Студопедия — Соғыс
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Соғыс






  • 1. мемлекеттер арасындағы қарулы күрес. Соғысушы державалардың соғыстан көп бұрын жүргізген саясатының жалғасы;
  • 2. Бір мемлекет ішіндегі тараптар арасындағы қарулы кақтығыстар. Ол азамат Соғысы деп аталады.

Әдеттегiдей, соғыс өз ерiгiнiң оппонентiне байлау мақсатқа ие болады. Клаузевиц айтыу бойынша "соғыс бұл басқа, зорлықпен құралдардың саясатының жалғасы".

Соғыстар мақсатқа жетудi негiзгi құралмен бас және шешушi құрал, сонымен бiрге күрестiң экономикалық, дипломаттық, идеологиялық, ақпараттық тағы басқа құралдары сияқты ұйымдастырылған қарулы күрес қызмет көрсетедi. Соғыс мағынасы бұл - мақсаты саяси мақсаттардың табысы болып табылған ұйымдастырылған қарулы зорлық. Соғыстың басты құралы әскер.

Лаңкестік, терроршылдық; — саяси-әлеуметтік себептерге байланысты жеке адамға, көпшілікке немесе мемлекетке қысым жасау, үрей туғызу мақсатында қасақана жасалатын қылмыстық іс-әрекет. Б.з. 1 ғасырында Иудеяда римдіктермен ынтымақтасқан еврейлердің танымал өкілдерін жойған сикарилер сектасының қызметі Лаңкестік сипатқа ие болды. Орта ғасырда христиан шіркеуінің өкілдері халыққа дұшпан билеушіні өлтіру идеясын қолдаса, Үндістан мен Қытайдың құпия ұйымдары, парсы, ауған жеріндегі әсіре діншіл сектанттар өздеріне жақпаған адамдардың көзін жою тәсілдерін кеңінен қолданды. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап Лаңкестік қоғамдық-саяси өмірге ықпал етуші тұрақты факторлардың біріне айналды. Ресейде халықшылдар, Ирландия, Македония, Сербияда ұлтшылдар, Франция, Италия, АҚШ-та анархистер, т.б. солшыл радикалды қозғалыстар пайда болып, өз үкіметтерінің қызметіне ықпал етуге ұмтылды. Бұл қозғалыстардың идеялық негізінде әртүрлі идеологиялық тұғырнама жатқанымен, олар Лаңкестікті “ қоғам игілігі үшін өзін-өзі құрбан ету ” деп түсінді. 20 ғасырда Лаңкестік әдістерін пайдалану ауқымы кеңейіп, Лаңкестік мемлекеттік деңгейге жетті. КСРО-дағы “ қызыл террор ” мен фашистік Германиядағы “ ұлтшылдық террор ” өз азаматтарына қарсы жасалған Лаңкестіктің айқын көрінісі болды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Палестинадағы еврей ұйымдары Израиль мемлекетін құру мақсатында Лаңкестік ұйымдарын құрып, көптеген Лаңкестік актілер ұйымдастырды. Израиль мемлекеті жарияланғаннан кейін оған жауап ретінде палестиналық Лаңкестік ұйымдар пайда болды. Араб елдері мен Израильдің қарама-қарсылығы қатаң да аяусыз Лаңкестік соғыстың басталуына әкелді. Сондай-ақ Солтүстік Ирландиядағы, Испаниядағы сепаратистер де мемлекет қауіпсіздігіне зардап келтіретін қауіпті Лаңкестік актілер ұйымдастырды. Бұл кезеңдегі Лаңкестік әрекеттер ұлттық, діни, этник. шиеленістермен және азаматтық қозғалыстармен байланыстырылды. 20 ғасырдың 2-жартысында Лаңкестіктің сипаты күрт өзгерді. Көптеген елдерде Лаңкестік ашық қоғамға бейімделе алмаған және заң шығарушы органда саяси өкілдік ала алмаған әлеуметтік топтардың саяси қарсылық білдіру құралына айналды. Олардың мақсаты қайсыбір елде (немесе халықаралық деңгейде) қорқыныш-үрей, жалпы тұрақсыздық тудыру болды. Лаңкестіктің іс-әрекет тактикасы да едәуір кеңейді: кепілге адам алу, қоғамдық орындарда жарылыстар ұйымдастыру, кісі өлтіру кең тарады. Шет елдердің елшіліктеріне, халықараралық ұйымдардың бас пәтерлеріне шабуылдар жасау, ұшақ жару, қару-жарақ қоймаларын басып алу секілді Лаңкестіктің жаңа түрлері пайда болды. Әлемнің тұтас аймақтарына бағыт-бағдары әр түрлі Лаңкестік ұйымдар мен топтардың әрекеті жаппай таралып, Лаңкестіктің қауіпті әлуеті артты. 20 ғасырдың 70 — 80 ж. дүниежүзінде 5500-ден астам Лаңкестік акт жасалды. Бұл кезеңде лаңкестер ұйымдасқан арнаулы топтарға біріге бастады. Әр түрлі елдердің, соның ішінде, Таяу Шығыс, Жапония, Латын Америкасы, Еуропа елдерінің Лаңкестік ұйымдары арасында жақындасу процесі басталды. 80 — 90 ж. халықаралық есірткі Лаңкестікті бой көрсетті. Есірткі бизнесі, заңсыз қару-жарақ сату мен ұйымдасқан қылмыстың өзге де түрлері Лаңкестік әдіс-тәсілдерін кеңінен пайдаланды. 90-жылдардың 2-жартысында әлемнің көптеген аймақтары кең ауқымды әскери іс-қимылдарды тудыруы мүмкін Лаңкестік әрекеттердің ошағына айналды. Саяси Лаңкестік бастапқы түрін өзгертіп, біртіндеп қылмыстық, ұлтшылдық, діни-экстремистік Лаңкестікке ұласып, халықаралық сипат алды. Қазіргі кезде дүниежүзінде 500-ден астам Лаңкестік ұйым мен экстремистік топ әрекет етеді. Олардың ішіндегі ең ірі Лаңкестік ұйымдар: “Тупак Амару атындағы революциялық қозғалыс”, “Ку-Клус-Клан”, “Арийлік ұлт” оңшыл экстремистік ұйымы, “Аум Синрике”, “Ирландияның республикалық армиясы”, “Хамас” (Исламдық қарсыласу қозғалысы), “Хезболлах”, т.б. Қазіргі Лаңкестік ауқымы мен аумағы жағынан халықаралық (халықаралық деңгейдегі Лаңкестік актілер), ішкі саяси (үкіметке, ел ішіндегі қандай да бір саяси топтарға қарсы бағытталған немесе ішкі жағдайды тұрақсыздандыруды мақсат тұтатын Лаңкестік әрекеттер); пайдакүнемдік мақсаттарды көздейтін қылмыстық Лаңкестік түрінде көрініс береді. Сондай-ақ Лаңкестіктің мынадай алуан түрлері кездеседі: өзге егеменді мемлекеттердің қоғамдық-саяси құрылысына, тұрақтылығына нұқсан келтіруге бағытталған мемлекеттік лаңкестік; мемлекеттік құрылысқа қатысты шешімді болдырмауға (немесе қабылдауға) бағытталған күресті білдіретін саяси лаңкестік; аса күрделі әлеуметтік-саяси тартыстар негізінде қалыптасатын әлеуметтік лаңкестік; этникалық белгілер бойынша жүзеге асырылатын ұлттық лаңкестік; бірыңғай мемлекет шекарасында үстем ұлт өкілдері елдің қайсыбір бөлігіне егемендік беру талабымен жүзеге асыратын аумақтық-сепаратистік лаңкестік; саяси қарама-қарсылықта діни сана негізгі орын алған жағдайда туындайтын діни лаңкестік. Қазіргі уақытта Лаңкестік даму, таралу қарқыны мен салдары жағынан адамзаттың ең қауіпті қоғамдық-саяси және моральдік мәселелердің біріне айналып отыр. Лаңкестердің ядролық, бактериологиялық, химиялық уытты қаруларды қолдану мүмкіндігі ғаламдық қауіпсіздікке үлкен қатер туғызуда. Лаңкестік мемлекеттің идеологиялық-құқықтық жүйесі қоғамның күрделі әлеуметтік-саяси процестерін реттеуге қабілетсіз болуына байланысты пайда болады. Лаңкестіктің өсуіне мынадай факторлар әсер етеді: саяси-әлеуметтік және экономикалық дағдарыс, халықтың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуі мен жұмыссыздықтың өсуі, ұлттық және діни қайшылықтардың шиеленісуі, т.б. Лаңкестікке қарсы алдын алу шараларының қатарына: қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылығын, азаматтардың экономикалық, саяси, ұлттық, діни, т.б. құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету; адам құқығы жөніндегі мемлекеттік органдар мен қоғамдық органдардың жұмысын жетілдіру; қоғамда жоғары саяси және құқықтық мәдениет қалыптастыру; қару-жарақ рыногіне, соның ішінде жаппай қырып-жою құралдарына мемлекеттік және халықаралық бақылау жасау, т.б. Дүниежүзілік қауымдастық Лаңкестікке қарсы бірқатар халықаралық-құқықтық құжаттар қабылдады (Әуе кемелеріне жасалған қылмыстық және басқа да әрекеттер туралы конвенция (1963); Азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілермен күрес туралы конвенция (1971); Лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрес туралы конвенция (1999), т.б. 1994 ж. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 49-сессиясында қабылданған “Халықаралық лаңкестікті жою шаралары туралы” декларацияда Лаңкестікпен күрестегі халықаралық ынтымақтастық шаралары белгіленді. ТМД мемлекеттері арасында көпжақты келісімдер жасалып, Лаңкестікке қарсы орталық құрылды (2000). Орта Азия мемлекеттері 2000 ж. Ташкентте өткен саммитте “Лаңкестікпен, саяси және діни экстремизммен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен, тұрақтылық пен қауіпсіздіктің басқа да қатерімен күресте бірлескен іс-әрекет туралы” келісімге қол қойды. Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде халықар. Лаңкестікпен және экстремизммен күрес шаралары белгіленген.

Әдебиет зімі.: Замковой В., Ильчиков М., Терроризм — глобальная проблема современности, М., 1996; Тарас А., Терроризм и террористы, М., 1999; Полежаев А., Терроризм и антитеррористические меры, М., 2003. А. Әбішев.

Тест сұрақтары:

1. Адамзат тіршілігіне қажетті табиғи қорлар:

А) Азық-түлік

В) Энергетикалық

С) Шикізаттық

D) Экологиялық

Е) Орман

2. Ауыл-шаруашылығында су объектісін ластайтын қайнар көздер:

А) Тынайтқыш

В) Пестицидті

С) Гербицидті

D) Детергентті

Е) Қышқылды

3. Рекультивация -қандай маңызды шараларға жатады:

А) Жер өнімділігін қорғау және сақтау

В) Топырақ тұздандырылғандығын жою

С) Топырақ эрозиясын болдырмау шаралары

D) Топырақ улануын болдырмау шаралары

Е) Топырақ ылғалдылығын болдырмау

4. Ауыл-шаруашылығында су объектісін ластайтын қайнар көздер:

А) Тынайтқыш

В) Пестицидті

С) Гербицидті

D) Детергентті

Е) Қышқылды

5. Рекультивация -қандай маңызды шараларға жатады:

А) Жер өнімділігін қорғау және сақтау

В) Топырақ тұздандырылғандығын жою

С) Топырақ эрозиясын болдырмау шаралары

D)Топырақ улануын болдырмау шаралары

E) Топырақ ылғалдылығын болдырмау

6. Халық тұрғындарының өсу қарқыны неге әкеп соғады:

A) Қоршаған ортаның жақсаруына, ғылым мен техниканың дамуына,

жұмысыздыққа.

B) Жұмыс орындарының босауы, экологиялық жағдайдың жақсаруы.

C) Әр түрлі ауруларға шалдығу, мұздықтардың еруіне, табиғи ресурстармен қамтамасыз ету.

D) Табиғат ресурстарының сарқылыуы, қылмыстың өсуіне әкер соғады.

E) Озон тесігінің үлкеюіне, жер бетінде экономикалық мәселелердің дамуы.

7. ХХІ-ғасырға дейін тұрғындардың сан мөлшері келесі жылдамдықпен өсіп отырды:

A) Бір ғасырда1 %.

B) Бір ғасырда 2 %.

C) Бір жылда1 %.

D) Бір жылда 2 %.

E) Бір ғасырда1,5 %.

8. Қазақстанда жалғыз ғаламдық экологиялық мәселеге жатады:

A) Арал теңізі.

B) Каспий теңізі.

C) Балқаш көлі.

D) Кіші өзендердің ластануы.

E) Радиоактивті қалдықтардың сақталуы.

9. Халық тұрғындарының қарқынды өсуі аталады:

A) Биосфералық жаратылыс.

B) Популяциялық жаратылыс.

C) Экожүйелік жаратылыс.

D) Демографиялық жартылыс.

E) Демографиялық апат.

10. Экологиялық дағдарыс дегеніміз:

A) Биосфераның өзгеруі немесе олардың бейімделуі, жаңа саланы ортадағы трасформациясы.

B) Экожүйенің күрделі жағдайы шөлдену процесіне әкеп соғады.

C) Экожүйенің биологиялық өнімділігінің қайтымсыз жойылу жағдайы.

D) Тепе-теңдік жағдайы.

E) Ағзалардың сандық баланысы, бақыланатын тепе-теңдік жағдайы.

Сабак № 10. Қоршаған ортаны қорғаудың біәр формасы қорғалатын территорияла (1 сағат).

Дәрістің мақсаты мен жоспары Қоршаған ортаның қорғау принциптері мен әдістерімен таныстыру.

Жоспар:

1. Ерекше қорғалатын табиғи территориялар.

2. Қызыл кітап және оның биологиялық әралуандылықты сақтаудағы рөлі

3. Экологиялық білім және экологиялық сауаттылықтың адамзаттың тұрақты дамуының қамтамасыз ететін рөлі.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 187. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Экспертная оценка как метод психологического исследования Экспертная оценка – диагностический метод измерения, с помощью которого качественные особенности психических явлений получают свое числовое выражение в форме количественных оценок...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия