Головна сторінка Випадкова сторінка КАТЕГОРІЇ: АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія |
ПРАВОВА РОБОТА ПО ЗАБЕЗПЕЧЕННЮ ЗБЕРЕЖЕННЯ ВЛАСНОСТІ СУБ'ЄКТІВ ГОСПОДАРЮВАННЯДата добавления: 2015-03-11; просмотров: 673
1. Венн диаграммасы. 2. Бағалау. 3. Үйге тапсырма. 2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында: - бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды; - өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға; - бір-біріне құрметпен қарауға; - өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға; - өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға; - мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға; - достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге; - белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды.
Негізгі әдебиеттер: 1. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы. – Алматы, 2003. 2. Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. А., 1994. 3. Бітібаева Қ. Абай шығармашылығын оқыту. А., 2003. 4. Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. А., 2003. 5. Өстеміров К Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары.-А.: 2007. 6. Мұхамбетжанова С.Т., Ж.Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008. 7. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учебное пособие. М.: Народное образование, 1998. 8. Дәулетбекова Ж. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Алматы: Мектеп, 1997.
Қосымша әдебиеттер: 1.Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. А., 1981. 2.Семенов А.Н. Комплекс учебников и учебных пособий и проблема интерпретаци художественнгог текста в процессе изучения литературы в школе. – СПб., 1994. 3.Маранцман Б. Чирковская Т. Проблемное изучение литературного произведения в школе. М. 1977. 4.Кудряшов Н. Взаимосвязь методов обучения на уроках литературы. М., 1981. 5.Обернихина Г.А. Уроки литературы сегодня. М.2000.
Дәріс Азіргі білім беру жүйесіндегі жаңашыл технологиялар» пәні бойынша Жобалау технологиясы 1. «Жоба» сөзіне байланысты ұғым-түсініктер 2. Жобалау әрекетін қолданудағы шешілетін негізгі талаптар: 3. Жобалау түрлері 4. Жоба» сөзіне байланысты ұғым-түсініктер: - жоспар, түпкі ой; - жоба–болашақтың заттануы; - техникалық-әлеуметтік жобалар; - латынша proektus–алға ұмтылған, алға ұмтылу–даму деген ұғым береді - жоба–жоспар, нобайлау; - жоба–жобалау, ал жобалау болған жерде зерттеу мен нәтижелер болады. Жоба–орыс түсіндірме сөздігіне сай бұл–ниет, жоспар; ағылшын түсіндірме сөздігіне сай–белгілі мақсатқа жету үшін мұқият ұйымдастырылған және ойластырылған жұмыс бөлігі. Жобалау әрекеті әр түрлі әлемдегі оқу жүйелеріне көптеп енуде. Ол оқушыға жекелеген білім жиынтығын беріп қана қоймай, өздігінен білім алуына, алған білімдерін танымдық проблемаларды шешуге қолдануға мүмкіндік береді. Жобалау оқушылардың өз бетімен білім алу әрекетін ұйымдаструға негіз болады. Бұл жүйе Д.Дьюи, Лай. Торндайк т.б. американдық ғалымдардың идеяларына негізделіп жасалған. Олардың басты идеялары: - өз еркімен таңдап алған әрекетті ғана бала қызығып орындайды; - әрекет оқу пәні арнасына құрылмайды; - нағыз оқыту еш уақытта бір жақты болмайды, қосымша міндеттер де маңызды.Ұраны «Бәрі өмірден, бәрі өмір үшін» Мақсаты: оқушылар жасалған жағдайды пайдаланып: - әр түрлі дерек көздерінен қажетті білімді өз бетімен және шын көңілмен қуана алады; - танымдық және тәжірибелік міндеттерді шешу үшін бар білімін пайдалануды үйренеді; - әр түрлі топтармен жұмыс істей отырып, қарым-қатынас дағдыларын меңгереді; - өзінің зерттеу дағдыларын дамытады (проблеманы көре білу, ақпарат жинау, бақылау, эксперимент жасау, талдау, болжам құру, жинақтау). Жоба қорғауға баулу оқушыларды өздік жұмысына бағыттаудың бірден-бір тиімді жолы болып табылады. Жоба қорғау үшін ұсынылатын тақырыптар зерттеуге, ізденіске бағыттайтындай пән негізіндегі талдау түрлерін қамтитындай сипатта болу керек. Жоба тақырыбының бірнеше нұсқалығы оқушы таңдауына мүмкіндік туғызады және қандай түрде қорғайтыны оқушылардың өзінің қалауына қалдырылатын болғандықтан, қызығушылығын арттырады. Жобалау әрекетін қолданудағы шешілетін негізгі талаптар: 1.Зерттеушілік, шығармашылық мағынада маңызы бар проблемалардың қарастырылуы; 2.Күтілетін нәтижелердің тәжірибелік, теориялық, танымдық маңыздылығы; 3.Оқушылардың өздік іс-әрекеті; 4.Жобаның мазмұндық бөлігін құрастыру; 5.Зерттеу әдістерін қолдану; Жобалау әрекетінің тақырыбын таңдау жағдаяттарға байланысты түрліше болады. Дегенмен, жоба тақырыбы өмірлік өзектілігі бар және оны шешуге оқушының әр түрлі аумақтағы білімі мен шығармашылық ойлау қабілетін зерттеушілік дағдыларын қамтитын сұрақтарға құрылғаны дұрыс. Орындалған жоба нәтижелері (материалдар) тиісті деңгейде рәсімделуі тиіс. Жобалау түрлері: 1.Жобалауда көбіне қолданылатын әдістер: зерттеу, шығармашылық, рөлдік-ойындық, таныстыру-бағыттау, т.б. 2.Жобаны бағыттау: тікелей, жасырын. 3.Қарым-қатынас: бір мектеп, бір сынып, қала, аймақ, халықаралық оқушылар арасында. 4.Жобаға қатысушылар саны. 5.Жоба уақыты: тақырып ауқымына сай. Жобалау түрлері: Зерттеу әдісті жоба: Мұндай жобалар құрылымы жан-жақты ойластырылған, мақсаты айқын, барлық қатысушылар үшін өзектілігі бірдей, әлеуметтік маңызы бар. Алынатын нәтижені өңдеу, жасалатын тәжірибелер мұқият қарастырылған. Зерттеу қисынына толықтай бағындырылып, нағыз ғылыми зерттеулерге мейлінше жақындастырылған. Шығармашылық әдісті жоба: Бұл жоба түрінде құрылыс нақтыланбайды, тек жоспарланып, күтілетін нәтиженің жанрына бағына отырып дамиды. Бұл жағдайда күтілетін нәтижені ұсыну түріне қарай ойластыру керек. Ойын, шытырман әдісті жоба: Мұндай жобада құрылым соңына дейін ашық күйінде қалады. Қатысушылар жоба түрі мен мазмұнына қарай өздеріне әр түрлі рөлдерді таңдап алады. Күтілетін нәтиже жоба басында анықталуы немесе соңында көрінуі мүмкін. Бұл жобада шығармашылық деңгей өте жоғары болады. Дегенмен, әрекет рөлдік, ойындық-шытырмандық болып қала береді. Мұғалім әрекетінің жалпы жұмыс жүйесі төмендегідей болады: оқыту технологияларын кіріктіру және жобалау технологиясын қолдану. Жобалау технологиясын күрделі тарауларды жинақтауда, модульдік оқыту технологиясының қорытындылау бөлімінде қолдану тиімді. Оқу бағдарламасын модульдік оқыту жүйесіне негіздей отырып, кіріспе бөлімдегі дәріс оқуда проблемалы оқыту әдісін басшылыққа алу; сөйлесу бөлімінде «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының (Жигсо-I, II , Проблемамен саудалас, Өзара оқыту, Әдебиет үйірмесі т.б.) стратегияларын, нақты жағдаяттармен оқыту әдісі технологиясын, қорытынды бөлімде жобалау технологиясын қолдану, яғни кіріктіре қолданудың оқу тиімділігін арттырудағы мәні зор.Қорытынды сабақта қарастырылатын жоба тақырыптары кіріспе бөлімдегі оқу модулінің құрылымымен таныстыру барысында ұсынылады. Осы тұста айта кететіні оқушыдан тақырып негізінде жоба тақырыбының мақсат-міндетін анықтау, болжамын қоя білу талап етіледі. Жобаны әзірлеу барысындағы оқушының өзіндік ізденісі мен еңбектенуі аса маңызды. Бұл оқушылардың ғылыми ізденімпаздық қабілетін арттырады әрі шығармашылыққа баулиды. Ал жоба қорғау сабағында оқушылардың өз жұмысына және өзгенің жұмысына сараптама жасауы жауапкершіліктерін арттырады. Жобаға сарапшылар төмендегідей өлшемдер бойынша төрелік етіп, сараптама жасайды: 1. Тақырыпты мақсаты мен өзектілігіне сай аша білуі. Болжам қоя білуі. 2. Ғылыми ізденісі , жаңалығы, шығармашылығы. 3. Талдай білуі, көрнекілік қолдануы . 4. Сөйлеу мәдениеті және шешендік қабілеті. Әзірленген жоба туралы пікір айтқанда оқушылардың басшылыққа алатыны: 1. Әзірленген жобаның маңыздылығы 2. Жобаның күшті жағы 3. Жобаның әлсіз жағы Жоба қорғау барысында оқушылардың өзара қойған сұрақтары да, мұғалім тарапынан қойылған бағыттаушы сұрақтар да аса маңызды. Жобалау технологиясы негізінде өткізілген сабақтар оқушы тұлғасының іс-әрекет барысында қалыптасуына жағдай жасайды. Жобалау технологиясында төмендегідей іс-әрекеттер жүзеге асуы тиіс: 1.Ақпарат жинау 2.Ақпаратты алғашқы сұрыптау 3.Алғашқы күндердің нәтижесін қорыту 4.Кері байланыс 5.Нәтижені бағалау Мұнан бөлек мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті жоба түрі мен нәтижеге сай күнделікті жоспарланып, жүзеге асып отырады. Оқушының әрекетке қатысын көрсететін «оқушы күнделігін» жүргізіп отыру абзал. Ол кезегінде түзету жұмыстарын енгізгенде, келешекте басқа жоба құрғанда қателіктерге жол бермеуге септігін тигізеді. Жалпы әрекеттердің өту барысы, әрекеттің оң және теріс ықпалдары, ескертпелер тіркеліп отыратын «мұғалім күнделігінің» орны да ерекше . Зерттеушілік сипаттағы жобалауға оқушыларды баулу үшін мұғалім тарапынан жасалатын қадамдарға тоқталатын болсақ: 1)Кафедраларға пән негізінде кітаптарын тарату 2) Белгілі бір модульді таңдап алу ; 3) Сол модуль бойынша бірнеше жоба тақырыптарын түзу; 4) Тақырыптардың ішінен бір ғана маңызды деген тақырыпты таңдап алып, мақсат қою; Проблемалық тақырыптар болуы керек. Жоба қорғау сабақтарына ұсынылатын, оқушыны мәтінді талдай оқу жұмыстарына бағыттайтын сипаттағы тапсырмалар негізі жоба тақырыптарынан бастау алады. Көлемді шығармаларды оқушының мақсат қоя оқуы жүзеге асырылады. Жобалау технологиясы бойынша оқушылармен жұмысты ұйымдастыру тәжірибесінен Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі жаңа формация мектібінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған негізгі проблемалар бар: Баланы оқи білуге үйрету. Баланы ойлауға үйрету. Баланың өзін өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау. Осыған сай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер болып жатыр. Білім мазмұны да оқушылардан өз бетінше білім алуға, оны практикада қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған, яғни оқушыларды зерттеу мен жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек. Сондықтан да жобалау технологиясын ұйымдастыру тақырыбына арналған бұл жұмыстың өзектілігі осында. Жұмыс зерттеу мақсаты: қазақ тілі сабақтары барысында және сабақтан тыс уақытта оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру тәжірбиесін талдау, оның тиімділігін анықтау. Зерттеу міндеттері: 1. Тақырып бойынша ғылыми жұмыстармен танысу. 2. Жұмыстың теориялық бөлімін жасау. 3. Оқушылардың жоба жұмыстарына талдау жасау. 4. Тақырып бойынша қорытынды жұмыстарды рәсімдеу. Зерттеу әдістері: 1.Әдебиетке теориялық анализ жасау. 2. Сауалнама өткізу. 3. Жоспарлау. 4. Жеке оқушылармен және топ мүшелерімен сұхбат өткізу. 5. Модельдеу. Күтілетін нәтиже: Оқушылардың тілге деген қызығушылығының, ынтасының артуы. Жасампаз және өнерпаз тұлғаның қалыптасуы. Тілдік қорының кеңеюі. Еңбекті бағалай білетін тұлға. Жобалау технологиясы бойынша оқушылармен жұмысты ұйымдастыру тәжірбиесінен. «Естігенімді – ұмытамын, көргенімді – есте сақтаймын, өз істегенімді – меңгеремін». Конфуций Оқудың қажеті неде? Әркім осы «жеңіл» сұраққа өзінше жауап береді. Жоғарғы білімді адам да бұл сұраққа жауап беру үшін біраз ойланып қалады. Оқу – көп білу үшін қажет. Ал көп білудің қажеті неде? Көп оқып, көп білсең – жоғарғы оқу орнына түсесің... Онда оқу не үшін қажет? Одан әрі білім алу үшін бе? ОҚУ – алдағы үлкен өмірде өз орныңды дұрыс таба білу үшін керек екен. Яғни оқу барысында оқушыны өз бетімен іздендіре отырып, өзіне деген сенімділік күшін тудырып, өз ойын анық жеткізе біліп, дұрыс шешім қабылдауға , яғни жеке тұлға болып қалыптасуына бейімдеу қажет. Дәстүрлі сабақ беру жүйесінде оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру мүмкін емес. 21- ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі – мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған. Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек екені – бүгінгі күн талабы.Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда. Бұл технология әлемдік педагогикада жаңалық емес.Ағылшын тілінен аударғанда «cooperative learning» – бірге үйрену деген мағынаны білдіреді. Түсіндірме сөздікте оған төмендегідей анықтама беріледі: Жобалау технологиясы – оқушылардың жоспарлау және күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білімі. Жобалау технологиясы 19 ғасырдың 2- ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған.Оның негізін қалаған – Джон Дьюи атты психолог және педагог, философ.Дьюидің ілімін жалғастырушы – Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау – бұл технологияның негізі. «Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық.Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе -- бұл мысал жобалау технологиясының нағыз типтік үлгісі.» - деген екен Хилпатрик. 20 –шы ғасырдың басында жобалау технологиясы Ресей педагогтарының назарын өзіне аудара бастайды. Дегенмен, бірқатар себептерге байланысты , бұл әдістеме кеңінен таралмай, тоқтап қалды: - Жоба жұмысымен жұмысты ұйымдастыра білетін мұғалімдердің болмауы -жоба жұмысының әдістемесінің жасалмауы -жеке баға мен сынақты ұжымдық сынаққа көшіру салдарынан жеке оқушы білімінің төмендеуі т.б. себептер. Кеңес үкіметі кезеңіндегі мектептерде жобалау технологиясын енгізуге асықпай жүргенде, ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттерде: АҚШ-та, Канадада, Англияда, Австралия және Жаңа Зеландияда ол кеңінен таралып жатты.Еуропаның да бірқатар мемлекеттерінде ол кең тамырын терең жая бастады. Әрине, уақыт өткен сайын бұл технология да бірқатар өзгерістерге ұшырап отырды.Еркін тәрбиелеу ойынан туындаған жобалау әдістемесі біртіндеп «тәртіпке бағынып», білім беру әдістемесі құрамына табыспен еніп отыр. Бірақ оның негізі, түпкі мақсаты қай кезде болса да қала бермек – оқушыны білім алуға және сол білімін мектеп қабырғасынан шыққанда нақты проблемаларды шеше білуде қолдануға үйрету. Қазақ педагогикасының атасы Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық» деген өлең жолдарында осы технологияның негізгі ұстанымдары жатыр. Өйткені, бұл технологиялық оқудағы мұғалім мен оқушының іс- әрекеттері түбегейлі өзгереді. Салыстырып көрелік: Оқушының іс-әрекеті: Мұғалімнің іс-әрекеті: -Оқушы-оқыту субъектісі. -Жеке тұлғаға қарай бағытталған ұсынушы, нақты мақсат қоюшы. -Мақсатқа дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субъект. -Бағыт-бағдар беруші, кеңесші. -Өзін-өзі және бір-бірін оқытушы. -Оқушының жетістігін құптаушы. -Өнерпаз, жасампаз еңбектің иесі. -Ынталандырушы, мақсат қоюшы. -Өз ізденісімен табысқа жетуші шығармашылық тұлға. -Мақсаттарға жетелеуші. Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу. Егер оқушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса- ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт – бағдар бере алады. Сонымен, жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп,есте сақтай отырып,оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде. Жобалау технологиясының негізінде –оқушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр. Оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін жоғарыда айтылғандай, оны жоспарлай білу қажет. Жоба жұмысы кезендері Жұмыстың мазмұны. Мұғалімнің тәрбиелік мақсатты шешудегі негізгі іс-әрекеттері. Оқушылардың іс-әрекеті. 1. Дайындық кезеңі Жоба тақырыбын анықтау. Бір бағыт төңірегінде оқушыларды тақырып таңдауға ынталандырады. Топтағы әрбір оқушының пікірін ескере отырып жұмысты жоспарлауға үйретеді. Әр оқушы өмірлік өз тәжірбиесіне (егер ол болса), сүйене отырып, өз ойын ортаға салады, бірігіп жобаның түпкі мақсатын анықтайды. 2. Жоспарлау. Топқа бөлу. Ақпарат жинау және талдаудың жолдарын көрсету. Әрбір топ мүшесі алдындағы жұмысын анықтау. Оқушыларды өз бетімен ақпарат жинауға бағыттайды. Әрбір топ мүшесінің пікірін ескере отырып, ұжымдық талқылау шешімін тыңдайды, қажет болса өз ойымен бөліседі. Оқушылардың жобы бойынша күнделігін тексереді. Топ арасында әркімнің атқаратын қызметін анықтайды, өз тақырыптарын анықтау жұмыс істеу кезеңдерін жоспарлап, бірінші нәтижеге жету уақытын белгілейді. «Қоғамдық» тапсырманы орындауға дайындығын көрсетеді. 3. Зерттеу жұмысы. Ақпарат жинау, аралық нәтижені талдау, зерттеудің негізгі құралдары: сұхбат, анкета бақылау, алынған түрлі ақпаратты талдау. Оқушы күнделігін бақылап, әрбір жетекшісімен және топ мүшелерімен жеке-жеке сөйлесу, талдау, нәтижені салыстыру арқылы алдағы жұмысқа бағыт беру. Жеке және жұптық жұмыс, анкета сұрақтарын құрастыру. Қажет болса сценарий жазу, қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас қалыптастыру. Білімін әр пәндік салада кеңейтеді, түрлі қоғамдық жұмыстармен танысады, шығармашылық, белсенділік, талаптылық қасиеттерін бойында қалыптастырады. Нәтижені талқылау. Ақпаратты талдау, шешім шығару,тұсау кесердің қандай түрде өтетінін жоспарлау. Бақылайды, кеңес береді. Топ ішіндегі жеке оқушылардың еңбегін бағалай отырып, бірігіп қорғау үшін ынтымаққа бір-біріне деген сыйластыққа шақырады. Тұсау кесерге келетін қонақтар тізімін жазады, қажетті аудио- видеотехниканы жабдықтайды. Топ арасындағы әркімнің ролін анықтап, алынған ақпараттың арасынан ең негізгіні белгілеп жазады. Проблемалық сұрақтарды анықтап, оны бірге шешуге дайындалады. 5. Жұмыстың тұсау кесері. Тыңдайды, проблемалық сұрақтарды қоя отырып, оқушыны сөйлетуге мүмкіндік жасайды. Алынған нәтиже туралы есеп береді. Бір-бірін мұқият тыңдайды, сөйлеу мәдениетін ескере отырып бір-бірінің ойларын жалғастырып отырады. 6. Бағалаужәне жоспарлау. Шығармашылық жұмысты бағалайды, еңбек иелерін алдағы үлкен мақсаттарға жетелейді. Ұжымды талқылай отырып бір-біріне, өздеріне баға береді, алдағы жұмыс құрайды. Технологиядағы жобаның түрлері: Ғылыми жоба; Шығармашылық жоба; Ойын түріндегі жоба; Ақпараттық жоба және т.б. түрлері бар. Мерзіміне қарай қысқа мерзімді жоба болып бөлінеді. Біздің мектеп-гимназиясында жетінші сыныпты аяқтаған оқушылар қазақ тілінде жоба жұмыстарын қорғайды. Өткен 2006-2007 оқу жылында «Қазақстан тәуелсіздігіне 15 жыл» тақырыбы төңірегінде оқушылар шығармашылық жұмыс жасады. Жоба тақырыптары оқу жылы басында таңдалынып, жыл соңында қорғалды. Өлкетануға бағытталған төмендегідей қызықты тақырыптарды оқушылар өз еркімен таңдады: «Бір шанырақ аясында», «Өскемен қаласындағы көшелер», «Өскемен қаласының сәулеті соңғы 15 жылда», «Біздің театр», «Менің болашақ мектебім», «Қаладағы ақпарат көздері», «Біздің қаланың жұлдыздары». Бұл тақырыптарды қамтыған жоба жұмыстарын ақпараттық, шығармашылық жоба түрлеріне жатқызуға болады. Ұзақ мерзімді жоба жұмысы болғандықтан, оқушылармен жұмыс жүргізіліп жатты. Әр топ шешудің негізгі сатыларын басшылыққа алды. Олар: Ақпараттық – «не істеу керек?»; Жоспарлық – «бұған қалайша жетуге болады?»; Шешім қабылдау – «іске асырудың жолдары мен құралдарын анықтау»; Орындау – «жүзеге асыру»; Бақылау – «тапсырма дұрыс орындалды ма?»; Бағалау – «келесі жолы нені дәлірек істеген жөн?». Жобалау технологиясының дидиктикалық негізін белгілі тақырыптардағы жұмыстарға шолу жасай отырып, байқап көрелік. «Менің болашақ мектебім» жобасын жасаудағы жоспарланған түпкі нәтиже-тұтынушылар: мектеп директоры, оқушылар және ата-аналардың тілектерін, армандарын ескере отырып, сәулетші, биолог маманы, жергілікті әкімшілік өкілі заман талабына сай мектеп макетін жасап оны тұтынушылар алдында қорғай білуі. Осы жобадағы қызықты және өзекті ойлар – оқушылардың ойы және олар болашақ мектептің әнұранын жазып шығарды: «Мектебім – шырағымсың, Сарқылмас бұлағымсың. Өзіңе бар құштарымды Әнге ұштастырдым». «Біздің театр» жоба жұмысын жасаған оқушылар қаладағы театр туралы соңғы нәтижесі ретінде – Нені білемін? Нені білдім? Нені білгім келеді? Деген сұрақтарға нақты жауап бере білді. «Қаламыздағы бұқаралық ақпарат құралдары» төңірегінде ақпарат жинаған оқушылар қаладағы ең бірінші газеттің редакторы – Тайшыбаев Мақсұттың белгілі ақын Жұмабаев Мағжанмен туыстың қарым-қатынаста болғанын және осы ұлтжанды журналистің де 1938 жылы жала жабылып атылғандығы туралы мәліметтерді қызығушылықпен әңгімелеп бере алды. Сонымен, оқушыларға дайын өнімді қабылдайтын ғана емес, өз бетімен ізденетін, дербес іс-әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау – жобалау технологиясының негізі. Нақты тақырып төңірегінде оқушының алдына әр кезеңде мақсат қоя біліп, сол мақсатқа қол жеткізудегі іс-әрекеті, яғни сиқыршының көжекті цилинірдің астына салу үшін ұзақ мерзім көлемінде атқарған еңбегі тәріздес. Конфуцийдің Естігенімді – ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, өзім істегенімді меңгеремін дегені – бұл технологияның негізгі ұстанымы.
Негізгі әдебиеттер: 1. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы. – Алматы, 2003. 2. Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. А., 1994. 3. Бітібаева Қ. Абай шығармашылығын оқыту. А., 2003. 4. Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. А., 2003. 5. Өстеміров К Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары.-А.: 2007. 6. Мұхамбетжанова С.Т., Ж.Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008. 7. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учебное пособие. М.: Народное образование, 1998. 8. Дәулетбекова Ж. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Алматы: Мектеп, 1997.
Қосымша әдебиеттер: 1.Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. А., 1981. 2.Семенов А.Н. Комплекс учебников и учебных пособий и проблема интерпретаци художественнгог текста в процессе изучения литературы в школе. – СПб., 1994. 3.Маранцман Б. Чирковская Т. Проблемное изучение литературного произведения в школе. М. 1977. 4.Кудряшов Н. Взаимосвязь методов обучения на уроках литературы. М., 1981. 5.Обернихина Г.А. Уроки литературы сегодня. М.2000.
|