Головна сторінка Випадкова сторінка КАТЕГОРІЇ: АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія |
Особливості організації юридичної служби облспоживспілки, райспоживспілки, споживчого товаристваДата добавления: 2015-03-11; просмотров: 954
1. Деңгейлеп оқыту технологиясы, бастапқы ғылыми идеялар 2. Оқушы мен мұғалім іс-әрекетінің жүйесі Қазақ әдебиетін оқытуда қазіргі қолданыстағы озық технологиялардың ең тиімді үлгілерін пайдалану қарастырылады. Солардың ішінде деңгейлеп оқыту атауға болады. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді 1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді. 2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балараға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін жеке тұлға ерекшеліктеріне, психологиялық даму ерекшеліктеріне, пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөлу керек. Оқушылардың оқу деңгейінің 4 түрі бар. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген: 1) Репродуктивтік деңгей Жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты 2) Алгоритмдік деңгей- Оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды. 3) Эвристикалық деңгей . Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді. 4) Шығармашылық деңгей. Оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. Деңгейлеп оқыту оқытуда міндетті және мүмкіндік деңгейлердің өзара сабақтастығы ескеріледі, Блум жүйесі негізге алынады. Деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылар әдебиеттен берілетін білім мазмұнын меңгеру үшін алгоритмдік тапсырмаларды мұғалімнің бағыт-бағдар беруімен орындайды. Көркем туындыда көтеріліп отырған проблемаларды түсініп, шығарма тақырыбы мен идеясын ашуда бұл технологиялардың мүмкіндігі мол. Деңгейлеп оқытудың жоғарғы сатысы шығармашылық тапсырмаларды орындауда оқушылардың өзіндік-даралық ерекшеліктері ашыла түседі. Бұл ретте әр оқушының тұлғалық дамуы оның қабілетіне қарай бағаланады. деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үщ деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Болашақта оқыту мен тәрбиелеу, әлеуметтік талап-тілектерді ескере отырып дамыту, ғылыми жетістіктер мен педагогикалық тәжірибелерді жаңартуға, мұғалімдерді ақпараттық қамтамасыз етуді, біліктілігін үздіксіз көтеруді қажет етеді. Ұстаздық деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кеткелі көңілдегі арман толастамай, тоқу мен қуаныш қатар аралап мектеп деген үлкен дарияға жүзіп келудеміз. Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай сілкіністер бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол білгеніңді іске қолдана білу» дейді. «Әркім қолда барын ұсынады» деп немқұрайлылыққа салынсақ алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің тағдырына қиянат жасаған болар едік. Не ексең, соны орасың. Мақсатымыз – алдымызда тұрған өзекті мәселелер айналасында сөз қорғау. Соның ішінде ең бастысы – әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы алғашқы қадамдар. Қай заманда болсын мектептің басты тұлғасы – мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, көзқарасы шыққан түп-тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзат өз ұрпағын тәрбиелеуге қолданып келеді. Алдымен бала қызығушылығын ояту керек, олай болса зерттейтін объект – оқушы. Оның бойындағы қасиеттерді ескерте отырып, сезімін, ынтасын оятар іс-әрекетті жоспарлау, әрі қарай оқушының таным белсенділігін арттыруды мақсат ету керек. Танымдық белсенділікті қалыптастыру көрсеткіштеріне интеллектуалдық, эмоционалдық, жігерлілік іс-әрекетке оқушылардың белсене қатысуы жатады. Осындай нәтижеге жету үшін сабақ мазмұнының түрлерін, оқытудың амал-тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет. Қазір баяндау, сұрақ-жауап, лекция тәрізді сабақ әдістері өз нәтижесін бере алмайды. Сондықтан сабақ процесінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері, деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы қолданылуы керек. Қазақ әдебиетін оқытуда қазіргі қолданыстағы озық технологиялардың ең тиімді үлгілерін пайдалану қарастырылады. Солардың ішінде деңгейлеп оқыту атауға болады. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді. Деңгейлеп-саралап оқыту әрекеті – білім алуға бағыттаған әрекет. Ол өз бетінше әрі мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырған саралай оқытудың жүйелік негізін Б. Ананьев, Л. Выготский, А. Леонтьев, С. Рубинштейн т.б. ғылымдар жасаған. Ал бастауыш мектеп кезендегі оқу әрекеті Ш. Аманатшвилли, В. Давыдов, Л. Занков т.б. зертеулерінде қарастырылады. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, ілімдік ойлауы қалыптасады. Оқушы дамуының негізгі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек. Деңгейлеп-саралап оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл -ой деңгейі мен белсенді әрекеті арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді. Деңгейлеп оқытудың артықшылықтары: 1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді. 2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей, сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Оқыту технологиясын пайдалану – оқушы ынтасын басатын, объективті емес, жіберген қателіктері үшін жазалауға бағытталған бағалау тәсілін өзгертуді талап етеді.Таным процесі үстінде кез-келген тұлғаның белсендік көрсетуге, әлде бір себептермен қате жіберіп алған жағдайда оны өзі түзетуге құқығы бар болуы тиісті. Тапсырмаларды деңгейге бөліп бергендегі мақсат – сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау; Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін жеке тұлға ерекшеліктеріне, психологиялық даму ерекшеліктеріне, пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөлу керек. Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін а) жеке тұлға ерекшеліктеріне; б) психологиялық даму ерекшеліктеріне; в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамыз. Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысу керек. Көбінесе мына жағдайлар көңіл бөлуді қажет етеді: 1) сабақтың мазмұны; 2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау; 3) сабақтың нәтижелігі. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын оқытудағы басты проблема оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі – оқушыларға деңгейлік тапсырма беру. 3) эвристикалық деңгей – оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді және материалды саналы түрде меңгереді. Бұл деңгейде оқытушылардың меңгерген білімдерін тереңдету үшін танымдық ізденіс, әр – түрлі логикалық тапсырмаларды талдай, жинақтай алатын және салыстыра білуді қажет етеді. Қазақ тілін оқытып, үйрету – көптеген ізденістерді, жаңа технологияны керек етеді. Қазақ тілі пәнін оқытуда ең басты мәселе – сабақта әр оқушыға қолайлы жағдай жасау, оқу барысын жүйелі түрде жүргізу. Соңғы кезде модульдік технология негізінде деңгейлік тапсырмалар арқылы әр оқушының қабілеттілік деңгейін анықтап, топтық әдіспен жұмыс істейді. Деңгейлеп оқыту технологиясы деңгейлік тапсырмалар арқылы іске асады. Деңгейлік тапсырмалар оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, іздендіруге жетелейді, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Қабілеттілік деңгейі бойынша оқушыларға үш топ ұсынылады: Шығармашылықтың: І деңгейі – ұстаз бен оқушылардың қарапайым, жайлы, ынтымақтаса қарым-қатынас жасау арқылы шығармашылыққа бейімдеу.Оқушы бұл деңгейде күрделі емес, сөз тіркесін, сөйлем құру сияқты тапсырмаларды орындайды.
Деңгейлеп оқыту оқытуда міндетті және мүмкіндік деңгейлердің өзара сабақтастығы ескеріледі, білім жүйесі негізге алынады. Деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылар әдебиеттен берілетін білім мазмұнын меңгеру үшін алгоритмдік тапсырмаларды мұғалімнің бағыт-бағдар беруімен орындайды. Көркем туындыда көтеріліп отырған проблемаларды түсініп, шығарма тақырыбы мен идеясын ашуда бұл технологиялардың мүмкіндігі мол. Деңгейлеп оқытудың жоғарғы сатысы шығармашылық тапсырмаларды орындауда оқушылардың өзіндік-даралық ерекшеліктері ашыла түседі. Бұл ретте әр оқушының тұлғалық дамуы оның қабілетіне қарай бағаланады. Қазақ әдебиеті сабағында дәл осындай деңгейлік тапсырмалар берілді: Сабақ тақырыбы: А.Құнанбаев «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» өлеңі
Шығармашылық деңгейлік тапсырмалар арқылы қол жеткізілді: Деңгейлік тапсырмалардың өзі дамытпалы түрде болады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайларын туғызады және әр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейде білім алуына кепілдік береді. Әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары жағдай жасайды. Деңгейлік саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамыту мен қатар, оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Меселен, оқушылардың алған бағасы арнайы таблицада көрсетіліп тұрады. Әр деңгейдің өз бағалауы бар. Олардың барлығы оқушылардың көз алдына тұрады. Мұның өзі білім берудегі демократия критерийлері болады. Оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім алдымен олардың ықылас-жігерін, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, ынтасын жалпы білім деңгейін зерттеу қажет. Бұл ерешеліктерді айқындау үшін білімді менгеру денгейін анықтауға арналған тапсырмалар дайындау, оқушы біліміне диагностика жүргізу, оқушыларға сауалдама., психологиялық тәжірибе жасау ата-аналарымен әнгіме жүргізу керек. Оқушылардың жеке ерекшеліктері сабақтың сұрақ беру, кіріспе әнгіме, оқыған материалды, тағы да басқа тиянақтау сатыларында ескерілуі тиіс. Мәселен, үлгерімі жақсы оқушыларға берілген сұраққа тікелей жауап беру талап етілсе, орташаларына ойланып, қажетті есептеулер жасауға, суреттерін салуға уақыт беріледі, ал үлгірімдері төмендеріне нақты сұрақтың тізімі, жауап берудін жоспар үлгісі ұсынылады. Оқыту үрдісін оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сай ұйымдастыру үшін оқу – тәрбие жұмысында мұғалім өзіне лайық әдіс енгізеді. Өзіндік әдісті жүзіге асыруда мына мәселелер көзделеді: 1. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеп, типтік топтарға бөлу. 2. Оқу үрдісінің барлық сатыларында әр түрлі топтардағы оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың әдістемелігін жасау. 3. Әр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың жүйесін құру. 4. Білімді бағалау, бақылай жүйелерін жетілдіру. Даралап – саралап оқытудың маңыздылығы: 1.Сынып оқушыларын жаппай жұмыс істеуге әкеледі. 2.Бос отырған оқушы болмайды. 3.Әркім өзінің білім деңгейін біліп, оны дамытуға тырысады. 4.Қиындықтарды жене білуге дағдыланады, пәнді оқып үйренуге қызығушылығы пайда болады. 5.Ізденіс дағдысы қалыптасады. Даралап-саралап оқытуда күтілетін нәтиже: 1. Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу. 2. Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігі, іскерлігін біліп ғана қоймай оны дамытады. 3. Өз бетімен ізденіс дағдыларын шығармашылық қабілетті жетілдіретін, шығармашыл тұлға тәрбиелеу. Ерекшелігі: 1. Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемдігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен айырылады. 2. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады. 3. Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі женілдейді. Даралап – саралап оқыту технологиясы оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қабілетін дамытумен қатар оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Оқушының білімі мен білігіндегі жетістіктерді, кемшіліктерді, олардың себептерін анықтап, мұғалім өз жұмысына талдау жасайды, оны жетілдірудің жолдарын белгілейді. Сонымен қатар даралап – саралап оқыту барысында оқушылар да өзінің оқу жұмысындағы жетістіктер мен жіберген кемшіліктері туралы мәліметтер алып, өз еңбегіне талдау жасайды. Ең бастысы, оқудан ләззат алуға, білім мен ғылымға деген құштарлығын арттыруға дағдыланады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі түрде орындап болғаннан кейін ғана, келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылардың арасында өзара жарысу жәнеоқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғарғы деңгейге көтерілуіне жағдай туғызады. Сондықтан да мұғалімдерге саралап - даралап оқыту технологиясын қазақ тілі сабағында пайдаланған өте тиімді. Осы технология оқушының қабілетін дамытуға, еңбек етуге баулып, ынтымақтастық, ұйымшылдық қабілеттерін оятуға тәрбиелейді. Өзін –өзі басқаруын қалыптастырып, байқампаздыққа таратады. Оған мынадай басты талаптар қойылады: Ø әр оқушының еңбектенуі және оның еңбегін пайдаға жарату; Ø өзінің еңбегімен қоса басқаның да еңбегіне жауапкершілікпен қарау; Ø өзі оқи отырып, қасындағы оқушыны да оқыту; Ø серіктесінің түсінбегенін түсіндіріп көмектесу; Ø әрбір оқушы кезектесіп (ауысып)не оқушы, не мұғалім болады; Ø әр оқушы кезек тәртібін сақтап барлығын үйретеді, ал жұп жекеше түрде барлық мүшесін үйретеді; Әдістеменің ерекшелігі: Ø жекелеу оқыту; Ø қасындағы оқушымен жұптасып оқыту; Ø топпен оқыту; Ø ұжымдық оқыту. Бұл технологияның тиімділігі сол, жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі тиіс. Сондықтан сабақтарда оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыру үшін, оларға мәселелік сұрақтар қойылып отырады. Тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Даралап – саралап оқыту технологиясы оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қабілетін дамытумен қатар оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Оқушының білімі мен білігіндегі жетістіктерді, кемшіліктерді, олардың себептерін анықтап, мұғалім өз жұмысына талдау жасайды, оны жетілдірудің жолдарын белгілейді.Сонымен қатар даралап-саралап оқыту барысында оқушылар да өзінің оқу жұмысындағы жетістіктер мен жіберген кемшіліктері туралы мәліметтер алып, өз еңбегіне талдау жасайды. Ең бастысы, оқудан ләззат алуға, білім мен ғылымға деген құштарлығын арттыруға дағдыланады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі түрде орындап болғаннан кейін ғана, келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылардың арасында өзара жарысу жәнеоқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғарғы деңгейге көтерілуіне жағдай туғызады.
Негізгі әдебиеттер: 1. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы. – Алматы, 2003. 2. Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. А., 1994. 3. Бітібаева Қ. Абай шығармашылығын оқыту. А., 2003. 4. Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. А., 2003. 5. Өстеміров К Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары.-А.: 2007. 6. Мұхамбетжанова С.Т., Ж.Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008. 7. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учебное пособие. М.: Народное образование, 1998. 8. Дәулетбекова Ж. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Алматы: Мектеп, 1997.
Қосымша әдебиеттер: 1.Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. А., 1981. 2.Семенов А.Н. Комплекс учебников и учебных пособий и проблема интерпретаци художественнгог текста в процессе изучения литературы в школе. – СПб., 1994. 3.Маранцман Б. Чирковская Т. Проблемное изучение литературного произведения в школе. М. 1977. 4.Кудряшов Н. Взаимосвязь методов обучения на уроках литературы. М., 1981. 5.Обернихина Г.А. Уроки литературы сегодня. М.2000.
Дәріс
|