Студопедия — ДӘРІС № 6
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ДӘРІС № 6






 

Тақырып: Әйнектен және фарфордан дайындалған медициналық бұйымдар

Мақсаты: Әйнектен және фарфордан жасалған медициналық мақсаттағы бұйымдарды қарастыру (бастапқы материалы, дайныдаудың технологиялық процесі және т.б.)

 

Дәріс жоспары:

1. Керамикадан жасалған медициналық бұйымдар

2. Фарфор және фаянс.

3. Керамикадан бұйымдарды дайындау процесі.

4. Әйнек бұйымдар.

5. Медициналық бұйымдарды дайындауға қолданылатын әйнектердің түрлері.

6. Әйнек бұйымдарды дайныдаудың технологиялық процесі.

Дәріс тезисі:

Керамика – қалыпқа келтірілген және кептірілген жартылай фабрикатты күйдіре отырып саз шикізатын тиісті өңдеу арқылы дайындалатын бұйымдар мен материалдар. Күйдіру немесе пісіру кезінде кристалды су бөлініп шығады, бұл бұйымға жоғары химиялық, механикалық және термиялық тұрақтылықты береді. Керамикалық материалдардың құрамына каолин, пластикалы саз, кварцты құм, дала шпаты кіреді.

Керамика материалдарының екі түрі болады фарфор және фаянс, олар бір-бірінен өздерінің тұтынушылық қасиеттері бойынша ерекшеленді.

Медицинада керамика санитарлық-техникалық бұйымдарды, науқастарды күту бұйымдарын, дәріханалық және зертханалық ыдыстарды (стакандар, кружка, тигль, буландыруға арналған чашкалар және т.б.), тісті протездеуде және диагностикалық аппаратура детальдарын (пьезокерамика) жасауда қолданылады. Эндопротездердің өндірісінде корундты керамика қолданылады.

Фарфорды каолин, саз, кварц және дала шпатының жұқа дисперсті қоспасын жоғарыи температурада күйдіру арқылы алады, мұндай фарфордф далашпатты деп атайды (полевошпатовы). Сонымен бірге сазды, цирконды, борнокальцилі, литилі және де фарфордың басқа да маркалары пайда болды. Фарфордың механикалық беріктігі, термиялық және химиялық тұрақтылығы, электр изоляциялық қасиеттері жоғары.

Фаянсты дайындау үшін фарфордың өндірісінде қолданылатын шикізат қолданылады, бірақ шикізатының рецептурасы және бұйымды күйдіру технологиясы өзгеше. Фаянстың фарфордан айырмашылығы, оның кеуектілігі және суды жұтуы жоғары (90,12% дейін), сондықтан барлық фаянсты бұйымдарды жұқа су өткізбейтін қабатпен жабады.

Керамика бұйымдарын дайындаудың технологиялық процесі ретімен жүргізілетін келесі операциялардан тұрады:

1) керамикалық массаны дайындау;

2) бұйымды қалыптау;

3) қалыпталған бұйымды кептіру және пісіру;

4) күйдіру;

5) суыту;

6) өңдеу;

7) жинау;

8) сапасын бақылау;

9) таңбалау;

10) буып-түю.

Әйнек – бұл бейорганикалық қосылыстар мен олардың қоспаларының сұйық балқымаларынан алынатын суытылған заттар.

Әйнектің негізі әйнек түзуші оксидтер болып табылады, олар бойынша әйнектер: силикатты, алюмосиликатты, борофторалюмосиликатты, алюмофосфатты, силикотитанды, силикоцирконилі және т.б. болып бөлінеді.

Қолданылуы бойынша әйнектер химиялық тұрақты, термотұрақты, электровакуумды, электрлік, оптикалық және арнайы (соның ішінде медициналық) болып бөлінеді.

Медициналық әйнектердің тұтынушылық қасиеттері олардың химиялық құрамымен анықталады.

Оптикалық әйнек – бұл көзілдірік линзаларын және медициналық приборлардың оптикалық элементерін дайындау үшін қолданылатын әйнектер. Оптикалық әйнек химиялық құрамына байланысты түссіз немесе жарықты қалыпты өткізетін және фотохромды болып бөлінеді.

Химиялық-лабораторлық әйнектер зертханалық ыдыстарды, приборлар мен аппараттарды дайындау үшін қолданылады.

Арнайы термометриялық әйнектер өлшеу шектері -200°С-ден 600°С-ге дейін болатын термометрлерді дайындау үшін қолданылады.

Светотехникалық әйнектерге сәуле спектрінің жеке бөліктерін таңдамалы жұтатын қабілеті бар әйнектер жатады.

Қорғаныш әйнектері ағзаны зиянды және тым ашық сәулелерден қорғауға арналған. Оларға жылы инфрақызыл сәулелерін жұтатын жылудан қорғайтын әйнектер, металдарды пісірумен байланысты жұмыстарды орындау барысында қолданылатын күңгірт қорғаныш әйнектері және рентген және γ-сәулелерді жұтатын қорғаныш әйнектері жатады.

Әйнек бұйымдарды дайындау процесі келесі стадиялардан тұрады:

1) шихтаны дайындау;

2) әйнекті қайнату;

3) бұйымды қалыптау;

4) күйдіру;

5) өңдеу;

6) детальдарын жинау және біріктіру;

7) сапасын бақылау;

8) таңбалау;

9) буп-түю.

ДЕБИЕТ

1. О.А.Васнецова. Медицинское и фармацевтическое товароведение.- Москва: «ГЭОТАР-Медиа», 2005.

2. Умаров С.З., Наркевич И.А., Костенко Н.П., Пучинина Т.Н. Медицинское и фармацевтическое товароведение. – Москва: ГЭОТАР-MED, 2004.

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (кері байланыс)

1. Керамикалық медициналық бұйымдар.

2. Керамикалық бұйымдарды дайындаудың технологиялық процесі.

3. Әйнек және әйнектің құрамы.

4. Әйнектен бұйымдарды дайындаудың технологиялық процесі.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 545. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия