Студопедия — ДӘРІС № 5
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ДӘРІС № 5






 

Тақырып: Резеңкеден жасалған медициналық бұйымдар

Мақсаты: Резеңкеден және латекстен жасалған бұйымдарды қарастыру (бастапқы материалы, технологиялық процесі, сынау әдістері).

Дәріс жоспары:

1. Медициналық мақсатта қолданылатын резеңкенің құрамы және қасиеттері.

2. Резеңкелерді алудың технологиялық процесі.

3. Резеңкелерді сынау әдістері.

 

Дәріс тезисі:

Резеңке деп табиғи немесе синтетикалық каучуктың әртүрлі ингредиенттермен қоспасын вулканизациялау кезінде алынатын жоғары молекулярлы қосылысты айтады. Бір ғана жоғары молекулярлы қосылыстардың негізінде физикалық-механикалық қасиеттері әртүрлі резеңкелерді алуға болады, бірақ биологиялық инерттілігі және қанның ұюына тигізетін әсерінің болмауы сияқты көрсеткіштер негізінен бастапқы полимердің қасиетерімен анықталады.

Медициналық мақсаттағы резеңкелердің айрықша ерекшелігі, оларды регенератордан – резеңкені екіншілік өңдеу өнімінен жасауға болмайды.

Көбіне медицинада табиғи каучуктан; құрамында боялмаған және улы емес антиоксиданттары бар изопренді каучуктан; құрамында кремний және фтор бар органикалық каучуктардан жасалған бұйымдар қолданылады.

Каучуктан басқа резеңкенің құрамына вулканизациялайтын агенттер, вулканизацияны тездететіндер, толықтырғыштар, жұмсартқыштар, тозуға қарсы заттар, күшейткіштер, бояғыштар, арнайы заттар және т.б. кіреді. Осы мақсаттарға қандай да бір химиялық қосылыстарды таңдау каучуктың химиялық құрылымымен, бұйым және қоспаның технологиялық процесінің мүмкіндіктерімен, қоданылуымен және эксплуатация жағдайымен анықталады

Медициналық резеңке бұйымдарды дайныдаудың технологиялық процесі келесі операциялардан құралады:

1. резеңке қоспаны алу;

2. жартылай фабрикатты дайындау;

3. резеңке бұйымдарды алу немесе қалыптау;

4. вулканизация;

5. өңдеу, монтаж, ақауларын табу;

6. сапасын бақылау, таңбалау, буып-түю.

Резеңке қоспаны алу төрт негізгі стадиядан тұрады.

1. Каучукты пластификациялау резеңке араластырғыштарда 8-10 атм. қысымда 100-110°С жүргізіледі. Алдымен каучукты бөліктерге бөледі және іліп тастайды.

2. Резеңке қоспаның ингредиенттерін дайныдау және оларды белгілі бір ретпен енгізу. Егер ингредиенттер кондицияланбаған түрде түссе, онда оны алдымен дайындау керек. Ашық түсті ингредиенттерді (мысалы, бор, каолин) ауада кептіреді және ауа сепарациясынан өткізеді (отсеиванию).

3. Араластыру резеңке араластырғыштарда 20-40 минут бойы жүргізіледі.

4. Резеңке қоспаны әртүрлі қондырғылардың көмегімен суыту: салқындатқыш жүйелер, фестонды суытқыш қондырғылар, кәдімгі ванналар және т.б. Суытқыш ауаның температурасы 8-10°С болу керек.

Резеңкенің әртүрлі қасиеттерін өлшеу және әртүрлі физикалық сынау түрлерін жүргізу резеңкені алудың барлық стадияларында маңызды роль атқарады. Барлық зерттеулер сыртқы жағдайлардың және қоршаған ортаның әсерінен материалдардың қасиеттерін анықтаға бағытталады.

Механикалық сынауларды үлгілерге және арнайы дайындалған конструкцияларға, сонымен бірге дайын өнімдерге де жүргізеді.

Дайын өнімдерді сынаудың келесідей түрлері болады:

· дайын өнімдерден кесіп алынған үлгілерге зертханалық сынаулар;

· дайын өнімдерді арнайы немесе әмбебап қондырғыларда сынау;

· дайын өнімдерді эксплуатация кезінде сынау.

Қолданылуы бойынша механикалық сынаулар үш негізгі топқа бөлінуі мүмкін:

· жалпы әдістер материалдардың механикалық қасиеттерінің сандық сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік береді;

· арнайы әдістердің көмегімен шартты көрсеткіштер алынады;

· бақылау әдістері бақыланатын материал көрсеткіштерінің берілген нормадан ауытқуын анықтау үшін бір материалдың әртүрлі партияларын сынау үшін қолданылады.

Тозуға сынау. Тозу себептері – жарықтың, жылудың, ауадағы оттегінің және т.б. әсері Тәжірибе жүзінде табиғи және жасанды тозу жағдайлоары қолданылады. Табиғи жағдай – арнайы жасалмаған, ескіру факторлар регламенттелмеген жағдай. Табиғи ескіру әдістері резеңке бұйымдардың эксплуатациясына және сақтау жағдайларына сәйкес келеді, бірақ ол ұзақ уақытқа созылады. Сынауды тездету үшін үлгілерді аздап созғылайды.

Резеңке медициналық бұйымдарға жылытқыштар, мұзға арналған құтылар, астығак қоятын дөңгелектер, спринцовкалар, жатыр сақиналары, резеңке баллондар және мехтар, ирригатор кружкасы, астыға қоятын дәрет қабылдағыштар, медициналық клеенкалар, резеңкеден және синтетикалық материалдан жасалған түтіктер жатады.

Жылытқыштар - ыстық сұйықтықпен толтырылатын және науқас ағзасына жалпы және жергілікті әсер ету үшін қолданылатын сосуд.

Мұзға арналған резеңке құтылар жарақаттану, шығу, созылу кезінде, сонымен бірге гинекологиялық практикада жергілікті емдеу үшін қолданылады..

Астыға қоятын дөңгелектер теріні жараланудан қорғау үшін және оны емдеу үшін қолданылады.

Спринцовкалар әртүрлі каналдар мен қуыстарды жуу үшін және де клизма үшін қолданылады. Олар ұштары жұмсақ немесе қатты болып келетін қабырғалары серпімді резеңке баллондар.

Жатыр сақиналары – жатырдың түсіп қалуын сақтандыруға арналған қалыпты қуыс бұйымдар, ашық тонды резеңкеден жеті нөмірде шығарылады.

Резеңке баллондар мен мехтар сарғыш немесе қызыл түсті, спирттің және сулы-спиртті ерітінділердің әсеріне тұрақты берік резеңкеден дайындалады.

Ирригаторлы кружка жууға арналған және ол кең мойынды резервуар, резеңке трубкамен патруб арқылы бірігеді.

Резеңкеден және синтетикалық материалдардани жасалған түтіктер жарларды емдеу кезінде дренаж жасау үшін, қан құюға, ағзаға сұйықтық енгізу немесе сорып алу үшін, сонымен бірге зертхана практикасында қолданылады.

Астыға қойылатын дәрет қабылдағыштар аурхана және үй жағдайында ауры науқастарға күтім жасау үшін қолданылады.

Медициналық клеёнкалар төмек жабдықтарын және жиһазды бүлінуден қорғайды.

ДЕБИЕТ

1. О.А.Васнецова. Медицинское и фармацевтическое товароведение.- Москва: «ГЭОТАР-Медиа», 2005.

2. Умаров С.З., Наркевич И.А., Костенко Н.П., Пучинина Т.Н. Медицинское и фармацевтическое товароведение. – Москва: ГЭОТАР-MED, 2004.

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (кері байланыс)

1. Резеңкенің құрамы (вулканизациялайтын агенттер, тездеткіштер, толықтырғыштар, жұмсартқыштар және т.б.).

2. Резеңке қоспаны алудың технологиялық процесі.

3. Резеңке қоспаны алудың негізгі стадиялары.

4. Резеңке бұйымдарды сынау.

5. Медицинада қолданылатын резеңке бұйымдар.








Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 578. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия