Студопедия — Арыншалардың жыбыры және дірілі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Арыншалардың жыбыры және дірілі






Қарынша жыбырында жиі (минутына 150-300 рет), ырғақты және диастолалық паузаның жоқ болуынан гемодинамикалық тиімсіз жиырылулар орын алады. Қарыншалар дірілі жиі (минутына 250-500 рет), ырғақсыз және диастолалық паузаның жоқ болуынан гемодинамикалық тиімсіз жиырылулармен сипатталады.Бұл аритмия түрлері терминальді, бірнеше минут ішінде өлімге әкеледі. Қарыншалардың жыбыры және дірілінің электрофизиологиялық даму механизмі жүрекшенің жыбыры және діріліне ұқсас, бірақ, ерекшелігі – бір немесе бірнеше эктопиялық қозу ошағы қарыншада орналасқан. Қарыншалардың жыбыры және дірілінің анық электрофизиологиялық шекарасы жоқ. Бұл аритмия бір-біріне өтіп отырады.

Қарыншалардың жыбыры және дірілінің себебіне жүректің органикалық зақымдалуы (миокард инфарктысы, кардиомиопатия), жүрек гликозидтерімен, хинидинмен, β-адреностимулятормен, кофеинмен, морфинмен, қан алмастырушылармен улану, өкпе артериясының тромбоэмболиясы, бауыр және бүйрек жетіспеушілігінің терминальді сатысы, электролиттік алмасу бұзылысы, жүрекке ота жасау жатады. Осы аритмиялар толық атриовентрикулярлы блокада негізінде болады.

Қарынша дірілінің ЭКГ белгілері (5-21 сурет):

- ұзақтығы мен амплитудасы ұзарған және сырт көзге бірдей толқындар, оларда QRS аралығын, сегменттерді және Т сермесін салыстыру қиын. Миокард ауыр зақымдалған сайын осы толқындардың амплитудасы төмен және қарынша жыбырына тез өтеді;

- қарыншалық ырғақ дұрыс;

- қарынша жиырылуы минутына 150-300 рет;

- изоэлектрлік интервал жоқ. ЭКГ-де толқын секілді қисық сызық түрінде.

 

 

5-21 сурет. Қарынша жыпылықтауы

 

Қарынша дірілінің ЭКГ белгісі (5-22 сурет):

- қарынша дірілінің толқынының ұзару уақыты, пішіні және амплитудасы әр түрлі, мөлшері жайлап төмендеп, қарыншалық асистолияға өтеді;

- қарыншалық ырғақ дұрыс емес;

- қарыншалардың минутына 150-500 рет жиырылуы жайлап сиреп, толық асистолияға әкеледі;

- изоэлектрлік интервал жоқ. ЭКГ-де ара секілді қисық сызық түзіледі.

Қарыншалардың дірілі немесе жыпылықтауында жүректің минуттық және соғу көлемі нөлге тең, яғни гемодинамикалық тиімсіз. Шеткі қан айналымы тоқтайды. Науқас есінен таниды. Орталық артерияда пульсі және тыныс алуы сезілмейді. Өлім бірнеше минут ішінде орын алады.

 

5-22 сурет. Қарынша дірілі

 

Қарыншаның уақытынан бұрын жиырылуы (Вольф–Паркинсон–Уайт синдромы - WPW синдромы, Лаун–Гэнонг–Левин синдромы - LGL синдромы, антесистолия, преэксцитация).

WPW синдромы - қарыншаның кей жерлерінің уақытынан бұрын синусты серпінмен белсенді қосымша (коллатеральді) өткізгіш жолдары арқылы қозуы. Қарыншаның қалған жерлері қалыпты өткізгіш жолдары арқылы жүзеге асады.

Қазіргі уақытта жүректің бірнеше коллатеральдық өткізгіш жолдары анықталған:

- оң және сол Паладино-Кент шоғыры АВ-түйінді айналып өтіп, жүрекшеден қарыншаға барады;

- Джеймс шоғыры,жүрекшеден төменгі АВ-түйінге апарады;

- Махайма шоғыры, Гис шоғырының жоғарғы бөлігімен қарыншадағы Пуркинье талшықтарын қосады.

Осы коллатеральдар бұрыннан толық атриовентрикулярлы бөгемеден сақтандыру мақсатында пайда болған. Қалыпты жағдайда олар белсенді емес (репрессирленген). Ал Паладино-Кент, Махайма және бір уақытта Махайма және Джеймс шоғырының активтелуі WPW синдромына әкеледі, Джеймс шоғырының активтелуі LGL синдромын тудырады.

Қарыншадан синустық серпіндер бірдей екі бөлек өткізгіш - қосымша және қалыпты жол арқылы өтеді. Қосымша жол арқылы серпіннің өту жылдамдығы атриовентрикулярлы бөгеттің болмауы салдарынан тез, сондықтан, қарыншаның кейбір жерлері ерте қозады. Осыдан Р-R (P-Q) интервалы қысқарған, QRS аралығының бас бөлігі деформацияға ұшырап және уақыты ұзарған.

Қарыншалардың уақытынан бұрын қозуына себеп жүректің өткізгіштік жүйесінде туа біткен ауытқулардың болуы салдарынан, 3% жағдайда (әйелдерге қарағанда, ерлерде жиі) кездеседі. Шамамен 30% жағдайда жүректің органикалық зақымдалуы (үш жармалы қақпақша жетілуіндегі ауытқулар, гипертрофиялық кардиомиопатия, ревмокардит, гипертиреоз) салдарынан дамиды.

Қарыншалардың уақытынан бұрын қозуы синдромындағы ЭКГ белгілері (5-23 сурет):

- Р-R (P-Q) интервалы 0,12 с кем қысқарған, Р сермесінің соңы мен QRS аралығының басталу арасында изоэлектрлік интервал жоқ;

- Р сермесі қалыпты;

- QRS аралығының ұзаруы 0,11с көп;

- қосымша серменің (∆ толқыны) қалыпты QRS аралығы алдында пайда болуы;

- SТ-Т интервалының екіншілік сипатта өзгеруі.

 

 

5-23 сурет. Вольф–Паркинсон–Уайт синдромы

 

LGL синдромында Р-R интервалының қысқаруымен, QRS аралығы өзгермейді.

Қарыншалардың уақытынан бұрын жиырылуы симптомсыз (кейде жүрек ұшында I тонның күшеюі немесе жарықшақтануын естиміз) өтеді. Клиникадағы маңызы - ол пароксизмальді тахикардия мен (қарыншалық және қарыншаүстілік) асқынады.







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 3162. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия