Студопедия — Мореналар, тас шөгінділер, жартастар үстімен жүру техникасы мен тактикасы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мореналар, тас шөгінділер, жартастар үстімен жүру техникасы мен тактикасы






Шөгінді үйінділер, мореналар. Шөгінді тас үйінділері жоғарыдан төмен құлаған тастардан тұрады. Олар бірте-бірте таудың етегінде жиналады. Морена дегеніміз мұздықтың сырғытып әкелген тастардан тұратын ірі үйінді болады.(Морена – мұздық тасымалдаған тастар үйінділері.)

Жүрген кезде өте сақ болу керек: кейбір тастар шайқалып тұрады, кейбіреулері тайғанақ (әсіресе жаңбырдан кейін немесе үстінде қырау, мүк, қына болса) болады. Тасты қар басып тұрса, арасындағы қуыстар көрінбей қалады да, аяқты мертіктіріп алу ғажап емес.

Жүрген кезде, түнеуге тоқтаған жағдайда тас құлайтын жерлерден аулақ болу керек. Мықты жатқан тастар күңгірт, үстінде қына өскен тастар болады – бұл қауіпсіздіктің белгілері. Ал жаңадан құлап жатқан тастар ақшыл, кескінді болып көрінеді. Мұндай жерде түнеуге, тіпті ұзақ уақытқа тоқтауға да болмайды. Тас құлағанда қатты айғайлау керек.

Жартастарда жүру ережелері:

· Алдын ала әбден қарап алып, тіреулерді байқап, жолды жоспарлау керек.

· Дем алу мен одан арғы жолды табу үшін аялдау орындарын көздеп табу керек. Олар қаүіпсіз және де ыңғайлы болу керек. Қиын және қаүпті жерлерді жылдам өту қажет.

· Тіреулерді алдын ала байқау керек: басып, шайқап немесе ұрып.

· Тексерілген мықты тіреулерді көп рет пайдалануға болады.

· Үнемі үш тіреу болу керек, жүогенде тек бір мүшені ғана жылжыту керек.

· Көбінесе аяқтап жүрген жөн, ал қолды тірек ретінде қолдану керек. Аяқ тірегі мықты болмаса, қолға түсетін салмақ ауырға түседі. Кейде, қиын жерлерде, негізгі жүктеме қолға түседі.

· Бұлшық еттердің әртүрлі топтарына түсетін жүктемелерді ауыстырып тұру қажет

· Қолайсыз немесе мықты емес тіреулер болса, оларға қосымша дене мен мүшелердің жартасқа қажалуын, үйкелісін қолдану.

· Бір қалыпты, жұлқынбай қозғалу керек.

Су кедергілерінен өту техникасы мен тактикасы

Су туризміндегі негізгі кедергілер.

Су туризміндегі кедергілерді табиғи және жасанды кедергілерге бөлуге болады. Табиғи кедергілердің ішінде табалдырықтар, қайраңдар, қатты ағыс, және туризмнің басқа түрлерінде кездесетін кедергілерді атауға болады.

Қатты ағыс (быстрина). Өзендердің ирек-ирек жерлері қаүіпті болуы мүмкін. Егер алдын ала кемені ағыс ортасына шығармаса, ол ойыс жағаға жақындап кетіп, тоқтап немесе қирап қалуы мүмкін. Қатты ағыс арнаның тар жерлерінде пайда болады. Өткен кезде фарватерді (кеменің судағы жолы) байқау керек, әсіресе құздардың жанында. Осындай жерде ең тез ағысы жағалауға өте жақын орналасады.

Табалдырықтар – өзен арнасыныңқұлауы тік жерлерде, өзен суы жартастан, тас үйінділерінен өтетін жерде болады.

Табалдырықтардан өту ережелері:

· жағалаудан алдын ала қарап табалдырықтан өту әдісін табу немесе тіпті одан өтпеу шешімін қабылдау;

· қолайсыз болса да ең қаүіпсіз жолмен өту;

· бағытты таңдаған соң оны есте сақтап, командаға көрсету, жағалаудағы жақсы көрінетін бағдарларды тауып есте сақтау;

· таңдап алған жолды тек апат жағдайында ғана өзгерту;

· қайықтар жақсы күйде, құтқару құралдары қол жетерлік болу қажет, байдаркада фартукті жақсылап бітеп қою керек;

· бұйрықтар қысқа және анық болу қажет, басқалармен үйлесе қоймайтын ескекшілермен алдын ала репетиция жасау керек;

· жорық топ түрінде өтсе, кемелер табалдырықтан кезекпен өтеді, бірінші болып жетекші өтеді;

· егер тым қаүіпті болса, жағалаумен айналып өту керек.

Ағысқа қарсы өтілсе арқан, сырғауыл қолданады.

Қайраң;суы терең жерлерге қарағанда сарғылт болып келеді. Қайраңнан өткенде түбіне отырып қалмау үшін өз қимылын сақтап тұру керек. Отырып қалса, түсіп, қайықты терең жеріне итеру керек. Егер отырып қалу жолды дұрыс таппаудан болса, қайықты шегіндіріп дұрыс фарватерге түсіру керек.

Батып кеткен ағаштар мен бөлек тастар судың астында болса, судағы шеңберлер мен кедергіден төмен орналасқан судың қайнап айналып тұруынан білуге болады.

Өзенге жақын құз (прижим) - өзеннің тік жартасты жағалауның жанындағы кесіндісі. Су осы жерге айдалып тұрғаннан деңгейінің жергілікті көтерілуі байқалады. Жағадан өзен ортасына бағытталған үстінгі ағыс қайықты жағаға жібермеуі мүмкін.

Үйінділер – суда жатқан, суға еңкейген ағаштар, тастар, қоқыс сияқты кедергілер. Үйінділер адамдарды соғып кетуі, қайықты қиратуы, т.б. зиян келтіруі мүмкін. Үйіндіні жағасымен айналып өтеді. Ондай мүмкіндік болмаса, ағаштарды шауып немесе кесіп өту керек.

Жасанды кедергілер.

Аласа көпірлер







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 569. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия