Студопедия — Жорық кезіндегі жиі кездесетін ауру сырқаттар,оларды алдын алу және емдеу
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жорық кезіндегі жиі кездесетін ауру сырқаттар,оларды алдын алу және емдеу






Қажалу - өте жиі кездесетін сырқат. Ең көп қажалатын жерлер – аяқ, бел, арқа. Аяқ қажалмау үшін аяқ киім мен шұлықтарды дұрыс таңдау керек. Аяқ киім сәл үлкендеу болғаны жақсы: онда жылы шұлық аяқ киімді тар қылмайды. Жорыққа судай жаңа аяқ киім киіп шықпау керек. Шұлықтарды тоқтаған сайын түзеп тұру керек, аяқ киімді шешіп демалдыру қажет. Оттың жанында аяқкиім мен шұлықтарды кептіруге болмайды. Аяқ пен шұлық таза болуы керек.

Арқа мен бел қажалмау үшін рюкзакты дұрыс арту керек: арқа жағы жұмсақ, ауыр жүк түбінде, рюкзак тығызданып тұру керек.

Күн өтіп кету. Белгілері: әлсіздік, бетінің қызаруы, бастың ауруы, айналуы, қан соғуы мен тыныстың жиілеуі. Ауруды көлеңкеге апарып, киімін шешеді, басын суық сумен сулайды. Талып қалса 1-2 мл 20 % кофеин ертіндісін немесе 1-2 мл кордиамин терінің астына егеді. Жатқызып немесеотырғызып тасымалдау керек.

Күйік. 1 дәреже: күйген жері дененің 5 % аспайды. Тері қызарады, ісіңкірейді, күйік сезінеді. Дәреже: осылармен бірге көпіршіктер пайда болады. Күйік дененің үлкен бөлігін алса, шок боуы мүмкін. Арнайы күйікке қарсы зат жағады. Болмаса, спирт, калий перманганатын жағып асептикалық бума жасайды. Шокқа қарсы шаралар қолданылады.

Үсік. 4 дәрежесі бар. І дәреже: дененің көгеруі, одан кейін қызаруы, ісіңкіреуі. ІІ дәреже: эпидермистің қатпарлап түсуі, көпіршіктердің пайда болуы. ІІІ дәреже: терінің, еттің өлімсіреуі. ІV дәреже: ілімсіреу, оның ішінде сүйектің өлімсіреуі. Тауда дірілдеп-қалтырау, ұйқышылдық, апатия, есінен тану, қан соғуының әлсіз болуы байқалады. Усіп кеткен адамды палаткаға, үңгірге жеткізеді. Денесі мен үскен жерін спиртпен, жұмсақ жүн шүперекпен, алақанмен уқалайды. Қармен уқалауға болмайды. Одан кейін жылы киіндіреді (әсіресе қол-аяғын), ыстық тәтті шай мен аздап алкоголь береді. Уқалаған кезде инфекция кіргізіп алмау керек. Мазь жағып асептикалық орау жасау керек.

Көздің күйіп кетуі. Белгілері: көздің уақытша көрмей қалуы, көздің түйіліп ауруы, көз бен қабақтың қызаруы, ісінуі. Көзді калий перманганат ерітіндісімен немесе бор қышқылы ерітіндісімен немесе суық шаймен шайып асептикалық бума тағу керек.

Өкпенің қабынуы (пневмония). Тауда жиі кездеседі және өте жылдам асқынып кетеді. Қабыну факторлары: гипоксия, әлсіздеу, тоңу, түтек, аштық. Белгілері: дірілдеп-қалшылдау, дененің қызуы (38-39 ), тотығу, әлсіздік, кеуденің қақсауы, қақырып жөтелу. Сульфаниламидтік дәрілерді беру, әсіресе антибиотиктерді: пенициллин, стрептомицин, тетрациклин. Жөтелге қарсы дәрілер, оның ішінде кодеин, дионин.

74.Жорық кезіндегі ауру сырқаттар мен жаралар,оларды алдын алу және емдеу,зардап шеккендерді құтқаруАдамда әлсіздік, тыныстың тарылуы, тахикардия, ұйқышылдық, лоқсу, құсу, қарнының қампиып кетуі. Кейде көру мен есту галлюцинациялары пайда болады. Сідік азаяды, адам қалшылдап дірілдейді, тоқтамай жөтеледі. Өте ауыр деңгейдегі түтек болса, мұрны, құлағы, қасы қанайды, қан қақырады. Жеңіл түтекті дұрыс емдесе бірнеше күнде жазылып кетеді. Ауыр түтек жеделжәрдем мен жылдам төмен қарай түсіруді қажет етеді.Түтекті алдын алу үшін сатылы акклиматизация жасау керек. Сонымен қатар, топ құрамын дұрыс іріктеу және фармацевтикалық алдын алу да маңызды, оның ішінде витаминдерді қабылдау, әсіресе аскорбин қышқылын (тәулігіне 1,5 г-ға дейін). Жеңіл түтек болса ауыртпалықты азайту, режимді өзгерту керек, лимон қосылған тәтті шайды жиірек ішу, қышқылданған су ішу, Сиротинин қоспасын (0,5 г аскорбин қышқылы, 0,5 г лимон қышқылы, 5 г глюкоза) ішу. Бкасты көтеріп ұстап ұйықтау керек. Қызушылық болса ландыш пен валериана ішеді. Витамин кешендері (декамевит, ундевит, ревит), анальгин, пиранал, седуксен көмек береді. Бірақ ең жылдам нәтиже беретін ем – дер кезінде төмен қарай түсіру. Түтектің асқынулары өте қауіпті: өкпенің, мидың ісігі, тромбоз, қан құйылулар







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 228. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Задержки и неисправности пистолета Макарова 1.Что может произойти при стрельбе из пистолета, если загрязнятся пазы на рамке...

Вопрос. Отличие деятельности человека от поведения животных главные отличия деятельности человека от активности животных сводятся к следующему: 1...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия