Студопедия — Оршаған ортаны қорғау саласын дамытудың негізгі параметрлері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Оршаған ортаны қорғау саласын дамытудың негізгі параметрлері






Табиғи ресурстарды ұтымсыз пайдалану, қоршаған табиғи ортаның ластануы және орта сапасы мен адам денсаулығының нашарлауы еліміздің жеделдетілген индустриялық-инновацялық дамуымен тығыз байланысты, қазіргі кезеңде олар қоршаған ортаға түсетін антропогендік салмақты төмендету бойынша тиімді тұтқыштарын қолдануды талап етеді.

Атмосфералық ауаның ластануы халық денсаулығына кері әсер ететін қоршаған ортаға әсер етудің негізгі факторларының бірі болып қала береді. Атмосфералық ауаға ең көп кері әсерді жылу-энергетика және мұнай-газ секторының, кен өндіру және кенді қайта өңдеу саласының, қара және түсті металлургия кәсіпорындары тигізеді.

Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарының атмосфераға шығарындылары жылына шамамен 3 миллион (бұдан әрі - млн) тоннаны құрайды, оның 85 % І санатты объектілері және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдардан алатын қоршаған орта эмиссияларына арналған рұқсаты бар ірі табиғат пайдаланушылардан келіп түседі. Елімізде атмосфераға стационарлық көздерден түсетін шығарындылардың 10 % және улы қалдықтардың айтарлықтай үлесінің түзілуі шикі мұнай және ілеспе газды өндіру саласындағы кәсіпорындардан келіп түседі. Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының көлемі 2009 жылы 3,4 млн.тоннаны құрады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда шығарындылардың төмендеуі 6,1 % құрады.

Ауаның автомобиль көлігімен ластану көлемдері арта түсуде, ол республика аумағында автокөлік құралдары санының өсуімен байланысты. Аталған мәселе республиканың ірі қалалары үшін өте өзекті, мұнда автокөліктің ауа бассейнінің ластануына қосатын үлесі 60 % құрайды және жалпы қалалық барлық шығарындылардан көбірек.

Су беттерінің ластану, лас болу және жұтаңдау үдерісі жалғасуда, оның негізгі себебі су айдындарына тазартылмаған немесе жеткілікті тазартылмаған сарқынды суларының төгінділері болып табылады. Су объектілеріне жыл сайынғы төгінділер шамамен 2,5 млн.тоннаны құрайды. 2009 жылы осы көлем 2,85 млн. тоннаны құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 1,7 % төмен көрсеткіш. Қазіргі уақытта халықтың сапалы ауыз суға қол жеткізу мәселесі әлі де шешілмеген.

Басым экологиялық бағыттардың бірі өндіріс және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу болып қала береді. Елімізде 100 млн. тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдықтар (бұдан әрі – ТҚҚ), 22,3 млрд. тоннадан астам өнеркәсіптік қалдықтар жинақталған, оның ішінде 12 млрд. тоннадан астамы техногендік минералдық түзілімдер.

2009 жылы елімізде 669,3 млн. тонна қалдықтар түзілген, оның ішінде, 665,6 млн. тонна өнеркәсіптік қалдықтар, 3,7 млн. тонна тұрмыстық қалдықтар. Еліміздің бір тұрғынының үлесіне орта есеппен алғанда жинақталған өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың 1,4 мың тоннасы келеді.

Қалдықтарды басқару саласында «тарихи ластанулар» аса маңызды проблема болып табылады. Қазір олар тек қана адам денсаулығына, қоршаған ортаға емес, сондай-ақ жалпы еліміздің тұрақты дамуына кері әсер етеді. Тұрақты органикалық ластағыштар (бұдан әрі – ТОЛ) «тарихи ластанулардың» бір түрі болып табылады.

ТОЛ қоры бойынша Қазақстан Республикасы Батыс және Орталық Еуропа елдері ішінде Ресей Федерациясынан кейін екінші орынды алады. Қалдықтардың жалпы көлемі қазірге құрамында ТОЛ бар шамамен 250 мың тоннаны құрайды. Олар 1500 тоннадан астам ескірген пестицидтер, құрамында полихлордифенилдер (бұдан әрі – ПХД) бар 50 мың данадан астам жабдықтар және 8 ластанған аумақтар.

Қазіргі уақытта республика аумағында құрамында ПХД бар 116 трансформатор және 50 мыңнан астам конденсатор көлемінде құралдар анықталған, олардың жартысынан азы қолданыста.

Экологиялық тепе-теңдікті тұрақтандыру мәселелерінде қоршаған ортаны қорғау қызметінің негізгі құралы мемлекеттік экологиялық сараптама, бақылау және лицензиялау, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру рәсімдерін орындау арқылы экологиялық реттеу болып табылады. Халықаралық тәжірибеге сәйкес мемлекеттік табиғат қорғауды бақылау жүйесінің жұмысы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын қатаң сақтау қамтылған түпкілікті нәтижелілікке, оны бұзғаны үшін табиғат пайдаланушылардың жауапкершілігін күшейту, қоршаған ортаға кері әсерді төмендету бойынша іс-шараларды іске асыруға, қолданылатын санкцияларды орындауға бағытталатын болады.

Қоршаған ортаға эмиссияларды азайту индустриалдық объектілерді технологиялық жарақтандыруды әртараптандыру, ең озық қолжетімді технологияларды ендіру жолымен қамтамасыз етілетін болады.

Қоршаған ортаға эмиссиялар параметрлерін ғана емес, энергия-, су және ресурстарды сақтауға, ең озық қолжетімді технологияларды және олардың негізінде нормалау жүйесін ендіруге міндетті талаптарды да қамтитын кешенді экологиялық рұқсат алуға, барлық ірі табиғат пайдаланушылардың кезең-кезеңімен көшу арқылы рұқсат жүйесінің тиімді жұмыс жасауы қамтамасыз етілетін болады.

Ғылыми зерттеулер негізгі экологиялық проблемалар бойынша жүргізіліп жатыр, оның ішінде: судың ластануы, ірі қалалардағы атмосфералық ауаның ластануының жоғары деңгейі, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы, радиациялық және химиялық ластану, жерлердің тозуы, экологиялық апат аудандарының, Каспий маңы және Балқаш аймақтарының проблемалары, әскери-ғарыш полигондары аумақтарын оңалту, климаттың өзгеруі, озон қабатының жұтаңдауы, биоәртүрліліктің қысқаруы, ғылыми-негізделген қоршаған орта сапасын тұрақтандыру және орнықты даму бойынша салалық нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу.

Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенциясын (бұдан әрі – Орхусс конвенциясы) іске асыру бойынша Қазақстанның міндеттемелерін орындау мақсатында институционалдық құрылым – Орхусс орталығы құрылды, оның негізгі қызметі қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық мәліметтер базасын қалыптастыру және қолдау, жеке және заңды тұлғалардың сұраулары бойынша экологиялық ақпаратты ұсыну болып табылады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында 2007 жылы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі қабылданды.

Кодекс заңнамалық деңгейде қоршаған ортаны қорғау мәселелерін жалпылап жүйелендірді, экологиялық талаптар мен нормативтердің мәртебесін тікелей әсер ететін заңнамалық актісінің деңгейіне дейін көтерді, қоршаған ортаны қорғау тәжірибесіне халықаралық стандарттарды ендірді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық Экономикалық комиссиясының (бұдан әрі –БҰҰ ЕЭК) Экологиялық саясат жөніндегі комитетінің сарапшылары ауыспалы экономикасы бар елдер үшін экологиялық саясаттың нәтижелігі бойынша шолу жасады. Шолу шеңберінде Қазақстанға экологиялық заңнаманы жетілдіру ұсынылып, Еуропа Одағының сәйкес Директиваларымен үйлесімділігін жалғастыру ұсынылды.

«Тарихи» ластануларды жою бөлігінде ел Президентінің Ақтөбе қаласындағы Елек өзеніндегі алты валентті хроммен тарихи ластануларды жою жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстар жалғастырылады. Алаңы 0,8 км2 құрайтын № 3 тәжірибелік-өндірістік учаскедегі жер асты суларын алты валентті хроммен ластанудан тазарту бойынша жұмыстар өткізу жоспарлануда және осы учаскедегі жұмыстар нәтижелерінің негізінде ғана № 2 және 1 учаскелердегі жобаның іске асырылуы жалғастырылады. Елек өзеніндегі алты валентті хроммен тарихи ластанулардың жалпы ауданы 5,8 км2 құрайды.

Қазақстан Арал, Семей ядролық полигонының проблемалары бойынша халықаралық-танылған экологиялық бастамалардың арқасында кеңінен танымал және халықаралық қауымдастықтың қолдауын табуда. Халықаралық қауымдастық үшін, сондай-ақ Қазақстанның геосаяси орналасуының да маңызы бар, ол трансшекаралық және аумақтық бағдарламалар арқылы Еуропа және Азия аумақтарының саясаты мен көзқарастарын үйлестіруге, сондай-ақ халықаралық сауда, энергетика, көлік, туризм және тағы басқа мәселелерде барлық артушы рөлді ойнайтын экологиялық және өзге де стандарттарды үйлестіруге мүмкіндік ашады.

Жоғарыда көрсетілген мүмкіндіктерді іске асыру үшін Мемлекет басшысы Н. Назарбаев халықаралық қауымдастықтар тарапының қолдауымен аяқталған бірқатар халықаралық бастамалар ұсынды. Астана қаласында 2010 жылы Азия-Тынық мұхиты өңірінің 62 елінің Қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму жөніндегі алтыншы конференциясы өткізілді. Аталған конференцияда «Жасыл көпір» Астана бастамашылығын іске асыру жөніндегі серіктестік бағдарламасы арқылы қағидаттарын ендіру көзделген «Жасыл өсуді» іске асыру жөніндегі Еуропа, Азия және Тынық мұхиты елдерінің серіктестігі» атты Астана бастамашылығы қолдау тапты.

2011 жылы Солтүстік Америка, Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерін қоса алғанда Еуропа аймағының 56 елінің «Еуропа үшін қоршаған орта» жетінші конференциясын өткізу туралы бастамасы халықаралық қолдау тапты.

Қоршаған ортаны қорғау саласында Қазақстан Республикасының оң сипатты имиджін қалыптастыру және ілгерілету мақсатында Қазақстан Республикасының халықаралық экологиялық конвенциялар бойынша міндеттемелерін іске асыру шеңберінде халықаралық және аймақтық ынтымақтастықты нығайту үшін Министрлік Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасымен (бұдан әрі – БҰҰДБ) бірлесіп іске асырылып және жоспарланып жатқан жобаларының мониторингін жүзеге асырады. Жоспарланған кезеңде БҰҰДБ бірлескен жобалары бойынша басым бағыттар мыналар: энергиятиімді инфрақұрылым құру, Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлауына «Жасыл өсу» тетіктерін ендіру және Қазақстандағы ТОЛ жою.

Қазіргі уақытта Қазақстан Ластаушыларды тасымалдау шығарындылары тізілімінің хаттамасына (бұдан әрі – ЛТШТ) қосылу мүмкіндігін қарау үстінде. Хаттама қоршаған ортаның шаруашылық жүргізуші объектілерімен ластануы туралы ақпаратты реттейді және осы салада қоғамдастық тарапынан бақылауды күшейтуге бағытталған. Хаттамаға сәйкес ұлттық ЛТШТ құру экологиялық есептің барлық нысандарын дайындау үшін қажет мәліметтерді жинауды айтарлықтай жеңілдетеді.

Тегеран конвенциясына мынадай хаттамалардың жобаларын дайындау бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады:

Мұнаймен ластануға әкелетін тосын оқиғалар жағдайындағы өңірлік әзірлік, ден қою және ынтымақтастық туралы хаттама;

Қоршаған ортаға трансшекаралық контексте әсер етуді бағалау жөніндегі хаттама;

Каспий теңізін жерүсті көздерінен ластанудан қорғау жөніндегі хаттама;

Биоәртүрлілікті сақтау туралы хаттама.

Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің бақылау желісін дамыту Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және кеңістіктік даму сценарийлерімен, стратегиялық басымдылықпен үйлестіре жасалған бірыңғай ұзақ мерзімді жоспар негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

Ең алдымен бұл - суперкомпьютерлік технологияларды белсенді қолдану арқылы болжамдау және мәліметтерді өңдеу жүйесін қамтамасыз ететін есептеу және телекоммуникациялық құралдарды дамытуға қатысты. Тек осы негізде ғана ауа райын болжаудың, сонымен қатар алдын ала әртүрлі қоршаған ортаны ластаушы заттардың таралуын болжаудың, сондай-ақ гидрометеорологиялық мәліметтердің жасалу және таралу жүйесінің заманауи үлгілері мен технологияларын енгізу мүмкіндігі бар.

Бұл үшін өзара үйлескен жүйенің барлық элементтерінқазіргі заманғы әлемдік деңгейге шығару және қайтадан техникалық жарақтандыру, жаңарту қажет: қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпараттарды алу, жинау, беру, талдау және мәліметтерді өңдеу, оларды жинақтау және мұрағаттау, ақпараттық өнімдерді құрастырып, тұтынушыларға ақпараттарды жеткізу. Осыған орай, Министрлік өз алдында «Гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингті жетілдіру» мақсатын қояды, оның шеңберінде мемлекет пен тұрғындарды гидрометеорологиялық және экологиялық ақпараттармен қамтамасыз етудің сапасын жақсарту бойынша міндеттер орындалуы қарастырылады. Гидрометеорологиялық мониторинг – бұл гидросфераның, атмосфераның, төсеніштік және топырақтық жамылғының жай-күйіне тұрақты және ұзақ бақылау жүргізу, объективті талдау мен бақылау деректерінің, әртүрлі индекс пен болжамдарының есептерін қоса алғандағы өңдеу жүйесі.

Қазіргі уақытта болжамдық, режимдік-анықтамалық гидрологиялық, метеорологиялық, агрометеорологиялық, аэрологиялық ақпараттарды дайындау үшін гидрометеорологиялық мониторинг 260 метеорологиялық станцияларда, 12 метеобекеттерде, 291 гидрологиялық бекеттерде, 186 агрометеорологиялық бақылау пункттерінде, 8 аэрологиялық станцияларда, 2 қар көшкіні станцияларында және 20 қар өлшеу бағыттарында жүргізіледі.

Агрометеорологиялық мониторинг – бұл топырақтың ылғалдылығы мен температуралық режимі, ауыл шаруашылық дақылдарының фенологиялық жай-күйі туралы, олардың қолайсыз ауа-райы құбылыстарынан: үсік, қатты суық, аз қарлы қыс, құрғақшылықтан, сондай-ақ зиянкестер мен ауа-райы жағдайына байланысты таралатын аурулардан зақымдану мүмкіндігі туралы бақылау жүргізу.

1992 жылғы 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымының (бұдан әрі – БМҰ) конвенциясына қосылды және Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымының құрамына кірді, аталған ұйымдар шеңберінде даму стратегиясы, болжам әдістері және кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламалары жасалуда.

БМҰ-ның стандарттарына сәйкес жергілікті жердің нақты тығыздығы мен жер бедерін, сонымен бірге аумақтын экономикалық игерілуін және елді мекендердің санын есепке алғанда, бақылау жүйесі мынадай ең төмен санда: 421 метеорологиялық станциялар, 507 гидрологиялық бекеттер, 280 агрометеорологиялық бақылау жүргізетін пункттер, 15 аэрологиялық станциялар болуы қажет.

Метеорологиялық желіні ұтымды орналастыру негізіне станциялар мен бекеттер республика аумағына біркелкі таралуы, кез келген нүктеде интерполяция жолымен көрші станцияның ақпараттары бойынша әрбір метеорологиялық элементтердің көрсеткіштерін белгілі бір дәлдікпен алу мүмкіндігі сияқты талаптар енгізілген.

Экологиялық мониторинг – бұл атмосфералық ауаның, жер беті және жер асты суларының, топырақтың ластануына, радиациялық жай-күйге жүргізілетін бақылау жүйесі. Атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау 78 стационарлық бекеттерде жүргізіліп, ластаушы заттардың 16 көрсеткіші бойынша бақыланды. Жер үсті суларының жай-күйі мен сапасын гидрохимиялық көрсеткіштері бойынша қадағалау 215 гидрохимиялық орында жүргізіледі, олар 86 объектіде, соның ішінде 58 өзенде, 12 көлде, 1 теңізде, 12 су қоймасында және 3 каналда орналасқан (ластаушы заттардың 40 астам көрсеткіштеріне дейін анықталады), 5 ластаушы заттар бойынша (қорғасын, мырыш, кадмий, мыс, хром) 23 елді мекеннің топырақ жамылғысының жай-күйіне мониторинг жүргізіледі.

Стационарлық желілерде жүзеге асырылатын атмосфералық ауаның сапасын бақылау, аймақтық (экспедициялық) зерттеулермен, бағыттық жәнежылжымалы бекеттердегі қарқынды бақылаулармен толықтырылады.

Топырақ және атмосфералық ауа сапасының жай-күйіне мониторинг барлық елді мекендерде жүргізілуі тиіс. Атмосфералық ауаның ластануына бақылау жүргізуші стационарлық бекеттердің саны «Атмосфераның ластануын бақылау жөніндегі нұсқаулық» нұсқаулық құжатына (бұдан әрі – НҚ) сәйкес тұрғындардың санына байланысты саналуы қажет және аз санды тұрғындары бар аудандарда қосымша экспедициялық зерттеулер жүргізуді қоса алғанда 50 мың тұрғынға - 1 бекет; 50-100 мың тұрғынға - 2 бекет; 100-200 мың тұрғынға - 2-3 бекет; 200-500 мың тұрғынға -3-5 бекет; 500 мыңнан аса тұрғынға 5-10 бекет; 1 миллионнан аса тұрғынға - 10-20 бекетті (стационарлық және бағыттық) құрайды. Бекеттердің саны жергілікті жердің күрделі жер бедеріне, ластаушы көздерінің көп болуы, берілген аумақтағы ауаның тазалығы ерекше маңызды болып табылатын объектілер (ұлттық саябақтар, тарихи ғимараттар т.б.) жағдайында көбейтілуі мүмкін.

Республика аумағы бойынша НҚ сәйкес атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылау жасау жөніндегі бекеттердің ең аз саны 250 болуы қажет.

Даму үрдістері мен перспективалары.Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің даму барысыөткен ғасырдың 80-ші жылдары ең жоғары шарықтау шегіне жетті. Бірақ кейін жағдай күрт өзгерді. 1983-99 жылдары Қазгидромет метеорологиялық станциялардың 35%, гидрологиялық бекеттердің 65%, агрометеорологиялық бақылау пункттердің 55%, аэрологиялық станциялардың 47% жабуға мәжбүр болды. 2000 жылдан бастап бұрынғы жабылған бақылау бекеттері қалпына келтіріліп, жаңа бақылау желілері мен талдау зертханалары ашылды. Болашақта жаңа бақылау пункттерін ашу, бар пункттерді жаңғырту, автоматты метеорологиялық станцияларды орнату, ақпараттарды жинақтау, өндеу және таратудың базалық технологиясын, қоршаған ортаның жай-күйін болжау әдістерін дамыту, сонымен қатар ақпараттарды өңдеу мен тарату жүйесін жетілдіру ұйғарылып отыр. Трансшекаралық өзендердің мониторингіне ерекше назар аударылатын болады.

Гидрометеорологиялық және қоршаған ортаның жай-күйі мониторингін дамыту нәтижесінде қауіпті және апатты гидрометеорологиялық құбылыстарды алдын ала ескерту ұлғайып, гидрометеорологиялық болжамдардың өзін-өзі ақтауына, қоршаған ортаның жай-күйіжөнінде ақпараттардың дәлдігін көбейтуге мүмкіндік береді.

Ескі болжау әдістерін жетілдіру және жаңаларын енгізу әкімшілік аудандар бойынша метеорологиялық болжауларды жан-жақты талдауға мүмкіндік береді. Қазақстанның таулы өзендерінде айлық гидрологиялық болжамдар жылдың жылы мезгілінде жасалады, сонымен қатар өсімдік және мал шаруашылығына қатысты агрометеорологиялық жаңа болжамдардың түрлері енгізілетін болады.

2008-2010 жылдары «Экологиялық паспорттарды құру мақсатымен ауылдық аймақтарды экологиялық-демографиялық зерттеу» жобасы бойынша 1603 ауылдық елді мекен (бұдан әрі – АЕМ) зерттеліп, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары округтерінің 473 экологиялық паспорттары құрылды. 313 ауылдық округтегі экологиялық жағдай қанағаттанарлық, ал 160 елді мекенде алаңдаушылық туғызарлық деген бағаға ие болды. Бұл ретте, ауылдық тұрғындарды сумен қамсыздандыруды қанағаттарлық деп санауға болмайды. Әзірленген АЕМ экологиялық паспорттарында экологиялық жағдайды жақсарту бойынша іс-шаралар ұсынылған.

2008-2009 жылдарда Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының 572 ауылдарында радиациялық мониторинг жүргізілді. Ауылдардағы радиациялық жағдай жалпы қанағаттанарлықтай, сонда да, 203 ауылда ауыз судағы альфа-активтіліктің шектен асуы анықталды, 123 ауылда тұрғын және қызметтік үй-жайлардың ауасында радонның шоғырлануы шектен асады және 24 ауылда судағы радонның шоғырлануы шектен асады. 2010 жылы 325 ауылда радиациялық мониторинг жүргізілді.

Қазақстан тұрғындарының табиғи радиоактивті көздерден сәулелену тәуекелін төмендету 2012-2017 жылдардағы зерттеу бойынша қамтамасыз етіледі, оның мақсаты Шығыс Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарында 8000 үйдің ауасында (жылына 2000 үйден) радон шоғырлануын анықтау болып табылады.

Азаматтық авиация әуе кемелерінің ұшуларын қауіпсіз, тұрақты және тиімді жүзеге асыру мақсатында нақты метеорологиялық ақпаратпен жедел қамтамасыз ету және ауа райының қауіпті құбылыстарының туындауын алдын ала ескерту қажет.

2007, 2010 жылдары «Қазаэросервис» АҚ жарғылық капиталын толықтыруға республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге көлемінен астам қаражат бөлінді, бұл 13 әуежайлардағы метеорологиялық жабдықты жаңғыртуды және техникалық қайта жабдықтауды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Алдағы уақытта осыған ұқсас метеорологиялық жабдықпен Орал, Талдықорған, Балқаш, Петропавл және Семей қалаларындағы әуежайларды жабдықтау жоспарлануда.

Ауа райының қауіпті құбылыстарының туындауын ертерек ескерту және болжамдардың ақталу деңгейін арттыру бойынша ұшулардың қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін еліміздің барлық аумағы бойынша қос поляризациялы доплерлік локаторлар жүйесін құру қажет.

Халықаралық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру жүйесін жетілдіру аясында елдің авиаметеорологиялық мәліметтер банкін құру және Қазақстан Республикасының әрбір әуеайлағының климаттық сипаттауын әзірлеу қажет.

Аталған іс-шара Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы стандарттарына сәйкестендіруге, сонымен қатар халықаралық және отандық авианавигациялық пайдаланушыларды метеорологиялық ақпаратпен жедел қамтамасыз ету аясында авианавигациясына қызмет көрсетудің сапалы жаңа әдістеріне көшуге мүмкіндік береді.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 217. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия