Студопедия — Пальпация және буын қозғалысын тексеру
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Пальпация және буын қозғалысын тексеру






Қалыпты жағдайда білезікті қозғалту сыртқа қарай бүгу үшін - 70°, алақан үшін - 80° және кубитальді және кәрі жілік девиациясы үшін - 60° құрайды. Білезік қозғалысының қандай да бір жаққа шектелуінің аса диагностикалық маңызы жоқ, бірақ екі жақты қозғалыстың шектелуі ревматоидты артриттің үлесіне тиеді. Білезікті бүккен кезде ауырсыну ортаңғы жүйкенің зақымдалуын көрсетеді.

Шынтақ буыны көп қозғалады: 170° дейін бүгулі және 140°дейін супинация-пронациялы. Шынтақ буыны маңайында ревматоидты түйіндер, бурситтер, эпикондилиттер және анкилоздар болады, олар ревматоиды артриттің соңғы сатысында дамиды. Анкилоз сатысы қайталамалы салыстырмалы қозғалыстар кезінде, шынтақ және иық сүйектері құрайтын бұрыш бойынша өлшенеді.

Иықтың қозғалғыштығы кеуде қуысы бойынша жауырынның ығысуы арқылы, сонымен қатар, сыртқы және ішкі бүгу-жазу, иықты ішке қарай айналдыру, алдыға, артқа әкету амплитудасы бойынша бағаланады. Иық қозғалысының шектелуі қолды желкесіне апарғанда немесе алақанның сырт жағымен белді ұстағанда жақсы байқалады. Осы буындардағы пассивті қозғалыстардың амплитудасы бұлшық ет контрактурасының қорғанышы әсерінен азаяды. Пальпация арқылы зақымданған сіңірлерге сәйкес әр түрлі жерде орналасқан ауырсынулар анықталады. Иық буынының ісіп тұрғанын көзбен көру өте сирек байқалады, оның себебі, бұлшық еттермен бірге тері асты май қабатының жақсы дамуына байланысты.

Самай -төменгі жақ буындары ревматоидты артритте жиі зақымдалады. Ісіп тұрулар крепитация мен қозғалыс кезіндегі сықырлауға қарағанда сирек табылады. Қозғалысы ауызды барынша ашқан кезде төменгі және жоғарғы жақ сүйектернің ара қашықтығы бойынша бағаланады.

Омыртқа қызметі науқастың жүрісі бойынша, отыру мәнеріне, денесінің қалпына, сонымен қатар, иығының, жауырынының, мықын және бөксесінің симметриялығына байланысты бағаланады. Қарағанда айқын кифозды (бүкір), күшейген немесе тегістелген лордозды көруге болады. Желке ортасымен бөксе сызығына қарай вертикалды сызық жүргізу арқылы оңға немесе солға қисайғанын оңай анықтауға болады. Сагиталды жазықтықта лордоз бен кифозды байқауқа болды, құлақ ұшынан жамбас сүйегінің үлкен ұршығына дейін өтетін вертикальді қатынасқа байланысты. Кифоз және лордоздың айқындылығын, сонымен қатар, омыртқаның қозғалғыштығын тілі бар транспортир мен курвиметр арқылы анықтайды. Курвиметрдің бір жағын I бел омыртқа мөлшеріне, ал екінші жағын XII кеуденің сүйір өсіндісіне қояды. Науқас тік тұрады. Масштабты сызғыштың соңын қылқанды өсіндісінің аймағында теріге жанасқанға дейін алдыға қарай жылжытады, миллиметрмен лордоздың айықындық сатысы анықталады. Сызғыштың нөл сызығына қатынасы бойынша қарама-қарсы жаққа жылжуы кифозды бағалауға мүмкіндік береді. Горизонтальді жазықтықта иық пен мықын горизонталінің арасындағы параллельділігі өлшенеді. Тек активті қозғалғыштық тексеріліп қоймай, сонымен бірге, пассивті қозғалғыштығы тексеріледі, себебі, оған ауырсыну, бұлшық еттердің иілгіштігі, статикалық тепе-теңділіктің бұзылуы әсер етеді.

Клиникалық тексеруге негізгі төрт омыртқа қозғалысы жатады - сагиталды бүгетін-жазатын, айналу және бүйіріне бүгілу. Төмендегі қарапайым тестілер омыртқа жотасының түрлі бөлімінің қозғалғыштығын бағалауға мүмкіндік береді:

- сау адам мойнын игенде, иегімен төсіне жанасады;

- сау адам басын бір жаққа қисайтқанда құлағымен иығына жанасады;

- бірінші төс омыртқасының (Th1) өсіндісінен вертикальді төмен қарай өлшегенде 30 см болады, қалыпты жағдайда денені толық алдыға еңкейткен кезде ол 33,0-33,5 см дейін өзгеруі керек;

- сау адам денесін толығымен енкейткен кезде саусақтарының ұшын аяғын бүкпей тұрып, еденге тигізе алады;

- омыртқаның бүгілуінің шектелуі (бел тұсында еңкею қалыпты жағдайда 30° кем болмауы керек. Оның көлемі бұрыш өлшегіштің көмегімен тұрып тұру арқылы немесе ішпен жатқан жағдайында анықталады. Дене және аяқтар бір сызық бойында орналасуы керек. Бұрыш өлшегіштің бір браншін сагиттальді тегістік бойынша бел осіне, ал екіншісін дене осіне қояды);

- кеудесін айналдырудың шектелуі келесі әдіс арқылы анықталады: дәрігер вертикальді қалыпта тұрған науқастың екі мықын тарамын қолымен ұстайды. Содан кейін науқас кеудесімен кезектесіп оңға-солға максималды айналу жасайды, ал дәрігер осыған қарсылық көрсетеді және субъективті оның қолына берілетін күшті бағалайды;

- кеудесінің бір жаққа еңкеюінің шектелгенін бұрыш өлшегішпен анықтайды немесе бір жаққа қисайған кездегі түскен қолдың еден мен саусақтарының арасындағы ара қашықтығын өлшеу арқылы анықталады. Осы ара қашықтықтың немесе бұрыштардың айырмашылығы арқылы қай жақта бұл қызмет шектелгенін анықтайды.







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 2092. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия