Студопедия — Жеке меншікті құрал-жабдықтар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жеке меншікті құрал-жабдықтар






Құрал-жабдықтар жеке және топтық құрал-жабдықтарға бөлінеді. Құрал-жабдықтарға қойылатын талаптар: минималды салмақ пен көлемі, сенімділік, пайдалану мен жөндеуге оңай болуы, гигиена, қауіпсіздік, эстетика, атмосфера әсеріне, тозуына, коррозияға шыдамды, бір-біріне үйлесімді болуы қажет.

Жеке:РюкзакҰйқы қапшығыКарематАяқ киімЖелден қорғайтынкостюмЖаңбырданқорғайтынкиімКөзәйнекҚолғапҚауіпсіздік белдеуіНегізгіарқанРепшнурКарабинМұз жарғыш

Ұйқы қаптары (спальные мешки) жеңіл және жылы материалдан жасалады: синтепон, құстың мамығы (ең жылысы). Кейде екі-үш қапты біріктіріп бірге ұйықтауға болады. Қаптың ішіне тазалық сақтау үшін ақжайма салып қоюға болады. Қапты мүмкіндікше суламай сақтау керек.

Рюкзактар жүк тасуға ыңғайлы болуы керек. Жақсы рюкзак болса салмақ ортасы төмен орналасады, ауыртпалық иыққа емес, арқа мен белге түседі. Жүрген кезде рюкзакты түзеп жүру мүмкіндігі болуы қажет. Жүкті рюкзакқа дұрыстап арту керек: еш нәрсе арқаға батпау керек, ауыр жүк түбінде, жеңілдері және жолда керек болатындары үстінде орнатылады. Рюкзакқа жүк артқанда заттарды нығыздап салу керек; еш нәрсе салбырлап, сылдырлап, шайқалып тұрмау керек, рюкзак қозғалыс кезінде былқ етпегені дұрыс. Аяқ киім жорық қиындығына, жыл мезгіліне, ауа райы жағдайына сәйкес болуы керек. Қалың шұлық сиятындай, үлкенірек аяқ киім алған жөн. Аяқ киім мықты, материалы мүмкіндікше гортекс, табаны тайғанамау үшін жақсы протекторы болса дұрыс. Қатты аяз болса арнайы екі қабатты сырты пластик бәтіңке кию керек (мысалы, «кофла»), ұйқы қабына аяқ киім шешпей жата береді. Аяқ киімді кептіргенде ұлтарағын суырып алып бөлек кептіру керек, ішіне қағаз тығып кептіреді. Ешқашан оттың жанында кептіруге болмайды: аяқ киім бүрісіп қатып кетеді де ертеңіне аяқ қажалады. Шұлықты да оттың жанында кептіруге болмайды: синтетикалық жіптер балқып қатып қалады да аяқты қажап жаралайды.

Киім климат жағдайына сәйкес болуы керек. Міндетті түрде бірнеше іш киім, бірнеше жеңіл және қалың шұлық, қолғап, күн өткізбейтін бас киім, жылы бас киім, қара көзілдірік, екі-үш көйлек (футболка), желден қорғайтын күртке, жылы (құс мамық) куртка, түрлі шалбар мен шорты, плавки, т.б. болуы керек.

Құрал-жабдықтарды дайындау жоспары:

1) тізім жасау;

2) тізім бойынша таңдау, алу, жорық жағдайына жақын жағдайда тексеру;

3) түзеу, жөндеу, жаңадан жасау немесе қосымша айла жасау.

Құрал-жабдықтардың күйі, пайдалану мерзімі күту мен сақтауға байланысты. Аяқ киімді маусымнан кейін мұқият жуып-тазалап, табиғи жылумен кептіру керек.

 

24.Сақтандыру жабдықтары, оларды таңдау, сақтау және тасымалдау Арнайы құралдарға түрлі сақтандыру және спорт түрлеріне байланысты құралдар жатады. Альпеншток – жүрген кезде сүйенетін және жолды қарастыратын таяқ. Альпеншток жиналған кезде қысқа болады, ал жүргенде ұзартылады. Мұзшапқыштар қар мен мұздың үстінде жүргенде қолданылады. Мұзшапқыш сап пен үшкір және жалпақ ұштарынан тұрады. Арқан өткізу үшін бір-екі тесігі бар. Мұзшапқышты жоғалтып алмауға арналған бүлдіргесі бар. Мұздықта сақтандыру үшін «кошки», мұз ілгектері, мұзға бұрайтын ілгектер, якорлық ілгектер («айс-фифи») қолданылады. Мұз бен жартасқа өрмелеу үшін арқан, карабиндер, жумар, тас ілгектері, «сегіздік» сияқты саймандар қолданылады. Басты тастың құлауынан сақтау үшін мықты каска қолданылады. Байланыс жасау және дабыл соғу үшін ракетница болуы керек.

Жөндеу саймандары:

1. Сумка

2. Жеңіл пассатижи (тістеуік)

3. Әртүрлі жұмсақ сым

4. Қаңылтыр, шегелер, былғары, брезент

5. Қайрақ, үш қырлы егеу

6. Надфиль, біз, лента, скоч, кендір жіп, қайшы, отвертка

7. «БФ» желімі немесе әмбебап желім, киперлік лента, капрон жібі

8. Инелер, бірнеше түсті жіп, түймелер

9. Тігін материал салатын қорапша

10. Түйреуіштер, рәзіңке, қысқыш

Осындай топтың сақтандыру құралдары: 40 метрлі екі негізгі (10-12 мм) арқан, 10м репшнур [жіңішке (8 мм) арқан], 2 мұзшапқыш, 2 мұзға бұрайтын ілгек, 3-4 карабин, ракетница. Фонарь, батарейкалар, 10-12 стеарин шырағы, жөндеу саймандары, безмен (таразы), сағат.

Құрал-жабдықтарды дайындау жоспары:

1) тізім жасау;

2) тізім бойынша таңдау, алу, жорық жағдайына жақын жағдайда тексеру;

3) түзеу, жөндеу, жаңадан жасау немесе қосымша айла жасау.

Құрал-жабдықтардың күйі, пайдалану мерзімі күту мен сақтауға байланысты. Аяқ киімді маусымнан кейін мұқият жуып-тазалап, табиғи жылумен кептіру керек. Сақтауға арналған заттарды пайдалану керек (пропитка). Ұлтарағын бөлек сақтау керек, ал аяқ киім ішін қағазбен тығыздау қажет.

 

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 416. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия