Студопедия — МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУЛЕР
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУЛЕР






Маркетингтік тұрғыдан қарастыратын болсақ, саңырауқұлаққа қарсы дәрілер(антимикотиктер) ең перспективалы фармакотерапевтік топ болып саналады. Антимикотиктер нарығы дәрігерлер мен ірі фармацевтикалық бірлестіктердің жіті назарында. Соңғы он жыл ішінде жүйелі және жергілікті әсері бар дәрі-дәрмектердің бірнеше жаңа буыны құрастырылып, нарыққа шығарылды.

Саңырауқұлаққа қарсы дәрілер пайда болғанға дейін медициналық тәжірибенің микоздар терапиясында әр түрлі антисептика дәрілері пайдаланылды. Қазіргі таңда дерматолог-дәрігерлердің қарауында әр түрлі заманауи антимикотикалық дәрілер бар, бұл аталған ауруды емдеуді айтарлықтай жеңілдетеді. Микоздар терапиясында дәрі қоздырғыш түрі мен оның тағайындалатын дәріге сезімталдығына (сәйкес әсер шоғыры бар дәрі қажет), саңырауқұлақпен зақымдалудың жалпылануына және соның нәтижесінде дәрінің фармакокинетика ерекшеліктеріне, оның улағыштығына, науқастың клиникалық жағдайына және т.б. таңдалады. Микоздарды тура және жанама емдеу әдістерінің барлығы патогендік саңырауқұлақты жоюға бағытталады. Саңырауқұлаққа қарсы дәрілер келесі топтарда көрініс табады: D01A1 «Сыртқа қолдануға арналған саңырауқұлаққа қарсы дәрілер», D01A2 «Саңырауқұлаққа қарсы дерматологиялық жүйелі дәрілер» және D01A3 «Бас терісін емдеуге арналған саңырауқұлаққа қарсы дәрілер» (1-сурет). Фармацевтикалық нарықта антимикотиктердің табиғи және құндық мағынадағы барлық сатылымдарыынң 90%-дан артығын құрайтын сыртқа қолдануға арналған дәрілер кең тараған.

Сыртқа қолдануға арналған саңырауқұлаққа қарсы дәрілердің алуан түрлілігі оларды ішкі топтарға жіктеуге мүмкіндік береді. D01 ішкі тобындағы дәрілер имидазол туындылары, саңырауқұлаққа қарсы антибиотиктер және сыртқа қолдануға арналған басқа да дәрілер болып бөлінеді.

Ауруды сауатты емдеудің негізін қалаушы факторлардың бірі дәрі-дәрмек шығарылымының дұрыс түрін таңдау болып табылады. Өнім түрлері алуан түрлі болады. Таңдау микоз этиологиясы мен оның ауыздықтануына байланысты жүргізіледі. Дерматомикоздарды емдеу үшін сыртқа қолдануға арналған иісмайлар, гельдер, жақпа майлар, ерітінділер, сонымен қатар ұнтақтар пайдаланылады. Онихомикоздар терапиясына арналған дәрілер тырнаққа арналған бояулар және сыртқа қолдануға арналған ерітінділер түрінде шығарылады.

Талдау нәтижесі Қазақстан нарығына жергілікті пайдалануға арналған саңырауқұлаққа қарсы дәрілерді (D01A) 21 елдің 33 шет елдік фирмасы жеткізетіндігін көрсетті, соның ішінде: 11 Үндістанның, 4- Францияның 4-Чех Республикасының, 3-Швейцарияның, 2-Бельгияның және т.с.с. фармацевтикалық фирмалары.

 

Сурет 2- Саңырауқұлаққа қарсы дәрілердің өндіруші елдер

 

Жақын шет елден келетін өнімдер Украинаның 3 фирмасы, сонымен қатар Ресейдің 3 фирмасы арқылы көрсетілген. Нарыққа жақпа майларды ең көп жеткізушілер: «Гленмарк Фармасьютикалз Лтд» (Үндістан)- 9.8% (5 дәрі), «Кусум Хелткер Пвт. Лтд» (Үндістан)- 7,8% (4 дәрі) және «Новартис Консьюмер Хелс СА» (Швейцария)- 5,9% (3 дәрі). Қалған фирмалар (47) 1 немесе 2 өнім жеткізеді.

Қазақстанда саңырауқұлаққа қарсы иісмайды «Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика АҚ» «Тербинафин» дәрісі арқылы өндіреді.

Талдау нәтижеі саңырауқұлаққа қарсы дәрілердің түрлері сыртқа қолдануға арналған әр түрлі дәрілік түрлерден тұратындығын көрсетті. Қолдануға ыңғайлы болғандықтан басым орынды жұмсақ дәрі түріндегі дәрілер алады – 62,7% (32 дәрі), олардың ішінде иісмайлар – 53% (27 дәрі), жақпа майлар – 5,8% (3 дәрі) және сыртқа пайдалануға арналған гель – 3,9% (2 дәрі) (3-кесте, 2-сурет). Олардан кейінгі орынды ерітінділер – 13,7% (7 дәрі), сыртқа пайдалануға арналған спрейлер– 5,8% (5 дәрі), сусабындар – 5,8% (3 дәрі) және ең аз үлесті ұнтақ – 2,0% (1 дәрі) және сеппе – 2,0% (1 дәрі) түріндегі дәрілер алады.

 

Сурет 3- Саңырауқұлаққа қарсы дәрілердің дәрілік түрлерінің сұрыптамасы

 

Дәрі атауы ХПА Дәрілік түрі
     
Миконазол Миконаз Миконаз Миконазол Сыртқа пайдалануға арналған иісмай. Сеппе иісмай.
Мифунгар Оксиконазол Сыртқа пайдалануға арналған иісмай.
Тербитал Экзифин Ламизил Дермгель Ламифид Тербинафин Сыртқа пайдалануға арн.иісмай. Иісмай Гель Иісмай

 

Кесте 4 жалғасы

     
Терфалин Терфалин Ламизил Уно Эрбинол Ламикон Ламикон Тербизил Ламизил   Тербинафин Иісмай Жергілікті пайдалан. арн. спрей Сыртқа пайдалан.арн.ерітінді. Сыртқа пайдалан. арн. спрей Сыртқа пайдалан. арн. спрей Иісмай Иісмай Сыртқа пайдалануға арн.иісмай.
    Кандид Кандид Клотримазол Кандид Кандид Клотримазол Клотримазол Клотримазол Кандибене Клотримазол     Клотримазол     Сыртқа пайдалан.арн.ерітінді. Иісмай Иісмай Жергілікті пайдал.арн.ерітінді. Жергілікті пайдал.арн.ұнтақ. Жақпа май Сыртқа пайдал. арн.иісмай. Иісмай Иісмай Сыртқа пайдалан.арн.ерітінді.
Лоцерил Аморолфин   Тырнаққа арналған бояу
Дермазол Дермазол Низорал Низорал Миканисал     Кетоконазол   Сусабын Иісмай Сыртқа пайдал. арн.иісмай. Сусабын Сусабын
Пимафуцин Примафунгин Натамицин   Сыртқа пайдал. арн.иісмай. Иісмай
Канолен Циклопирокс Иісмай
Нистатин Нистатин   Сыртқа пайдал. арн.жақпа май.  
Экзодерил Экзодерил   Нафтифин   Жергілікті пайдал.арн.ерітінді. Иісмай
Бифосин Бифосин   Бифоназол Сыртқа пайдал.арн.ерітінді. Сыртқа пайдал. арн.иісмай.
Нитрофунгин Нео Нитрофунгин Нео Микосептин Кандид Б   Нет данных   Сыртқа пайдал. арн.спрей. Сыртқа пайдал. арн.ерітінді. Жақпа май Иісмай

 

Өндірушілер саңырауқұлаққа қарсы дәрілердің көптеген құрамдарын өндіруді қайталайтындығын айта кету керек. Олардың тізімі 4-кестеде келтірілген клотримазол, тербинафин, кетоконазол және басқа да дәрілік заттар негізінде жасалған дәрілер болып табылады.








Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 325. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия