Студопедия — КАРТОПТЫҢ ГОЛЛАНДТЫҚ ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

КАРТОПТЫҢ ГОЛЛАНДТЫҚ ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ






 

Картоп өндірісі әзірше төмен өнімімен және жоғары еңбек әрі құралдар шығынымен ерекшеленеді. Мұның бәрі кешенді механикаландырудың аяқталмағандығымен, тиімді технологияның жоқтығынан және төмен деңгейлі техникалық машиналарға байланысты.

Көптеген машина сынау стансалары, конструкторлық бюро, ҒЗИ-ры топырақ-климат жағдайларына қарамай картоп шаруашылығының тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін машиналар мен технологиялық үрдістер жасау жұмысына кірісіп кетті.

«Себеко» и «Агрико» фирмалары (Нидерланды елі) АӨК-мен келісім-шартқа (контракт) отырып Ленинград облысының «Тосненский» және Мәскеу облысының «Каширский» шаруашылықтарында голландтық картоп өсіру технологиясын сынады. Өнімділік деңгейі 415 ц/га және одан да жоғары болды.

Голландтық картоп өсіру технологиясының ерекшеліктері:

1. Жоғары деңгейлі еңбекті ұйымдастыру;

2. Технологиялық тәртіпті қатаң сақтау;

1988 ж наурыздың соңында голландтық мамандар Мәскеу облысының «Каширский» шаруашылығына келіп осы дақылды өсіруге арналған 100 га учаскемен танысты. Талаптар: 1. Бұл жерде соңғы төрт жыл бойы картоп өсірілмеген; 2. 200-300 м қашықтықта басқа картоп танаптары болмады, топырақ құрамындағы қарашірік (гумус), кем дегенде 2%, органикалық тыңайтқыштарды алдыңғы дақылға, немесе, әрі кеткенде күзде сүдігерге енгізілген. Көктемде топырақтың физикалық пісуі жеткенде (14-16 сәуірде) топырақ екі ізбен тырмаланды. 10-12 тәуліктен соң әр гектарға 700 кг нитроаммофос және бір тонна калимагнезиін шашып, оларды тырмалаумен топыраққа сіңірілді. 10 мамырда отырғызу алдындағы топырақ өңдеу басталды. Осы операцияда жаңа технологияның бар артықшылығы байқалды.

Голландтық танапқа кешенді «Доминатор» агрегатын шығарды, оның вертикалды фрезасы үш операцияны – қопсыту, тегістеу және топырақты тығыздау – орындайды. «Доминатор» топырақты 10-12 см тереңдікке өңдейді. Бұл қабатта топырақ 7-10 тәулік ерте «піседі» басқа бүкіл жыртылатын қабатпен салыстырғанда (танаптық жұмыстарды айтарлықтай ерте бастауға мүмкіндік береді), алайда ең басты артықшылығы – топырақ ұсаққұрылымда және оңтайлы тығыздық күйіне енеді.

Голландтық технологияның ерекшеліктері:

1. Бұл елде тұқым шаруашылығына бірінші кезекті маңыз берілген (вируссыз негізде);

2. ГФР-да шығарылатын «Крамер» картопотырғышы қолданылады;

3. Диаметрі 35-55 мм және 35-50 мм түйнектерді топыраққа бір-бірінен 38 см, ал 35-45 мм - 33 см қашықтықта (сіңіреді). Отырғызу мөлшері – 25-40 ц/га.

Егістікті күтіп-баптаудағы етекшеліктері:

1. Қырқалар қалыптастыру (түптеу, түбін көму);

2. Арамшөптерге қарсы күрес;

3. Аурулар мен колорад қоңызына қарсы күрес;

4. Қырқаларды қалыптастыру (түптеу) 1-маусымнан басталып, отырғызғаннан 2 аптадан соң, 11 шілдеге дейін орындалады; «Амак» отамалы фрезасының көмегімен жақсы қопсытылған қабатына фрезаның қатараралыққа тереңдей енуінің нәтижесінде топырақ жоғарғы қабатқа шығарылады, ал артындағы кожух арқылы биіктігі 23 см қырқа пайда болады; қырқаларды қалыптастырғаннан кейін ешқандай түптеу жұмысы жүргізілмейді (біздің жағдайда дәстүрлі картоп өсіру технологиясында 9 ретке дейін өңдеудің әсерінен топырақ қатты тығыздалып қалады).

5. Фитофторозға қарсы 2-3 рет, пайда болған ошақтарын, сумицин фунгицидімен алымы 24 м «Себеко» машинасымен бүркіледі.

6. Егістікті «Амак» немесе ККУ-2А комбайнымен жиналады (фреза – түптегіш қырқаларды қалыптастырғанда қопсытылған топырақ бетіне борпас топырақты үйгенде жинауға дейін топырақ борпылдақ болады ды комбайн элеваторымен жеңіл еленеді).

ҚОРЫТЫНДЫ:

1. Голландтық технология топырақты тыңғылықты өңдеуді қарастырады;

2. Барлық машиналары сенімді (жоғары ылғалдылықта жұмыс істей алады);

3. Минералды тыңайтқыштардың жоғары мөлшері қолданылады, алайды қоректік элементтермен теңдестірілген;

4. «Крамер» картоп отырғышы түйнектерді биіктігі шамалы қырқаларына біркелкі қашықтықта орналастырады;

5. Жақсы көктетілген тұқымдық түйнектер отырғызылады, мұның өзі вегетация кезеңін қысқартуға әсерін тигізеді.

6. «Амак» комбайны түйнектерді шамалы шығынмен жинайды.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 3790. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

Эндоскопическая диагностика язвенной болезни желудка, гастрита, опухоли Хронический гастрит - понятие клинико-анатомическое, характеризующееся определенными патоморфологическими изменениями слизистой оболочки желудка - неспецифическим воспалительным процессом...

Признаки классификации безопасности Можно выделить следующие признаки классификации безопасности. 1. По признаку масштабности принято различать следующие относительно самостоятельные геополитические уровни и виды безопасности. 1.1. Международная безопасность (глобальная и...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия