Студопедия — Зертханалық және аспаптық тексеру әдістері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Зертханалық және аспаптық тексеру әдістері






Ультрадыбыстық зерттеуде біріншіден қалқанша безі мен бүйрек үсті безін тексеру тиімді. УДЗ арқылы (ултьрадыбысты морфометрии) қалқанша безінің формасын, көлемін, жаңғырығын (тығыздығын), құрылымын нақтылап, көлемді ісік ауруларын анықтауға болады (9-1сурет). Қалқанша безінің көлемін келесі формула бойынша анықтайды:

 

V (см3)=Vсол бөлігі + Vоң бөлігі,

мұндағы Vсол бөлігі немесеоң бөлігі = 0,479х(ұзындығы–ені–биіктігі), 0,479 - эллипс тәрізді түзетілім.

Еуропа тұрғындарында әйелдерде қалқанша бездің қалыпты мөлшері 18 см3 көп емес, ал ер адамдарда - 25 см3 көп емес (осы мүшенің қалыпты мөлшерінің төменгі шекарасы анықталмаған).

Ұқсас диагностикалық мәліметті бүйрек үсті безін ультрадыбыстық зерттеу арқылы көруге болады. Осы жағдайда әдістің ауруды анықтау мүмкіндігі 70 % құрайды. Ультрадыбыстық зерттеудің мүмкіндігімен қалқанша безі мен бүйрек үсті безінің көзделген жіңішке инелі пункциялық биопсиясын жасауға болады, оны өмірлік көлемді ісіктердің морфологиялық құрылымын ажырату мақсатымен жасайды. Тиреоидты түйіршіктердің көлемі 10 мм үлкен болса, міндетті түрде пункция жасалады.

Қалқанша безі мен бүйрек үсті безінің компьютерлік томография сы мен магнитті-резонансты томографиясы УДЗ-ден алынған тексерулерді нақтылайды және толықтырады. Бұдан басқа, аталып өткен әдістер гипоталамолық-гипофизарлы жүйе аурулары кезінде түрік ертоқымы аймағын тексеруде маңызды орнын алады. Оның анықтау мүмкіндігі 90 % құрайды.

Сүйек тінінің тығыздығын тексеретін екі энергетикалық рентгендік абсорбциометрия (денситометрия) стандартты тексеру әдісі бола тұра, остеопорозды анықтаудың негізгі әдісі болып табылады. Омыртқаның төменгі бөлігін, жамбас буынын, білекті, саусақты және өкшені тексеруге болады. Тексеру қортындылары бойынша екі негізгі параметрлер анықталады:

- Т-к өрсеткіш (негізгі), науқастың сүйек массасының тығыздығын сондай жыныстағы жас ересек адамдардың сүйек массасының тығыздығымен салыстыру бойынша көрсетеді (қалыпты жағдайда ол (–1) бастап (–2,5) тең болса, онда ол остеопенияны көрсетеді; көрсеткіш (–2,5) төмен болса, ол остеопороздың белгісі;

- Z-көрсеткіш (қосымша), науқастың сүйек массасының тығыздығын жасына, жынысына, дене пішіміне байланысты сол жастағы адамдардың сүйек массасының тығыздығымен салыстыру бойынша көрсетеді. Z-көрсеткіштің; бірден ауытқуы науқасты ары қарай тексеру керектігін көрсетеді.

Гликемияның дәрежесін анықтау қант диабетінің диагностикасында және адекватты терапияны таңдауда өте маңызды рөл ойнайды. Бұл анализ лабораторияда, сонымен қатар персоналды глюкометр арқылы жүргізіледі. Қалыпты жағдайда веналық және капиллярлық қанның плазмасында глюкозаның деңгейі 4,6 – 6,7 ммоль/л (80-120мг%). Көбірек мәлімет алу мақсатында гликемиялық профиль жүргізіледі, яғни қан плазмасындағы глюкозаның деңгейі күніне 5 рет анықталады. Шектелген гликемиялық профильдің нәтижесі глюкозотолерантты тест өткізуді қажет етеді; науқастан аш қарында гликемияның деңгейін анықтайды, содан кейін пероральді 75 г глюкоза тағайындайды және қайтадан 1 және 2 сағат күштемелерден кейін гликемияның деңгейін анықтайды. Қалыпты жағдайда 2 сағат глюкозалық жүктемелерден кейін қан плазмасында гликемияның деңгейі қалыпты көрсеткішінен жоғары болмауы тиіс. Гликемияның 8,8 ммоль/л деңгейі глюкозоурияны көрсетеді. Тәуліктік зәрмен глюкозаның шығуы және гликемиялық профиль гипогликемиялық дәрілерді және оның тәуліктік (бөлінулері үшін) қабылдаулары және дозалары үшін өте маңызды.

Глюкоздалған гемоглобин (HbA1C) ферменттелмеген глюкозаның гемоглобин А-ға ақырын қосылуынан пайда болады және эритроциттердің өмір сүру кезеңіндегі (120 күн) гипергликемияның өмір сүру ұзақтығын көрсетеді, яғни, қант диабетінің компенсация сатысын, сонымен қатар, асқыну қаупін1 көрсетеді. Осы көрсеткіштің қалыпты деңгейін көрсетуі қалыпты гликемияның 4-6 шы аптасында болады. Қант диабетімен ауыратын науқастарда бұл көрсеткіш 2-3 рет жоғары болуы мүмкін. ДДҰ мамандарының айтуынша, гликирленген гемоглобиннің зерттеуі үш айда бір реттен жүргізілуі тиіс және оны 7% кем емес деңгейде, қалыпты 4-6% көлемінде ұстап тұру қажет. Қант диабетіндегі терапия глюкоздалған гемоглобиннің мөлшері 8% жеткенде түзетулерді қажет етеді.

Радиоиммунды әдіспен инсулиннің, глюкагонның, самотропиннің, самотостатиннің, тиреотропиннің, кортизолдың, альдестеронның, тироксиннің (T4) және трийодтиролиннің (T3) сары сулы деңгейін анықтайды. Феоахромоцитоманы анықтау үшін тәуліктік зәрдегі адреналин, норадреналин, ваниллиминдальді қышқылдың деңгейін анықтайды. Қалқанша маңы безінің зақымдалуын анықтау сарысудағы кальций мен фосфорды анықтау арқылы жүргізіледі.

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 4616. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия