Студопедия — ТАРАУ. ТҮЙНЕКЖЕМІСТЕР. КАРТОП.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ТАРАУ. ТҮЙНЕКЖЕМІСТЕР. КАРТОП.






 

КАРТОП

 

Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі. Халық арасында «Нан-астық атасы, картоп-анасы», «Картоп-нанға қосымша» немесе «Картоп-нанға үнем». Шындығында, картоп – жан-жақты пайдаланылатын маңызды ауыл шаруашылығы дақылы. Картоптың түйнегі, ең алдымен, тағамға кеңінен және әртүрде қолданылады. Бір килограмм түйнек 840 калорияға дейін және адамның тәуліктік рационында айтарлықтай орын алады, сондықтан оны заңды түрде «екінші нан» деп атайды.

Картоп түйнегінде 25%-ға таяу құрғақ зат болады, оның ішінде 14-22% крахмал, 1,4-3% белок, 1%-ға таяу клетчатка, 0,2-0,3% май, 0,8-1% күл болады. Картоп белогі өзінің құндылығы жағынан дәнді дақылдар белогінен анағұрлым жоғары бағаланады, өйткені оның құрамында адам және жануарлар ағзасында (организмінде) синтезделмейтін амин қышқылдары – ванилин, лизин, триптофан, лейцин ж.б. бар,

Картоп түйнегі адам ағзасының қалыпты қызметіне өте қажетті көптеген бағалы дәрумендер – аскорбин қышқылы (С дәрумені), В, А, РР, К дәрумендер тобы мен минералды тұздардың (Менделеевтің периодтық жүйесінің 22 элементі – темір, кальций, магний, натрий, фосфор, йод ж.б.) маңызды көзі.

Егер тауық жұмыртқасының биологиялық құндылығын 100% деп есептесек, онда бидай белогінің құндылығы 63-65%, ал картопта – 84-85%. Біздің елімізде тағам, тігін, қағаз және басқа өнеркәсіп салаларына қажетті крахмал өндірісінің негізгі шикізаты болып табылады. Одан спирт, глюкоза, декстрин, көмір қышқылын ж.б. өндіреді. Құрамында 17% крахмалы бар бір тонна түйнектен орта есеппен 112 л спирт, 55 кг сұйық көмір-қышқылын, 39,0 кг сивуш майын немесе 170 кг крахмал мен 100,0 кг картоп ұнын немесе 80 кг глюкоза мен 65 кг гидрол өндіруге болады.

Картоп, әсіресе сауын малы, шошқа және құстар үшін малазықтық дақыл ретінде де жоғары бағаланады. Мал азығына түйнектер, сабақ-жапырағы және өнеркәсіптік өңдеудің қосымша өнімдері (барда, мезге) пайдаланылады. 100 кг картоп түйнегінде 31 азықтық өлшем және 1,6 кг қорытылған протеин бар. Картоптың сабақ-жапырағы тамыржемістер, қырыққабат жапырақтары және жүгерімен қоспалары мал тәбетпен жейтін тамаша сүрлем береді. Картоптың әр гектардан 150 ц түйнек пен 80 ц сабаңжапырақ өнімінің малазықтық құндылығы шамамен 5500 азықтық өлшемге (а.ө.) тең.

Картоптың агротехникалық және агро-экономикалық маңызы да зор. Отамалы дақыл ретінде ол көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарына жақсы алғы дақыл, мелиорация мен тыңайтқышқа қайтарымы мол. Жоғары агротехника жағдайында бір орынға қайта отырғызуға, тіпті дара дақыл ретінде өсіруге болады. Сонымен қатар, картоп бір өлшем жерде жоғары өнім құрайтын потенциалды мүмкіндігі бар өнімді танаптық дақылдардың бірі. «Танаптарда картоп өсіру, - деп жазған кезінде Ресей ғалымы академик Д.Н. Прянишников, - бұрын бір масақ өскен жерде енді үш масақ алуға болады деген сөз».

Картоптың шыққан тегі – Оңтүстік Америка, ол біздің жыл санауымыздан, 1-2 мың жыл бұрын өсіріле бастаған. Европаға (Испания) картоп 16-ғасырда әкелінген. Бұл дақылдың Ресейде таралуын дәнді дақылдардың егін өнімінің жиі түрде төмен болғандығымен және 18-ғасырдың екінші жартысымен түсіндіріледі. Картоп көршілес Ресей елінде таралуы әрі қызық, әрі қайғылы жағдайда өрбіді және халық толқуларымен қабаттасып жүрді.

Қазіргі кезеңде картоп барлық континенттерде өсіріледі, жалпы егіс аумағы шамамен 23,0 млн гектарға тең. ТМД елдеріндегі жалпы картоп түсімі бүкіл дүниежүзілік өндірістің үштен бірін қамтиды (негізгі өндірушілері Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь, Балтық бойы елдері, Қазақстан ж.б.).

Солтүстік Қазақстанда картоп салыстырмалы түрде жаңа дақыл. Оның алғашқы алқаптары 19-ғасырдың орта шенінде орыс көшпенділерімен салынған және 20-ғасырдың 30-жылдарына дейін егістік аумағы шамалы болды және тауарлы сипатқа ие бола алмады. Картоп өндірісінің айтарлықтай өсуі бұл аймақта тың және тыңайған жерлерді игерумен байланысты болды. Бұл кезде ауыл және қала тұрғындарының көбеюі картоп шаруашылығының берік базасын жасауды талап етті. Бұл күндері Солтүстік Қазақстанның төрт облысы мен Орталық Қазақстанда (Қарағанды обл.) Республикамыздағы бүкіл картоп егістігінің 60 % (шамамен 170 мың га) шоғырланған (Кесте 35).

 

Кесте 35. Облыстар бойынша картоп егістігінің аумағы (2004 ж., мың га)

 

 

 

  Облыстар, қала Барлық шаруашылық категориялары оның ішінде
ауыл шаруашылығы мекемелері шаруа (фермер) шаруашылықтары үй шаруашылығы
Қазақстанда 169,1 6.4   136.7
оның ішінде Ақмола 16,9 0,7 0,1 16,1
Ақтөбе 6,1 0,3 0,5 5,3
Алматы   0,8   20,2
Атырау     0,2 0,8
ШҚО   0,6 1,9 24,5
Жамбыл   0,4 1,8 3,8
БҚО     0,5 3,5
Қарағанды 10,3 1,6 1,2 7,5
Қостанай 9,9 0,4 0,7 8,8
Қызылорда 7,9 0,1 0,2 7,6
Павлодар 12,1 0,4 1,9 9,8
СҚО 22,5 0,5 0,5 21,5
ОҚО 10,2 0,3 3,5 6,4
Астана қ. 1,1 0,3   0,8
Алматы қ. 0,1     0,1
Барлығы 166,8 5,7 22,2 138,9

 

Қазақстанда картоп өнімі 2004 жылы орта есеппен барлық шаруашылық нысандарында 134,0 ц/га болды (Кесте 36)

Дүние жүзінде барлық өндірілген картоптың 60% азық-түлікке жұмсалады, ал ТМД елдерінде бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен. Біздің елімізде жекелеген жылдары өндірілген картоптың үштен бірі ғана азық-түлікке пайдаланылады, көп бөлігі шығынға ұшырайды, ал дамыған АҚШ-да картоп шығыны 5% ғана құрайды екен.

 

Кесте 36. Облыстар бойынша картоптың өнімділігі (2004 ж., ц/га)

 

Облыстар     Барлық шаруашылық категориялары     оның ішінде
ауыл шаруашылығы мекемелері шаруа (фермер) шаруашылықтары үй шаруашылығы
Қазақстанда   121,1 148,6 131,8
оның ішінде Ақмола   107,1   56,9   78,6   109,5
Ақтөбе   60,7 111,9 118,6
Алматы 154,8 130,6 153,4 156,7
Атырау 107,8 61,2 103,6 111,3
ШҚО 135,9 110,1 103,9 138,9
Жамбыл   89,5 188,4 167,2
БҚО 83,4 64,2 94,2 82,2
Қарағанды 164,2 183,3 167,2 159,8

 

Жан басына шаққанда картоптың пайдалануы ТМД елдерінде – 120 кг, АҚШ-да – 60 кг, Қазақстанда – 90 кг.

Ботаникалық сипаттамасы. Картоп алқа тұқымдасына жатады және егістіктегі негізгі түрі Solanum tuberosum. Табиғи тегі бойынша картоп сабағы жыл сайын өліп отыратын көпжылдық шөптесін өсімдік, бірақ жер шарының көптеген елдерінде бір жылдық өсімдік түрінде өсіріледі (Сурет 42).

Оны вегетативті түрде (түйнек, көз-ше, бүршіктерімен) және тұқымымен көбейтуге болады. Өндіріс жағдайында картоп негізінен түйнегімен – қысқарған жер асты өркенінің өзгерген түрі – көбейтіледі. Тұқыммен көбейтіл-генде картопта күндік тамыр мен жалғыз сабақ, ал түйнегімен көбей-тілгенде шашақ тамырлар жүйесі мен бұта пайда болады. Картоп бұтасы бірнеше сабақтардан құра-лады. Өсімдігі қосжарнақты, әлсіз дамыған тамыр жүйесін қалыптас-тырады (бүкіл картоп өсімдігі массасының 6-7 %, ал астық дақылдарында ол көрсеткіш – 20-25%) және топырақтың 60 см қабатында орналасқан.

Картоп жуандаған столон қалыптастырады, ол түр өзгерісіне ұшырған жер асты сабағы болып табылады, ұштары жуандап түйнекке айналады. Түйнектерде көзшелер бұранда тәртібімен орналасқан (кеңірдектелген жапырақтар). Картоп түйнегі маңызды биологиялық қасиеті – тыныштық күйі кезеңімен сипатталады, мұның өзі тұқымдық материалды келесі өніміне зиян келтірмей күзгі-қысқы кезеңде сақтауға мүмкін береді. Тыныштық күйінің ұзақтығы картоптың сорты мен сақтау жағдайларына байланысты. Ортадан кеш пісетін және кеш пісетін сорттарының тыныш-тық күйі ерте және орташа мерзімде пісетіндерге қараған-да ұзағырақ. Қысқы сақтау ережесін (тәртібін) дұрыс қолданғанда картоп түйнегі 6-7 ай бойы көктемей жақсы сақталады.

Түйнектер өне бастағанда тыныштық күйдегі өркен-көзшелерден өскіндер түзіледі, олар жарықта қысқа және жасыл, ал қараңғыда – ұзын және түссіз болады. Өскіндерден картоп бұтасы пайда болады, ол бірнеше сабақтарды біріктіреді (Сурет 43).

Картоп басқа танаптық дақылдар сияқты өзінің тіршілік үрдісінде үнемі қоршаған ортамен байланыста болады. Қалып-ты өсіп-дамуына, мол өнім алуда өсімдіктерді барлық тіршілік факторларымен (су, жылу, жарық, ауа, қоректік заттармен) бір мезгілде, үздіксіз және қажетті мөлшерде қамтамасыз ету қажет.

Сурет 43. Картоп түйнектері
Картоп өсімдігінің қоршаған орта факторларына талабы тіршілігінің әр кезеңінде бірдей емес. Оның үстіне, әр фактор басқа жағдай қалыптасқанда басқаша әсер етеді, міне сондықтан өсу жағдайларына қоятын талаптарын тереңірек оқып-үйреніп және өсімдіктердің оларға қажетсінуін ескеру абзал.

Сорттары. Пісу мерзімінің ұзақтығына байланысты картоп сорттары ерте пісетіндер (50-60 тәулік, Приекульский ранний ж.б., асханалық, жазда пайдалану үшін), ортадан ерте пісетіндер (60-80 тәулік, жазда және күзде пайдалануға), орташа мерзімде пісетіндер (80-100 тәулік, негізінен асханалық), ортадан кеш пісетіндер (110-120 тәулік, әмбебап), кеш пісетіндер (125 тәулік және одан жоғары, негізінен техникалық мақсатқа пайдалануға).

Топтардың арасындағы айырмашылықтарды белгілеу қиын. Сорт неғұрлым кеш пісетін болса, солғұрлым оның потенциалды мүмкіндігі көп. Аязсыз кезеңнің шектеулілігінен көптеген аудандарда ортадан кеш және кеш пісетін сорттар өсірілмейді.

Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген сорттар төменде келтірілген:

Ерте пісетіндер. Приекульский ранний. Сортаралық шағылыстыру тәсілімен Приекуль генетикалық тәжірибе стансасында шығарылған. Өте ерте пісетін сорт. Мол өнімді, ауруларға әлсіз төзімді. Түйнектері ақ түсті, ұсақ көзшелері бар, домалақтау – сопақ пішінді, жұмсағы ақ, крахмалдығы ортадан төмен, дәмдік сапасы жақсы, сақталуы қанағаттанарлық. Барлық облыстарда өсіруге рұқсат етілген.

Весна – бұрынғы БӨШИ Опорный пунктісінде түраралық будандастыру тәсілмен шығарылған. Асханалық, жоғары өнімді сорт. Саңырауқұлақ, бактериялық, вирус ауруларына төзімді. Түйнектері ашық-қызғылт түсті, ұзынша-сопақ пішінді. Көзшелері ұсақ, жұмсағы ақ. Дәмдік сапасы қанағаттанарлық, крахмалдығы орташа, сақталуы жақсы. Қостанай, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсіруге рұқсат етілген.

Полет – ерте пісетін, асханалық, жоғары өнімді сорт, рак ауруларына төзімді. Гүлдері ақ, түйнектері қызыл, сопақтау-бұрышты. Көзшелері ұсақ, жұмсағы ақ. Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында өсіруге рұқсат етілген.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 5384. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия