Студопедия — Орау бөлімшесін қайта құру
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Орау бөлімшесін қайта құру






Қайта құрудың мақсаты мекеменің технологиялық мүмкіндіктерін кеңейту, өнімнің өзіндік құнын төмендету, қол еңбегінен бас тарту болып табылады. Картонаж аспабын енгізу тубаларды картон қораптармен орау операциясы кезіндегі ауыр мамандық қажет етілмейтін еңбекті жоюға мүмкіндік береді. Азғантай күрделі қаржы шығындары арқылы құралдың негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға болады:

- Техникалық өнімділік;

- Қызметкерге кететін шығындар;

- Материал шығындары;

- Жөндеу жұмыстары мен техникалық қызмет көрсетуге кететін уақытты азайту.

Delta-100 үлгісі үзілісті қозғалатын көлденең картонаж машинасы болып табылады және тубаларды картон қораптармен орау үшін пайдаланылады. Машинаның құрылымы:

-механикалық трансмиссия аймағы мен өніммен жұмыс істеу аймағын ажыратуға,

-техникалық қызмет көрсету мен тазалау үшін барлық түйіндерге оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Машина үлгісі GMP кітапханаларына сәйкес құрастырылып, дайындалған.

Машинаның корпусы анодталған алюминий мен тот баспайтын болаттан дайындалады. Өніммен байланысатын барлық бөліктер де тот баспайтын болат пен FDA мақұлдаған материалдардан дайындалады.

Үдеріс PLC арқылы басқарылады. Басқару панелі нақты уақыт режимінде оператор интерфейсіне, негізгі жұмыс параметрлерін көрсетуге, апаттық жағдай мен машина тексерісін сәйкестендіруге арналған түрлі-түсті графикалық сенсорлы экранмен жабдықталған.

Картон қорапшаның үлгісін ашудың бірегей жүйесінде үзілісте картон үлгілерді ұстап алуға арналған тәуелсіз электр жетекті жұдырық механизмі бар 3-күйлі үзілісті қозғалатын айналмалы бастиектен тұрады. Бұл үлгіні ілгерімелі тәртіпте дайындауға мүмкіндік береді. Жұмыс күйінің әрбір тақшасында 4-тен -ға дейін (үлгі түріне байланысты) пневматикалық сорғылар болады. Сорғыштар бір-бірімен картон үлгі жақтан байланысып жататын екеуіне сору күшін тіркей отырып, қолданылып отырған картон тығыздығына қарамастан, картонды тиісті түрде ашуға мүмкіндік береді.

Қораптар арнайы қозғалтқыш белбеулер арқылы конвейер бойымен тасымалданады. Аталған технологияны пайдалану бос және толтырылған қораптарды зақымсыз және тайғанақтатпай, ұқыпты тасымалдауға мүмкіндік береді.

Өнімдерді тасымалдау мен машинаға тиеу қораптарды тасымалдау конвейеріне параллель орналасқан шынжырлы тасымалдағышқа бекітілген грейферлік шөміштер арқылы жүзеге асырылады. Грейферлер ашылған қорапшаға қарама-қарсы орналастырылады, ал итергіштер тіпті дұрыс емес түрдегі өніммен жұмыс істеу кезінде де оларды ұқыпты тиеуді қамтамасыз ете отырып, өнімді оның ішіне салады.

Өнімді жіберу автоматты түрде де, қол тәртібімен де орындалуы мүмкін. Көптеген оралатын өнімдер үшін оларды жіберудің әр түрлі автоматты құралдары болады. Жіберудің қол тәртібі үшін мамандандырылмаған қызметкер өнімді тікелей грейферлік шөміштерге салуы үшін кіріс конвейерін ұзартуға мүмкіндігі болады. Сонымен қатар машинаның құрылымы өнімді автоматты жіберумен бір уақытта қосымша заттарды (өлшеу стақандары, скарификаторлар, қасықшалар және т.б.) қолмен тиеуге мүмкіндік береді.

Қорапшаның жаңа типтік өлшеміне ауысу кезеңі тіпті мамандандырылмаған қызметкердің өзі 15 минут ішінде орындайтын жылдам операциялар тізбегін білдіреді.

 

 

Негізгі опцияларына жатады:

-басып шығару құралы (құрғақ сығып шығару, термо басып шығару, InkJet)

-нұсқаулықтарды немесе бүктемелерді салу құралы

-заттаңбалаушы

-жинақталмаған қорапшалар мен дұрыс емес штрих-кодтары бар нұсқаулықтардың ақауын автоматты түрде шығару жүйесі

-сенімділікті тексеру құжаттамасы

Кесте 5- Картондаушы машинаның техникалық сипаттамалары

Өнімділігі 30-100 қорап/мин.
Қорап:
Сапаға қойылатын талаптар 250 -350g/㎡
Өлшемі (Ұ×Е×Б) (55-180)мм×(30-85)мм×(15-55)мм
Сапаға қойылатын талаптар 50-65g/ ㎡
Нұсқаулық:
Жайылған кездегі өлшемі (80-300)мм×(70-210)мм
Оралған кездегі өлшемі (1-4 қабат) (70-210)мм×(20-40)мм
Компрессор параметрлері:
Ауа қысымы 0.5-0.7Мпа
Ауа шығыны 120 -160 л/мин
Кернеу 220в 50Гц
Қозғалтқыш қуаты 0.75кв
Габариттік өлшемдері (Ұ×Е×Б) 2100×880×1800мм
Салмағы 1200 кг (шамамен)

 

Картонаж машинасының негізгі артықшылықтары:

- Бұзылған жағдайда сенсорлы панельге апат себебі автоматты түрде шығарылады.

- Машина өнімділігін басқарудың сенсорлы пульті арқылы баптауға болады.

- Дайын өнімдер есептегіші

- Өнім болмаған жағдайда машина қорапты орамайды, өнім жоқ - қораптарды орау жоқ.

- Қорап, нұсқаулық болмаса немесе конвейердегі өнім дұрыс тұрмаса машина апаттық дыбыс шығарып, тоқтайды.

- Өнім және нұсқаулық (опция) жоқ қорапты байқау мен қайтарудың автоматты құрылғысы.

- Шамадан артық тиеудің автоматтық қорғанысы.

 

3.2 Өндірістің химиялық сұлбасы жоқ;

«Розеофунгин-АС» 2%-дық жақпамайының өндірісі кезінде химиялық реакциялар жүрмейді.

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 229. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия