Студопедия — ДӘРІС № 2
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ДӘРІС № 2






Тақырып: Материалтану

Цақсаты: Материалтанудың анықтамасы мен негізгі түсініктерін, медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайныдауда қолданылатын материалдардың жіктелуін қарастырады.

 

Дәріс жоспары:

1. Негізгі түсініктері мен анықтамалары.

2. Медициналық және фармацевтикалық тауарларды дайныдау үшін қолданылатын материалдардың жіктелуі:

- қолданылуы бойынша

- тегі бойынша

- химиялық құрамы бойынша

3. Медициналық және фармацевтикалық тауарларды дайныдаудың технологиялық процесі.

 

Дәріс тезисі:

Дәрілік заттардан басқа, науқастарды күту бұйымдарын, таңу заттарын, медициналық приборлар мен саймандарды, көзілдірік оптикасының бұйымдарын, тараны, буманы және басқа да тауар топтарын дайындау үшін шикізат ретінде әртүрлі металдар мен олардың құймалары, полимерлі материалдар, резеңке, әйнек, ағаш және фарфор, мақта, тоқыма материалдары және т.б. қолданылады.

Дәріхана немесе емдеу-алдын алу ұйымдарында ассортиментін қалыптастыру кезінде тауарды дұрыс таңдау, сонымен бірге тауарлық талдауды дұрыс өткізу көп жағдайда осы материалдардың қасиетін және олардан медициналық және фармацевтикалық тауарларды дайындау технологиясын білуге байланысты болады..

Бұл материалдардың қасиетін зерттеумен арнайы ғылым – материалтану айналысады.

Материалтану – бастапқы материалдардың қасиетін және құрылымын зерттейтін, олардың құрамы, құрылымы және қасиеттері арасындағы байланысты анықтайтын ғылым.

Шикізат – басқа кәсіпорынның еңбек өнімі болып табылатын еңбек құралдары. Ол негізгі және көмекші материалдар түрінде қолданылуы мүмкін.

Негізгі материалдар – кәсіпорындарда өнімді дайындау және бұйымның негізгі қасиеттерін анықтау үшін қолданылатын құралдардың маңызды бөлігін құрайтын өндірістің заттық элементтері.

Көмекші материалдар – медициналық бұйымдарды дайындау процесінде технологиялық процесті жетілдіру немесе өнімге белгілі бір қасиетті беру мақсатымен қолданылатын өндірістің заттық элементтері.

Көмекші заттар – дәрілік заттарды дайындау процесінде дәрілік қалыпты алу, дәрілік препараттың белгілі бір қасиеттерін сақтау немесе беру мақсатымен қолданылатын өндірістің заттық элементтері.

Медициналық және фармацевтикалық тауарларды дайындау үшін қолданылатын материалдар қолданылуы, шығу тегі және химиялық құрамы бойынша жіктеледі.

Қолданылуы бойынша жіктелуі шартты түрде. Бір материалдың өзі негізгіге де және қосымшаға да жатуы мүмкін. Мысалы, құралдарды жөндеуге жұмсалатын металл көмекші материал болып табылады, ал тауар өнімін дайныдауға қолданылса, онда негізгі.

Шығу тегі бойынша материалдар табиғи және синтетикалық болып бөлінеді. Табиғи материалдар өз кезегінде жануар текті (жібек, кетгут, тері және т.б.); өсімдік текті: табиғи научук, целлюлоза негізіндегі материалдар (кейбір металдар, гипс, карборунд, алмаз, рубин) болып бөлінеді.

Синтетикалық материалдарға синтетикалық каучук және оның негізінде алынатын резеңке; синтетикалық талшықтар мен пластмасса; органикалық қосылыстар жатады.

Химиялық құрамы бойынша медициналық мақсатта қолданылатын барлық материалдарды екі үлкен топқа бөлуге болады: бейорганикалық және органикалық.

Медициналық және фармацевтикалық тауартануда материалдарды металл және металл емес деп бөледі.

Медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайныдауға қолданылатын шикізаттарға қойлыатын талаптар сәйкес стандарттармен және басқа нормативті құжаттармен регламенттеледі.

Технологиялық процесс және медициналық бұйымдарды дайныдаудың барлық стадиясы Мемлекеттік стандартпен регламенттеледі, онда нақты бұйымды алудың технологиялық процесінің барлық стадиялары толығымен сипатталады.

Процесс – белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге бағытталған реттелген іс-әрекеттердің жиынтығы.

Технологиялық процесс – дайын өнімді алу үшін ғылыми негізделген мақсатты бағытталған іс-әрекеттерден тұратын өндірістік процестің бөлігі.

Технологиялық процесс бірінен кейін бірі жүретін бірнеше өндіріс стадияларынан тұрады.

Өндіріс стадиясы – өздерінің сапалық ерекшеліктері бар технологиялық операциялардың жиынтығы. Әрбір стадия, өз кезегінде реттелген технологиялық операциялардан тұрады.

Технологиялық операция – бір жұмыс орнында бір немесе бірнеше жұмысшылармен атқарылатын технологиялық процестің аяқталған бөлігі.

 

ДЕБИЕТ

1. О.А.Васнецова. Медицинское и фармацевтическое товароведение.- Москва: «ГЭОТАР-Медиа», 2005.

2. Умаров С.З., Наркевич И.А., Костенко Н.П., Пучинина Т.Н. Медицинское и фармацевтическое товароведение. – Москва: ГЭОТАР-MED, 2004.

 

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (кері байланыс)

1. Материалтануға кіріспе.

2. Негізгі түсініктері мен анықтамалары.

3. Қолданылуы бойынша материалдардың жіктелуі.

4. Шығу тегі бойынша материалдардың жіктелуі.

5. Химиялық құрамы бойынша материалдардың жіктелуі.

6. Медициналық және фармацевтикалық тауарларды дайындаудың технологиялық процесі.

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 350. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

ТЕОРИЯ ЗАЩИТНЫХ МЕХАНИЗМОВ ЛИЧНОСТИ В современной психологической литературе встречаются различные термины, касающиеся феноменов защиты...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия