Студопедия — Тақырып. Нейрожұқпаның патофизиологиялық тетіктері. Менингиттер.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып. Нейрожұқпаның патофизиологиялық тетіктері. Менингиттер.






Мақсаты: Нейрожұқпаның этиологиясы мен патогенезінің сұрақтарын меңгеру

Дәріс жоспары:

1. Нейрожұқпаның негізгі қоздырғыштары

2. ОЖЖ-не жұқпалық ықпалдардың түсу жолдары, патогенезінің негізгі тізбегі

3. Менингиттер туралы түсінік, менингеалдық әйгіленімдердің патогенезі

 

Нейрожұқпаның негізгі қоздырғыштары мыналар: менингококктар, пневмококктар, инфлюэнцтің гемофильдік таяқшасы, стафилококктар, көкірің таяқшасы, ишерихия коли, бета стрептококктар (жаңа туған нәрестелерде), сіреспенің қоздырғышы, ботулизм, құтыру-вирусы, полиомиелит, тұмау, ұшық-вирусы, арбовирустар, цитомегаловирустар ж.б.; қарапайымдар, приондар.

ОЖЖ-не жұқпалық жайттардың түсу жолдары

1. Гематогендік Жайттардың ең жиі таралу жолы болып артериялық қан тамырларымен немесе мый қан тамырларының және бет көк тамырларының ретроградтық анастомоздары арқылы түседі.
2. Тікелей түсу Бас сүйегінің ашық жарақаттарында, люмбальдық пункция кезінде, туа пайда болған даму ақауларында (менингомиелоцеле)
3. Жұқпа ошағынан таралуы Гайморит, фронтит, мастоидит, тіс жегі, бас сүйегінің остеомиелиті
4. Жүйке өткізгіштерімен Сіреспенің қоздырғышы, ұшық-вирусы

 

Нейрожұқпалар кезіндегі жүйке жүйесінің зақымдану патогенезі:

1. Нейрондар мен микроглияның тікелей зақымдануы

2. Қабынуға жауап ретінде босап шығатын микроорганизмдер уыттарының, ББЗ зақымдаушы әсерінен дамиды

3. Аутоиммундық зақымданулар

Менингиттер – мый және жұлын қабықтарының қабынуы

Лептоменингит – мыйдың жұмсақ және торлы қабықтарының қабынуы

Пахименингит – мыйдың қатты қабығының қабынуы

Менингиттің қоздырғыштары: менингококктар- Neisseria meningitidis (30-74%), пневмококктар (Streptococcus pneumoniae), инфлюэнцтің гемофильдік таяқшасы (Haemophilis influenzae), стафилококктар, көкірің таяқшасы, туберкулез микобактериясы (созылмалы менингит); жаңа туған нәрестелерде - ишерихия коли, бета-гемолитикалық стрептококк

Бактериялық жұқпа кезіндегі менингиттің патогенезі

Бактериялар

бактериялардың мұрын-жұтқыншақтағы колонизациясы (көптеген бактериялар IgА-ны ыдырататын протеазалар бөліп шығарып, қорғаныстық тосқауылдан өтеді)

қанайналымына бактериялардың түсуі (қапшықты бактериялар фагоцитозға және комплемент-тәуелді цитолизге тұрақты; комплемент құрам бөлшектерінің жеткіліксіздігі мен спленэктомия бактериемияға әкеледі)

Бактериемия мен мый қылтамырларының эндотелийінің зақымдануы → гематоэнцефалдық тосқауылдың өткізгіштігінің жоғарылауы және субарахноидалдық (тор қабық асты) кеңістікке бактериялардың өтуі

Қабынудың дамуы

Мыйдың ісінуі, бас сүйек ішілік қысымның жоғарылауы, мый қан тамырларының басылуы және қан айналымының бұзылуы

Менингит кезіндегі мый ісінуінің дамуында мынаның маңызы бар: қабыну дәнекерлерінің әсерінен қан тамырлары өткізгіштігінің жоғарылауы, мый құрылымына бактерия өнімдерінің және нейтрофильдердің лизосомалық ферменттерінің уытты әсер етуі, цереброспинальдық сұйықтықтың ағып кетуінің қиындауы, қанның ағып кетуінің қиындауына әкелетін мый қан тамырларында васкулиттің дамуы.

Менингиттің барлық түрлеріне менингеалдық синдром - мый қабықтарының тітіркену синдромына біріктірілетін әйгіленімдер тән.

Менингеалдық синдромның әйгіленімдері Патогенезі
Бас ауыруы Мый қабықтарын жүйкелендіретін үшкіл жүйкенің ұштарының, парасимпатикалық және симпатикалық талшықтардың тітіркенуі
Құсу IV қарыншаның түбінде орналасқан кезбе жүйке қабылдағыштарының немесе сопақша мыйдың торлы құрылымындағы құсу орталығының тітіркенуі
Терінің гиперестезиясы, жарыққа және дыбыстық тітіркендіргіштерге сезімталдықтың жоғарылауы Артқы түбіршек және жұлын - мый түйіндері жасушаларының қоздырылуы
«жатқан ит» (қолдары кеудесіне қысылған, аяқтары ішіне тартылған, басы шалқайған, кеудесі керілген, іші тартылған) менингеалдық қалпы Бұлшықеттердің рефлекстік тоникалық жиырылуы: бастың артқа шалқаюы желке бұлшықеттерінің межеқуатының жоғары болуымен түсіндіріледі
Науқастың басын алға еңкейту барысында қатты ауыру сезімінің пайда болуы Мойынның жазғыш бұлшықеттерінің межеқуатының жоғарылауы
Керниг симптомы (алдын ала тік бұрыш жасап бүгілген тізе және жамбас буындарын жаза алмау) Бұлшықеттер межеқуатының дерттік жоғарылауы
Брудзинскийдің жоғарғы симптомы (арқасымен шалқасынан жатқан науқастың басын кеудесіне жақындатуға талпынғанда, оған жауап ретінде тізе буыны еріксіз бүгіледі) Бұлшықеттер межеқуатының жоғарылауы
  1. Көрсетілетін құралдар: дәрістің мультимедиялық қойылымы
  2. Әдебиеттер

1. А.С. Никифоров., Е.И. Гусев. Частная неврология.-М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С.120-162

Қосымша

  1. Pathologic basis of disease. V.Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 1369-1375
  2. Pathophysiology of disease. Stephen J.McPhee et al. 3rd edition, New York, 2000.- 52-54

 

  1. Меңгеруді бақылау

1. Нейрожұқпалардың негізгі қоздырғыштары

2. ОЖЖ-не жұқпалық ықпалдың түсу жолдары

3. Менингеалдық синдромның әйгіленімдерін атаңыз







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 2285. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Вопрос. Отличие деятельности человека от поведения животных главные отличия деятельности человека от активности животных сводятся к следующему: 1...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия