының күнделікті мақсатына айналады.

Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін жеке тұлға ерекшеліктеріне, психологиялық даму ерекшеліктеріне, пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөлу керек.

Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін

а) жеке тұлға ерекшеліктеріне;

б) психологиялық даму ерекшеліктеріне;

в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамыз.

Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысу керек. Көбінесе мына жағдайлар көңіл бөлуді қажет етеді:

1) сабақтың мазмұны;

2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау;

3) сабақтың нәтижелігі.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын оқытудағы басты проблема оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі – оқушыларға деңгейлік тапсырма беру.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж. Қаратаев оқушылардың оқу деңгейін 4 түрге бөлген. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында іс-тәжірибеде жаңа технологияларды қолданған тиімді. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Ж. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:
1) репродуктивтік деңгей – жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты грамматикалық тапсырмалар, жазба жұмыстарын орындау, мәтінді түсініп оқу, жаңа сөздерді сөздікке жазып алу, сұрақтарға түсініп жауап беру I деңгейге тән.
2) алгоритмдік деңгей – мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды және үйренушілік деңгейдегі білімін толықтыруы, күрделі материалдарды жүйелей алуы, алған білімдерін басқа тапсырмаларды орындағанда пайдалана алуы, сол тақырыпты еркін меңгергені ескеріледі.

3) эвристикалық деңгей – оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді және материалды саналы түрде меңгереді. Бұл деңгейде оқытушылардың меңгерген білімдерін тереңдету үшін танымдық ізденіс, әр – түрлі логикалық тапсырмаларды талдай, жинақтай алатын және салыстыра білуді қажет етеді.
4) шығармашылық деңгей – оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Өз бетімен оқу материалдарын менгереді. Құбылысты өз бетімен талдай келіп, шағын шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады.

Қазақ тілін оқытып, үйрету – көптеген ізденістерді, жаңа технологияны керек етеді. Қазақ тілі пәнін оқытуда ең басты мәселе – сабақта әр оқушыға қолайлы жағдай жасау, оқу барысын жүйелі түрде жүргізу. Соңғы кезде модульдік технология негізінде деңгейлік тапсырмалар арқылы әр оқушының қабілеттілік деңгейін анықтап, топтық әдіспен жұмыс істейді. Деңгейлеп оқыту технологиясы деңгейлік тапсырмалар арқылы іске асады. Деңгейлік тапсырмалар оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, іздендіруге жетелейді, пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Жетістіктерге жету үшін ең алдымен оқушылардың білім дәрежесін, ынтасын, ақыл – ой, еңбек дағдысын, өз жұмысына деген жауапкершілігін ескеру қажет. Деңгейлік тапсырмаларды қандай дәрежеде орындай алса баға біліміне қарай қойылады.
Бұл әдістің негізгі ұстанымы – қарапайымнан күрделіге жетіп, игерту. Деңгейлік тапсырмаларды – белгілі бір тақырыпты біткен кезде немесе бақылау жұмысын жүргізгенде және қайталау өткізгенде пайдалану өте ұтымды. Бұл әдістің тағы бір ұтымды жағы – оқушы өзінің нені білмейтінін анық анғарып, келесіде өзі ізденіп оқып келеді.
Деңгейлік тапсырмаларды карточка ретінде, тест түрінде сабақта және үйге беруге болады. Сабақта оқушыларға өз ойларын талдауға, айтуға, қорытындылауға көп көңіл бөлу қажет. Мұғалім білімі нашарларға көмек беріп, қабілеттілермен жұмыс ұйымдастырып отыру арқылы қазақ тілін оқуға деген қызығушылығын, белсендігін арттырады.

Қабілеттілік деңгейі бойынша оқушыларға үш топ ұсынылады:
1 топ – орташа деңгей – бұларға тақырып бойынша жеңіл тапсырмалар беріледі.
2 топ – мүмкіндік деңгей – стандарт талабы бойынша, жалпы жоспар бойынша тапсырмалар орындайды.
3 топ – шығармашылық топ – күрделеген шығармашылық, шеберлік қабілетін қолдануы қажет.
Оқушының шығармашылығын арттыру үшін ұстаз ең алдымен өзі де
шығармашылық туралы толық мағлұматты болуы керек. Сол себепті
психологиялық және педагогикалық деректер де негізге алынды.
Шығармашылықтың алғы шарты әр адамда болады, бірақ ол байқала бермейді. Сол себепті оны қабілет, әлеует ретінде сипатталады. Оның іске қосылуы ішкі қажеттілікті қанағаттандырудан туындайды. Өмір сүру барысында қабілет әр түрлі деңгейде, әртүрлі деңгейлік пен жылдамдықта көрініс береді. Сол себепті ол «жасырын» жағдайдан актуальді жағдайға ауысып отырады.Психология ғылымында шығармашылық жалпы тұлғалық категория, оның мазмұны әртүрлі түсінік деңгейінде көрініс береді.,сапасы биологиялық және әлеуметтік факторлармен байланысты, байқалып өріс алу дәрежесі әлеуметтік жағдайлар мен тұлғаның өзіндік белсенділігіне тәуелді. Ғылымда шығармашылық туралы ұғым ХІХ-ХХ ғасырларда пайда болып, зерттеле бастаған. Отандық белгілі психолог Қ.Жарықбаев шығармашыл тұлға туралы былай дейді: «Басқалардан көмек күтпей, мәселені шешуде басқа біреудің әдісін қайталамай, қалайда өзі шешуге тырысатын адам-шығармашыл ойдың иесі». Шығармашылық туралы көптеген пікірлер бар. Психолог А.Лернер «Шығармашылық әрекет –білім, білік,дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуі, нысанның жаңа жаңғдайды көре білуі, жаңа шешімді таба білуі» - деп баға береді.

Шығармашылықтың:

І деңгейі – ұстаз бен оқушылардың қарапайым, жайлы, ынтымақтаса қарым-қатынас жасау арқылы шығармашылыққа бейімдеу.Оқушы бұл деңгейде күрделі емес, сөз тіркесін, сөйлем құру сияқты тапсырмаларды орындайды.
ІІ деңгейі – сабақ барысында жоспарлаудан бастап іс- әрекетті тиімді ұйымдастыру. Бұл деңгейде оқу- тәрбие жұмыстарының мазмұны мен әдістері, түрлері таңдалып, іріктеледі.Оқушыға қиынырақ, ойланып, өз пікірін айта алатын тапсырмалар беріле бастады.
ІІІ деңгей –айқындалу - ұстаз бен оқушы шығармашылық жұмыстың жетекші түрін анықтап, күрделі жұмыстармен айналысады.: шығармашылық кеш ұйымдастыру, өлең шығару, көрме ұйымдастыру, шағын ғылыми жоба жазу.

Шығармашылық сабақ Күнделікті дәстүрлі сабақ
Оқушы өзі ізденеді,өзі оқып, өзі үйренеді. Мұғалім оқушыға дұрыс, дайын ақпаратты береді.
Оқушы ақпаратты іздеуші, жазып алушы Оқушы ақпаратты қабылдаушы, тыңдаушы
Проблемалық оқыту іске асырылады Репродуктивті әдістер қолданады.
Оқушы белсенді қызмет атқарады Мұғалім басыңқы қызмет атқарады
Жаңа нысанды зерттейді Жаңа материалды тыңдайды, есте сақтайды
Шығармашылық «өнім» ойлап табады Жаңа білімді меңгереді.

 

Деңгейлеп оқыту оқытуда міндетті және мүмкіндік деңгейлердің өзара сабақтастығы ескеріледі, білім жүйесі негізге алынады. Деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылар әдебиеттен берілетін білім мазмұнын меңгеру үшін алгоритмдік тапсырмаларды мұғалімнің бағыт-бағдар беруімен орындайды. Көркем туындыда көтеріліп отырған проблемаларды түсініп, шығарма тақырыбы мен идеясын ашуда бұл технологиялардың мүмкіндігі мол. Деңгейлеп оқытудың жоғарғы сатысы шығармашылық тапсырмаларды орындауда оқушылардың өзіндік-даралық ерекшеліктері ашыла түседі. Бұл ретте әр оқушының тұлғалық дамуы оның қабілетіне қарай бағаланады.

Қазақ әдебиеті сабағында дәл осындай деңгейлік тапсырмалар берілді:
І деңгей
«Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңінің мазмұнын қара сөзбен айту
ІІ деңгей
«Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңі бойынша өзінің ән туралы мәтінің құру
ІІІ деңгей
«Құлақтан кріп бойды алар» өлеңі бойынша ән туралы өз өлеңіңді жаз.

Сабақ тақырыбы: А.Құнанбаев «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» өлеңі

Балдар Аты-жөні І деңгей 5 балл ІІ деңгей 4 балл ІІІ деңгей 3балл Сыныпта жиған балы Үй жұмысының балы Барлық балы Бағасы
Беркінбаев Е + + + 9 балл 3балл 12 балл
Қаженова А. + + - 9 балл - 9 балл Сынақтан өтті
Дүйсен М. + - - 5 балл - 5 балл

Шығармашылық деңгейлік тапсырмалар арқылы қол жеткізілді:
1.Оқушылардың бойында шығармашылық бейімділіктері жоғарлай бастады.
2.Шығармашылық деңгейлері іске асырылады.
3.Шығармашылық деңгейлік тапсырмалар жасалынады.
4.Шығармашылық жұмыстардың түрлерін қолдану жиілігі артады.
5.Оқушының ізденушілік, танымдылық, өзіндік жұмыс істеу белсенділігі артады.
6.Осы жоба бойынша шығармашылық деңгейлік тапсырмалар жинағы шығады.

Деңгейлік тапсырмалардың өзі дамытпалы түрде болады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайларын туғызады және әр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейде білім алуына кепілдік береді. Әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары жағдай жасайды.

Деңгейлік саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамыту мен қатар, оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Меселен, оқушылардың алған бағасы арнайы таблицада көрсетіліп тұрады. Әр деңгейдің өз бағалауы бар. Олардың барлығы оқушылардың көз алдына тұрады. Мұның өзі білім берудегі демократия критерийлері болады.

Оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім алдымен олардың ықылас-жігерін, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, ынтасын жалпы білім деңгейін зерттеу қажет. Бұл ерешеліктерді айқындау үшін білімді менгеру денгейін анықтауға арналған тапсырмалар дайындау, оқушы біліміне диагностика жүргізу, оқушыларға сауалдама., психологиялық тәжірибе жасау ата-аналарымен әнгіме жүргізу керек. Оқушылардың жеке ерекшеліктері сабақтың сұрақ беру, кіріспе әнгіме, оқыған материалды, тағы да басқа тиянақтау сатыларында ескерілуі тиіс. Мәселен, үлгерімі жақсы оқушыларға берілген сұраққа тікелей жауап беру талап етілсе, орташаларына ойланып, қажетті есептеулер жасауға, суреттерін салуға уақыт беріледі, ал үлгірімдері төмендеріне нақты сұрақтың тізімі, жауап берудін жоспар үлгісі ұсынылады. Оқыту үрдісін оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сай ұйымдастыру үшін оқу – тәрбие жұмысында мұғалім өзіне лайық әдіс енгізеді.

Өзіндік әдісті жүзіге асыруда мына мәселелер көзделеді:

1. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеп, типтік топтарға бөлу.

2. Оқу үрдісінің барлық сатыларында әр түрлі топтардағы оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың әдістемелігін жасау.

3. Әр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың жүйесін құру.

4. Білімді бағалау, бақылай жүйелерін жетілдіру.

Даралап – саралап оқытудың маңыздылығы:

1.Сынып оқушыларын жаппай жұмыс істеуге әкеледі.

2.Бос отырған оқушы болмайды.

3.Әркім өзінің білім деңгейін біліп, оны дамытуға тырысады.

4.Қиындықтарды жене білуге дағдыланады, пәнді оқып үйренуге қызығушылығы пайда болады.

5.Ізденіс дағдысы қалыптасады.

Даралап-саралап оқытуда күтілетін нәтиже:

1. Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу.

2. Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігі, іскерлігін біліп ғана қоймай оны дамытады.

3. Өз бетімен ізденіс дағдыларын шығармашылық қабілетті жетілдіретін, шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

Ерекшелігі:

1. Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемдігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен айырылады.

2. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.

3. Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі женілдейді.

Даралап – саралап оқыту технологиясы оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қабілетін дамытумен қатар оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Оқушының білімі мен білігіндегі жетістіктерді, кемшіліктерді, олардың себептерін анықтап, мұғалім өз жұмысына талдау жасайды, оны жетілдірудің жолдарын белгілейді. Сонымен қатар даралап – саралап оқыту барысында оқушылар да өзінің оқу жұмысындағы жетістіктер мен жіберген кемшіліктері туралы мәліметтер алып, өз еңбегіне талдау жасайды. Ең бастысы, оқудан ләззат алуға, білім мен ғылымға деген құштарлығын арттыруға дағдыланады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі түрде орындап болғаннан кейін ғана, келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылардың арасында өзара жарысу жәнеоқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғарғы деңгейге көтерілуіне жағдай туғызады.

Сондықтан да мұғалімдерге саралап - даралап оқыту технологиясын қазақ тілі сабағында пайдаланған өте тиімді.

Осы технология оқушының қабілетін дамытуға, еңбек етуге баулып, ынтымақтастық, ұйымшылдық қабілеттерін оятуға тәрбиелейді. Өзін –өзі басқаруын қалыптастырып, байқампаздыққа таратады.

Оған мынадай басты талаптар қойылады:

Ø әр оқушының еңбектенуі және оның еңбегін пайдаға жарату;

Ø өзінің еңбегімен қоса басқаның да еңбегіне жауапкершілікпен қарау;

Ø өзі оқи отырып, қасындағы оқушыны да оқыту;

Ø серіктесінің түсінбегенін түсіндіріп көмектесу;

Ø әрбір оқушы кезектесіп (ауысып)не оқушы, не мұғалім болады;

Ø әр оқушы кезек тәртібін сақтап барлығын үйретеді, ал жұп жекеше түрде барлық мүшесін үйретеді;

Әдістеменің ерекшелігі:

Ø жекелеу оқыту;

Ø қасындағы оқушымен жұптасып оқыту;

Ø топпен оқыту;

Ø ұжымдық оқыту.

Бұл технологияның тиімділігі сол, жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі тиіс. Сондықтан сабақтарда оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыру үшін, оларға мәселелік сұрақтар қойылып отырады. Тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

Даралап – саралап оқыту технологиясы оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қабілетін дамытумен қатар оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Оқушының білімі мен білігіндегі жетістіктерді, кемшіліктерді, олардың себептерін анықтап, мұғалім өз жұмысына талдау жасайды, оны жетілдірудің жолдарын белгілейді.Сонымен қатар даралап-саралап оқыту барысында оқушылар да өзінің оқу жұмысындағы жетістіктер мен жіберген кемшіліктері туралы мәліметтер алып, өз еңбегіне талдау жасайды. Ең бастысы, оқудан ләззат алуға, білім мен ғылымға деген құштарлығын арттыруға дағдыланады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі түрде орындап болғаннан кейін ғана, келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылардың арасында өзара жарысу жәнеоқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғарғы деңгейге көтерілуіне жағдай туғызады.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы. – Алматы, 2003.

2. Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. А., 1994.

3. Бітібаева Қ. Абай шығармашылығын оқыту. А., 2003.

4. Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. А., 2003.

5. Өстеміров К Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары.-А.: 2007.

6. Мұхамбетжанова С.Т., Ж.Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008.

7. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учебное пособие. М.: Народное образование, 1998.

8. Дәулетбекова Ж. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Алматы: Мектеп, 1997.

 

Қосымша әдебиеттер:

1.Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. А., 1981.

2.Семенов А.Н. Комплекс учебников и учебных пособий и проблема интерпретаци художественнгог текста в процессе изучения литературы в школе. – СПб., 1994.

3.Маранцман Б. Чирковская Т. Проблемное изучение литературного произведения в школе. М. 1977.

4.Кудряшов Н. Взаимосвязь методов обучения на уроках литературы. М., 1981.

5.Обернихина Г.А. Уроки литературы сегодня. М.2000.

 


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Особливості організації правової роботи і юридичного обслуговування агропромислового комплексу України | Особливості організації юридичної служби облспоживспілки, райспоживспілки, споживчого товариства
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | <== 7 ==> | 8 | 9 | 10 |
Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.264 сек.) російська версія | українська версія

Генерация страницы за: 0.264 сек.
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7